Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәріс-15. Еңбек және еңбекакы есебі.



Дәріс-15. Еңбек және еңбекакы есебі.

15.1. Адам құрамының есебі.

15.2. Еңбекақы нысандары мен жүйелері.

15.3. Қосымша жалақыны құжатпен ресімдеу және есептеу.

15.4. Жалақыдан ұстап қалу және төлемдер.

 

1. Адам құрамының есебі.

Жаңадан жұмысқа алынған қызметкерге жұмысқа алушы (заңды немесе жеке тұлға) және қызметкер (жеке тұлға) арасында жеке еңбек келісімшарты жасалуы тиіс.

Жеке еңбек келісімшарты дегеніміз жұмысшымен жұмыс беруші арасында жазбаша жұмыс орны, келісімшарттың мерзімі, еңбек режимі жағдайы, демалыс, еңбекақы, екі жақтың материалдық жауапкершілігі, басқа да жұмыскерді әлеуметтік тұрмыстық қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша келісім.

Әдетте, еңбекақы мөлшерін жұмыс беруші тағайындайды, ал жұмысшы немесе қызметкер екі жақты келісімге сәйкес белгілі мамандығы бойынша берілген жұмысты атқаруға міндеттенеді, ал жұмыс беруші басқа да төлем ақыларды уақытылы төлеп отыруға міндеттенеді.

Жеке еңбек шарты мазмұны мен сипатын жұмыс берушінің қаржы жағдайы мен өндіріс алдындағы міндеттер мен оның салалық ерекшелігіне байланысты анықталады. Әйтсе де Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңындағы 7,8 және 9 – баптар міндетті түрде еңбек шартына енгізілуі тиіс.

16 жасқа толған әрбір азамат еңбек шартына отыруға құқылы. Ата – аналарының рұқсатымен жасы 15-ке толған тұлға жұмысқа қабылданады, ал кейбір ерекше жағдайларда ғана жасы 14-ке толған тұлға қабылданады.

Келісімшарт мерзімі заң бойынша белгіленбейді. Оны еңбек шартына сәйкес қызметкер мен қызметке алушы бірге белгілейді. Егер еңбек шартында оның мерзімі көрсетілмеген жағдайда, ол мерзімі шектеусіз мерзімге тағайындалған деп есептеледі.

Жеке еңбек шарты жасалғаннан соң жұмысқа қабылданғандығы жайлы жұмыс беруші бұйрық (өкім) шығаруы тиіс. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрық (өнім) негізінде жеке карточка толтырып, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдағандығы туралы белгі жасайды. Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының 15.02.2000ж. №35-П «Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі жөнінде оны бекіту инструкциясы» туралы Әлеуметтік қорғау және еңбек минисрлігінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

Жеке еңбек шартынан басқа жұмыс алушы қызметкермен азаматтық – құқықтық келісімшартқа отыруға құқылы. Ондай келісімшарт жеке арнайы тапсырмаларды орындау үшін жасалады.

Азаматтық – құқықтық келісімшарттың жеке еңбек шартынан айырмашылығы орындаушы арнайы тапсырманы ұйымның ішкі еңбек тәртібіне тәуелсіз орындайды.

Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек және әлеуметтік қатынас ұйымдық шарт бойынша реттеледі. Мұндай шартқа отыру, жасау және оны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының «Ұйымдық шарты жөніндегі» 04.07.1992 жылғы №1514-ХІІ заң бойынша анықталады. Бұл шарт жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндігіне байланысты, заң негізінде белгіленген төменгі еңбекақыдан жоғары деңгейде еңбекақы белгілей алады. Жұмыс беруші сыйақы мөлшерін ұйымдық шартқа сәйкес белгіленген мөлшерден кем тағайындай алмайды.

Қызметкер бір бөлімнен (цехтан) екінші бөлімге ауысқан жағдайда, басқа жұмысқа ауысқандығы жөнінде маман бөлімінің қызметкері бір дана етіп бұйрық (өкім) толырылады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс орны бөлімше бастықтарының қолдары қойылғаннан кейін кәсіпорын басшысының қолы қойылады. Басқа жұмысқа ауысқандығы туралы бұйрық негізінде мамандар бөлімі, қызметкердің жеке карточкасы, еңбек кітапшасы мен басқа құжаттарына белгі қояды.

Жыл сайынғы және басқа да «Еңбек туралы» заңға, ережелер мен заң актісі, ұйымдық шар және демалыс графигіне байланысты қызметкерлерге берілетін демалыс туралы бұйрық шығарылады, оны мамандар бөлімі екі дана етіп толтырып, біреуін мамандар бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға береді. Бұйрыққа не кәсіпорын басшысы, немесе құрылыс бөлімі бастығы (мастер) қолын қояды. Осы бұйрық негізінде мамандар бөлімі қызметкерге демалыс берілгендігі туралы оның жеке карточкасына белгі қояды, ал бухгалтерияда қызметкердің орташа еңбекақысы есептеліп, демалыс уақытына тиесілі төлемі анықталады.

Қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда жеке, еңбек шартының тоқтатыландығы жайлы бұйрық шығарылып, оны мамандар бөлімі екі дана етіп толтырып, бір данасын мамандар бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға өткізеді. Бұйрыққа не кәсіпорын басшысы, немесе құрылым бөлімі мастері қол қояды. Осы бұйрық негізінде бухгалтерия қызметкерімен есеп айырысады.

Барлық қызметкерлер санаты жұмыс уақытының пайдалану есебін, жұмысшылар ме қызметкерлердің жұмыс уақыты режимінің сақталуына бақылау жасау үшін, істелген жұмыс уақыты туралы ақпарат және еңбекақы есептеу үшін, жұмыс уақыты табелі жасалады. Табель оның құрылуына жауапты тұлғамен бір дана етіп, тиісті ресімделген соң бухгалтерияға беріледі. Табельде жұмысқа келмегендігінің себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс уақытынан тыс істелген жұмыс уақыты мен басқа да тиісті жағдайдан ауытқулар тиісті құжаттар негізінде көрсетіледі (еңбекке жарамсыздық қағазы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағандығы туралы анықтама және т.б.). Жұмыс уақыты есебі табельде жұмысқа келген күндерін көрсету немесе тек ауытқуларын (келмей қалу, кешігу) көрсету арқылы жүргізіледі.

Табель нысаны қалауы бойынша, бірақ міндетті түрде жұмыс уақытының пайдалану есебі көрінетіндей болуы тиіс.

Шаруашылық қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмысы бойынша ауысулар жүргізіледі. Адам құрамының есебін мамандар бөлімі жүргізеді. Ол жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы, жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Адам құрамын есепке алу үшін №Т-2 нысанындағы жеке карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін №Т-4 нысанындағы ғылыми қызметкерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген адамдар соңғы жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын мамандар бөліміне көрсетуге тиісті. Жаңадан жұмысқа алынған қызметкерге еңбек кітапшасы толтырылады. Ол мамандар бөлімінде сақталады. Оған табельдік нөмір тағайындалып, есеп айырысу карточкасы беріледі. Бухгалтерия оған ай сайын жалақы туралы мәліметтерді енгізеді. Жаңадан қабылданғандарды жұмысқа қабылдау туралы №Т-1 нысанындағы бұйрықпен (өкіммен) рәсімдейді. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы №Т-5 нысанындағы бұйрық (өкім) қызметкерді бір бөлімшеден басқа бөлімшеге, бір лауазымнан басқасына өткізуді рәсімдеу кезінде қолданылады. Соның негізінде жеке карточкада және еңбек кітапшасына белгілер қойылады. Демалыс беру туралы №Т-6 нысанындағы бұйрық (өкім) жыл сайынғы және өзге демалыстарды рәсімдеуге арналған. Оның негізінде жеке карточкаға белгілер қойылады, онымен бухгалтерия демалыс кезеңіне ақы төлеуді жүргізеді.

Еңбек шартын тоқтату туралы №Т-8 нысанындағы бұйрық (өкім) қызметкер жұмыстан кеткен кезде қолданылады және кітапшасына жазулар жазуға, жеке карточкасын жабуға, түпкілікті есеп айырысуға негіздеме болады. Өз еркімен жұмыстан кеткен кезде қызметкер №Т-8 нысанының кері жағына өтініш жазады. Материалдық жауапты адам қабылданған, ауысқан және жұмыстан кеткен жағдайда толық материалдық жауапкершілік туралы шар жасалып, жаңадан тағайындалған адамдарға құндылықтарды берудің тәртібі мен мерзімдері белгіленуі тиіс. Қызметкердің жұмысқа қабылдану мерзіміне қарай былайша бөлінеді: тұрақты жұмысының аяқталу мерзімі көрсетілмеген, уақытша – 2ай шамасындағы мерзімге, маусымдық жұмыстарды орындау кезеңіне (6айдан аспайды). Ұлттық Статистикалық агенттіктің 19.12.96 ж. №50 қаулысымен бекітілген жолдау бойынша жұмыс жасайтындардың саны мен жалақысының статистикасы туралы нұсқаулыққа сәйкес қызметкерлердің өндірістік – шаруашылық қызметіне қатысуына қарай қызметкерлер: өнеркәсіптік – өндірістік, өнеркәсіптік емес болып бөлінеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.