Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Биохимиялық зерттеулердін объектісі



                            

 №1.Зертханалық диагностика (грекше diagnostikos – анықтауға қабілетті) деген мағына береді, физико-химиялық, биохимиялық және биологиялық диагностикалық әдістер арқылы адам ағзасында патологиялық процесстерің нәтижесінен жүретін тіндердегі, ағзадағы биологиялық сұйықтықтардағы өзгерістерді анықтайды. Науқастарда қанның жалпы анализі, биохимиясы, гемограммасы, жалпы билирубин, несеп анализі жүргізіледі.Зертханалық диагностика пәнінің міндеті – науқас ағзасындағы биологиялық сұйықтықтардағы өзгерістерді анықтап нақты диагностикалауға көмектесу.

№2.Биохимиялық зерттеулердін объектісі

1 Ішкі орта сұйықтықтары (қан, лимфа, жұлын сұйықтықтары, лимфа, бұынаралық және көз ішіндегі сүйықтықтар).

2 экскреттер (несеп, өт, сілекей, асқазан және ішек сөлдері, нәжіс, көз жасы, ана сүті, тұқымдық сұйықтықтар).

3 биоптаттар немесе ұлпанын зерттеуге алынатын кішкіне бір бөлім.

Хирургиялық операциялар кезінде немесе арнаулы қүралдар арқалы алынған мүшелер

№5.Метоболиттер концентрациясы, қалыпты және патологияда зерттеу негіздері                      Бауырдың метоболиттік қызметі адам ағзасына тағаммен бірге түскен көмірсулар, майлар және ақуыздардың                 қандай өзгерістерге ұшыратындығымен тікелей байланысты.                 Көмірсулардың алмасуының 5 негізгі жолы бар:                                                                                          1.Гликоген синтезі: қанға түсетін глюкозадан синтезделеді2. Глюкозаның көмірқышқылына және суға дейн тотығуы3. Глюкозаның пентозафосфаттық жолмен тотығуы4. Ацетил КоА арқылы холестерин мен өт қышқылдарының синтезі5. Қандағы глюкоза концентрациясының тұрақтылығын қамтамасыз ету

Майлардың алмасуы                                                                                                                                      1.Глицерин мен ЖМҚ аэробты жолмен тотығу нэтижесінде CO2, H2O, АТФ түзілуі.                                               2. Липопротейдтердің синтезі                                                                                                                                   3. Кетондық денелердің түзілуі 4.Бос май қышқылдардың түзілуі 5.Өт қышқылдардың синтезі

Ақуыздардың алмасуы                                                                                                                   1.Трансаминдену, дезаминдену реакциясы 2. глюкоза-аланиндік цикл 3. гемнің, нуклеотидтердің синтезі 4. амин қышқылдардың тасымалдануы 5. қан плазмасындағы ақуыздардың синтезі

Егер альбуминдердің концентрациясы төмендесе ісік пайда болады. Амин қышқылдардың несептегі концентрациясы көбейген кезде аминоцидоурия байқалады.

№7.Зат алмасуды реттеудегі витаминдер, гармондар, ферменттер рөлі.Витаминдер – тамақ құрамында аздаған мөльшерде ағзаға түсетін зат алмасу процессі кезінде биохимиялық және физиологиялық процесстерге қатысатын төменгі молекулалы органикалық заттар. Олар суда және майда ерітін болып бөлінеді. Адам ағзасындағы витаминдерді қан плазмасы және несепте, биопсіялық материалда анықтайды. Гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын реттейді. Зат алмасу процесіне гормондар қажетті ферменттердің түзілуін жандандыру, бәсеңдету немесе тоқтату нәтижесінде әсер етеді. Мысалы, инсулин, глюкагон, адреналин гормондары көмірсулардың алмасуын реттейді, өсу гормоны-белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майлардың алмасу қарқынын өзгертеді; тироксин-қуаттың өндірілуін күшейтіп, белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормон-дар өз рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді. Оның әсерінен жасушада циклдік аденозинмонофосфат пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды — белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді — белсендендіреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік гуанозинмоно-фосфат арқылы әсер етеді.Тірі ағзада химиялық реакциялардың жүруіне қатысатын ақуыздарды фермент деп атайды. Яғни олар биологиялық катализатор болып табылады, барлық мүшелерде, клеткаларда, субклеткалық құрылымдарда кездеседі. Ферменттер белсенділігінің төменділігі патологиялық жағдайға себепші. Мысалы, бауырдың гликогенез ауруы глюкоза – 6 – фасфатаза ферментінің, фенилкетонория ауруы фенилаланингидроксилаза ферменттерінің жетіспеушілігінен дамиды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.