Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





репаглинид 7 страница



жедел ларингит//

жедел бронхит//

фарингит//

құс тұмауы//

+хламидилік пневмония

***

35 жастағы науқаста 2 апта бойы әлсіздік, тершеңдіктің жоғарлауы, шаршағыштық, дем алу кезінде оң жақтың ауырсынуы, температура - 380С, ТАЖ – 28р/мин, ЖСЖ – 100р/мин байқалады. Дем алу кезінде кеуде сарайының оң жағы қалыңқы. Оң жақ төменгі бөлікте дауыс дірілі байқалмайды, интенсивті тынықталу анықталады. Оң жақтың төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. Жүрек шекаралары оңға қарай ығысқан. Қан анализі: лейкоциттер -12х 109г/л ,т/я-13%,лимф.--13%,ЭТЖ - 38 мм/сағ Қай ауру туралы ойлауға болады?//

өкпенің инфильтративті туберкулезі//

бөліктік пневмония//

+экссудативті плеврит//

өкпе ателектазы//

спонтанды пневмоторакс

***

Науқас 50 жаста ішімдікке әуес, тісінің ауыр кариесі бар. 2 апта бойы әлсіздік байқалған. Кеуде сарайының оң жағының ауырсынғанын айтады. Қызба мен іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Рентгенограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде диаметрі 3 см болатын іші сұйықтыққа толы қуыс анықталды. Ықтимал диагноз: //

бронхоэктаз//

+абсцесс//

өкпе инфаркты//

өкпе обыры//

туберкулез

***

Бронхиолит кезінде ауырлық жағдайы немен бағаланады://

жүрек жетіспеушілігімен//

+тыныс жетіспеушілігімен//

бүйрекүсті безі жетіспеушілігімен//

интоксикациямен//

тамыр жетіспеушілігімен

***

Бронхиолит кезінде селективті бета-2 агонисттерді тағайындаудың көрсеткіші: //

анамнезінде атопиялық диатез болуы//

бүйрекүсті безі жетіспеушілігі//

+жүрек жетіспеушілігі//

гипоксия//

гиперкапния

***

Бронхиолит кезінде глюкокортикоиды қолдану мына жағдайда көрсетілген: //

+бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінде//

токсикозда//

созылмалы инфекция ошағы анықталғанда//

эксикозда//

электролиттік бұзылыстарда

***

Бронхиолит кезінде антибиотиктерді қолдану мына жағдайда көрсетілген: //

+пневмонияға күдіктенгенде//

қан анализінде лейкопения анықталғанда//

сусыздану жағдайында//

бронхиолит 7 күнге дейін созылғанда//

1 дәрежелі тыныс жетіспеушілігінде

***

Бронхиолит кезінде постуралді дренажбен вибрационды массаж тағайындалады: //

науқас жағдайы жақсарғанда//

аурудың алғашқы екі күнінде//

+стационардан шығарылғаннан кейін//

аурудың алғашқы 5 күнінде//

аурудың алғашқы 7 күнінде

***

Балалардағы созылмалы брониттің диагностикалық критерийлері://

құрғақ жөтел//

ұстама тәрізді жөтел //

құрғақ шашыранқы сырыл//

+тұрақты түрлі калибрлі ылғалды сырылдар (3 айдан астам)//

тыныстың локальді әлсіреуі

***

Бронхпен байланысқан өкпе абцессінің сипаттамасы://

тынықталу, әлсіреген тыныс пен бронхофония, кеуде аралығының қарама-қарсы жаққа ығысуы//

дәл солай, бірақ ығысу тынықталған жаққа//

+тимпандық дыбыспен тынықталу, амфоралық тыныс, ірі көпіршікті сырыл//

тынықталу, бронхиалды тыныс, күшейген бронхофония//

инспираторлық ентігу, өкпе көлемінің азаюы, крепитация

***

Микоплазмалық пневмонияға тағайындау керек://

амоксицилин//

+азитромицин//

левомицетин//

стрептомицин//

пенициллин

***

Жас адамдарда созылмалы бронхиттің жиі себебі болып табылады://

+ауа өткізгіш жолдардың мукоцилиарлы аппаратының туа біткен функционалды жетіспеушілігі//

тыныс жолының рецидивті вирусты инфекциясы//

жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті немесе созылмалы бактериалды инфекциясы//

темекі шегу//

поллютанттармен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатының созылмалы тітіркенуі

***

Учаскелік терапевтке бала кезінен темекі шегетін 45 жасар ер адам оң жақ өкпесінің ауыруына, жүдеуіне, қан аралас жөтелге шағымданып келді. Қарау барысында кеуде қуысының және мойынның алдыңғы бетінің веналарының кеңейгені анықталды. Перкуссия және аускультация кезінде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде айқын тынықталу және әлсіреген тыныс байқалды. Жалпы қан анализінде:ЭТЖ -64мм/сағ. Болжам диагноз://

экзогенді аллергиялық альвеолит//

ауруханаішілік пневмония//

инфильтративті туберкулёз//

+өкпе ісігі//

Лёфгрен синдромы

***

Науқас Н,. 27 жаста терапия бөлімшесіне қалтырауға, ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, терең демалғанда оң жағының ауырсынуына шағымданып түсті.

Оң жақ өкпенің төменгі және ортаңғы бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар естілді, ортаңғы бөлігінде крепитация естілді. Рентгенограммада оң жақ өкпенің S6 сегментінде инфильтрация анықталды.Қан анализінде: лейкоциттер 12х109/л, ЭТЖ 28мм/сағ. Науқасқа 500 000 ЕД б/е-ке 6 рет пенициллин тағайындалды. Емнің 5 күнінде науқастың жағдайы күрт нашарлады, температурасы 410С көтерілді, көп мөлшерде іріңді қақырықтың бөлінуі, тахикардия өршуі байқалды. Нашарлаудың ең ықтимал себебі неде?//

жүрек қызметінің декомпенсациясы//

бронхообструктивті синдром//

+өкпеде абцесстің пайда болуы//

плевральді қуыста экссудаттың пайда болуы//

пенициллинге аллергиялық реакция пайда болуы

***

35 жасар К. науқас табан буынының ісінуіне және өткінші ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінде: соңғы 6 ай бойы қалжырағандық, шаршағыштық, жалпы әлсіздік байқалды, ентігуі жоқ. Бір күні оң жақ табанында түсі ашық емес, тығыз, диаметрі 2х2см дақ пайда болып, 2 аптадан кейін өздігінен жойылды. Қан анализінде өзгеріс байқалмады. Кеуде қуысының тіке жалпы шолу рентгенограммасында өкпе түбірінің симметриялы кеңеюі анықталды. Осы берілген мәліметтерге сүйене отырып қандай диагноз қоясыз?//

+өкпе саркоидозы//

түбірлік пневмония //

өкпенің перифериялық обыры//

экзогенді аллергифлық альвеолит//

бронхоэктаздық ауру

***

Науқас А., 31 жаста, «бронхиалді астма» диагнозы қойылған, темекі тартпайды. Айына 3 рет ентігуге, 1-2 рет түнгі ұстамаларға шағымданады. Ұстамадан тыс сыртқы тыныс параметрлері мен дене температурасы өзгермегейді. ЭТЖ 10мм/сағ, қандағы лейкоциттер 6,5х109/л, эозинофилдер 9%. Бронхиалді астма сатысын анықтаңыз //

4 сатысы (ауыр персистирлеуші бронхиальді астма)//

5 сатысы (астмалық статус)//

3 сатысы (орта дәрежелі персистирлеуші бронхиалді астма)//

2 сатысы (жеңіл персистирлеуші бронхиальді астма)//

+1 сатысы (интермитирлеуші бронхиальді астма)

***

Жеңіл персистирлеуші бронхиалды астмасы бар науқасқа дәрігер аэрозоль түрінде (2 дозадан 4 рет)дәрігер тағайындады, бірден әсер етпейтінін, қабынуға қарсы әсер ететінін түсіндірді.Сонымен қатар, дәрігер аэрозоль бүйрек үсті безінің немесе астмалық күйдің дамуының тежелеуіне әкелмейтінін түсіндірді. Берілген заттардың қайсысын дәрігер тағайындады?//

флунизолид//

фенотерол//

ипратропий бромиді //

+недокромил//

фузафунжин

***

Созылмалы обструктивті бронхиті бар науқастарға ингаляциялық препаратты 1 ай бойы күніне 3 рет 2 дозада тағайындады. Препарат қауіпсіз, оны артық дозалау мүмкін емес, тыныс алудың жеңілдеуі 30-40 минуттан кейін болады, гормоналды препараттарға жатпайды. Қандай дозаланған аэрозоль тағайындалған?//

флутиказон//

+ипратропий бромиді//

альбутерол//

кромоглиций қышқылы//

салметерол

***

Бронхиалды астмасы бар науқасқа спейсер арқылы, қатаң берілген дозада, ингаляциядан кейін міндетті түрде ауызды шаюмен ингаляцияға арналған дозаланған аэрозоль тағайындалған. Тұншығу ұстамасы кезінде бұл препаратты қолдану ұсынылмайды. Қай препарат тағайындалған? //

дитэк (натрий недокромилі мен фенотерол комбинациясы) //

+флунизолид//

интал-плюс (альбутерол мен натрий недокромилі комбинациясы )//

недокромил//

беродуал (ипратропий бромидімен фенотерол комбинация)

***

Пульмонолог қабылдауында науқас Г., 48 жаста, созылмалы обструктивті бронхитпен 18 жыл ауырады. Дәрігер науқастың амбулаторлы картасын мұқият қарап, келесі препарттардың комбинациясын алып тастады.//

ипратропий бромид күнделікті, сальбутамол өршу кезінде//

ипратропий бромид күнделікті, ципрофлоксацин өршу кезінде//

2 апта бойы ацетилцистеин мен амброксол комбинациясы//

2 апта бойы «Бронхикум» тамшылары және беродуал ингаляциясы//

+1 ай бойы бронхолитин и бромгексин

***

Науқас А., 38 жаста дәрігерге жөтелге, соңғы 2 жыл бойы кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге шағымданады. 15 жасынан бастап темекі тартады. Соңғы 3 айда жүгіргенде және 3 этажға шыққанда экспираторлы ентікпе байқалған. Аускультацияда: қатқыл тыныс, құрғақ сырыл. Тиффно индексі 55%.Ең ықтимал диагноз: //

сөмкелік плеврит//

жедел бронхопневмония //

+созылмалы обструктивті бронхит//

өкпе саркоидозы//

бронхиальды астма

***

Науқас Б., 28 жаста дәрігерге периодты түрде дамитын экпираторлы ентігуге, құрғақ жөтелге шағымданып келді. Рентгенограммада патология анықталған жоқ. Перифериялық қанда эозинофилдер 12%. Бронх өткізгіштігінің тәуліктік өзгерісі (ТСТ1, ТШШЖ (ПСВ) 30%). Дене температурасы қалыпты. Мұрын жұтқыншақта полиптер анықталған. Ең ықтимал диагноз://

+бронхиальды астма//

созылмалы обструктивті бронхит//

Лёфгрен. синдромы//

экзогенді аллергиялық альвеолит//

өкпенің эозинофильді инфильтраты

***

53 жастағы инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын әйел қиын бөлінетін желетәрізді күйген ет иісті қақырықты жөтелге, қалтырауға, ентігуге, кеуде сарайының ауырсынуына шағымданады. Аускультативті өкпеде кішкене мөлшерде сырылдар байқалады. Рентгенограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе тінінің ошақтық деструкциясымен гомогенді массивті инфильтрация анықталды. Қан анализінде: лейкоциттер 4,4 х 10/9/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Ең ықтимал қоздырғыш қайсысы? //

хламидиялар//

+клебсиелла//

микоплазма//

тұмау вирусы//

ішек таяқшасы

***

Бронхиалді обструкциясы бар науқаста сальбутамол ингаляциясынан кейін ТСТ1 жоғарлауы 8% құрады. Ең ықтимал диагноз?//

+СОӨА//

бронхиалді астма//

ӨАТЭ//

пневмония//

обструктивті бронхит

***

Науқас 32 жаста, тотық түсті қақырықты жөтелге, тыныс алу кезіндегі оң жақ бүйірінің ауырсынуына, қалтырауға, дене қызуының 39 0 С-қа жоғарылауына,ентігуге шағымданады. Салқын тиюден кейін жедел ауырған. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, дене қызуы 39,10 С, ТАЖ - минутына 40 рет. Перкуссияда оң жағында алдынан IV қабырғадан төмен және артынан жауырын ортасында перкуторлық дыбыстың тынықталуы, бронхиальды тыныс, бронхофония күшеюі. Пульс - 94 рет/минутына. АҚҚ- 90/60 мм сын.бағ. ЖҚА: Нв-128 г/л, лейкоцит - 10,8х10*9/л, ЭТЖ- 26 мм/сағ. Емдеу тактикасын анықтаңыз://

+пульмонология бөлімшесіне жатқызу//

үй жағдайында стационар ұйымдастыру//

емханада күндізгі стационарда емдеу//

амбулаторлық ем//

кардиология бөлімшесіне жатқызу

***

Науқас 38 жаста. Дене қызуының 38,4°С-қа жоғарылауына, аз мөлшерде бөлінетін қақырықты жөтелге, соңғы тәулікте пайда болған жалпы әлсіздікке шағымданады.

4 ай бұрын тұмауға қарсы вакцина алған. Қарау кезінде – өкпенің оң жағында тыныс шуларының қарқындылығының әлсіреуі, шектелген аймақта ұсақ көпіршікті ылғалды сырыл. ТАЖ- 24рет/минутына, ЖСЖ- 102 рет/мин, АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Қан анализінде – лейкоциттер - 16х109/л. Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын бірінші кезекте жүргізу қажет://

биохимиялық қан анализі//

артериялық қанның газдық құрамын анықтау//

қақырық анализі//

+кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасы//

антибиотикке сезімталдыққа қан себіндісі

***

Науқас 37 жаста, кілегейлі қақырықты жөтелге, дене қызуының 38,5ºС көтерілуіне, тыныс алу кезінде кеуде қуысының ауырсынуына шағымданады. Ауруын салқын тиюмен байланыстырады. Рентгенологияда – оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты қараю. Анамнезінде: Ешқандай аурумен ауырмаған. Осы науқасты емдеу үшін таңдамалы дәрі://

+макролидтер//

респираторлы фторхинолондар//

аминогликозидтер//

сульфаниламидтер//

вирусқа қарсы препараттар

***

Созылмалы бронхитпен ауыратын науқастың қақырығында алтын түсті стафилококк анықталды. Қоздырғыштың эрадикациясы үшін ең тиімді препарат болып саналады? //

фторхинолондар//

+аминопенициллиндер//

макролидтер//

цефалоспориндер//

аминогликозидтер

***

58 жастағы науқаста, қосалқы аурусыз ауруханадан тыс пневмония анықталды. Осы науқасты емдеу үшін таңдалатын антибиотик: //

цефалоспориндердің III ұрпағы//

тетрациклиндер//

аминогликозидтер//

ванкомицин//

+аминопенициллиндер

***

Науқастың өкпесінде кеуде сарайына жанасатын аз көлемдегі перифериялық түзіліс анықталды. Түзілістің сипатын анықтау үшін өткізу керек://

+бронхоскопия//

исследование промывных вод при бронхоскопии//

КТ//

МРТ//

рентген-томографиялық зерттеу

***

42 жастағы ер адам, 3 аптадан бері жөтеледі, соңғы аптада іріңді қақырық пен ентігу қосылған. Анамнезінен –20 жылдан бері күніне 20 темекі тартады. Рентгенографияда – өзгеріс анықталған жоқ. Осы жағдайда қандай маманның кеңесі пайдалырақ болып саналады?//

+пульмонологтың//

гастроэнтерологтың//

оториноларингологтың//

инфекционисттің//

кардиологтың

***

49 жастағы ер адам, автобус жүргізушісі.Дәрігерді үйіне шақырған.Шағымдары:жөтел, дене қызуының 38°С-қа жоғарылауы, кеуде тұсындағы тыныс алу кезінде күшейетін ауырсыну. 3 күн бұрын ауырған, салқын тигеннен кейін. Аускультацияда - ылғалды сырылдар; перкуссияда – перкуторлы дыбыстың тынықталуы анықталады. Ауруханадан тыс пневмония диагнозы қойылған.Қосалқы аурулары жоқ. Жақсы жабдықталған пәтерде тұрады, әйелі- үй шаруасында. Осы жағдайда қандай емдеу тактикасы тиімдірек//

+үй жағдайында стационар ұйымдастыру//

күндізгі стационарға жолдау//

стационарға жолдама//

емшара бөлмесіне жолдау//

физиоемге жолдама

***

Ер адам 47 жаста , анамнезінде –оң жақтық ауруханадан тыс пенвмония. Жөтелгенде күшейетін оң жақ кеудедегі ауырсынуға, өнімсіз жөтелге , ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: кеуде қуысының оң жақ жартысының тыныс алу актісінен қалыс қалуы, оң жақ қабырғааралықтардың тегістелуі. Аускультацияда –кеуде қуысының оң жақ жартысында тыныс естілмейді. Қиғаш проекциялы рентгенограммада– артқы қабырға-диафрагма бұрышында сұйықтық анықталады. Қандай зерттеуді алғашқы кезекте жүргізген тиімдірек//

+плевра қуысы пункциясы//

бронхоальвеолярлы лаваж//

ультрасонография//

радионуклидті сканерлеу//

медиастиноскопия

***

17 жастағы ер адам, колледжде оқиды. Шағымдары: дене қызуының 3 күннің ішінде 37,8oС-қа дейін жоғарылауы, сары-жасыл түсті қақырықты жөтел, әлсіздік, тершеңдік Анамнезінен:Ауруын салқын тиюмен байланыстырады. . Объективті: тері жамылғысы бозғылт, ТАЖ- 20 рет/мин, оң жақ жауырынның төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тынықталуы, аускультативті сол жерден ұсақ көпіршікті ылғалды сырыл естіледі. Осы науқасқа ең оптимальды емді таңдаңыз://

макропен по 0,2 х 3 р/д ішке 5 күн//

эритромицин 0,25мг х 2 табл. х 4 р/к 7 күн//

+азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн//

тетрациклин 0,25 х 4 р/ккүніне  10 күн//

цефазолин 1,0 х 3р/д   б/е 10 күн

***

48 жастағы ер адам. Таңертеңгі уақыттағы аз өнімді жөтелге, шамалы физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. 25 жылдан бері күніне 20 темекі тартады.Қосымша қандай диагностикалық зерттеу жүргізген дұрыс://

+спирометрия//

компьютерлік  томография//

бронходилатационды  тест//

бронхоскопия//

медиастиноскопия

***

35 жастағы ер адам. Тұншығу ұстамасын беротекпен басады. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 66%.Қарау кезінде –тұншығу ұстамасы, аускультацияда – барлық өкпе алаңында ысқырықты құрғақ сырылдар. Науқас соңғы сағатта беротек ингаляторын 3 рет қабылдаған. Қандай ем тағайындаған дұрыс//

эуфиллинретард 1 таблеткадан per os//

теофиллин 0,25 мг peros//

Небулайзер арқылы вентолин//

+преднизолон 30-60 мг к/т//

беротекпен ингаляцияны жалғастыру

***

33 жастағы ер адамда , профилактикалық қарау кезінде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты қараю анықталған. Анамнезінен науқасты соңғы 2 апта ішінде әлсіздік, кілігейлі қақырықты жөтел, оң жақ кеудесінің шаншуы мазалаған. Қанның жалпы анализінде: Нв- 128 г/л, Л- 9,8*109/л, СОЭ- 21 мм/сағ. Өкпе обыры мен пневмония дифференциальды диагностикасын жүргізу үшін ең ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз//

кеуде клеткасы рентгенограммасы//

атипиялық клеткаларға қақырық анализі//

+компьютерлік  томография//

бронхография//

иммунологиялық қан анализі

***

38 жастағы әйел адам, аз мөлшерлі кілегейлі айқын ентікпемен қинайтын қақарықты жөтелге, дене қызуының 38,5ºС көтерілуіне шағымданады .Тұмаудан кейін ауырған.. Анамнезінен –15 жылдан бері темекі тартады. Қарау: аран гиперемиясы. Аускультативті –қатқыл тыныс, сырылдар - құрғақ. Спирометрияда – обструктивті синдром. Рентгенографияда – өкпелік суреттің күшеюі

Науқасқа тиімді препарат тобын таңдаңыз://

антибактериальды//

вирусқа қарсы препараттар//

2-адреномиметиктер//

глюкокортикоидтар//

жөтелге қарсы

***

35 жастағы әйел бірнеше жылдан бері бронх демікпесінен зардап шегеді. Тұншығу ұстамасын вентолинмен басады, күніне 2 рет 2 дозадан серетидті тұрақты қабылдайды. Соңғы бірнеше күнде жағдайы нашарлай бастаған. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 67%.Қарау кезінде –тыныштықта ентігу, дистанционды сырыл, аускультацияда –барлық өкпе алаңында ысқырықты құрғақ сырылдар. Науқас соңғы 1 сағатта 3 рет ингалятор қабылдаған. Науқасқа ем жүргізудің ең тиімді тактикасы : //

эуфиллин ретард 1 таблеткадан per os//

эуфиллин 2,4% 10 мл, 10 мл физ ерітіндіде к /т //

небулайзер арқылы вентолинмен ингаляция//

+преднизолон 60 мг +100 мл физ. ерітінді к/т тамшы//

вентолинмен ингаляцияны және серетидтің 2дозасын жалғастыру

***

Науқас 25 жаста,жедел ауырған. Қалтырау, тұтқыр, жабысқақ, тотық түсті қақырықты жөтел оң жақ өкпенің базальды бөліктерінде тимпанды реңді өкпе дыбысынығ қысқаруы. Тыныс бронхиальды реңді, крепитация. Рентгенологияда – интенсивті гомогенді бөліктік инфильтрация. Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз://

+пульмонологиялық бөлімшеге жатқызу//

үй жағдайында стационар ұйымдастыру//

емханада күндізгі стационарда емдеу//

амбулаторлы емдеу//

фтизиатрға жолдау

***

53 жастағы ер адам жоғарғы бөліктік пневмония диагнозымен жатқызылды. Қақырықта алтын түсті стафилококк анықталды.2 аптадан кейін қызба фонында жағымсыз иісті, 100 мл-ге дейін қақырық бөліне бастады. Рентгенологилық зерттеуде оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің барлығын қамтитын деструктивті процесс анықталады. Оң жақ өкпенің жақымдалған бөлігіне резекция жүргізілді. Аталғандардың препараттардың қайсысы операциядан кейінгі кезеңде тағайындау тиімді болып саналады//

эритромицин//

экстенциллин//

метронидазол//

амоксициллин//

+левофлоксацин

***

32 жастағы ер адамда қалтырау, тершеңдік,кеуде қуысының оң жақ жартысындағы ауырсыну, қоңыр түсті, сасық иісті желе тәрізді қақырықты жөтел, тыныштықтағы ентігу, әлсіздік. Қарау кезінде:.жағдайы ауыр. Арық, қолдарында және аяғында көктамыр бойымен көптеген иньекция іздері. Оң жақ бұғанаасты аймағында өкпелік дыбыстың тынықталуы, орташа және ірі көпіршікты сырылдар естіледі. АҚҚ 80/60 мм сын.бағ. ЖСЖ - 122 рет/мин. Емдеу бағдарламасына қосымша мына препараттың қайсысын қосу керек?//

+цефепим//

доксициклин//

азитромицин//

метронидазол//

ципрофлоксацин

***

50 жастағы қант диабетімен ауыратын науқастың пневмонияны емдеу барысыда қайтадан кілегейлі – іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы пайда болды. Аускультативті: тұрақсыз, сирек құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенологиялық түбір маңында өкпелік суреттің күшеюі және тұрақсыз көшпелі ошақты инфильтраттар анықталады.Қақырықта Сandida табылды. Бұл ситуацияда ең тиімдірек препаратты таңдаңыз://

тималин//

лазолван//

цефазолин//

+флюконазол//

преднизолон

***

67 жастағы науқас орташа ауыр ағымдағы бронхиальды демікпемен және постинфаркты кардиосклероз фонындағы қарыншалық экстросистолиямен зардап шегеді. Көрсетілген аэрозольдердің ішінде қайсысы экспираторлы тұншығу кезіндегі ұстаманы басуға таңдау препараты болып табылады?//

сальбутамол//

+беродуал (фенотерол + ипратропиум) //

бекотид (беклометазон)//

биопарокс (фузафунгин)//

тайлед (недокромил)

***

22 жастағы ер адамды 2 жасынан бастап терідегі құрғақтық, қышу, бөртпе мазалайды. Ауру жыл бойы қайталанып, қыс уақытында нашарлайды. Сонымен қатар, маусымдық риниттен және (шаңға) тұншығу үстамасымен аурады. Терідегі өзгерістер тері беткейінің 50%-ын алады. Базисті терапия жүргізуге қажетті препаратты таңдаңыз.//

будесонид//

+мометазон фуроаты//

флуметозон пивалаты//

фторцинолон ацетониді//

бетаметазон дипропионаты

***

Басының шашты бөлігіндегі, мойынның артқы жағында орналасқан атопиялық дерматитпен ауыратын науқастың терісінің бактериологиялық зерттеуінде Malassezia саңырауқұлағы анықталды.Тридерм (бетаметазон, гентамицин, клотримазол) тағайыналды, бірақ әсері болмады. Бұл жағдайда қандай препарат тағайындаған жөн://



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.