Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





репаглинид 6 страница



+жедел пневмония//

экссудативті плеврит

***

Плевра сұйықтығы – серозды немесе геморрагиялық экссудат,көп мөлшерде эозинофильдер, экссудат онша көп емес бірақ пункциядан кейін қайта жиналуы мүмкін, кеуде сарайының ауырсынуы көбіне сол жағында, сүйықтықтың тек плевра қуысында емес,перикардта да болуы , дене қызуының көтерілуі , қан анализінде лейкоцитоз;ЭТЖ жоғарылауы қандай патологиялық жағдайда кездеседі : //

Меллори–Вейс.синдромында//

Кон синдромында //

+Дресслер синдромында //

нефротикалық синдромда//

Иценко–Кушинг синдромында

***

67жастағы пациент дәрігерді үйіне шақырды. Аз мөлшерлерлі қақырықты жөтелге,ентігуге, себепсіз әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, дене қызуының 38,5ºС көтерілуіне шағымданды. Жоғарыдағы шағымдар пациентті 2 күннен бері мазалайды.Дәрігер ең алдымен қанда.й ауру туралы ойлауы керек.//

созылмалы обструктивті өкпе ауруы//

+ауруханадан тыс пневмония//

Сөкпе абсцессі//

жедел жүрек жетіспеушілігі//

өкпе артериясының тромбоэмболиясы

***

54 жастағы I типті қант диабетімен ауыратын науқас әйел қиын бөлінетін желе тәрізді жабысқақ, күйген ет иісті қақырықты жөтелге қалтырауға,ентігуге, кеуде сарайындағы ауырғандыққа шағымданады. Аускультативті өпеде аздаған сырылдар.Рентгенограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе тінінің деструкция ошағымен гомогеннді массивті инфильтрациясы. Қан анализінде лейкоциттер 4,4 х 10/9/л, ЭТЖ -35 мм/сағ.Ең ықтимал қоздырғыш://

хламидий//

+клебсиелла//

микоплазма//

грипп вирусы//

ішектаяқшасы

***

64 жастағы ер адам дәрігерге жағымсыз иістіқою қақырықтыжөтелге жүдеуіне,әлсіздікке шағымданып дәрігерге келген. Анамнезінде 10 жылдан бері эпилепсия ұстамасы болады. Соңғы құрыстау ұстамасы 2 апта бұрын болған.Өкпе рентгенограммасында :оң сегментте жақта жоғарғы сұйықтық деңгейі бар қуыс анықталды. Ең ықтимал диагноз://

өкпетуберкулезі//

жоғарғы бөлік пневмониясы//

өкпе фиброзы//

бронхоэктазиялық ауру//

+өкпе абсцессі

***

49жастағы ер адам 2 ай бойы таңіертеңгілікуақытта мазалайтын кілегейлі қақырықты жөтелге,физикалық жүктемеде ентігуге шағымданады.20 жыл күніне 20 сигарттен тартады ,ішімдікке әуес.Қарағандакеуде сарайының деформациясы - «етікшінің кеудесі».

Төменде көрсетілгендердің қайсысы созылмалы обструктивті өкпе ауруы дамуының басты факторына жатады?//

кеуде сарайының аномалиясы //

IgM өндірілуінің төмендеуі//

алкогольге әуестік//

+активті және пассивті темекі тарту//

біріншілік өкпе гипертензиясы

***

29 жастағы науқасты аптасына 1 реттен кем күндізгі тұншығу ұстамасы, айына 1 реттен кем түнгі тұншығу ұстамасы мазалайды. Ұстамалар көбінесе өздігінен басылады немесе сальбутамол ингаляциясын қолданады. Ұстама аралық кезеңде өзін жақсы сезінеді, ТСТ1 – тиістіден 80-85 % . Науқастың диагнозы: //

бронхиальды астма, жеңіл персистирленген//

созылмалы обструктивті өкпе ауруы, жеңіл ағым//

+бронхиальды астма, жеңіл интермиттерленген//

бронхиальды астма, орташа ауыр //

созылмалы обструктивті өкпе ауруы, орташа ауырлық дәрежесі

***

55 жастағы ер адам, күні бойы қақырықты жөтелге, жылдам жүргенде және кішкене жоғары көтерілгенде пайда болатын ентігуге шағымданады. Анамнезінде 25 жылдан бері күніне 1 қораптан темекі тартады. Соңғы 5 жылда салқын тиіп ауырғанда ентігуінің күшейгенін байқаған. Осы жағдайға әсіресе тән, Medical ResearchCouncilDyspneaScale (MRS) шкаласы бойынша ентігудің айқындық дәрежесін анықтаңыз: //

дәреже 2//

дәреже 0//

+дәреже1//

дәреже 3 //

дәреже 4

***

32 жастағы науқас темір тотығы түсті қақырықты жөтелге, тыныс алғанда оң жақ бүйірінің ауыруына, қалтырауға, дене қызуының 39 0С көтерілуіне, ентігуге шағымданады. Салқын тиюден кейін жедел ауырып қалған. Тексеру кезінде: жағдайы ауыр, дене қызуы 39,1 0 С, тыныс жиілігі 40 рет минутына. Оң жақта алдынан IV қабырғадан төмен және артқы жағынан жауырын ортасынан бастап перкуторлық дыбыстың қысқаруы, бронхиальды тыныс, күшейген бронхофония. Пульс – 94 рет минутына. АҚҚ 90/60 мм.с.б. ЖҚА: Нв-128 г/л, лейкоциттер - 10,8х10*9/л, ЭТЖ 26 мм/сағ. Ең ықтимал диагноз://

жедел плеврит //

+крупозды пневмония//

созылмалы бронхит//

өкпе туберкулезі//

бронхоэктаздық ауру

***

48 жастағы пациент 1 апта бойы іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, дене қызуының 39 0С көтерілуіне, басының ауруына шағымданады. Қарағанда: АҚҚ 90/60 мм.с.б, пульс – 104 минутына, ТАЖ – 30 рет минутына. Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде әлсіреген везикула тынысы, плевра үйкеліс шуы естіледі. Пневмония ағымының ауырлық дәрежесін бағалаңыз.//

жеңіл дәрежелі ауырлық//

орташа дәрежелі ауырлық//

+ауыр дәрежелі ауырлық//

пневмония күмәнді//

қосымша ақпарат қажет

***

Созылыңқы және қайталамалы пневмониясы бар 40 жастан жоғары науқасқа бірінші кезекте нені жоққа шығару керек://

өкпе тромбоэмболиясын//

өкпе туберкулезін//

+өкпенің орталық обырын//

гипостатикалық пневмонияны//

созылмалы пневмонияны.

***

47 жастағы науқасты 2 айдан бері жағымсыз иісті іріңді қақырықпен жөтел, субфебрильді қызба, әлсіздік мазалайды. Анамнезінде: көп темекі тартады.бір ай бұрын ұзақ қызба болып, амбулаторлық жағдайда цефазолин қабылдаған. Жұмысқа шығып кетуіне байланысты емді аяғына дейін қабылдамаған. Объективті: тері жамылғысы цианозды, саусақтары «дабыл таяқшасындай» қалыңдаған, тырнақтарының түрі «сағат әйнегіндей». Перкуссияда –тимпанит. Ұсақ көпіршікті сырылдар мен амфоралық дыбыс естіледі. Клиникалық хаттамаға сәйкес қандай диагностикалық тексеру әдісі осы аурудың диагностикасына көмектеседі://

рентгенологиялық//

томография//

спирография//

бактериологиялық//

+бронхография

***

Науқаста ертеңгі сағаттарда 500 мл ден артық ауыз толы көп қақырықтың бөлінуі, кезеңді дене қызуының субфебрильді санға дейін көтерілуі, жүдеу. Аускультативті әлсіреген везикула тынысы, төменгі бөліктерде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Қандай ауру туралы ойлау керек://

өкпе туберкулезі//

өкпе абцессі //

өкпе гангренасы //

пневмония //

+бронхоэктазиялық ауру

***

Қабылдауда 39 жастағы науқас ұзақ уақыт (4 жыл бойы) аз мөлшерлі кілегейлі қақырықты жөтелге, кішкене физикалық жүктемеде болатын ентігуге шағымданады. Анамнезінде:16 жастан темекі тартады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауыр. Кеуде сарайы эмфизематозды. Бұғана үсті аймағының шығыңқылығы байқалады. Дауыс дірілі екі жақта әлсіреген. Перкуторлы:қорапты дыбыс. Тыныс шығаруы ұзарған қатқыл тыныс, бүйір қапталдарында тынысты тездетіп шығарғанда әртүрлі калибрлі құрғақ сырылдар естіледі. Алғашқы диагнозды тұжырымдаңыз. //

пневмония//

+СОӨА//

трахеит//

бронхит//

бронхиальды астма

***

Қабылдауда 40 жастағы науқас жөтелге, айқын ентігуге, дене қызуының 40° С-қа дейін көтерілуіне, «еттің» иісі бар кілегейлі-іріңді-қанды қақырықты жөтелге, бүйіріндегі ауырсынуға шағымданды.

Анамнезінен: жедел ауырып қалған, жөтел пайда болған, дене қызуы фебрильды санға дейін көтерілген. Бірнеше жылдан бері СОӨА - мен ауырады, соған байланысты базисті ем қабылдайды. Рентгенограммада оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде жарықтану ошақтары бар (өкпе деструкциясы) көлеңкелену анықталды. Шеткі қан анализінде лейкоциттер 10х109/л, формуланың күрт солға ығысуы. Алғашқы диагнозды тұжырымдаңыз  //

Фридлендер пневмониясы//

микоплазмалық пневмония//

туберкулезді инфильтрат//

+cтафилококкты пневмония//

вирусты пневмония

***

Науқас 22 жаста студент, кезеңді тұншығу ұстамасы мен жөтелге, кеудесінде сырылдар мен ысқырық сезінуіне шағымданады. 2 жылдан бері ауырады. Ұстамалар жиі түнгі уақытта болады, 1 сағаттан кейін барлық белгілері жойылып, өздігінен басылады. Дәрілер қабылдамаған. Көктем уақыттарында бала кезінен вазомоторлық ринит. Күніне 1,5 қораптан темекі тартады. Анасында бронхиальды астма. Объективті және рентгенологиялық зерттеуде патология анықталмаған. Қан анализінде 6% эозинофилдер. Қандай ауру туралы ойлау керек?//

атопиялық бронхиальды астма, орташа ауырлық ағым//

инфекционды-тәуелді бронхиальды астма, жеңіл ағым//

созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағым, өршуі//

жедел бронхит//

+атопиялық бронхиальды астма, жеңіл ағым

***

53 жастағы темекі шегетін әйелде1 жылдың ішінде 3 рет оң жақ өкпенің S 9 орналасқан ошақты пневмония болған. Ауру арасындағы кезеңдерде жоғары шаршағыштық,жөтел, қан талшықтарымен қақырық болады. Ең ықтимал диагноз://

+бронх обыры//

созылмалы бронхит//

туберкулез//

инфарктты пневмония//

бронхоэктазиялық ауру

***

27 жастағы науқас алғаш рет көшеде физикалық жаттығулардан кейін пайда болған ентігуге шағымданды.Анамнезінде, құлпынайға, жұмыртқаға аллергиялық реакциясы бар. 1 ай бұрын респираторлық ауруды басынан кешкен, бірақ дәрігерге көрінбей өз бетімен емделген (аспирин,кеудесіне қыша қағазы). Жиі кілегейлі қақырықты жөтел мазалайды. Аускультацияда қатқыл тыныс, шашыраңқы құрғақ сырылдар. ЖСЖ-76 рет минутына. Жүрек тондары ашық, АҚҚ -134/70 мм. с.б. Алғашқы диагнозы қандай?//

жүрек  астмасы//

пневмония //

+бронхиальды астма//

милиарлы туберкулез//

ӨАТЭ.

***

20 жасар науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге 2 күн бұрын мұрынның бітуі, дене қызуының 37,5 - 37,80С дейін көтерілуіне байланысты шағымданды. Жөтелі ылғал, продуктивті емес. ЖСЖ– 92 рет минутына. ТАЖ- 28 рет минутына. Обьективті тексергенде перкуторлы өкпелік дыбыстың қысқаруы. Тынысы қатқыл, екі жақта әсіресе базальды бөліктерінде құрғақ, ысқырықты, ызылдаған және ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар анықталады. Қандай ауру туралы ойлау керек?//

пневмония//

+обструктивті емес бронхит//

ларинготрахеит//

бронхиальды астма//

туберкулез.

***

43 жастағы науқас, жұмыста жүргенде температурасы 38 С-қа көтеріліп ,бұлшық ет ауырсынуы ,әлсіздік пайда болды. Кешке дене температурасы 39 ° C-қа дейін көтеріліп,жөтел кезінде күшейетін кеуде ауырсынуы , бастапқыда құрғақ жөтел, кейін қиын бөлінетін қақырықты жөтел,ентікпе пайда болды.Объективті:жағдайы ауыр, тері жамылғысы гиперемияланған. Тынысы жиі, 1 минутта 26 рет, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыс қысқарған ,ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі,жүрек тондары тынықталған. Қандай ауру туралы ойлау керек: //

созылмалы бронхит ,өршу кезеңі//

жедел бронхит//

бронхоэктаздық ауру//

+ауруханадан тыс пневмония//

бронх демікпесі

***

Науқас 57 жаста,аз өнімді қақырықты жөтелге, ентікпеге, әлсіздікке,тәбетінің төмендеуіне,дене температурасының 38,5ºС көтерілуіне шағымданады.3 күн бойы 0,5 г

3 рет амоксициллин қабылдаған. Төменде келтірілгендердің қайсысы антибиотикалық терапияның эффективтілігінің критериі болып табылады? //

бактериологиялық зерттеу кезінде антибиотикке жоғары сезімталдылықтың анықталуы//

ЭТЖ төмендеуі//

+дене температурасының төмендеуі және интоксикацияның азаюы//

жөтел интенсивтілігінің азаюы//

айқын бас ауруының төмендеуі

***

Науқас 43 жаста, салқындаудан кейін пайда болған жөтелге шағымданады.Анамнезінде созылмалы бронхит.Дәрігер қақырық зерттеуін тағайындады.Өршу кезінде қақырық анализінде қандай өзгерістер табылады?//

атипия белгілерімен көп мөлшерде клеткалар//

+нейтрофилді лейкоциттердің көп мөлшері//

эозинофилдің көп мөлшері//

эластическалық талшықтардың көп мөлшері//

эритроциттің көп мөлшері

***

Науқас Т., 65 жаста қиын бөлінетін кілегейлі іріңді қақырықты жөтелге ентікпеге шағымданады .Көп темекі шегеді ,тәулігіне 20-ға дейін.Перкуторлы қорапты дыбыс.Аускультацияда везикулярлы тыныс әлсіреуіне байланысты тыныс шығарудың ұзаруы,2 жағында шашыраңқы құрғақ сырылдар естіледі.ЖҚА: лейкоциттер – 8,2 х109/л., ЭТЖ- 18 мм/сағ. Болжам диагноз//

созылмалы бронхит//

Бронхоэктаздық ауру//

+СОӨА//

Созылмалы обструктивті бронхит//

Бронх демікпесі

***

28 жастағы ер адам, жөтелге,дем алу кезінде өршитін сол жақ кеуде сарайының ауырсынуына,дене температурасының 38 С көтерілуіне шағымданады. 5 күн бұрын салқындаудан кейін жедел ауырып қалды.Объективті: Аускультация кезінде сол жақ жауырын астында ылғалды ұсақ сырылдар естіледі, сол жерде перкуторлы дыбыс тынықталған. 500 мг х 4 р/к амоксициллин тағайындалды. Әрі қарай жүргізу тактикасын анықтаңыз: //

+амоксициллинмен емдеуді сол дозада жалғастыру//

амоксициллинді азитромицинге алмастыру //

амоксициллиннің дозасын көбейту //

амоксициллинді  тетрациклинге алмастыру //

емге  гентамицин қосу

***

Науқас кездейсоқ (туысымен) СОӨА бойынша денсаулық мектебіне барды. Тұрақты түрде темекі тартатынын айтты. Дәрігер темекінің зияндылығы туралы мағлұматтар берді және темекіні тастамаса аурудың пайда болатынын ескертті. Егер осы пациент темекі тартуын жалғастыра берсе СОӨА айқын клиникалық көрінісі қанша уақыттан кейін пайда болуы ықтимал://

3жылдан кейін//

5 жылдан кейін//

7 жылдан кейін//

+10 жылдар кейін//

15 жылдан кейін

***

49 жастағы ер адам, геолог, «ЖИА. ЖЖ ФК III. СЖЖ 0. АГ 2 д қауіп 3» диагнозымен 4ай бойы жағдайы нашарлауына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын алған.Анамнезінде – СОӨА. Бронхиалды тип,ТЖ II.Еңбекке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін МӘС-ға жіберілді.Еңбекке жарамдылық болжамы://

өз қызметінде жұмыс жасай алады//

3 топты мүгедектік, жұмысын ауыстыру//

+2 топты мүгедектік, жұмысын ауыстыру//

мүгедектіксіз жұмысын ауыстыру //

1 топты мүгедектік жұмыс жасамау

***

Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына 20 жастағы әйел құрғақ жөтелге , дене температурасының 2-3 күн бойы 37,5-37,8 С көтерілуіне ,мұрын бітелуіне шағымданып келді.Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, араны аздап гиперемияланған, тынысы екі жағынан қатқыл ,сырыл жоқ, жүрек тондары айқын,ЖСЖ-90р/м, АҚҚ-120/70мм.сын.бағ. Қандай ауру туралы ойлау керек?//

жедел пневмония//

+жедел бронхит//

ларинготрахеит //

бронхиалды демікпе//

созылмалы бронхит

***

47 жастағы науқаста соңғы бірнеше айлар бойы ентікпесі өршуде. Анамнезі ерекшеліксіз. Обьективті акрацианоз ,саусағы дабыл таяқшалары тәрізді. Өкпесінде әлсіреген тыныс крепитацияға ұқсас үнсіз сырылдар.Өкпе артериясының 2-тон акценті байқалады. Рентгенде-өкпе суретінің төменгі бөлігінде торлану анықталды. Жүрек өлшемдері өзгермеген , өкпе артериясының конусы шығыңқы. ЭКГ-да оң жақ қарынша гипертрофиясы анықталды. Ең ықтимал диагноз://

митральді стеноз//

+фиброздаушы альвеолит (идиопатиялық)//

созылмалы обструктивті бронхит//

іркілген пневмония//

гематогенді диссеминацияланған туберкулез

***

Тездетіп сыртқа тыныстаудың 1 секунд көлемі 200 мкг бета2-симпатомиметик(сальбутамол) қабылдағаннан кейін 20% өсуі нені көрсетеді . //

бронхотардың гиперреактивтілігі//

өкпе қызметінің рестриктивті өзгерістері//

+қайтымды бронхиалды обструкция//

қайтымсыз бронхиалды обструкция //

жоғарыда аталғандардың бәрі

***

Тездетіп сыртқа тыныстаудың 1 секунд көлемі 200 мкг бета2-симпатомиметик(сальбутамол) қабылдағаннан кейін 10% өсуі нені көрсетеді . //

бронхотардың гиперреактивтілігі//

өкпе қызметінің рестриктивті өзгерістері//

қайтымды бронхиалды обструкция //

+қайтымсыз бронхиалды обструкция//

жоғарыда аталғандардың бәрі

***

Науқас 38 жаста бас-ми жарақатынан кейін интенсивті терапия палатасында 2 күн бойы жасанды өкпе вентеляциясында жатты.Төртінші күні науқастың температурасы 38,5 С көтерілді.Көкшіл түсті жағымсыз иіспен қақырықты жөтел,кеуде сарайының ауырсынуы пайда болды, интоксикация өршуде. ТАЖ 30 р/мин.Қан анализі: лейкоцит 18х109/л,токсикалық түйіршікті нейтрофил, ЭТЖ-35 мм/сағ. АҚҚ-90/60 мм рт ст, ЖСЖ 120 р мин. Науқасты емдеуде 1 қатардағы препараттарды таңдаңыз://

линкозамид + аминогликозид //

минопенициллин + нитрофуран//

фторхинолон 1 ұрпақ+ пенициллин//

цефалоспорин I ұрпақ + пенициллин//

+цефалоспорин ІІІ ұрпақ+ аминогликозид +

***

59 жастағы ер адам 4 апта бойы ауырады.Соңғы аптада жағдайының күрт төмендеуі,температурасының 400 С жоғарылауы,күніне 100 мл-ге дейін іріңді қақырықты жөтел,тыныштық жағдайындағы ентікпе байқалады R-граммада: сол жақ өкпеде ортаңғы бөлігінің түбір маңы аймағында ауқымды интенсивті ошақты деструкциямен инфильтрация анықталды. Науқаста төмендегі асқынулардың қайсысының дамығаны ықтимал://

плевра эмпиемасы//

асқынған плеврит//

сол жақ өкпе абсцесі//

+сол жақ өкпе гангренасы//

сол жақ өкпе ателектазы

***

Қант диабетімен ауыратын 49 жастағы ер адам екі жақты пневмониямен реанимация бөлімшесінде жатыр . Қақырықта алтын стафилококк табылған. 2 антибиотикпен антибактериальды терапия басталған.Дәлелді медицина тұрғысынан осы ситуацияда иммунотерапияның қай әдісі ең тиімді//

рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагты фактор//

көктамыр ішілік лазерлі қанның сәулеленуі//

қанның ультрафиолетті сәулеленуі//

рекомбинатты альфа интерферон//

+рекомбинантты интерлейкин-2

***

54 жастағы ер адам аз физикалық жүктемеде экспираторлы ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады.28 жыл бойы темекі тартқан. Объективті:терісі құрғақ көкшіл сұр түсті , тырнақтары сағат әйнегі тәрізді,кеуде сарайы бөшке тәрізді перкуссияда қорапты дыбыс, аускультацияда әлсіреген тыныс,тыныс шығарудың қысқаруы. Қай диагноз ең ықтимал://

бронхиалды демікпе, ауыр ағымды//

созылмалы обструктивті бронхит//

бронхиалды демікпе,өкпе эмфиземасы//

+СОӨА, эмфизематозды тип//

СОӨА, бронхтық тип

***

Науқас 65 жаста тұрақты түрде темекі шегеді. Аралас түрдегі ентікпеге, ұстама тәрізді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, оттекті ингаляциядан кейін жеңілдейтін жүрек аймағындағы таралмайтын ауырсынуға шағымданады. Объективті: оң жақ жүрек шеакарасының кеңуі, өкпе артериясының ІІ тон бөлінуі мен акценті байқалады. АҚҚ 150/90 мм сын.бағ, ЖСЖ 84 р/ мин, дұрыс ритмді. Артериялық қан қысымын қалпына келтіруге қай топ препараттары комплексті терапияға ең тиімді?//

диуретиктер//

АПФ ингибиторлары//

β2-адреноблокаторлары//

жүрек гликозидтері //

+кальций каналының антагонисттері

***

57 жастағы ұзақ уақыт СОӨА –мен ауыратын ер адамда госпитализациядан кейін 3 ші күні тахикардия, қарыншаүстілік және қарыншалық экстрасистолия байқалды, бас ауруы күшейді, қыжыл, лоқсу, ұйқысыздық пайда болды. Берілген препараттардың қайсысы жоғарыдағы жағымсыз әсерлерді шақыруы мүмкін?//

+эуфиллин//

сальбутамол//

преднизолон//

ацетилцистеин//

ипратропий бромиді

***

17 жасар қыз баланы ысқырықты тыныспен тұншығу ұстамасы және қиын бөлінетін қақырықты жөтел мазалайды. Аурудың өршуін айлық етеккірмен байланыстырады, етеккір циклынан басқа күндері тұншығу ұстамалары жеңіл және аз байқалады. Спецификалық аллергодиагностика барысында кенеге, үй шаң тозаңына, зең саңырауқұлақтарға, құс қауырсынына сенсибилизация анықталды. Флюнизолид және сальметерол тағайындалды.

Менструация кезеңінде ұстаманың алдын алудың қандай тактикасы ең тиімді://

етеккір алдында сальметерол дозасын арттыру//

+етеккір алдында флюнизолид дозасын арттыру//

етеккір кезінде емге эуфиллин қосу//

етеккір кезінде емге преднизолон қосу//

етеккір кезінде емге прогестерон қосу

***

38 жасар әйел қызбаға, айқын әлсіздікке, буын ауырсынуына, миалгияға, бас ауыруына, кеуде сарайының керіп ауыруына, бөксе терісінде ауырсынатын диаметрі 2-3 см болатын қызыл түйіндердің пайда болуына шағымданады. Рентгенограмммада екіжақты симметриялы, массивті, паратрахеалды лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалды. Қан анализінде: эозинофилия, моноцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы, альфа және гамма-глобулиндердің көбеюі. Науқаста қай диагноз ең ықтимал болып табылады? //

лимфогранулематоз//

түйінді периартериит//

индуративті тері туберкулезі//

лимфа түйіндерінің туберкулезі//

+жедел саркоидоз (Лефгрен синдромы)

***

Науқаста астмалық жағдай дамуы кезінде мойын веналарының ісінуі мынаған байланысты://

кіші қан айналым шеңберінде қысым төмендеуіне//

оң жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігіне//

+кеуде ішілік қысым жоғарлауына//

үшжармалы қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі дамуына байланысты//

жедел сол жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігіне байланысты

***

19 жасар казармада тұратын әскери адам құрғақ жөтелге, қалтырауға, дене температурасының 37,5С көтерілуіне, артралгия мен миалгияға шағымданып ауруханаға түсті. Рентгендік зерттеуде өкпе суретінің күшеюі, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің дақты анатомиялық шекарасыз қараюы анықталды. Пенициллин мен цефалоспориннен нәтиже болған жоқ . Бұл жағдайда қай қоздырғыш туралы ойлауға болады?//

көк ірің таяқшасы//

гемофильді таяқша//

пневмококк//

+микоплазма//

стафилококк

***

Науқас тамағының ауырсынуына, құрғақ қинайтын жөтелге, даусының қарлығуына, бас ауруына шағымданады. Құс шаруашылығымен айналысады, үй жағдайында кептер асырайды. Өкпеде қатқыл тыныс, сырыл жоқ. Рентген зерттеуінде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде қараю анықталды. Пенициллиннен нәтиже болған жоқ. Қай ауру туралы ойлауға болады?//



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.