Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Педагогикалық зерттеу. Отбасы – Ата-бабасы – Ата-анасы – Нағашы жұрты – Бала



Педагогикалық зерттеу

Бұл зерттеуді мұғалім жүргізеді. Оларға әр пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру жатады.

Сөйлеу қабілетін байқау:Суреттегі заттардың атын атау, сурет бойынша сөйлем құрау, заттардың жекеше, көпше түрлерін атау, әріптерді тану.

Жазу қабілеті:Әріп элементтерін жазып көрсету

Қазақ тілі мен пәні бойынша:Көркем жазу, анықтама, мәтінді меңгеру, талдау

Осы зерттеулерді жүргізу арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтап аламыз. Осыдан сабақ үрдісінде оқушылардың сабаққа қабілеттері, ынтасы ашыла бастайды.

1. Оқушының үлгірмеу себептері?

Үлгірмеуші оқушы деген кім? Ол не себепті үлгірмейді? Оларға нендей факторлар әсер етеді? – деген сұрақтар туады, енді соны анықтауымыз керек. Үлгірмеуші оқушының ата-тегіне, тұқым қуалау себептері бар ма, нағашы жұртына, отбасы жағдайы, ата-анасына баласының еліктеуі, отбасындағы тәрбие соларды зерттеуіміз керек. «Тәрбие – отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасына тереңірек үңілетін болсақ, оқушы тәрбиесі – отбасы тағылымына байланысты деген ұғымға да тірелеміз.

Отбасы – Ата-бабасы – Ата-анасы – Нағашы жұрты – Бала

Оқушының үлгірмеу себептері мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

1.Оқушының денсаулығының нашарлығы (жазылмайтын дерт, туа бітті, кейін пайда болған ауру т.б.)

2.Отбасындағы жағдайлар:

- анасының болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- әкесінің болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- ата-анасының ішімдікке салынуы

- әлеуметтік жағдайының төмен болуы

- отбасындағы қайғы-қасірет

- баланың қамқоршысының қолында болуы.

3.Алыстан келіп оқитын балалар.

- жатқан үйінің жайсыздығы;

- жатқан үйіне үйреніспеу.

4.Достарының әсері:

- досының ауқатты тұруы;

- досымен қарым-қатынас жасай алмауы т.б.

Міне, осы жұмыстардың бәрі зерттеліп, қабілеті төмен балаларға психологиялық, педагогикалық, физиологиялық талдау жасап, оларды дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасап отырылу керек.

Үлгірмеуші ата-аналардың кейбіреулерінің баласына, ұстазына деген көзқарастары да сан алуан. Оқушының үлгіріміне тек мұғалім ғана емес «Отбасы + оқушы + мектеп», яғни үштік одақ бірлесе отырып шешуге ықпал етуіміз керек. Бұл – үлгірмеуші баланы болдырмаудың бір жол.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.