Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алматы облысы Кербұлақ ауданы Бостан ауылы



Алматы облысы Кербұлақ ауданы Бостан ауылы

Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі:

Уәли Жадра Өміржанқызы

 

Оқу мотивациясы төмен оқушымен жұмыс

 

  Орыстың ойшыл ғалымы Д.И.Менделеев: «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкіртінде, өзі шашқан ұрпағының өсіп өнуінде» – деген екен. Және халықта «Әуелі тұқым, содан соң күтім» деген асыл сөз де бар. Сондықтан тұлғаның өсіп өнуінің сәтті болуы рухани күтімге байланысты. Баланың жанына ақыл-білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табатын да – ұстаз.

  «Бүгінгі ұстаздың бірінші міндеті – оқушыға бүкіл өміріне азық ете алатындай жан-жақты білім беру» – деген президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты ұрпақ шығару мүмкін емес.

   Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетінше ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту.

  Оқу үрдісінде оқыту жүйесінің бір ерекшеліктері «жаман» деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушыны өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Оған мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, шыдамдылық осы оқушыдан үміт болады-ау деген сенім болуы керек. Яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастыққа, сыйластыққа, өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал туады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.