Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оқу мотивациясы төмен оқушыны зерттеу



Оқу мотивациясы төмен оқушыны зерттеу

   Оқу мотивациясы төмен, яғни үлгірмеуші оқушы қайдан шығады? Алдымен оларды сынып жетекшілері мектепке келген бойдан жан-жақты зерттеп алу керек.

Баланы зерттеу мынадай түрде жүргізіледі:

 

Баланы зерттеу:

1. Физиологиялық (медицина),

2. Психологиялық

3. Педагогикалық

Физиологиялық зерттеуге – дәрігерлер, психологиялық зерттеуге – психолог мамандар, педагогикалық зерттеуге – мұғалімдер қатыса алады.

 

Физиологиялық зерттеу

Мысалы, бала шыр етіп дүниеге келгенде, ананың босану процесіне байланысты баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді. (Басының қысылып қалуы, қол-аяғының кемтар болуы, т.б.) Өсе келе баланың даму заңдылығының бұзылуына әкеп соғады. Осы орайда баланың физиологиялық картасы жасалып, мұғалім + медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болу керек.

 

Психологиялық зерттеу

Психологиялық зерттеулер бойынша біз баланың таным процесі, зейін, ес, қабылдау мониторингін жасаймыз.

Мен мектептегі қабілеті өте төмен екі оқушыны зерттеуге алдым. Оларға психологиялық, физиологиялық зерттеулер жасадым.

Оқушының психологиялық даму заңдылығына сәйкес еместігі анықталған күннен бастап – ақ ол баланың қызығушылығы дамытатын әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалан отырып, психологиялық әдістер жүргіземін.

  1-сыныпқа келген оқушыдан Кэрн Иерасик тестін алып, баланың төмен-жоғары, оң-сол, сандарды тану, білу, жазу, сызу қабілеттерінің қаншалықты екенін айқындап алу керек. Қаламсапты ұстатып, одан баланың оңқай, солақай екенін білеміз.

Дәптер бетіне нүкте қойып, сол нүктеден жоғары бір тор көз, оңға, төмен қарай, солға, екі тор көзден қорша деген сияқты нұсқауларды бере отырып, оқушының қабілеттерін айқындаймыз.

Ал мен 4-сынып оқушыларына былай тапсырмалар бердім. Өзің білетін ақын өлеңін жатқа жаз және мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар:

Қоңырау соғылды, мұғалім сыныпқа кірді.

Бұл – педагогикалық-психологиялық әрекетте баланың қызығушылығы артып, өзінің танымының жоғарылауына септігін тигізеді. Осындай неше түрлі фигураларды сыздыруға болады. Балада «мен» деген категория қалыптасып, «Менің қолымнан келеді», «Өзім жасай аламын» деген сенім пайда болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.