|
|||
Составители данной версии предупреждают что это их глупые головы искали правильные варианты, так что экзаменующему рекомендовано еще раз перепроверить самим. 5 страницаҚандай диагноз ЕҢ ықтимал? * бруцеллездік артрит * септикалық артрит ? Cтилл синдромы(гектикалық темп, гепатоспленомегалия , гиперлейкоцитоз) * ревматоидты артрит * иерсиниоз, жайылған форма
#13 *! 16 жасар қыз, жедел суықтанудан кейін ауырды: лихорадка 38°, бір аптадан соң дене температурасы 39°, білезік буындарында қатты ауыру сезімі мен ісіну пайда болды, таңертеңгі құрысу түскі 12-ге дейін созылды, тізе және иық буындарында ауыру сезімі пайда болды. ЖРВИ-ның асқынуы деп ойлап, антибиотиктермен емдеді, әсер болған жоқ. Объективті: білезік буындарының қозғалысы шектелген, ісіну бар, жергілікті температура, алақанды қысу симпотмы оң, қолтық асты, шынтақ лимфатүйіндері үлкейген, бауыры +1,5 см, көкбауыры +2 см. ЖҚА: Эр – 3,0, Нб – 98 г/л, Л- 15,9 х109/л, Нф – 78%, Лф – 19%, ЭТЖ 48 мм/С. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? * бруцеллездік артрит * септикалық артрит ? Cтилл синдромы * ревматоидты артрит * Фелти синдромы
#14 *! 46 жаста мұғалім мектепте, шағымы-самай-төменгі жақ буындарында ауыру сезімі мен ісіну, аузын ашу қиындаған, даусы бәсең шықты, ЖРВИ-дан кейін 2 аптадан соң жедел ауырған. Участкелік дәрігер физиотерапия (УВЧ) тағайындаған еді, жағдайы нашарлады, ауыру сезімі мен ісіну күшейді, дене температурасы 37,5°. Объективті: жергілікті температура, самай-төменгі жақ буындарында қызару мен ісіну. ЖҚА: Эр – 3,6, Нб – 118 г/л, Л- 9,9 x109/л, Нф – 67%, Лф – 29%, ЭТЖ 28 мм/с. РФ – 52 МЕ/мл. РА теріс., РХ – әлсіз оң. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? * бруцеллезді артрит + септикалық артрит * Cтилл синдромы * ревматоидты артрит * реактивті артрит
#15 *! Әйел адам 56 жаста, бірнеше жылдан бері хондропротекторлармен және СЕҚҚП-мен емделеді, тізе буындарының артрозына байланысты. Зерттегенде анықталды-қанда зәр қышқылының деңгейі аздап жоғарылаған -500 мкмоль/л. Тізе буындарының рентгенограммасында буын қуысының біркелкі емес тарылуы, субхондральды склероз анықталды. Қандай ем тактикасы ЕҢ ықтимал? * димексид қосу * колхицин қосу * СЕҚҚП дозасын жоғарылату ?* аллопуринол тағайындау (показания гиперурекемия ренального генеза из за длительного приема НПВС) * хондропротекторлармен емді жалғастыру
#16 *! Әйел адам 32 жаста, шағымы-таңертеңгі құрысу 30-40мин созылады, білезік, башпай-фаланга аралық және проксимальды фалангааралық буындарда ісіну мен ауыру сезімі, дене температурасы 37,5°, 5 кг-ға арықтау. Суықтанудан кейін 2 ай бұрын пайда болды. ЖҚА: Эр – 3,2, Нб – 110 г/л, Л- 8,9 x109/л, Нф – 78%, Лф – 16%, ЭТЖ 29 мм/с. Қандай лабораторлы зерттеу МҮМКІНДІГІНШЕ диагнозды дәлелдейді? * ревматоидты фактор IgG (IGM болу керек ) +* антицитруллинді антиденелер * антинуклеарлы антиденелер * С-реактивті белок * рибонуклеопротеинге антиденелер
#17 *! Әйел адам 22 жаста, алақан саусақтарының сағат 2-ге дейін созылатын таңертеңгі құрысулары, әлсіздік, субфебрильді температура. 2 апта бұрын басталды. Жүктілік 12 апта. Объективті: алақан II-IV саусақтарының проксимальды фаланга аралық буындарының симметриялық дефигурациясы, қозғалысы шектелген, құрт тәрізді бұлшықеттің гипотрофиясы, тырнақ бетінің линия түріндегі некрозы. ЖҚА: 30 мм/с Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған ЕҢ дұрыс? * делагил * диклофенак +* метотрексат * преднизолон * сульфасалазин
#18 *! Әйел адам 30 жаста, ЖРВИ-дан кейін ауырды: білезік, шынтақ, табан фаланга буындары қызарып, ісінді, таңертеңгі 11-ге дейінгі құрысу мазалады (төсектен тұру қиындаған, өзіне қызмет көрсету қиындаған); дене температурасы 38,5°. Симптомдар 4 аптадан бері өршіді. Диклофенак қабылдады, әсері аздап. Объективті: зақымдалған буындарда ісіну, алақанды қысу симптомы оң, қозғалыс шектелген. ЖҚА: Эр – 3,2, Нб – 105 г/л, Л- 13,9 x109/л, Нф – 88%, Лф – 12%, ЭТЖ 55 мм/с. Ревматоидты артриттің осы вариантында қай зерттеу әдісі ЕҢ сәйкес? +* РФ теріс, АЦЦП оң (рф бастапқы кезеңде көрінбейді) * Аурудың дебютінен 6-24 ай уақытта РФ оң болады * РФ 1/64 титрінен төмен болады * РФ және АЦЦП да оң болуы мүмкін * РФ IgM теріс болады, РФ IgG – оң
#19 *! Қабылдау бөліміне 74ж ер адам түсті, шағымы-жалпы әлсіздік, ентігу, жүрек қағуы, аяқтарында сезімталдықтың төмендеуі. Объективті: тері мен шырышты қабаттарының бозғылттығы, сарғыш түспен. ЖҚА: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, ТК – 1,1, лейкоциттер - 2,2 х 109/л, ЭТЖ - 42 мм/сағ, таяқшаядролы – 6%, сегментядролы– 65%, эозинофилдер – 4%, лимфоциттер – 17%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: қан түзілуінің мегалобластық типі Патологиялық жағдайдың себебін анықтау үшін қандай тексеру әдісі ЕҢ мәліметті болып табылады? * Кеуде клеткасының рентгенографиясы * УДЗ іш қуысы ағзаларының * Мықын сүйегінің трепанобиопсиясы * ЭКГ ?* Асқазан эндоскопиясы
Себебі : в12 анемияға ұқсайды, ЦП жоғарылаған + аяқ нейропатиясы, миелограмма бар. Процестің себебі атрфиялық гастрит болуы мүмкін
#20 *! Қабылдау бөліміне 44ж әйел адам түсті, шағымы-жалпы әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы. Соңғы 2 жылда менструация 7-10 күннен, көп мөлшерде. Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттарының бозғылттығы, тырнақтарының сынғыштығы, шаштарының түсуі. Гемограммада: гемоглобин - 42 г/л, эритроциттер – 1,9 х 1012/л, ТК – 0,7, лейкоциттер - 5,8х109/л, таяқшаядролы – 4%, сегментядролы– 69%, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 2%, лимфоциттер – 18%, моноциттер – 6%, тромбоциттер – 420 х 109/л, ЭТЖ - 36 мм/сағ. Патологиялық жағдайдың себебін анықтау үшін қандай тексеру әдісі ЕҢ мәліметті болып табылады? ?* Коагулограмма * Тікелей Кумбс сынамасы * Стернальды пункция * Сарысуда темірді анықтау * Мықын сүйегінің трепанобиопсиясы #21 *! Гематологиялық бөлімге 32 жастағы ер адам түсті, шағымы-бел аймағында ауыру сезімі, лихорадка, зәрдің күңгірттенуі, құсу, әлсіздік, осы шағымдар тұмаудан кейін 5 күннен соң пайда болды. Объективті: тері жабындыларының бозғылттығы, субиктерия. Жүрек ұшында систоликалық шум, тахикардия. Бел аймағында ұрғылау симптомы оң. ЖҚА: эр.-2,0 х 1012/л, Нв-59 г/л, ТК-0,9, лейк.-3,4 х 109/л, тромб.-96 х 109/л, ретикулоциттер-6%, ЭТЖ-55мм/с, билирубин-72,8 мкмоль/л, қалдық азот-60,2 ммоль/л. Зәр анализінде – лейкоцитурия, гемосидеринурия. Сахарозды сынама оң. Қандай ем ЕҢ тиімді болып табылады? * Спленэктомия * Десфералотерапия * Циклоспорин А * Тромбоцитарлы масса құю + Жуылған эритроциттерді құю
#22 *! Гематологқа 45 жастағы әйел адам келді, шағымы-жалпы әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы. Соңғы жылда менструация 7-10 күн, көп мөлшерде. Объективті: тері жабындыларының бозғылттығы, субиктерия, тырнақтарының сынғыштығы, шаштарының түсуі.Жүрек ұшында систоликалық шум, тахикардия 110 бір минутта, АҚҚ- 100/60 мм.сын.бағ. Гемограммада: гемоглобин - 72 г/л, эритроциттер - 3,6 х 1012/л, ТК - 0,6, лейкоциттер - 6,8х109/л, тромбоциттер - 320 х 109/л. ЭТЖ - 26 мм/сағ. Гинеколог қарауы: Жатыр миомасы, 12 апта, оперативтік ем ұсынылды. Операция алдында науқасты жүргізудің ЕҢ тиімді тактикасы? + Парентеральды темір препараттары * Парентеральды витамин В12 * Пероральды фолий қышқылы * Антибактериальды терапия * Эритроцитарлы масса құю
Показания для назначения парентеральных препаратов железа : постоянные потери крови, при которых потребность в железе превышает физиологические возможности для всасывания железа (например, тяжелое маточное кровотечение, наследственная геморрагическая телеангиоэктазия с поражением слизистых оболочек);
#23 *! Гематология бөліміне 34 жастағы әйел адам түсті, шағымы-жалпы әлсіздік, жүрек қағуы, сарғаю, дене температурасы 37,8°С. Объективті: азадаған спленомегалия, гемоглобин - 52 г/л, ретикулоциттер – 28%, жалпы билирубин 87 мкмоль/л, тікелей билирубин 15 мкмоль/л, Кумбс сынамасы оң. Қандай препарат ЕҢ тиімді болып табылады? * Витамин В12 + Преднизолон * Антибиотиктер * Темір препараттары * Урсодезоксихолий қышқылы
Аутоиммунная гемолитическая анемия
#24 *! Бозбала 16 жаста, шағымы- әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы, тері жабындылары мен склераларының сарғыштануы, зәрінің күңгірттенуі. Анамнезінен: әкесінде оқтын-оқтын тері жабындыларының аздап сарғыштануы байқалған. Объективті: терісі сарғыш, көкбауыры қабырға доғасынан 4 см-ге шығып тұр. ЖҚА: эритроциттер-3,1 х 1012/л, Нв-87 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-7,9 х 109/л, тромбоциттер-220 х 109/л, ретикулоциттер-7%, ЭТЖ-29 мм/с. Билирубин-70,1 мкмоль/л, эритроциттердің қалыңдығы-2,8 мкм, микросфероциттер-42%. Қандай ем ЕҢ тиімді болып табылады? * Жуылған эритроциттерді құю * Темір препараттары * Кортикостероидтық терапия * Циклоспорин А + Жоспарлы спленэктомия
#25 *! Пациент О., 42 жаста, шағымы-бірден әлсіздік, бас айналуы, құлақтарында шу, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, тілінің күюі, аяқтарында жансыздану. Анамнезінен: бірнеше жыл бұрын қан кетумен асқынған асқазан ойық жарасына операция жасалған. Объективті: Жүрісі теңселген. Тері жабындылары бозғылт, тілі ашық-қызыл, тілімденген. Ағзалары – өзгеріссіз. Курлов бойынша бауыр размері 10-9-8 см. Көкбауыр 4-6 см. ЖҚА: Эр-2,3 x10 12/л., Hb-82 г/л., ТК-1,1 тромбоциттер — 128x10 9/л., ретикулоциттер – 0,5%, МСV- 98 фл, Лейк.- 4,5x10 9/л., ЭТЖ-12 мм/с. Қандай анемия ЕҢ ықтимал ? *Cидероахрестикалық анемия *Теміртапшылықты анемия *Гемолитикалық анемия *Апластикалық анемия +*В12-дефициттік анемия
#26 *! Әйел адам М, 35 жаста, шағымы-айқын әлсіздік, тері жабындыларының сарғыштығы, дене температурасы 37,50С, сол қабырға астында ауырлық сезімі. Анамнезінен: 2 күн бұрын ЖРВИ-дан кейін жоғарыдағы шағымдар пайда болды. Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттары иктериялық. Сол жақ қабырға астында ауыру сезімі, көкбауыры 12-16см. ЖҚА: Эр-2,8 x10 12/л., Hb-79 г/л., ТК-0,85 тромбоциттер — 230x10 9/л., ретикулоциттер – 12%, МСV- 95 фл, MCH – 32 пг, MCHC – 36 г/дл, лейк.- 7,5x10 9/л., ЭТЖ-15 мм/ч, микросфероцитоз. Билирубин 77 мкмоль/л, тікелей билирубин10,6мкмоль/л, АСТ 0,11 мкмоль/л, АЛТ 0,12 мкмоль/л, темір деңгейі- 22 ммоль/л. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *Апластикалық анемия *В12-дефициттік анемия +*Гемолитикалық анемия *Теміртапшылықты анемия *Cидероахрестикалық анемия
#27 *! Науқас С., 25 жаста, шағымы-тамағында, сүйектерінде ауыру сезімі, бірден әлсіздік, дене температурасы 400С, мұрыннан қан кету. Бір апта бұрын ауырды. Объективті: температура 39,50С. Кеудесі мен аяқтарында майда нүктелі қан құйылулар. Аузынан шірік иісі шығады.Үлкейген миндалиналарда – іріңді-некротикалық түзілістер; жалпақ сүйектерді басқанда ауырады. Бауыры 3 см шығыңқы, көкбауыры пальпацияланбайды. ЖҚА: геморрагиялық және анемиялық синдромдар, қанда – 38 % бластар. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *апластикалық анемия + жедел лейкоз *тромбоцитопатия *созылмалы миелолейкоз *Bальденстрем ауруы
|
|||
|