Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Вебер, К. Мангейм, Э. Дюркгейм ұсынған саяси идеология анықтамаларының мазмұнын ашыңыз



19. М. Вебер, К. Мангейм, Э. Дюркгейм ұсынған саяси идеология анықтамаларының мазмұнын ашыңыз

«Идеология» термині XVIII ғасырдың аяғында пайда болды, бірақ бұл кезеңге дейін қоғамда идеология рөлін атқарған әртүрлі ілімдер болды. Мысалы, орта ғасырда идеология рөлін дін орындады. Әртүрлі идеологиялық ағымдардың дамуы негізінен тарихи оқиғаларға, елдің әлеуметтік-саяси саласындағы өзгерістерге ықпал етті. Мысалы, консерватизмнің пайда болуы 1789 жылғы Француз төңкерісіне әсер етті, либерализм монархтардың абсолютті билігіне қарсы күш ретінде пайда болды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында пайда болған идеология саяси билікті, саяси жүйені ұйымдастырудың демократиялық қағидаттарының негізін қалады.

 Идеологияның пайда болуына байланысты оның қоғам, мемлекет дамуындағы рөлі мен маңызын белгілеуге әрекеттенген әртүрлі зерттеулер басталды. О. Конт, К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер, В. Парето, К. Мангейм, Т. Парсонс сынды ғалымдар «идеологиятану» ғылымының дамуына ғылыми үлес қосты. Мемлекетте идеологияның маңызы саяси оқиғалардың даму кезеңіне байланысты өзгеріп отырады. Мемлекеттің белгілі бір даму кезеңінде идеология рөлі төмендейді, мейлінше енжар рөл атқарады, кей кезеңдерде керісінше идеологиялық бағыттардың маңызы артып, елде болып жатқан өзгерістерге ықпалды әсер етеді.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ортасында, идеология елдер дамуында белсенді рөл атқарып, қоғамның барлық салаларына енді. Бұл процесс «идеологиялану» деп аталады. Егер тарихты талдасақ, ел дамуының белгілі бір кезеңінде идеологияның рөлі төмендеуін немесе күшеюін байқауға болады. Саясаттағы идеология рөлінің төмендеуі - деидоелогия, күшеюі реидеология процесі деп аталады. Саяси ғылымда «идеология» ұғымының анықтамасына қатысты бірнеше тұжырымдар бар

Идеология дегеніміз - биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал.

Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды. Неміс саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады.

Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша - идеология мемлекеттің,

саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы

мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі. Жалпы идеология туралы түсінік ерте заманда пайда болды. Мысалы, Аристотель идеология деген түсінікті “энтелехия” деп атаған. Энтелехия – мүмкіндікті шындыққа айналдыратын ізденушілік деп ұлы ойшыл анықтама береді. Идеология проблемаларын зерттеуші, ғалым К.Манхеймнің ойынша:

“идеология -- ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратын Құрал, Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына, идеяларына негізделеді.Идеялардың негізгі көзі, бастауы ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі, Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік,

реформистік, социал-демократиялық идеологиялар.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.