Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Интернетте жұмыс жасау үшін арналған басқа бағдарламалар.



6. Интернетте жұмыс жасау үшін арналған басқа бағдарламалар.

Интернеттің әртүрлі қызметтерімен жұмысты қамтамасыз ететін бағдарламаларды бірнеше топқа бөлуге болады.Төменде типтік өкілдерінің тізбесімен біргебұл топтардың қысқаша сипаттамасы келтірілген.

1. Браузерлер —гипермәтіндік құжаттарды қарап шығу үшін HTML және XML кодты интерпретатор-бағдарламалар (Microsoft Internet Explorer, Mozilla (Firefox), Opera, Netscape Navigator). Кейбір HTML-құжаттар әртүрлі бағдарламаларда әрқалай көрсетілуі мүмкін.

2. е-mail-клиенты — электрондық поштамен жұмыс жасау үшін арналған бағдарламар (MSOutlookExpress, TheBat). Қолданушыға e-mail алуға және жіберуге, адрестік кітабын және типттік хаттарының үлгілерін пайдалануғамүмкіндік береді.

3. FTP-клиенттер — FTP (File Transfer Protocol) серверлеріне қолжеткізу үшін арналған бағдарламалар. Бағдарламалар ішінде файлдардың мұрағаты бар: бағдарламалар, музыка, фильмдер (CuteFTP, Windows (Total) Comander, MS Internet Explorer).

4. Айдау менеджерлері(Менеджеры закачки) (файлдарды және сайттарды) — жергілікті компьютерде бүкіл сайттың көшірмелерің сақтау үшін және

үлкен файлдарды тиімді жүктелуі үшін арналған бағдарламалар (ReGet, FlashGet; Teleport).

5. Терминалдар — желі арқылы қашықтағы компьютерге қолжеткізуді қамтамасыз ететін және қашықтағы компьютердегі бағдарламаларды жүктеу үшін және файлдарды басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар (Telnet, Telneat).

6. Тез арада хабарламалармен алмасу жүйелері(интернет-пейджерлер) —

нақтыуақыттәртіптемесінде қысқаша мәтіндік хабарламалармен алмасу үшін арналған бағдарламалар; қолданушыларға диалог жүргізуге мүмкіндік береді (ICQ, mIRQ).

7. Басқалар (звонилкалар, трафик санауыштар, файрволлдар (брандмауэрлар)) — қолданушының компьютерін қаскүнемдік енуден қорғайтын, ақпараттық трафикті ескеретін, провайдердің модемдік пулына коңырау шалуды жеңілдететін өзге қызмет көрсету бағдарламалары.

 

Бақылау сұрақтары:

1.World Wide Web қызметі қандай мүмкіндіктерге ие?

2.Web-құжаттың пішімі қандай? Олардың дәстүрлі мәтіндік құжаттардан айырмашылығы неде?

3.Браузер деп нені айтады? Ол қандай қызмет атқарады?

4.Алғашқы «Mosaic» браузерді кім құрастырған және оның қандай мүмкіндіктері болған?

5.Кеңінен таралған браузерлерді атап шығыңыз?

6.Браузер терезесі қандай құрылымдық элементерінен тұрады?

7.MS Internet Explorer –дің аспаптар панелі нені қамтиды?

8.MS Internet Explorer негізгі менюінің құрамына қандай бөлімдер кіреді?

9.Әдетте Internet Explorer жарлығының көрінісі қандай?

10.Белгілі бір Web-бетке ауысу жолдарын атап шығыңыз?

11.Интернетте жұмыс жасауға арналған басқа бағдарламалардыатап шығыңыз?

12.Желі арқылы шалғай орналасқан компьютерге қолжетімділікті қамтамысыз ететін бағдарламалар қалай аталады?

13.Звонилка, трафик есептігіштері, файрволлдардегеніміз не?

14.ICQ дегеніміз не?

 

Әдебиет:

1.Құдабаев Қ.Ж. Информатика. Медициналық жоғары оқу орындарында арналған оқу құралы.Алматы.Эверо баспасы.2014.-216 б.

2.Тапалов Т. Компьютерлік желілер мен жүйелер.Оқулық.Қарағанды.-2014.-270 б.

3.Камардинов О. Информатика. Оқу туралы.Алматы:Қарасай баспасы.2008.-359 б.

4.Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері: Оқу құралы.Алматы: Экономика.2006.-296 б.

5.Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика.Оқу құралы. Астана.2004.-232 б.

6.Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Алматы.2004.-400 б.

 

Тест.

1.Әлемдік компьютерлік желі INTERNET қай жылы құрылды?

a) 1981 ж.

b) 1969 ж.

c) 1990 ж.

d) 1991 ж.

e) 1985 ж.

 

2.Интернеттегі Қазақстанға тиесілі жоғарғы деңгейлі үйшік атауын көрсетіңіз:

a) .kz+

b) .org

c) .ru

d) .kaz

e) .com

 

3.Интернетке қосылған компьютердің міндетті түрде қандай адресі болады?

a) Web-адрес

b) домендік адрес

c) телефондық адрес

d) IP-адрес

e) желілік адрес

 

4. «Браузер» түсінігінің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

a) интернет қызметтерін ұсынушы

b) Internet қор көздеріне шолу жасау бағдарламасы +

c) іздеу сервері

d) электрондық пошта

e) вирусқа қарсы бағдарламалар

 

5. Төменде аталғандардың қайсылары Браузер бағдарламасы болып саналады?

a) Outlook Express

b) Internet Explorer +

c) Windows Messenger

d) Microsoft Excel

e) HTML

 

6.Internet Explorer бағдарламасының Таңдаулы мәзірінде … сақталады.

a) әлемдегі сайттардың бәрінің мекен – жайы

b) сіз бір кездері қатынаған сайттардың бәрінің тізімі

c) сіз жиі қатынайтын сайттардың мекен – жайы +

d) әлемдегі ең танымал сайттардың тізімі

e) сіз бір кездері қатынаған танымал сайттардың тізімі

 

7. World Wide Web (WWW) қызметі қай қалада құрастырылған?

a) Женева

b) Цюрих

c) Кельн

d) Мәскеу

e) Дюсельдорф

 

8. Телеконференция дегеніміз не?

a) желілік форум

b) желілік қызмет

c) пошталық сервер

d) хабарламалармен алмасу жүйелері

e) дауыстық тілдесу жүйелері

 

9. Хабарламалармен жылдам алмасу жүйелері қалай аталады?

a) чаттар

b) конференция

c) интернет-телефония

d) электрондық пошта

e) домен

 

10.Кез-келген файлдың интернет желісінде орналасқан стандарттандырылған адресі қалай аталады?

a) URL

b) Хаттама

c) HTML

d) ISQ

e) Telnet



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.