Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Глоссарий.. Браузер түсінігі.



Глоссарий.

Браузерлер (англ. browse — парақтау, қарастыру) — программалары көмегімен WWW жүйесімен диалог құрады: WWW беттерін қарастырады, WWW-cерверлері мен Интернет ресурстары арасында қарым қатынас жасайды. (Microsoft Internet Explorer, Mozilla (Firefox), Opera, Netscape Navigator).  

 

FTP-клиенттер —FTP (File Transfer Protocol) серверлеріне қолжеткізу үшін арналған бағдарламалар. Ол серверлерде файлдардың мұрағаттары болады: бағдарламалар, фильмдер, музыка (CuteFTP, Windows (Total) Comander, MS Internet Explorer).

Терминалдар — желі арқылы шалғай орналасқан компьютерге қолжетімділікті қамтамысыз ететін және шалғай орналасқан компьютердегі файлдарды басқаруға мүмкіндік беретін, сол жердегі бағдарламаларды іске қоса алатын бағдарлама (Telnet, Telneat).

Хабарламалармен жылдам алмасу жүйелері(интернет-пейджерлер) —

нақты уақытта қысқаша мәтіндік хабарламалармен алмасу бағдарламалары, пайдаланушыларға диалог жүргізугемүмкіндік береді(ICQ, mIRQ).

ICQ қызметі – бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You – Мен сені іздеп жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай тәсілі болып табылады.

 

1.Браузер түсінігі.

WEB сайттар HTML атты программалау тілі арқылы құрылады. (Hyper Text Markup Language). WEB парақтарды сіздер арнайы программалау арқылы көре аласыздар. Оның аты WEB браузер деп аталады(Web browser).

Веб шолғыш (ағылш. web browser) — интернеттегі не басқа кез келген желілердегі http://https веб сайттарын, яғни веб парақтарын (html, php және т.б.) қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама.

HTML тілінде құрылған браузер сіздерге ақпараттың барлық түрлерін, оның ішінде мәтіндерді, графиканы, дыбысты, анимацияны, слайд – шоуды, бейне және басқа көптеген ақпараттарды көруге болады. Сіздер WEB браузерді пайдалануды білесіздер, ақпарат алуды, оны іздегенде белгілі уақыт аралығы жеткілікті.

WEB браузер сіздерге жеке WEB сайттардың, жеке WEB парақтардан көрсетеді. WEB сайттар былай ұйымдастырылады: ақпараттардың байланысы бірге жиналады, олар WEB парақтарға топталады, яғни біздің көз алдымызға немесе журналды елестетеді, мысалы, сіздің мектебіңізде WEB сайт бар деп есептейік, олардың көптеген парақтары бар делік. Ал жергілікті кітапханалардың басқа WEB сайты болады, яғни олардың парақтары да бөлек болады немесе олардың парақтары бөлек беттерден тұрады. Әрқашанда WEB сайттардың басы болады, ол үй парағы деп аталады. (HOME PAGE). Үй парағы дегеніміз: ол журналдың сыртқы беті немесе газеттің бірінші бетімен пара-пар. Әдетте ол бетте адамдарды еліктіретін картинкалар болады, яғни ол дегеніміз сайттың мазмұнын ашатын тақырып немесе идея. Оның құрамында сайттардың картасы немесе дәлелдеуіш панель болады. Олар сайттардағы басқа беттердің қандай екенін білдіреді. Браузер беттен –бетке секіруге мүмкіндік береді. Бұны желінің ішін аралау деп айтады. Сіз желіге браузердің терезесі арқылы кіре аласыз.

1993 жылы «Mosaic» алғашқы браузердіNCSA-да ( қуатты компьютерлік қосымшалардың орталығы)Марк Андерсен құрастырған.Mosaic тек ғана мәтіндік ақпаратты көрсете алған. Графикалық пайдаланушы интерфейсі бар операциялық жүйелердің пайда болуына орай, «Netscape Navigator» бағдарламасы бұл браузердің орнын басты. Бұл бағдарламаның көмегімен түрлі мекемелер веб-сайттарды жариялау мен web-парақтарын оқшауланған компьютерлерге жіберу мүмкіндіктерін алып, қорғалған желілер арқылы несие карточкаларымен де жұмыс істей алатын. Осылайша, 90-жылдары интернет технологиялар қарқынды дамып, нәтижесінде «желілер желісі» ақпарат тарату мен коммерциялық әрекеттерді жүзеге асыру механизміне айналды.

MS Windows 95 OSR2-ден бастап «MS Internet Explorer» браузері кеңінен таралған MS Windows операциялық жүйесінің жеткізіліміне (тегін) қосылған. Сол уақытта басқа браузерлер жеке коммерциялық бағдарлама ретінде болғандықтан, сәйкесінше бөлек (ақшаға) сатып алынған. Осындай тарату тәсілі себебінен желі пайдаланушылардың 90%

«MS Internet Explorer» браузер көмегімен WWW ресурстарын қарап тұрады.Қазіргі уақытта браузерлер саны өте көп; бұл бағдарламалардың жаңа нұсқалары мерзімді шығып тұрады. Ең кеңінен тараған веб-браузерлер: Internet Explorer (Microsoft.com), Netscape Navigator (Netscape.com), Opera (Opera.com), Mozilla (Mozilla.org), AOL (aol.com).

HTML тілі стандарталған болғанымен әртүрлі браузерлер(бір браузердің әртүрлі версиялары да) Web-беттердің элементтерін (суреттер, кестелер, абзацтар)түрліше бейнеле алады. Сол себепті кейбір сайттардың бірнеше версиялары бар, олардың әрқайсысы бір браузерде ғана оңтайлы жұмыс істейді.

Әртүрлі браузерлерде жұмыс тәсілдерінің айырмашылығы болмағандықтан, мысалдарда кеңінен таралған«Internet Explorer»-ді қолданамыз.

Әртүрлі браузерлердің терезелерініңсыртқы көрінісінің онша айырмашылығы жоқ. Егерде терезені жоғарыдан төмен қарастырса, келесі құрылымдық элементтердібелгілеуге болады:

-тақырып жолы (строка заголовка)-ағымдағы құжаттың атауы, бағдарламаның атауы және жұмыс тәртібі жазылған жол;

-бас мәзірі (главное меню)–бағдарламаның барлық мүмкіншіліктеріне жол ашатын мәзір;

-саймандар (аспаптар) тақтасы(панель инструментов) —

ең кеңінен таралған әрекеттердіоңай орындауға мүмкіндік беретін мәтіндік жазулары бар пиктограммалар;

-адрестік жолы (адресная строка)-ағымдағы беттің URL көрсетілген жол;

қолданушы жаңа адресті қолмен енгізе алатын жол және сілтемені осы жерге көшіруге болады;

-жұмыс аумағы (рабочая область)—HTML-құжатты (Web-бетті) бейнелеу үшін бөліп берілген терезенің басым бөлігі;

-қалып-күйжолы (строка состояния)–осы мезеттегі бағдарламаның әрекеттері туралы ақпарат шығып тұратын жол; мысалы, егерде сілтемеге тінтуір көрсеткішін қоятын болсақ,қалып-күй жолындаосы сілтемеге сәйкес келетін құжаттың URL көрініп шығады.

Internet Explorer– Internet беттерін қарап шығуға арналған бағдарламаны қамтиды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.