Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Анықтама -Справка» (“Help”).



«Анықтама -Справка» (“Help”).

Анықтама шақырту (Вызов справки)-[F1] —қолданушының Internet Explorer-де жұмыс істеу нұсқаулығы бар анықтамалық жүйені шақырту.

 

4. Контексті мәзір.

Web-беттерді қарастыру кезінде бас мәзірден басқа контексті мәзірді қолдануға болады.Бұл мәзірді шақырту үшін браузердің жұмыс аймағында тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет. Шерту кезінде тышқанның нұсқағышы қандай обьектіде тұрғанына байланысты контексті мәзірдің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін.

Егерде тышқанның нұсқағышы астында мәтін (немесе жұмыс аймағының обьектілерден бос орында) орналасса контексті мәзір келесі әрекетерді жасауға мүмкіндік береді:алдындағы бетке өтуге, беттің фондық суретін жұмыс үстелінде немесе файлға сақтауға, бетті «Таңдаулы» тізіміне қосуға немесе ағымдағы бетке жарлық (таңбаша) құруға, беттің HTML-кодын қарауға, кириллицанын символдар кодтауын ауыстыруға, бетті басып шығаруға немесе қайта жүктеуге, беттің қасиеттерін қарауға (құрастырған күнін, өлшемін, нақты орналасқан жерін).

Егерде тышқанның нұсқағышы астында гиперсілтеме орналасса контексті мәзір келесі әрекетерді жасауға мүмкіндік береді: ағымдағы немесе жаңа терезеде сілтемені ашуға, гиперсілтемені сақтауға немесе басып шығаруға, сілтемені «Таңдаулы» тізіміне қосуға және оның қасиеттерін қарауға.

Егерде тышқанның нұсқағышы астында графикалық кескінорналасса контексті мәзір келесі әрекетерді жасауға мүмкіндік береді:жұмыс үстелінде немесе файлға суретті сақтауға, суретті басып шығаруға және оның қасиеттерін қарауға.

 

5. Браузерді іске қосу және Web- бетті жүктеу.

Браузер«Пуск» мәзірінен немесе жұмыс үстеліндегі жарлық арқылы іске қосылады. Internet Explorer жарлығы (Жер шары) «e» әрпі ретінде стильденген. Бағдарлама ашылған кезде бастапқы бет жүктеледі. Бұдан басқа, браузермен байланысқан файлдарын(htm немесе html кеңейтуі бар) немесе сол файлдарға жарлықтарын активтеу кезінде браузер автоматты жүктеледі; Желідегі Web-беттерге жарлықтар құруға болады.

Белгілі бір Web-бетке өту үшін бірнеше тәсілдері бар.

—Егерде қолданушыға беттің адресі(URL форматында) белгілі болса, онда оны браузердің адрестік жолына енгізіп және [Enter]-ді басу қажет.  

Адресті енгізген сайын браузер адрестік жол астында көмекше сөздерді(подсказка) бере алады; егерде қолданушы бетте болған болса, сол беттің адресі енгізіліп жатқан кезде, түсетін тізімге шертіп(адрестік жолдын оң жағында орналасқан қара ұшбұрыш) және тізімнен адресті таңдап алуға болады.

—Егердеқолданушы қандай болса дабетке алдында кіріп шыққан болсажәне «Таңдаулы» мәзірінде бетбелгі қойылса, сол мәзірге кіріп және осы бетбелгіге шерту жеткілікті.

—Егерде қандай болса да Web-құжатта керекті бетке сілтеме болса, онда сол сілтемеге шертуге болады.Аспаптар панеліндегі «Артқа» және «Алға» батырмалары туралы ұмытпауыңыз қажет.

—Internet Explorer кіріп шыққан сайттарға журналын жүргізеді. «Көрініс» мәзірі арқылы сәйкесті панелін ашуға болады және журналда керекті сілтемені табуға болады(соңғы кіру күніне қарап).

 

Назар аударыңыз, бет жүктелген кезде терезенің жоғарғы оң жақ бұрышында анимациялық ролик ойнап тұрады (айналмалы Жер шары немесе желпілдеген ту). Анимация жүктеліп аяқталған соң статикалық кескінге ауысады. Бұл элемент беттің толығымен жүктелгені туралы білуге мүмкіндік береді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.