Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып:Интернеттің негізгі ұғымдары. Әмбебап ресурстар идентификаторы (URI), оның тағайындалуы және құрамдас бөліктері. DNS қызметі. Браузер.. Глоссарий.. Интернеттің даму тари



Тақырып:Интернеттің негізгі ұғымдары. Әмбебап ресурстар идентификаторы (URI), оның тағайындалуы және құрамдас бөліктері. DNS қызметі. Браузер.

1.Интернеттің негізгі ұғымдары.

2.Әмбебап ресурстар идентификаторы (URI), оның тағайындалуы және құрамдас бөліктері.

3.DNS қызметі.

4.Браузер.

Мақсаты:Интернетпен жұмыс жасауды үйрену.

Глоссарий.

Интернет –дербес компьютерлерді және жергілікті компьютерлік желілерді(Интранет) біріктіруші ғаламдық ақпарат кеңістігі.

World Wide Web(WWW,3W, Web, дүниежүзілік тармакталған желісі) –суреттері, бейнежазбалары, дыбыстары, үшөлшемді (кеністіктегі) нақты бейнелері,анимациясы бар мәтіндік құжаттар түрінде ақпаратты жариялау үшін қызметі.

Domen Name Service(Домендік Атау Жүйесі) – IP адрестер мен домендік (DNS) атаулардың сәйкестігі туралы ақпараттан тұратын, Интернет түйіндерінде үлестірілген деректер қоры.

WWWАдрестік кеңістігі жеке аудандарға бөлінген домен деп аталады. Әр доменде төменгі деңгейдегі домендер болады(сол жақта жазылады).

URL (Universal Resource Locator, Ресурстардың әмбебап) —кез-келген файлдың интернет желісінде орналасқан стандарттандырылған адресі.Бұл желіге қосылған компьютерлердің Web-тегі адресін нақты, әрі дәл белгілеп, олардың орналасуын ыңғайлы және бір мәнді түрде анықтайтын адрестеу тәсілі.

Интернеттің даму тарихы.

1960 жылдары(US Defense Department’s Advanced Research Projects Agency — ARPA)АҚШ қорғаныс министрлігінің перспективалық жобаларының зерттеулер агенттігінде телефон желісі көмегімен үлкен арақашықтағы компьютерлерді бір-бірімен байланыстыру жөнінде зерттеулер басталды.

1970-жылдары ARPA қолдауымен компьютерлер желілері арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы құрастырылған. «Интернет» деп аталған хаттамалар, АҚШ -тың құрамдары әртекті болған -ғылыми, оқу, әскери орталықтарының желілерін бір-бірімен біріктіріп,ARPANET желісінің құрулуына мүмкіндік берді.

Әрқашанда, ең озық технологияларды әскери мақсатта қолданылуы ұйғарылған, онда желіге қойылатын ең басты талабы-кез-келген шарттардың өзгеруіжағдайларындахабарламаларды сенімді жіберу.

Желі нүктелерінің көптеген бөліктері бұзылғанмен, желініңжұмыс қабілеттілігі қалуы тиіс, егер де ядролық соққы болған жағдайда мемлекетті басқару мүмкіндігін беретін.

Жалпы сенімділігін арттыру мақсатында желібасқарылуыорталықсыздандырылған(бір орталықтан жүргізілмеуішешілді). Барлық түйіндер(нүктелер) түгелімен тең құқылы, яғни әр түйін өзінің хабарламаларының қабылдалуын/жіберілуін қалай қамтамасыз етсе, дәл солай басқа түіндерден келген хабарламаларды керібағыттайды(қайта адрестеу,бағдарлау).

1980 жылдардынбасында Желі Интернетатауыменбелгілі болған(дәлірек айтқанда «желіаралық»), бірақ сол кездегі хаттамалардың тек қана файлдарды және пішімделмеген мәтіндерді жіберу мүмкіндіктері болған.1982 жылы ақпарат таратуды басқаратын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы пайда болып, ARPANet желісіндегі ақпаратты тарататын басты ережелер топтамасына айналды. Дәл сол уақытта TCP/IP хаттамасының әр түрлі компьютерлік желілерді байланыстыра алатын мүмкіндігі белгілі болды. Бұл хаттаманың көмегімен әр түрлі желілер ұлттық, тіпті халықаралық деңгейде ақпарат алмасу мүмкіндігіне қол жеткізген. Желі АҚШ-тан тыс күрт кенінен таралып әлемдегі ірі ғылыми орталықтарды біріктіре отырып; 1980 жылдардың соңында АҚШ үкіметімен Пентагон Интернетті қаржыландыруынан және басқаруынан кетеді.

1990 жылдары Женевада ядролық зерттеулердiң Еуропалық орталығында (European Particle Physics Laboratory, CERN) World Wide Webқызметі құрастырылған.

Тим Бернерс-Ли (Tim Berners-Lee) мен Роберт Кайо (Robert Cailliau)мәтіндерді, суреттерді, бейнежазбаларды, дыбыстарды, үшөлшемді (кеністіктегі) нақты бейнелерді т.с.с. бір бетте орналасуына мүмкіндік бере алатын,ақпаратты гипермәтін форматындакөрсете алатын «HTML»-ды (hipertext markur Language)ұсынды. Файлдардың «HTML» (hipertext markur Language) форматын іске қосатынгипермәтін мүмкіндігіWeb-парақтарының бір бетінен екінші бетіне көшуді жеңіл жүзеге асырады.Бір құжаттың элементтері(сөздер немесе суреттер) басқа құжатпен «сілтеме» бойынша байланыса алады.Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web - тің негізгі құрылымын құрайды.

1994 жылдан бастап WWW-серверлер саны жылдам өсе бастады; Желі ғылымидан коммерциялыққа айналады.

ТМД-да (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) 1990 жылдардың ортасына дейін Интернет академиялық мекемелерінде шетелдікәріптестермен(әсіресе ядролық қару шығарушы-физиктер арасында) ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу үшін қолданған.

Интернетке бірте-бірте университеттер және ірі ұйымдар қосыла бастады, ал 2000 жылға қарай интернетке қосылу бағалары төмендегені соңшалық, ниет білдірген әр адамжеліге өз үйінен шыға алды оған телефон және модемі бар компьютер қажет еді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.