Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





MS Internet Explorerдің саймандар (аспаптар) панелі.



2. MS Internet Explorerдің саймандар (аспаптар) панелі.

Internet Explorer браузертерезесінің негізгі компоненттері.

Сызықты батырмалар сізді бүкіл әлемдік торға саяхат жасауыңызға тиімді қолдануыңызға мүмкіндік жасайды.

Internet Explorer браузер терезесінің стандартты сызықты батырмалары.

Әр батырманың атқаратын қызметі:

«Артқа-Назад» (Back) [Alt+Left] алдыңғы қаралған веб-параққа қайта келу.

«Алға-Вперед»(Forward) [Alt+Right] келесі бетке өту, егер мұның алдында Назад батырмасы басылған болса.

«Тоқтату-Остановить» (Stop)[Esc] веб-парақтың жүктелуін тоқтатады.

«Жаңарту-Обновить»(Refresh/Reload)[F5]: ағымды парақты ашып, оны жаңартады. 

«Домой» (Home)(бастапқы, негізгі, home page) [Alt+Home] үй парағыжүктеледі(сіз таңдаған үй парақ бетін көрсетеді).

 «Баспаға шығару-Печать» (Print)[Ctrl+P] ағымды веб-парақты баспаға шығарады.

«Іздеу-Поиск» (Search): сізге қажетті тақырыпты Интернеттен іздеген кездегі ашылатын парақ.

«Таңдаулы-Избранное»(Favorites): сілтемелердің тізімі.

«Пошта-Почта» (Mail): электронды поштаны ашады және сілтеме мен хабарламаларды.

Мультимедиа»(Media): WindowsMedia.com сілтемесінде ән тыңдау.

«Журнал»(History): соңғы қарастырылған веб-парақтар тізімі.

 

3. MS Internet Explorer-дің бас мәзірі.

Бас (негізгі) мәзір бағдарламаның барлық мүмкіншіліктеріне жол ашатын мәзір. Мәзір пункттары келесі бөлімдерден топтасқан: «Файл», «Көрініс -Вид», «Таңдаулы-Избранное», «Қызмет -Сервис», «Анықтама-Справка». Бұл бөлімдердің негізгі командаларына түсініктеме беріп кетейік.

«Файл» (“File”):

Терезе Құру (Создать / Окно)[Ctrl+N] — тағы бір браузердің терезесін ашу, осы терезеде «аналық» терезеден тәуелсіз Web-бетті қарастыруға болады.

Ашу (Открыть)[Ctrl+O] — жергілікті компьютердеWeb-сайттың немесе HTML-құжаттың адресін енгізу үшін сұхбаттық терезесін шығару. «Шолу -Обзор» батырмасы жергілікті файлға жолын көрсетуге мүмкіндік береді.

Сақтау(Сохранить) [Ctrl+S] — жергілікті компьютерде ағымдағы бетті сақтау.

Басып шығару(Печатать) [Ctrl+P] — баспаға шығару сұхбаттық терезесін шақырту, онда принтерді таңдауға және оның баптауларын жасауға, баспаға шығару үшін беттердің нөмірін көрсетуге болады.

Қасиеттер (Свойства) — қасиеттерімен бірге ағымдағы беттің терезесін шығару:оның толық атауын, жүктелу хаттамасын, типін, URL-адресін, өлшемін және құрылған күнін көруге болады.

Жабу(Закрыть) [Ctrl+W] — браузердің терезесін ағымдағы терезеден жабу.

 

«Өңдеу-Правка» (“Edit”):

Көшіру (Копировать) [Ctrl+C] — ерекшеленген мәтінді алмасу буферіне көшіру.

Қою (Вставить) [Ctrl+V] — алмасу буферінен мәтінді кірістіру(тек ғана енгізу өрістеріне қолдануға болады: адрестік жол, іздеу жүйесіндегі кілттік (түйінді) сөздерді енгізу жолы).

Барлығын ерекшелеу(Выделить все) [Ctrl+A] —беттегі барлық мәтінді ерекшелеу.

Осы бетте Іздеу (Найти на этой странице) [Ctrl+F] — ағымдағы бет ішінде сөз іздеу.

 

«Көрініс-Вид» (“View”):браузердің сыртқы көрінісін қолданушының талғамы бойынша реттеуге мүмкіндік береді:әртүрлі басқару панелдерін және шолушысын, мәртебе жолын және т.б қосуға немесе ажыратуға болады.

Қәріп өлшемі (Размер шрифта) —базалық қәріп өлшемін өзгерту(қәріп өз беттерінде өлшемін қатан бекіткен кейбір сайттарда жұмыс істемеуі мүмкін).

Кодтама(Кодировка) — кириллица символдары үшін кодтамасын таңдау. Әдетте «Автотаңдау» режимін айтарлықтайбелгілеуге болады, бірақ кейде браузер қателесуі мүмкін.Кеңінен таралған кириллица кодтамалары келесілері: Windows (CP-1251), KOI8-R, DOS-866, Mac, ISO, Юникод (UTF-8).

HTML-кодты қарау (Просмотр HTML-кода) — «Блокнот» редакторын ашады және оған ағымдағы Web-беттіңалғашқыHTML-кодын жібереді. «Файл / Сақтау» мәзірі арқылы беттін сақталуына автор тиым салғандықтан, бұл бетті сақтаудың бір тәсілі болып келеді.

Бүкіл экранға (Во весь экран )[F11] — браузер терезесінің экранға толығымен ашылуы. Бүкіл экранның ауданы жұмыс кеңестігі үшін бөлінеді, ал барлық ақпараттық-басқару элементтері (аспаптар панелінен басқасы) жасырылынады. Стандартты режиміне оралу үшін қайтадан [F11] басу қажет.

 

«Таңдаулы-Избранное» (“Favourites”):қолданушыға бетбелгілермен («закладка»)жұмыс жасауға мүмкіндік береді, яғни әртүрлі Web-беттерге сілтемелерінен тұратын мәзірді құру.

Таңдаулыға қосу (Добавить в избранное…) — «Таңдаулы-Избранное» мәзіріндегі ағымды бетке сілтемелерді қосу. Қосу кезінде мәзірдебейнеленген атауын өзгертуге болады.

Таңдаулыны реттеу(Упорядочить избранное…) —«Таңдаулы-Избранное» мәзірін баптау: сілтемелер үшін бумаларды құру және ескірген сілтемелерді жою.

«Құралдар-Сервис» (“Sеrvice.”): ReGet, ICQ, пошталық тұтынушылар ж.т.б. сияқты Желіде жұмыс жасау үшін арналған қосымша бағдарламаларға сілтемелері болады.

Шолғыштың қасиеттері (Свойства обозревателя…) — браузердің баптауын сұхбаттық терезесінің шақыртады. Бұл терезенің әртүрлі астарлы беттерінде(вкладка) керекті қауіпсіздік деңгейінтаңдауға болады, Интернетке қосылу типіменанықталып және үнсіздік бойынша Web-беттердің безендіру стилін өзгертуге болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.