Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дүниеқор адамның есіл-дерті-мал болар.



10.  Буын үндестігі заңы бойынша жазылып тұрған сөздердің астын бір, буын үндестігі заңына бағынбай тұрған сөздердің астын екі сызыңыз да, себебін түсіндіріңіз.

Саясы жоқ бәйтерек

Саздауға біткен талмен тең,

Пайдасы жоққа жалынсаң,

Семіз бір жемқор малмен тең.

 

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта, бар қалан.

                                          (Абай)

Дүниеқор адамның есіл-дерті-мал болар.

Ақылгөй, данагөй қарттар айтқан сөзді көңілге тоқитын жас боларсың.

Екпін, буын түрлеріне арналған жаттығулар

  1. Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажыратыңыз.

 

Жігіт көңіліндегі сөздердің бірін де айтқан жоқ. Қайткенде де Сергей жүрегінде қаймығу мен үрей тұғызбақ еді. Көзтай шыжыған ыстық күнде осыншама суыт жүріспен келіп, Толағай, Тәттібай қыстауларын шолды. Содан соң ол сол маңдағы Сейілхан құдығы аталатын қыстаққа қарай тартты. Кеше құшқұрым недәуір қар жауып, таңға жақын басылған еді. Қардан соң аяз әжептәуір екен, шалдың айыр ұстаған қолы кәдімгідей қарысып тоңып қалды.

 

  1. Мәтіндегі сөздерде екпіннің қай буынға түсіп тұрғанын анықтаңыз. Қосымшалы сөздерде екпіннің өзгеріп отыру себебін түсіндір.

 

Ұзақ өзін қостаған сөзге емексігендей болды. Тегінде, Серікбайдың ерлігі, кісілігі бар деп, бұрында ішінен жаратушы еді. Сондықтан жасының кішілігіне қарамай, жолдас сияқты көріп, ақылын мақұл көрген соң, Ұзақ бұның сөзіне риза болып, бұрынғыдан да гөрі шешіліп сөйлуге айналды.

 

3. Мәтіндегі сөздердің: а) негізгі және көмекші екпін түскен буындарды көрсетіңіз; ә) екпін түспейтін сөздер мен қосымшалардың астын сызып, себебін түсіндіріңіз.

 

Уәли аса көңілсіз жағдайда отыр. Иесі босып кетіп, аңырап қалған бөлме де қобалжыған жарым көңілін титықтата түседі. Ол терезеге үңілді. Мылтықтарын асынып екі-үш солдат кетіп барады. Анау алысырақта жол бар екен, алғы шекпе қарай арба кетіп барады. Оған қарсы бір салт атты жортып келеді. Осы қималдардың бәрі Уәлиге сондай бір көңілсіз, жат көрінді.

  

  1. Орыс тілі арқылы енген сөздердегі екпін түсіп тұрған буындарды анықтаңыз, оларға қосымша жалғап, сол буындардағы екпіннің сақталу-сақталмауын түсіндіріңіз.

 

Вагон, валюта, галстук, профессор, фестиваль, федерация, шрифт, фонетика, факультет, эскимос, инфляция, эпитет, инкубатор.

 

  1. Мақалдардағы сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажыратаңыз, ой түйінің шешіңіз.

 

1. Ақыл азбайды,                                       4. Ашу-дұшпан, ақыл-дос

Алтын тозбайды.                                   Ақылыңа ақыл қос.

 

2. Сабыр қылсаң бәрі де бітер,                  5. Тауды, тасты жел бұзар,

Сабырлы мақсатына жетер.                       Адамзатты сөз бұзар.

 

3. Сараңның көзі тоймас.                           6. Өлімнен ұят күшті.

 

  1. Мына сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажыратыңыз және осыларды қатыстырып сөйлем құраңыз.

  

Психолог, фантастика, хрусталь, ханым, фестиваль, фраза, жер-жаһан, жиһангер, синхронды.

  1. Оқып шығып, әрбір сөздің неше буыннан және қандай буыннан құралғаның айтыңыз.

 

Сексен ақын-Баһрам батырдың туған ағасы. Біржанға мұның бәрі ғажайып бір тарих, шежіре. Ол бәрін біледі. Біржан енді кербез ән «Гауһартасты» бипаздап мөлдірете берді. Мақпал мен Сегіз сері хикаясын жырлай бастапты ақындар. Бұл жырлауға тұрарлық махаббат болған екен. Штабты өртеген-ата қонысынан айырылған Балта Керей, Мұхамедияр екен. Білесіз оны, бұрын хорунжи еді ғой... Өзінің шын аты-Гүлжиһан еді. Сегіз сері де үһлеп-үһлеп қойды.

 

  1. Төмендегі сөздерді буын түрлеріне улгі бойынша толтырыңыз.
Ашық буынды сөздер Тұйық буынды сөздер Бітеу буынды сөздер Аралас буынды сөздер
Сала Асыл Талқан Үздік

Қайсар, оғыз, қозғалыс, қанқ, сәңқой, қонжық, сұңғақ, томаға, тайлақ, қағида, сыйлық, иіс, би, жазушы, балғын, нысана, мінсіздк, қалжың, іс, уыс, тағдыр, қайрат, бүйі, ай, жас, төбе, кедей, әл, кінә, мәшһүр, Бегәлі, Біржан, жалғыз, дала, Дәрмен, немере, Қарашоқы.

  1. Жұмбақтағы сөздердің ара жігін ажыратып, шешуін табыңыз.

1) Бұрапқойғансағаттайайғайлайдытаңатпай.

2) Екіаяқтыбірбастыжүгіредітымқатты.

3) Астытасүстітасортасындажаныбас.

4) Ештеңежоқарқасындабаласыбарқалтасында.

 

  1. Жаңылтпашты тез, әрі аңық оқи отыра, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын түрлеріне ажыратыңыз.

1. Шәйшінің шәй шәйнеге мосыдап түспес.

Мосыдан түсе, ащы деп ішпес, ыссы деп ішпес,

Ащы деп ішпес, ыссы деп ішпес.

 

  1. Ақынның батылдырағын айт,

Батырдың ақылдырағын айт,

Ұстаздың жақсылырағын айт,

Шәкірттің ұстамдылырағын айт.

 

  1. Автобусқа кіргенінде,

Елмен бірге ілгерірек ілгеріле.

 

  1. Ұстап қара қарындашын,

Ұштап қарындашын қарындасым,

Ұсынды қарындасым қарындашын.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.