|
|||
Сөйлемдердегі қара әріппен жазылған сөздерге қосымшалардың неліктен түрлі-түрлі жалғанып түсіндіріңіз.4. Көп нүктенің орнына н және ң әріптерінің тиістісін қойып көшіріп, неліктен қойғаныңызды түсіндіріңіз. Ері ...беген етікші болады. Тү ... гі самалмен қыдырғанға не жетеді! Қиянатқа кө ...бе, әділетке атса да көн! Се ... бі күні кел. Тоқса ... ға келген жасым бар, Көпті көрген басы бар. Кө ... біс адамды тауыпсың ғой!
5. Біріккен сөз және тіркескен сөздердің аралығында айтылуда қандай өзгеріс болатындығына назар аударып, олардың жазылуы мен айтылуының арасындағы айырмашылықты түсіндір.
Алаөкпе, Қараөзек, Жетіарал, қала іші, қара ала сиыр, жүре алмадым, айта алмадым, Сырықұм, Базаралы, Керімбай. 6. Қарамен жазылған сөздердің түбір қалпындағы соңғы дыбысы қандай дыбыс екенін және оның жалғаулар жалғануына байланысты өзгеру себебін түсіндір. Әннің де естісі бар, есері бар. Тыңдаушының құлағыныңкесесі бар. Білместігімненістедім дегеннің көбіне нанбаймын. Сұрағына тез жауап бере алмаймын. Шауып кел, барып кел дегеніңе жүре алмаймын. Кітаптың қызығына беріліп кеткенімен сонша, уақыттың өткенінің де байқамапын.
7. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылуда өзгеру себебін және қалай үндесіп тұрғанын түсіндір.
Таныс шығар, тоқ адам, теңіз суы, бас штаб, ақ лақ, көк еңбек, күн көріс, боз жігіт, Сейсенбек, Алшынбай.
8. Мына үсінддеді қара әріппен жазылған сөздерді түбір мен қосымшасының арасына сызықша қойып, көшіріп жазыңыз да, ол сөздердегі ықпал заңын көрсетіңіз. Маржан, Маржан, қарағым! Күлімдейді қабағын, Түріліпті балағың, Жалаңаш балғын балтырың, Не еткен сұлу, жарқыным! Маржан, Маржан, жүрегім! Қолыңда менің күрегің. Жұмыста жүрсең білемін, Жалаңаш жұмыр білегің.
9. Сөйлемдердегі қара әріппен жазылған сөздерге қосымшалардың неліктен түрлі-түрлі жалғанып түсіндіріңіз. Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын Біреуге бірдене айтпастан бұрын, оны әуелі өзіңе айтып ал. Отырғандар тағы да Әлімқұл мен Байзаққа қарады. Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да, жақын ағайындары да күземді елден ерте алды. Жарғанатқа жарықтан қараңғы артық.
|
|||
|