Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ндестік заңына арналған жаттығулар



Үндестік заңына арналған жаттығулар

1. Мәтіндегі сөздерді буын үндестігі тұрғысынан талдаңыз.

Сонсоң көзін сығырайтып, жүзінен әлдебір мысқыл күлкі нышаны жүгіріп өтті де, ағайынды екі жігітің үсті-басын шолып шықты. Арызшының екеуі де шөпектей арық, аяқ-қолдары жіп-жіңішке, денелері шағын бәкене жігіттер еді. Тек Төлебай ғана інісінен гөрі жауырынды, сәл жалпақтау көрінеді. Мына тұрпаттарымен Таңқыбайға күш көрсетіп, төтеп бере алмайтыны айдан анық, әрине. Көз алдына еркешора Меңсұлу-құрық алып, тымақ киіп, жылқы қайырған бозбала кейпінде емес, қосетек көйлек, кәмшат бөрік, алты теңгелі өңіржиек таққан мақпал қамзолды бойжеткен қыз кейпіндегі Меңсұлу келе берген. Сол жылы сурет жетегімен атты кісі көрінбес биік бозқараған ішіне кірді.

 

2. Мәтіннен сөз аралығындағы, сөз ішіндегі дыбыс үндестігін тауып, оның қалай туып тұрғанын түсіндіріңіз.

Ауылда шеттен келген кісілер бар секілді. Оңашалау тігілген қонақ үйдің сыртындағы кермеде күміс ер-тұрманды бірнеше жарау аттар байлаулы тұр. Жолаушылар күймеден түсіп жатқанда, үлкен ақ үйдің қасында топтанып тұрған үлкендер де бері қарай аяңдады. Ең алдында Керімбайдың өзі, одан сәл кейінірек Ажар бәйбіше мен тағы басқа жақын туыстар. Дәмежан алдымен әкесіне келіп сәлем берген. Бұл күнде елудің мол ішін аралап кеткен Керімбай ұзын бойлы, мол бурыл сақалды, түксиген қалың қабақтың астынан шүңет көзі адамға тесіле қарайтын, түсі суық айбарлы кісі еді.

 

3. Сөйлемдерден сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды, кейінді ықпалды тауып, оған түсініктеме беріңіз.

Мен Ленинградқа пайызбен кеп түскен күні шүмектеп құйған жауын екен. Енді қоныстың жақындаған шағында, Абай не қылса да барып сөйлесіп, арнаған сәлемін. Базаралы мен Кеденге айтып жібермек болды. Сарықұм аулы егіңнен өзге тіршілігі жоқ, өңкей жатақтар бола тұрса да, сәнді ауылдың бірі болатын. Біздің дегенімізге көнбес болса, сол жөнінде хат мөрлеп, қол-аяғын бұғандай етіп, өз әмәрәне әкеп береміз!-депті. Күн күйдіріп тұр. Бәрі де белуарға дейін шешініп тастаған, жоталарын күн қақтап қыздырып кеткен, өздері шат көңілді. Бірінен-бірі тоқтай қалып, бетін басқан терді жұдырығымен сырып тастап, қуып жетіп қалмады ма екен дегендей, соңындағы көршісіне қарап қояды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.