Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мына сөздердегі көп нүктенің орнына и, й, ый әріптерінің тиістісін қойыңыз, емлесін түсіндіріңіз.



5. Мына сөздердегі көп нүктенің орнына ұ-ы, ү-і, ө-е әріптерінің тиістісін қойып жазыңыз. Бес сөзбен сөйлем құраңыз.

Көрк...м, құл...қ, түб...к, мұр...н, жұл...н, көр...к, бөлім ..., дұр...с, өң...ш, өл...ң, бүт...н, түт...н, күнд...з, күр...к, төл..., мөлд...р, көм...й, бөл..м.

 

6. Мына сөздердегі көп нүктенің орнына и, й, ый әріптерінің тиістісін қойыңыз, емлесін түсіндіріңіз.

Қ...сық, ж...ырма, лир...ка, мо...ын, қ...мыл, қ...сын, ...кемді, т...ылу, т...істі, о...мақ, а...на, қа...мақ, т...ылды, д...хан, б...лік, ...не, мәден...ет, ш...кі, с...лық, тар...х, н...ет.

 

7. Көп нүктенің орнына и, й, ый әріптердің тиістісін қойып, әр сөзбен сөйлем құраңыз, емлесін түсіндіріңіз.

Қ...ял, жар...я, с...яқты, мұқ...ят, Балқ...я, с...я, з...янды, б...язды.

 

8. Текстегі сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстарды тілдің қызметіне, жақтың ашылуына және еріннің қызметіне қарай топтап түрлеріне анықтаңыз да тексті мазмұнына сайықтап әңгімелеңіз.

Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.

Қазіргі таңдағы көп өзгерістердің бірі тәуелсіз елдердің өз ұлттық валюталарын айналымға кіргізу.

Төл теңгеміз тұңғыш рет енгізіліп отырғандықтан, әуелгі кезекте оның әншейін қағаз күйінде қалмауы, қорғанысы мықты болуы қарастырылады.

Теңгенің он екі түрлі көзден таса қорғаны бар. Қағазы да ерекше. Әлемге әйгілі бірнеше фирманың жұмысымен таныса келіп, ағылшынның «Харрисон» фирмасы таңдалып алынды. Ол фирма төл валютамыздың массасын төрт ай ішінде әзірлеп берді. Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап, ұлттық  

валюта – теңге айналысқа енді. Теңге – Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралы. Ол – тәуелсіз елдің тұтқасы, даму көзі, теңелудің алғашқы факторларының бірі.

 

9. Мәтіннен а, ә, о, ө, ү, ұ, ы, і әріптері қатысқан сөздерді теріп жазып, олардың қай быунда тұрғанын көрсетіп, түсінік беріңіз.

 

Әйгерім ауылға сол жанжал болатын күннен сәл бұрын кешке жақын қайтқанды. Үш күн бойы, көптен көрмеген сауығына қайтқан, әнін тапқан жас өнерпаз әйел, осы күндерін, талайдан сағынған арманды күткендей рақаттанған екен. Кеш бата өз үйінің сыртына кеп, пар ат жеккен жеңіл арбадан түскенде, Абай мен Ербол сыртта тұр еді.

Әйгерімнің өңі ағы яқ, қызылы қызыл боп, өзгеше құлпырғандай. Бұрын бір Абаймен ыстық шағындағы сауық-сайран салған, шексіз ән салған күндеріндей көрікті екен. Қасындағы Зылиханы киім – кешектерімен үйге жіберіп, әдеттегі сыпайы, биязы қозғалысымен абайлар қасына кеп, ауыл амандығын сұрады. Абай Әйгерімнің жүзіне таңдана, қызығып қарағандай.

                                                                     (М.Ә.)



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.