|
|||
Дауысты дыбыстар және олардың емлесіне арналған жаттығуларСтр 1 из 7Следующая ⇒ Фонетика Дауысты дыбыстар және олардың емлесіне арналған жаттығулар 1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңіз. Сөз ішіндегі дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңіз. 1) Юрмала, ін, эпиграф, щетка, ямб, цикл, чабыргах, ырғақ, шайыр, Ресей, хамса, төл, фольклор, сонет, үн, уыс, ұйқас, өлең, мақал, қыр, лирика, нақыл, ода, поэзия, күн, идиома, заң, ертеңгі, жаз, дыбыс, Варшава, әңгіме, аңыз, бақсы, ғазал. 2) Латыпов, Өтемісұлы, Райымбек, Пазыл, Уланова, Ұлықбек, Нарымбетов, Махамбет, Орынбасар, Сұлтан, Тарлан, Асқар, Құрманбек, Заманбек, Есенгелді, Болат, Жанболат, Владимир, Игілік, Кенжебек, Даниал, Гөзәл, Әсел, Ғалия, Үсен, Яков, Іргелес, Хаким, Щербак, Ықылас, Фатима, Эзоп, Цыганков, Чапаев, Шұғыла, Юрий. 2. Тексті мәнерлеп оқып, сөздердегі ашық және қысаң дауысты дыбыстарды ажыратыңыз. Нақылдың негізгі ой түйінін шешіңіз. Көрінген біліп қоймасын десең, Жан күйер досыңа да сырыңды айтпа.
Көрінбеген нәрсені аламын деп. Кешірімді бола біл бәріне де ыңғайлы, епті.
Жалғанда алданбаймын деп ойласаң, Жұмыспен әуре болма сыналмаған.
Мәшһүр Жүсіп
3. Мына төмендегі сөздермен жуан дауысты бар сөздерді жеке, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді жеке топтан жазыңыз да, жуан дауысты дыбысы бар бес сөзбен, жіңішке дауысты дыбысы бар бес сөзбен сөйлем құраңыз. Қазақстан, әлем, тұрғылықты, мәжіліс, тәжірибелі, астаналық, Қорғалжын, ертегі, Сарыарқа, көпшілік, бикеш, сағыныш, Алтынай, елтаңба, жәрмеңке, пасық, шолпы, нағыз, әңгіме, зерек, реніш, ықылас, лағыл, ғұмыр, Гүлсім, үнемі.
4. Мына төмендегі сөздердегі еріндік дауыстылардың астын бір, езулік дауыстылардың астын екі сызыңыз және сөздердің мәнін ашып түсіндіріңіз. 1) Лашық, жұпар, құдды, жәбір, мақұлық, ғазиз, ғанибет, рухани, әулие, күнә, нысап, іңкәр, ғайып, пейіл, көнтерлі, бөгде, інжу, ақиқат. 2) Ғайбат, леп, рәсім, пәктік, лағыл, айдын, шапағат, мұржа, мұқтаждық, дүрбелең, күмбез, хикая, шекер, перизат, қызбалық, қисапсыз, биязы.
|
|||
|