Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пән атауы: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі 1 страница



Пән атауы: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

«Білім» тобындағы барлық мамандықтардың

2 курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған

 

<question> Қоғамның талаптарына сай жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірлескен әрекет:

<variant> тәрбие үдерісі

<variant> оқыту үдерісі

<variant> даму үдерісі

<variant> жетілу үдерісі

<variant> қатынас үдерісі

 

<question> Аға ұрпақтан кейінгі жас ұрпаққа жинақталған тәжірибені беру – ... мағынадағы тәрбие:

<variant> кең әлеуметтік

<variant> тар әлеуметтік

<variant> кең педагогикалық

<variant> тар педагогикалық

<variant> жалпы ғылыми

 

<question> Қоғамдық институттардың тарапынан белгілі білім, көзқарас және сенімді, адамгершілік құндылықтарды, саяси бағдарды, өмірге даярлауды қалыптастыру мақсатында адамға бағытталған әсер – ... мағынадағы тәрбие:

<variant> тар әлеуметтік

<variant> кең әлеуметтік

<variant> кең педагогикалық

<variant> тар педагогикалық

<variant> жалпы ғылыми

 

<question> Тәрбиеленушілерге олардың бойында оқу-тәрбие мекемелерінде іске асыратын сапаларды қалыптастыру мақсатында ұжым мен тәрбиешілердің арнайы ұйымдасқан, мақсатты басқару ықпалы – ... мағынадағы тәрбие:

<variant> кең педагогикалық

<variant> кең әлеуметтік

<variant> тар әлеуметтік

<variant> тар педагогикалық

<variant> жалпы ғылыми

 

<question> Нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған үдеріс пен тәрбие жұмысының нәтижесі – ... мағынадағы тәрбие:

<variant> тар педагогикалық

<variant> кең әлеуметтік

<variant> тар әлеуметтік

<variant> кең педагогикалық

<variant> жалпы ғылыми

<question> Тәрбиенің қоғамдық мәні:

<variant> жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал

<variant> қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, оның дұрыс өсуіне көмек көрсету

<variant> қоғамның пайда болуына тән қасиет

<variant> біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал етеміз

<variant> басшылыққа алынатын мәселе

 

<question>Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері:

<variant> қоғамдық құбылыс

<variant> бақылау әрекеті

<variant> шығармашылық әрекет

<variant> тәрбиелік әрекет

<variant> ата-анамен бірлескен іс-әрекет

 

<question> Алғашқы қоғамдық құрылыстағы тәрбие:

<variant> еңбек

<variant> дене

<variant> зияткерлік

<variant> адамгершілік

<variant> эстетикалық

 

<question> Құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие:

<variant> дене

<variant> еңбек

<variant> зияткерлік

<variant> адамгершілік

<variant> эстетикалық

 

<question> Орта ғасырлардағы тәрбие:

<variant> діни

<variant> дене

<variant> еңбек

<variant> зияткерлік

<variant> адамгершілік

 

<question> Қоғамның дамуына байланысты оның мақсат-міндеттеріне сәйкес өзгеріп отыратын жаңашыл әдіс-тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастыратын:

<variant> тәрбие парадигмасы

<variant> тәрбие миссиясы

<variant> тәрбие инновациясы

<variant> тәрбие технологиясы

<variant> тәрбие теориясы

 

<question> Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы:

<variant> жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру

<variant> ұжым арқылы тәрбиелеу

<variant> ой-өрісін дамыту

<variant> өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру

<variant> білім алу мен оқу сапасын арттыру

 

<question> Тәрбие үрдісіндегі гуманистік ұстаным:

<variant> сүйіспеншілік, құрмет, сыйластық

<variant> балалық шақтың күрделі өтуі

<variant> кәсіби қызметтің бағдары

<variant> іскерлік қарым-қатынас

<variant> үздік оқитын оқушыға бағдарлану

 

<question> Бала тұлғасы дамуының негізгі бағыты:

<variant> психикалық, әлеуметтік, дене

<variant> зияткерлік, эмоционалдық, дене

<variant> білімдік, тәрбиелік, бейімділік

<variant> биологиялық және психикалық

<variant> физиологиялық және әлеуметтік

 

<question> Тұлғаны қалыптастырып, дамытуға әсер ететін басты институт:

<variant> отбасы

<variant> табиғат

<variant> саясат

<variant> экономика

<variant> мемлекет

 

<question> Тұлға дамуына әсер ететін биологиялық фактор:

<variant> тұқымқуалаушылық

<variant> табиғат

<variant> орта

<variant> дін

<variant> тәрбие

 

<question> Тұлға дамуына әсер ететін әлеуметтік фактор:

<variant> орта

<variant> тұқымқуалаушылық

<variant> табиғат

<variant> дін

<variant> тәрбие

 

<question> Тұлға дамуына әсер ететін қоғамдық фактор:

<variant> тәрбие

<variant> табиғат

<variant> орта

<variant> дін

<variant> тұқымқуалаушылық

 

<question> Тұлғалық тұрғыдан қараудың талабы ... есепке алу:

<variant> құндылық бағдарларды

<variant> қоғамдық қажеттіктерді

<variant> мемлекеттік мүдделерді

<variant> тәрбиелеуде жас ерекшелігін

<variant> білім деңгейін

 

<question> Тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, оның мақсат-міндеттеріне, әдіс-тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу:

<variant> тәрбиенің әдіснамасы

<variant> тәрбиенің кешенділігі

<variant> тәрбиенің миссиясы

<variant> тәрбиенің үздіксіздігі

<variant> тәрбиенің қарама-қайшылықтығы

 

<question> Тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру үдерісіне қолдау көрсету:

<variant> тұлғаға бағдарланған тұрғы

<variant> аксиологиялық тұрғы

<variant> құзіреттілік тұрғы

<variant> іс-әрекеттік тұрғы

<variant> диалогтық тұрғы

 

<question> Сынып жетекшісінің тәрбиеленушілерге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде қараудағы жүйелі қарым-қатынасы:

<variant> гуманисттік тұрғы

<variant> аксиологиялық тұрғы

<variant> құзіреттілік тұрғы

<variant> іс-әрекеттік тұрғы

<variant> диалогтық тұрғы

 

<question> Тұлғаның тәрбиелік қасиеті оның іс-әрекеті, қарым-қатынасы, мінез-құлқы негізінде іске асатынын негізге алып, оның құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған тұрғы :

<variant> іс-әрекеттік тұрғы

<variant> тұлғаға бағдарланған тұрғы

<variant> аксиологиялық тұрғы

<variant> құзіреттілік тұрғы

<variant> диалогтық тұрғы

 

<question> Тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері туралы білімдер жүйесі:

<variant> тәрбие теориясы

<variant> тәрбие технологиясы

<variant> тәрбие парадигмасы

<variant> тәрбие әдістемесі

<variant> тәрбие ұстанымы

 

<question> Нақты тәрбиелік нәтижеге бірізділікпен, белгілі тәсілмен қол жеткізуде қолданылатын іс-шаралар жиынтығы:

<variant> тәрбие технологиясы

<variant> тәрбие теориясы

<variant> тәрбие парадигмасы

<variant> тәрбие миссиясы

<variant> тәрбие инновациясы

 

<question> Тәрбие үдерісіне тән ерекшеліктерге жатпайтынын көрсетіңіз:

<variant> нәтиженің бірден көрінуі

<variant> мақсатты бағыттылығы

<variant> көп жағдаяттылығы

<variant> кешенділігі

<variant> қарама-қайшылықты болуы

 

<question> «Тәрбиеленушілер ұнамды тәжірибелік қор жинақтаумен бірге теріс өнегеге де тап болуы мүмкін» деген пікір тәрбие үдерісінің қай ерекшелігін сипаттайды:

<variant> көп жағдаяттылығы

 <variant> болашаққа бағдарлануы

<variant> мақсатты бағыттылығы

<variant> үздіксіздігі

<variant> екі тараптылығы

 

<question> Тәрбие үдерісінің қай ерекшелігі тəрбие мақсаты мен міндеттерінің, мазмұнының, форма жəне əдістерінің бірлігін білдіреді:

<variant> кешенділік

<variant> үздіксіздік

<variant> қарама-қайшылықтық

<variant> ауыспалылық

<variant> екі тараптылық 

 

<question> Тәрбие үдерісі компоненттері арасындағы байланыс:

<variant> заңдылық

<variant> заң 

<variant> принцип

<variant> парадигма

<variant> технология

 

<question> Тәрбие заңдылығы:

<variant> тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байлыныстылығы

<variant> мектептің оқушылар ұжымының қалыптасу жолдарын анықтауы

<variant> мектептің отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеруі

<variant> сынып жетекшісінің оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыру міндетін белгілеуі

<variant> ата-ананың бала тұлғасының даму үдерісін басқаруы

 

<question> Тәрбие заңдылықтарының негізгі қозғаушы күші:

<variant> қарама-қайшылықтар

<variant> педагогикалық талап

<variant> қоғамның мақсаты

<variant> тұлға ерекшеліктері

<variant> туындаған ішкі мәселе

 

<question> Тәрбие принциптері:

<variant> тәрбиелеуге қойылатын талаптар

<variant> тәрбие жұмысын жоспарлау

<variant> тәрбиелеу жолдары

<variant> тәрбиелеу заңдылықтары

<variant> тәрбие мен дамудың бірлігі

 

<question> Тәрбиеде әр баланың көзқарасын, мінез-құлқын ескеру принципі:

<variant> жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

<variant> қоғамдық пікір, жаттықтыру, үйрету

<variant> еңбек арқылы тәрбиелеу

<variant> тәрбиенің өмірмен байланысы

<variant> талап пен құрметтің бірлігі

 

<question> Тәрбиедегі ізгілік пен ынтымақтастықты алға тартатын принцип:

<variant> талап пен құрметтің бірлігі

<variant> жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

<variant> қоғамдық пікір, жаттықтыру, үйрету

<variant> еңбек арқылы тәрбиелеу

<variant> тәрбиенің өмірмен байланысы

 

<question> Оқушыны еңбектенуге дағдыландыруды меңзейтін принцип:

<variant> еңбек арқылы тәрбиелеу

<variant> оқу арқылы тәрбиелеу

<variant> қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу

<variant> өнеге көрсету арқылы тәрбиелеу

<variant> басқару арқылы тәрбиелеу

 

<question> Тәрбие үдерісінің ұстанымы:

<variant> өмірмен байланыстығы

<variant> ғылымилығы

<variant> беріктігі

<variant> көрнекілігі

<variant> түсініктілігі

 

<question> Тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін жағдайлар, оқыту мен тәрбие үдерісі, тұлғааралық қатынас, әлеуметтік орта, басқару жүйесі, т.б. қамтитын ашық құрылым:

<variant> тәрбиелік жүйе

<variant> адамгершілік қатынас

<variant> даму ортасы

<variant> танымдық әрекет

<variant> ұйымдастыру кешені

 

<question> Мектептің тәрбиелік жүйесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан негіздеп, сипаттаған ғалым педагог:

<variant> Л.И.Новикова

<variant> И.П.Подласый

<variant> С.Д.Поляков

<variant> Н.И.Болдырев

<variant> В.С.Кукушин

 

<question> Л.И.Новикова мектептің тәрбие жүйесін қандай тұрғыдан қарастырды:

<variant> тұлғаны әлеуметтендіру

<variant> құндылықтарға негіздеу

<variant> еркін кеңістікті қалыптастыру

<variant> қарым-қатынасты ізгілікке бағыттау

<variant> іс-шаралар сабақтастығы

 

<question> Мектептің тәрбиелік жүйесінің құрамдас бөлігі:

<variant> тәрбиелеуді іске асыратын субъектілер

<variant> қоғамдық ұйымдар

<variant> мектеп әкімшілігі

<variant> мемлекеттік стандарт

<variant> оқу пәндерінің тізбегі

 

<question> Қазіргі тәрбиелік жүйе ұстанатын принцип:

<variant> тұлғаға бағдарланған тұрғыны басшылыққа алу

<variant> оқу жоспарын жүзеге асыру

<variant> тынығу шараларын ұйымдастыру

<variant> кәсіптік бағдар беру

<variant> мақсатқа жету жолдарын айқындау

 

<question> Тұлғаға бағдарланған тұрғы:

<variant> өзіндік әрекетті, белсенділікті дамытуға жетекшілік ету

<variant> қарама-қайшылықтарды жою

<variant> сезімдік үдерістердің даму деңгейін талдау

<variant> тәрбие жағдайларындағы кедергілерді жеңу

<variant> оқушының өмір сүру қалпын реттеу

 

<question> Тұлғаны тәрбиелеудегі адамгершілік моральдық құндылық:

<variant> сыйластық

<variant> еркіндік

<variant> көшбасшылық

<variant> бастамашылдық

<variant> белсенділік

 

<question> Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушыға ... мүмкіндік береді:

<variant> рухани байланыс жасауға

<variant> сабақты тексеруге

<variant> отбасына көмектесуге

<variant> еңбекке қатыстыруға

<variant> қажеттіліктерді қанағаттандыруға

 

<question> Тұлғаның дамуына тәрбиенің тиімді әсер ету шарттары:

<variant> оқушының жақын даму аймағына бағдарлану

<variant> оқуға қызығушылықты арттыру

<variant> сынып көшбасшыларының көзқарасын ескеру

<variant> мұғалімнің ұстанымын басшылыққа алу

<variant> ғаламтордың тәрбиелік мүмкіндіктерін қолдану

 

<question> Акселерация:

<variant> адамның жедел дамуы

<variant> іс-әрекетттің белсенділігі

<variant> мәселені шешудегі табандылық

<variant> ұйымдастырылған қызмет

<variant> халықтың тығыз орналасуы

 

<question> Тәрбие жүйесін құрудың мақсаттылығы:

<variant> тәрбие мазмұны мен әдістерінің сабақтастығы

<variant> ізгілікті қарым-қатынас

 <variant> қамқорлық жасау

<variant> жүйені қалыптастыру

<variant> әрбір адамға көңіл бөлу

 

<question> Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мектептерге енгізілген М.Құрсабаевтың тәрбиелік жүйесі:

<variant> «Атамекен»

<variant> «Кәусар бұлақ»

<variant> «Болашақ»

<variant> «Бал бөбек»

<variant> «Жас дәурен»

 

<question> «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» құжаты қай жылы қабылданды:

<variant> 2015

<variant> 2016

<variant> 2017

<variant> 2018

<variant> 2019

 

<question> «Мақсат» сөзінің мәні:

<variant> алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі

<variant> қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру

<variant> оқушылардың қабілеттерін толық ашу

<variant> балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәрбиені меңгерту

<variant> белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту

 

<question> Тәрбие мақсатын сипаттаудағы қате пікір:

<variant> мақсат – педагогтың кәсіби қызметінің соңғы элементі

<variant> мақсат – тәрбие үдерісінің мазмұнын айқындаушы

<variant> мақсат – тәрбие нәтижесіне негіз болушы

<variant> мақсат – педагогтың кәсіби іс-әрекетінің баға өлшемі

<variant> мақсат – педагог санасының үздіксіз айналымды жүретін ой обьектісі

 

<question> Тәрбие мақсаттары ... болып екіге бөлінеді:

<variant> жалпы және жеке

<variant> күрделі және қарайым

<variant> кең ауқымды және тар көлемді

<variant> өнімді және өнімсіз

<variant> қол жетімді және қол жетімсіз

 

<question> Тәрбие мақсаттарының пайда болуын айқындайтын басты фактор:

<variant> қоғамның қажеттіліктері

<variant> оқу-тәрбие мекемелерінің әлеуеті

<variant> ғылыми-техникалық ілгерілеудің қарқыны

<variant> өркениеттіліктің даму деңгейі

<variant> педагогикалық теорияның даму деңгейі

 

<question> Жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру:

<variant> тәрбиенің мақсаты

<variant> тәрбиенің мәні

<variant> тәрбиенің міндеті

<variant> тәрбиенің мотиві

<variant> тәрбиенің тиімділігі

 

<question> «Тәрбие мақсаты – адамның ақылын, еркін және сезімін тәрбиелеу» деп анықтаған философ:

<variant> Платон

<variant> Аристотель

<variant> Локк

<variant> Демокрит

<variant> Руссо

 

<question> Тәрбие мақсаты қандай сұраққа жауап береді:

<variant> не үшін тәрбиелеу керек?

<variant> қалай тәрбиелеу керек?

<variant> кім үшін тәрбиелеу керек?

<variant> неге тәрбиелеу керек?

<variant> нені тәрбиелеу керек?

 

<question> «Тәрбие логикасы оқу логикасын қайталамайды, тәрбиенің өзіндік мазмұны, принциптері, әдістері бар» деген көзқарасты ұстанған:

<variant> А.С.Макаренко

<variant> К.Д.Ушинский

<variant> Қ.Б.Жарықбаев

<variant> Л.С.Выготский

<variant> В.А.Сухомлинский

 

<question> Азаматтық тәрбиенің мәні:

<variant> басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауға үйрету

<variant> белсенді ойлау қызметін дамыту

<variant> табиғатқа жауапкершілікті көзқараспен қарау

<variant> нарықтық заман аймағында бағыт-бағдар алып жүру

<variant> этносаралық бейбітшілік пен келісімге жауапкершілік таныттыру

 

<question> Азаматтық тәрбиеге орай сынып жетекшісі қандай кездесу түрін ұйымдастырмайды:

<variant> жергілікті медиа-орталық мамандарымен кездесу

<variant> мемлекет қайраткерлерімен кездесу

<variant> еңбек ардагерлерімен кездесу

<variant> құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу

<variant> сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесу

 

<question> Азаматтық тәрбие қай тәрбие бағытымен тығыз байланысты:

<variant> патриоттық

<variant> экологиялық

<variant> экономикалық

<variant> зияткерлік

<variant> ақпараттық

 

<question> Тәрбиеленушілерде өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу:

<variant> патриоттық тәрбие

<variant> құқықтық тәрбие

<variant> зияткерлік тәрбие

<variant> рухани-адамгершілік тәрбиесі

<variant> ұлттық тәрбие

 

<question> Отансүйгіштікті насихаттауға бағытталған тәрбиелік іс-шара:

<variant> мемлекеттік рәміздерді білуге арналған байқау

<variant> табысты кәсіпкерлермен кездесулер

<variant> көркемөнерпаздар байқауы

<variant> қайырымдылық науқаны

<variant> денсаулық фестивалі

 

<question> Оқушылардың мемлекет заңдарына құрметпен қарауын насихаттайтын тәрбие:

<variant> құқықтық

<variant> патриоттық

<variant> зияткерлік

<variant> рухани-адамгершілік

<variant> ұлттық

 

<question> Құқықтық тәрбиенің міндеті:

<variant> құқық бұзушылықтың алдын алу

<variant> этносаралық бейбітшілік пен келісімге жауапкершілік таныттыру

<variant> тәрбиеленушілердің белсенді ойлау қызметін дамыту

<variant> өздігінен білім алу негізінде тұлғалық ұстанымдарды жандандыру

<variant> табысты, өз іс-әрекетін реттей алатын адамды тəрбиелеу

 

<question> Оқушылардың құқықтық заңдылық талаптарын түсінуін ынталандыруға байланысты тәрбие сағатының атауы:

<variant> «Мен құқылымын!»

<variant> «Табиғатты қорғау – парызымыз»

<variant> «Желтоқсан – ерлік тарихымыз»

<variant> «Ұлыларға құрмет»



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.