Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Амоксиклав. Амоксиклав



+Амоксиклав

Преднизалон

Серетил

Эуфиллин

 

14. Ауруханадан тыс пневмония диагнозы қойылған 35 жастағы науқасты ушінші күн бақылаудасыз. Ол антибактериалды терапия (пенициллин тобы) алып жатыр. Оған қарамастан жағдайы жақсармады, дене қызуы қалыпқа келмеді.

Қандай емдеу тактикасы науқасты жүргізуде ЕҢ орынды?

1) Антибиотикті цефалоспорин тобына ауыстыру+

2) Берілетін антибиотиктің дозасын жоғарылату

3) Емге бронхолитик қосу

4) Тағайындалған антибиотикпен емді жалғастыру

5) Ингаляциялық кортикостероидтар тағайындау

 

 

15. 23 жасар әйел адамға Аурухананадан тыс оң өкпенің пневмониясы диагнозы қойылған.

Берілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ маңызды?

1) бронхолитиктер

2) витаминдер

3) Антибиотиктер +

4) спазмолитиктер

5) кортикостероидтар

Сальбутамол.

+Амоксиклав

Преднизалон

Серетил

Эуфиллин

 

 

16. Ер адам 32 жаста. Тұншығу ұстамасы және ентігуге шағымданып қабылдау бөліміне келді. Анамнезінде: бұндай ұстамалар бұрындары болған, бірақ өз бетімен басылған. Қазіргі ұстама аяқ астынан пәтер жөндеу кезінде пайда болды. Күніне 1 қорап темекі шегеді. Қарап тексергенде: терісі ылғалды,ернінде шамалы цианоз. Аускультацияда тыныс әлсіреген, құрғақ ысқырықты сырылдар.

Төменде аталғандардың қайсысын пайдалану ЕҢ тиімді?

1) Қысқа әсерлі бронхолитиктер+

2) Ұзақ әсерлі бронхолитиктер

3) Антибактериальды препараттар

4) Қақырық түсіретін препараттар

5) Оксигенотерапия, темекі шегуден бас тарту

 

 

17. 25 жастағы әйел адам тыныс шығаруы қиындауымен жүретін және тұншығу ұстамасына дейін ұласатын айқын ентігуге, сальбутамолмен нашар басылатынына шағымданып келді. Анамнезінде: 2 жылдан бері өзін ауру санайды, сол кезден бері серуендеу кезінде, әсіресе көктемде тыныс шығаруы қиындаған ентігудің пайда болғанын байқаған. Емханаға қаралып, Бронх демікпесі диагнозы қойылған.

Төменде аталған дәрілік тобтардың қайсысын базисті ем үшін қолдану ЕҢ тиімді болып табылады?

1) Антибактериальды терапия

2) Ингаляционды кортикостероидтар+

3) Қысқа әсерлі бронхолитиктер

4) Дезинтоксикационды терапия

5) Ұзақ әсерлі бронхолитиктер

 

 

18. Ер адам 32 жаста. Тұншығу ұстамасы және ентігуге шағымданып қабылдау бөліміне келді. Анамнезінде: бұндай ұстамалар бұрындары болған, бірақ өз бетімен басылған. Қазіргі ұстама аяқ астынан пәтер жөндеу кезінде пайда болды. Күніне 1 қорап темекі шегеді. Қарап тексергенде: терісі ылғалды,ернінде шамалы цианоз. Аускультацияда тыныс әлсіреген, құрғақ ысқырықты сырылдар.

Төменде аталған дәрілік заттарды енгізу жолдарының қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

1) Ингаляционды+

2) Сублингвальды

3) Бұлшықетке

4) Инфузионды

5) Пероральды

 

19. 45 жастағы ер адам Созылмалы обструктивті өкпе ауруы, орташа ауырлықтағы дәрежесі диагнозы қойылды.

Төменде аталған қандай топтағы препараттарды тағайындау ЕҢ орынды?

1) Бронхолитиктер+

2) Витаминдер

3) Спазмолитиктер

4) Анитиагреганттар

5) Антибиотиктер

 

20. 40 жастағы ер адам күніне 1 қорап шылым шегеді. Таңертеңгі уақыттағы шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Спирометрия жүргізгенде: ФТШК1(ОФВ1) - 80%, индекс Тиффно-69%. СОӨА, жеңіл дәрежесі диагнозы қойылды.

Науқасты жүргізудің қандай тактикасы ЕҢ орынды?

1) Шылым шегуден бас тарту+

2) Қысқы әсерлі β2 –агонистер

3) Ұзақ әсерлі β2 –агонистер

4) М-холинолитиктер

5) Ингаляционды кортикостероидтар

 

21. 45 жастағы ер адам 6 жылдан бері күніне 0,5 қорап шылым шегеді. Шылым шегу индексі 3. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы, жеңіл дәрежесі, ремиссия диагнозы қойылды. ҚР ДСМ 2016ж. «Созылмалы обструктивті өкпе ауруы» клиникалық хаттамасы бойынша науқасты жүргізудің қандай тактикасы ЕҢ орынды?

1) Шылым шегуден бас тарту+

2) Антибактериальды терапия

3) Хирургиялық емдеу

4) Емдік дене шынықтыру

5) Оксигенотерапия

 

 

22.40 жастағы ер адам 10 жылдан бері күніне 1 қорап шылым шегеді. Таңертеңгі уақыттағы шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Спирометрия жүргізгенде: ФТШК1(ОФВ1) - 80%, индекс Тиффно-69%. СОӨА, жеңіл дәрежесі диагнозы қойылды.

Науқасты жүргізудің қандай тактикасы ЕҢ орынды?

1) Шылым шегуден бас тарту+

2) Қысқы әсерлі β2 –агонистер

3) Ұзақ әсерлі β2 –агонистер

4) М-холинолитиктер

5) Ингаляционды кортикостероидтар

 

 

23. 67 жастағы ер адам «СОӨА» диагнозымен бақылауда тұрады. Шырышты – іріңді қақырықты жөтелге, физикалық жүктемеден кейінгі ентігудің күшеюіне, дене температурасының 38°С жоғарылауына шағымданып келді. Осы жағдайын суықтанумен байланыстырады. Аускультацияда: әлсіреген тыныс фонында тыныс шығару ұзарған және екі жақтан да құрғақ таралған сырыл естіледі.

Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындаған ЕҢ орынды?

1) Сальбутамол

2) Амоксиклав+

3) Преднизолон

4) Теофиллин

5) Эуфиллин

 

 

24. Келтірілген медикаментозды емес емнің қайсысы тыныс жетіспеушілігін емдеуде ЕҢ тиімді?

Арқаға қыша қағаз басу.

Ыстық аяқ бұлауы

Инерефлексотерапия

Оксигенотерапия+

фитотерапия

 

25. Ер адам 25 жаста оң өкпенің төменгі бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы диагнозымен амбулаторлық ем алды. 7 күні шағымдары жоқ, жағдайы қанағаттанарлық, аускультацияда везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.

Науқасты ары қарай жүргізу тактикасы ЕҢ орынды?

) Антибактериальды терапияны жалғастыру

2) Басқа топтың антибиотиктерін тағайындау

3) Жұмысқа шығару

4) 10-ыншы күні кеуде торының бақылау рентгенін жүргізу+

5) Ингаляциялық кортикостероидтар тағайындау

 

26. *!Әйел адам 50 жаста. Шағымдары кеуде торының оң жағындағы дем алумен байланысты қатты ауруы сезімі, дене қызуының жоғарылауы, айқын әлсіздік, құрғақ жөтел. Суық тигеннен кейін ауырған. Объективті қарап тексергенде: кеуде торы қалыпты, оң өкпенің төменгі бөлімінде тұйықталған перкуторлы дыбыс естіледі. Аускультацияда оң өкпенің төменгі бөлімінде тыныс қатты әлсіреген.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы көрсетілген кеуде торы ағзаларының  рентгеннограммасына ЕҢ сәйкес келетіні?

 

*Ауруханадан тыс өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

*Оң жақтық аспирациялық пневмония

*Құрғақ плеврит оң жақта

*+Оң жақтың экссудативті плевриті

*Аурухана ішілік өкпенің жоғары бөлігінің пневмониясы

 

27*!Ер адам 40 жаста. Шағымдары кеуде торының оң жағындағы дем алумен байланысты қатты ауруы сезімі, дене қызуының жоғарылауы, айқын әлсіздік, құрғақ жөтел. Объективті қарап тексергенде: кеуде торы қалыпты, сол өкпенің төменгі бөлімінде тұйықталған перкуторлы дыбыс естіледі. Аускультацияда сол өкпенің төменгі бөлімінде тыныс қатты әлсіреген.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы көрсетілген кеуде торы ағзаларының рентгеннограммасына ЕҢ сәйкес келетіні?

 

*Ауруханадан тыс өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

*Оң жақтық аспирациялық пневмония *Құрғақ плеврит оң жақта

*+Сол жақтың экссудативті плевриті

*Аурухана ішілік өкпенің жоғары бөлігінің пневмониясы

 

28. Плевра сұйықтығының анализі: тығыздығы – 1020, түсі – бұлыңғыр, ақуыз – 30 г\л, Ривальт реакциясы +; микорскопия: көру аймағында лейкоциттер бар аймақта, атипиялық жасушалар – жоқ, туберкулез микобактериясы– жоқ.

 Плевра сұйықтығының анализінің қорытындысы бойынша төменде аталған диагноздардың ЕҢ мүмкін болатыны?

*Құрғақ плеврит

*+Экссудативті плеврит

*Туберкулезді плеврит

*Жүрек жетіспеушілігіндегі плеврит

*Ісіктегі плеврит

 

29. Әйел адам 55 жаста,аспаз болып қызмет атқарады. Шағымдары таңертең бөлінетін шырышты қақырықты жөтел, физикалық жүктемеден кейін болатын ентігу. Спирометрия көрсеткіштері: ОФВ1-65 %, индекс Тиффно-60%. Диагнозы: СОӨА, орташа ауырлық дәрежесі.

Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындаған ЕҢ орынды?

 бронхолитиктер

 

30.19 жастағы студент жедел респираторлы аурудан кейін шырышты-іріңді сипаттағы қақырықпен жөтел пайда болды.

Төменде аталғандардың қайсысы қақырық бөлінуін жеңілдетуге бағытталған емнің ЕҢ тиімдісі?

*+Вибрационды массаж

*Физкультурамен айналысу

*Инфекция ошақтарын санациялау

*Физиоемдеу

*Ағзаны шынықтыру

 

31! 49 жастағы ер кісіні айқын экспираторлы ентікпе, аз мөлшерде қақырықпен ұстамалы жөтел мазалайды. 20 жыл көлемінде темекі шегеді. Қарау кезінде: кеудесі «бөшке» тәрізді, перкуссияда қораптық дыбыс, аускультацияда әлсіреген везикулалық тыныс, дем шығаруы қысқарған, сирек құрғақ сырылдар естіледі.

Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?      

Ұзақ әсерлі бронхолиитик, ИГКС

 

 

32. ! 49 жастағы ер адамның шағымдары физикалық күштеме кезінде пайда болатын ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен ұстама тәрізді жөтел. 20 жыл шамасындай темекі тартқан. Объективті: терісі құрғақ,аздаған «сұр» цианоз, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді ,кеуде қуысы эмфизематозды. R – грамма: өкпе мөлдірлігі төмендеген,өкпе суреті қосылған. ФТК1= 65%.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША тиімді? БРОНХОДИЛАТАТОРЛАР

 

33. ! Ер адам 50 жаста. Дене температурасының 38,0 С көтерілуіне, қиын бөлінетін жасыл түсті қақырықпен жөтелге шағымданады.Обьективті: ТАЖ – 24 рет мин.Өкпесіндешашыранды ысқырықты сырылдаржөтелгеннен кейін басылатын. Қақырық анализінде: 85 % нейтрофильдер. Аталған препараттардың ең тиімдісі қайсысы?

АМОКСИциллин, ацетилцистеин, АБ

 

34.! Ер адам 35 жаста, ауруханадан тыс пневмония фонында 3,0г/тәу амоксициллин қабылдау барысында дене температурасының 380С дейін көтерілуі, жөтелдің шырышты-іріңді қақырықпен үдеуі байқалды.

Қандай антибактериалды препарат ЕҢ тиімді?

- Гентамицин қосу

- Амоксициллинің дозасын көбею

- Амоксициллинді экстенциллинге ауыстыру



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.