Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пульмонология



Пульмонология

1. Ер адам 25жаста. Әлсіздікке, 2 күннен бері құрғақ жөтелге, көкірек тұсының ауруына, дене температурасының 37,0 0С –на жоғарылауына шағымданды. Анамнезінде: жиі ЖРВИ. Темекі шекпейді. Перкуторлы өкпелік дыбыс естіледі.Аускультацияда қатаң тыныс естіледі,сырыл жоқ. Жедел бронхит диагнозы қойылды.

Төменде аталғандардың ЕҢ мүмкін болатын патогенетикалық механизмі қайсысы?

1) Өкпенің тыныс алу көлемінің азаюы

2) Тыныс алу жолдарының тегіс салалы бұлшықетінің спазмы

3) Бронхтардың тұтқыр секретпен бітелуі

4) Бронх қабырғасына қоздырғыштардың адгезиясы+

5) Шырыштың шығарылуының жоғарылауы

 

 

2. Әйел адам 29 жаста. Құрғақ жөтелге, төс артындағы тырнау және күйдіру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Анамнезінде: жиі ЖРВИ. Жалпы қарағанда терісінің бозаруы байқалады. Перкуторлы өкпелік дыбыс. Аускультацияда қатаң тыныс, сырылдар жоқ.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

1) Спонтанды пневмоторакс

2) Жедел бронхит+

3) Өкпе ісігі

4) Аспирацилық пневмония

5) Құрғақ плеврит

 

3. 14 жастағы студент жедел респираторлы аурудан кейін құрғақ, жанды қинайтын жөтел, төс артындағы ауру сезімі, ентігу пайда болды. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, бірен саран құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоциттер 7,0 х 10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Төменде аталған диагноздардың ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

1) Жедел бронхит+

2) Аурханадан тыс пневмония

3) СОӨА

4) Бронх демікпесі

5) Өкпе ісігі

 

4. Ер адам 25жаста. Әлсіздікке, 2 күннен бері құрғақ жөтелге, көкірек тұсының ауруына, дене температурасының 37,0° С-на жоғарылауына шағымданды. Анамнезнде: жиі ЖРВИ. Темекі шекпейді. Перкуторлы өкпелік дыбыс естіледі. Аускультацияда қатаң тыныс естіледі.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?Жедел бронхит

 

5. Әйел адам 29 жаста. Тамағының тырнау сезіміне, құрғақ жөтелге, төс артындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Анамнезнде: жиі ЖРВИ. Жалпы қарағанда терісінің бозаруы байқалады. Перкуторлы өкпелік дыбыс. Аускультацияда қатаң тыныс.

Төменде көрсетілген жалпы қан анализі көрсеткішінің ЕҢ мүмкін жоғарылайтыны қайсысы?

1) Эритроциттер

2) Тромбоциттер

3) Эозинофильдер

4) Лейкоциттер+

5) Нейтрофильдер

 

 

6. Әйел адам 29 жаста. Төс артындағы тырнау және күйдіру сезіміне, құрғақ жанды қинайтын жөтелге, төс артындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Анамнезнде: жиі ЖРВИ. Жалпы қарағанда терісінің бозаруы байқалады. Перкуторлы өкпелік дыбыс. Аускультацияда қатаң тыныс, таралған құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

Болжама диагноз: Жедел бронхит.

Төменде аталғандардың ЕҢ мүмкін болатын патогенетикалық механизмі қайсысы?

1) Иммунологиялық механизмдер

2) Газ алмасуының бұзылысы

3) Шырышты қабаттың химиялық заттармен тітіркенуі

4) Тыныс жолдарының қорғаныс механизмінің бұзылысы+

5) Тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы

 

7. 48 жастағы ер адам салқын тиюден кейін пайда болған ұзақ уақытқа созылған шырышты- іріңді қақырықты жөтелге, дене t-сының 37,8 0С –ға дейін жоғарылауына шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданды. Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, тырнақтарының қалыңдауы. Аускультацияда қатаң тыныс естіледі.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюға ЕҢ негізделген?

1) Жалпы қан анализі

2) Биохимиялық қан анализі

3) IgE –ге қан анализі

4) Жалпы қақырық анализі+

5) Цитокиндерге қан анализі

 

 

8. 40 жастағы әйел адам ұзақ уақытқа созылған шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене t-сының 37,0 0С –қа дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданды. Анамнезінде 12 жыл бойы темекі шегеді. Соңғы 5 жылда аллергиялық ринитке шалдыққан. Объективті: тері қабатының бозаруы. Аускультацияда қатаң тыныс

Төменде көрсетілген жалпы қан анализі көрсеткішінің ЕҢ мүмкін жоғарылайтыны қайсысы?

1) Эритроциттер

2) Тромбоциттер

3) Эозинофилдер

4) Нейтрофилдер

5) Лейкоциттер+

 

 

9. 38 жастағы әйел адам ұзақ уақытқа созылған шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданды. Анамнезінде 12 жыл бойы темекі шегеді. Объективті: тері қабатының бозаруы. Аускультацияда қатаң тыныс, форсирленген тыныс шығару кезінде құрғақ сырыл естіледі.

Төменде аталған себептердің қайсысы өкпе желдетілуінің обструктивті бұзылуына ЕҢ жиі әсер етеді?

1) Бронхтың бірыңғай салалы бұлшықеттерінің спазмы+

2) Плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы

3) Өкпе тінінде қабыну инфильтрациясының дамуы

4) Пневмоторакстың дамуы

5) Кеуде торы мен омыртқасының деформациясы

 

 

10. 48 жастағы ер адам салқын тиюден кейін пайда болған ұзақ уақытқа созылған шырышты- іріңді қақырықты жөтелге, дене t-сының 37,8 0С –ға дейін жоғарылауына шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданды. Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, тырнақтарының қалыңдауы. Аускультацияда қатаң тыныспен қатар крепитацияланған сырыл естіледі. Болжам диагнозы: созылмалы бронхит, өршуі.

«Созылмалы бронхит» клиникалық протоколы бойынша, ҚР ДСМ 2013 ж, негізгі зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады?

1) Жалпы қан анализі +

2) Қанның биохимиялық анализі

3) Жалпы зәр анализі

4) Қақырық микроскопиясы

5) Жалпы қақырық анализі

 

11. 40 жастағы әйел адам ұзақ уақытқа созылған шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене t-сының 37,0 0С –қа дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданды. Анамнезінде 12 жыл бойы темекі шегеді. Соңғы 5 жылда аллергиялық ринитке шалдыққан. Объективті: тері қабатының бозаруы. Аускультацияда қатаң тыныс, жөтелден кейін жоғалатын ылғалды сырыл естіледі. Созылмалы бронхит, өршуі диагнозы қойылды.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы созылмалы бронхиттің патогенезіне ЕҢ сәйкес келеді?

1) Ауыз-жұтқыншақтағы аспирация

2) Гиперкриния, дискриния, мукостаздың дамуы+

3) Бронхтың шырышты қабатының аллергиялық реакциясы

4) Тыныс алу жолдарының қорғаныс механизмінің бұзылуы

5) Иммунологиялық механизм

 

12. 68 жастағы әйел дәрігерге қақырықты жөтелге, ентігу, тыныс алумен байланысты кеудедегі ауру сезіміне, дене температурасының жоғарылауына, тершеңдік, әлсіздікке шағымданды. Суық тигеннен кейін ауырған. Объективті қарап тексергенде: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде қысқарған перкуторлы дыбыс. Аускультацияда сол жерде майда көпіршікті сырыл естіледі.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

1) Ауруханадан тыс оң өкпенің төменгі бөлгінің пневмониясы +

2) Созылмалы обструктивті бронхит

3) Бронх демікпесі

 4) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

5) Аспирациялық пневмония

 

13. 27 жастағы әйел ауруханаға жөтел, дене температурасының жоғарылауы, ентігу, әлсіздікке шағымданып жатқызылды. Анамнезінде суық тигеннен кейін (тауда суға түскен) құрғақ жөтел, дене қызуы, әлсіздік пайда болған. Аурудың 3-күнінде «тот басқан» тәрізді қақырық бөліне бастады.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?пневмония

1) Ауруханадан тыс+

2) Аурухана ішілік

3) Аспирациялық

4) Иммунды тапшылықты

5) Интерстициалды

 

 

14. 52 жастағы ер адам ентігу, қақырықты жөтел, әлсіздік, субфебрильді дене температурасына шағымданып келді. Қан анализінде АИВ-инфекциясы оң. Аускультацияда екі өкпенің барлық аймағында ылғалды майда көпіршікті сырыл естіледі

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

1) Ауруханадан тыс пневмония

2) Экссудативті плеврит

3) Иммунды тапшылықты пневмония+

 4) Аспирациялық пневмония

5) Бронхты демікпе

 

15. 47 жастағы әйел холецистоэктомиядан кейін реанимацияда жатыр. Кешке дене температурасы 38 ˚С дейін көтерілді, жөтелгенде және дем алғанда күшейетін оң жақ кеуде тұсында ауырсыну сезімі бар. Аускультацияда жауырын бұрышынан төмен оң жақта ылғалды майда көпіршікті сырыл естіледі. ТАЖ-24 мин. Қан анализінде лейкоциттер 14 х10 9/л, таяқша ядролы нейтрофилдер – 8%, ЭТЖ- 30 мм/сағ, СРБ (+++). Рентгенограммада оң өкпенің төменгі бөлігінде айқын көрінетін инфильтрациялық көлеңке көрінеді.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

1)Ауруханадан тыс оң жақтың төменгі бөлігінің пневмониясы

2) Аспирациялық пневмония

3) Иммунды тапшылықты пневмония

4) Аурухана ішілік оң жақтың төменгі бөлігінің пневмониясы+

5) Өкпе абсцессі

 

16. 65 жастағы ер адам терапевтке шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, дене температурасының 38 ˚С дейін жоғарылауына шағымданды.

Төменде аталған сипаттамалардың қайсысы берілген кеуде торы ағзаларының рентгенограммасына ЕҢ сәйкес келетіні?

1) Оң өкпенің төменгі бөлігінің қабыну инфильтрациясы+

2) Оң өкпенің төменгі бөлігінің деструкция қуысы

3) Оң өкпенің төменгі бөлігінің ошақты түзілістері

4) Екіжақтық диссеминация

5) Өкпе түбірінің билатералды ұлғаюы

 

 

17. 24 жастағы ер адам шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене температурасы 38˚С дейін жоғарылағанына, ентігуге шағымданады. Алкоголь, шылым қабылдайды. Объективті қарап тексергенде қолында инъекция іздері бар, аузында құсық иісі.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы көрсетілген кеуде торы ағзаларының рентгеннограммасына ЕҢ сәйкес келетіні?

1) Қалталанған плеврит оң өкпенің жоғарғы бөлімінде

2) Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің аспирациялық пневмониясы+

3) Өкпе ісігі

4) Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің абсцессі

5) Аурухана ішілік оң өкпе жоғарғы бөлігінің пневмониясы

 

18. 40 жастағы әйел емхана учаскелік дәрігерінің амбулаторлық қабылдауында кешке дене температурасының 37,6 0С дейін жоғарылағанына, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Аускультацияда оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде әлсіреген везикулярлы тыныс.

Төменде аталған зерттеу әдістерінің диагноз қою үшін ЕҢ керектісі ?

1) Спирография

2) Рентгенография+

3) Электрокардиография

4) Пикфлоуметрия

5) Пульсоксиметрия

 

 

19. 30 жастағы әйел қатты суық тигеннен кейін кеуде торының оң жақ жартысында ауру сезімі пайда болғанын байқайды, тыныс алумен байланысты, дене температурасы 39° дейін жоғарылаған жөтел, тершеңдік. Объективті қарап тексергенде: бетінің қызаруы, Herpes labialis, ТАЖ –минутына 26. Өкпеде оң жақта жауырын бұрышынан төмен қысқарған перкуторлы дыбыс, сол жерде ылғалды майда көпіршікті сырыл естіледі. Рентгенограммада оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

Ауруханадан тыс оң өкпенің төменгі бөлімігінің пневмониясы.+

 

20. 57 жастағы ер адам жедел миокардпен реанимация бөлімшесінде жатыр. Жатқызылғаннан кейін 3-күнінде дене температурасы 38˚С дейін жоғарылады, шырышты-іріңді қақырық, тершеңдік пайда болды. Аускультацияда оң өкпенің төменгі бөлігінде майда көпіршікті сырыл естіледі. 

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

1) Жүрек жетіспеушілігі

2) Аспирациялық пневмония

3) Оң жақтық плеврит

4) Аурухана ішілік пневмония+

5) Дресслер синдромы

 

21. 24 жастағы ер адам шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене температурасының 38 ˚С дейін көтерілгеніне, ентігуге шағымданып келді. Ішімдік пен шылымға әуестігі бар. Объективті қарап тексергенде: қолында инъекция іздері, құсық иісінің шығып тұр. Аускультацияда оң жақ өкпе төменгі бөлігінде әлсіреген везикулярлы дыбыс естіледі.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

1) ауруханадан тыс пневмония

2) Аспирациялық пневмония+

3) Оң жақтық плеврит

4созылмалы бронхит

5) Дресслер синдромы

 

22. 40 жастағы ер адам емхананың учаскелік дәрігеріне амбулаторлық қабылдауда дене температурасының кешкісін 38 ˚С дейін көтерілгеніне, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке шағымданды. Өзінің 1 аптадан бері ауырып жүргенін айтады. Жөтел күшейіп, жүргенде ентігу , күннің екінші жартысында температурасы жоғарылаған. Аускультацияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде әлсіреген везикулярлы тыныс естіледі.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

1) Ауруханадан тыс оң жақтың төменгі бөлігінің пневмониясы+

2) Аспирациялық пневмония

3) Иммунды тапшылықты пневмония

4) Аурухана ішілік оң жақтың төменгі бөлігінің пневмониясы

5) Созылмалы бронхит, өршуі

 

 

23. 68 жастағы әйел қақырықты жөтелге, ентігуге, тыныс алумен жүретін кеудедегі ауыру сезіміне, дене температурасының жоғарылауына, тершеңдікке, әлсіздікке шағымданады. Суық тигеннен кейін ауырған. 

Төменде аталған диагноздардың қайсысы көрсетілген кеуде торы ағзаларының рентгеннограммасына ЕҢ сәйкес келетіні?

1) Ауруханадан тыс төменгі бөліктік пневмония+

2) Созылмалы бронхит

3) Бронхты демікпе

4) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

5) Өкпе ісігі

 

24. 34 жастағы ер адам ауыспалы жедел респираторлық аурудан кейін қақырықты жөтелді байқаған, кеудедегі ауыру сезімі, ентігу, дене температурасының 39,4˚С дейін жоғарылауы. Объективті қарап тексергенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде қысқарған перкуторлы дыбыс. Аускультацияда сол жерде майда көпіршікті сырыл естіледі.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

1) Ауруханадан тыс оң өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы+

2) Созылмалы бронхит

3) Бронх астмасы

4) Созылмалы өкпенің обструктивті ауруы

5) Экссудативті оң жақтың плевриті

 

 

 25. 58 жастағы әйел терапевтке қақырықты жөтел, дене температурасының 380С дейін көтерілуі, ентігу, тершеңдік пен әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде ревматоидты артритпен ауырғандықтан ұзақ уақыт бойы цитостатиктержәнегормондар қабылдаған. Аускультацияда оң жақ жауырынның төменгі бұрышында майда көпіршікті сырыл естіледі.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

1) Ауруханадан тыс пневмония

2) Аспирациялық пневмония

3) Иммунды тапшылықты пневмония+

4) Аурухана ішілік пневмония

5) Экссудативті плеврит

 

 

26. . Реанимацияда асқазанына операция жасалған 75 жастағы ер адам жатыр. Кешке дене температурасы 38 ˚С дейін көтерілді, оң жақ кеуде тұсында ауырсыну сезімі пайда болады, жөтелгенде күшейеді. Аускультацияда жауырынның оң жақ төменгі бұрышында ылғалды майда көпіршікті сырыл естіледі. ТАЖ-26/мин.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?

1) Ауруханадан тыс пневмония

2) Экссудативті оң жақтық плеврит

3) Иммунды тапшылықты пневмония

4) Аурухана ішілік пневмония+

5) Дресслер синдромы

 

27. 58 жастағы әйел қақырықты жөтелге, ентігуге, тыныс алумен байланысты кеудедегі ауыру сезіміне, дене температурасының жоғарылауы, тершеңдікке, әлсіздікке шағымданып келді. Суық тигеннен кейін ауырған. Аускультацияда оң өкпенің төменгі бөлімінде ылғалды майда көпіршікті сырыл естіледі.

Төменде аталған зерттеу әдістерінің диагноз қою үшін ЕҢ керектісі ?

1) Спирография

2) Рентгенография+

3) Электрокардиография

4) Пикфлоуметрия

5) Пульсоксиметрия

 

 

28. 45 жастағы әйел шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене температурасы 39˚С дейін жоғарылағанына, ентігуге шағымданады.  

 Төменде аталған диагноздардың қайсысы көрсетілген кеуде торы ағзаларының рентгеннограммасына ЕҢ сәйкес келетіні?

1) Оң өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы+

2) Өкпе ісігі

3) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

4) Бронх демікпесі

5) Оң жақ өкпе төменгі бөлігінде плеврит

 

 

 29. Қақырық анализі: көлемі – 50 мл, түс і– тот басқан, сипаты – шырышты-іріңді, консистенциясы – тұтқыр, микроскопияда: эпителий – 1-2 көру аймағында, лейкоциттер - 20-25 көру аймағында, эритроциттер – 10-15 көру аймағында, пневмококк ++, атипті жасушалар – жоқ, туберкулез микобактериялары – жоқ. 

Қақырық анализі қорытындысы бойынша төменде аталған диагноздардың ЕҢ мүмкін болатыны?

1) Жедел бронхит

2) Пневмония+

3) Бронх демікпесі

4) Плеврит

5) Өкпе ісігі

 

 

30. 54 жастағы ер адам жедел респираторлы аурумен ауырғаннан кейін қақырықты жөтел пайда болған, кеудеде ауыру сезімі, ентігу, дене температурасының 39,4˚С дейін жоғарылаған. Объективті қарап тексергенде: ТАЖ 26 рет мин. Аускультацияда оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде ылғалды майда көпіршікті сырыл естіледі. Қан анализінде- лейкоциттер 20х10 9/л, таяқша ядролы нейтрофилдер – 8%, ЭТЖ -30 мм/сағ, СРБ (+++). Рентгенограммада оң жақ өкпе төменгі бөлімінде жайылған инфильтративті көлеңке.

 Аурудың қандай ауырлық дәрежесіне берілген науқастың мәліметтері ЕҢ сәйкес келеді?

1) Жеңіл

2) Орта

3) Ауыр+

4) Орта ауырлықтағы

5) Өте ауыр

 

 

31. 25 жастағы ер адам оң өкпенің төменгі бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы диагнозымен амбулаторлық ем алды. 7 күні шағымдары жоқ, жағдайы қанағаттанарлық, аускультацияда везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.

Науқасты ары қарай жүргізу тактикасы ЕҢ орынды?

1) Антибактериальды терапияны жалғастыру

2) Басқа топтың антибиотиктерін тағайындау

3) Жұмысқа шығару

4) 10-ыншы күні кеуде торының бақылау рентгенін жүргізу+

5) Ингаляциялық кортикостероидтар тағайындау

 

 

32. 38 жастағы әйел дәрігерге қақырықты жөтелге, ентігу, тыныс алумен байланысты кеудедегі ауру сезіміне, дене температурасының жоғарылауына, тершеңдік, әлсіздікке шағымданды. Суық тигеннен кейін ауырған. Объективті қарап тексергенде: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде қысқарған перкуторлы дыбыс. Аускультацияда сол жерде майда көпіршікті сырыл естіледі.

Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.