Саты бойынша максималды – 20 балл
Тапсырмаға бөлінген уақыт – 15 - 20 минут
Клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталондары
«Ауыр ағымдағы пневмонияға байланысты туындаған психикалық бұзылыстың (аменция) диагностикасы»
№ | Қадамдарды бағалау критериялары | Жауаптар эталондары | |
1. | Науқастың әрекеттерін бағалау | Төсек қалпында жатқан науқастың әрекеттерін және оның дәрігердің пайда болуына реакциясын (реакциясы жоқ) бағалау. | |
2. | Аурудың басталуын анықтау | Науқастың әрекеттерінде өзгерістердің пайда болу бастамасы дене температурасының жоғарылауы, тыныс алу кезінде ауыру сезімі, үдемелі ентігу, психомоторлық қозудың пайда болуына сай келеді. | |
3. | Науқастың әрекеттерін анықтау | Психомотолық қозу төсек деңгейінде: төсекте жатып, өзінен бір нәрсені алады, ұстайды лақтырады, өзінен ары қарай біреуді итеретін секілді, қорғанады, қорқынышты сезінеді; сөздік, қимыләрекеттік мазасыздық жағдайында. | |
4. | Дәрігердің науқаспен сөздік қарым-қатынасқа түсу талпынысын бағалау | Науқас назарын аудару қиынға түседі, тек қозу кезеңі жойылған сәтте табанды түрде сұрақ қою барысында ғана: «сізге не болды?», «есіміңіз кім?», «нені көресіз?», «нені естисіз?» деген сұрақтарға ғана науқас өз есімін айтады, бірақ қайда жатқанын, бүгінгі күнді, онымен кім сөйлесіп жатқанын білмейді. | |
5. | АҚҚ, пульс, тыныс алу жиілігі, температураны өлшеу және оларды интерпретациялау | Бқл процедуралар тек диагнозды анықтау үшін емес, адекватты емдеу үшін де қажет. | |
6. | Науқастың әрекеттерін бақылау, оның қойылған сұрақтарға реакцияларын бағалау, спонтанды түрде айтылған сөздерін, орында, уақытта және өз тұлғасында бағыт – бағдырын есепке алу. | Психикалық жағдайының сыртқы көріністерінің анализі толық жүргізілді (мимикалық, сөздік-қимылдық, , эмоциональды реакцияларды, науқаспен вербальды қатынасқа түсудің дәрежесін есепке алу). | |
7. | Айтылған сөздерін және мимикалық реакцияларын интерпретациялау | Дыбыстарды, жеке сөздерді қатты дауыстайды. Бет әлпетінде қорқыныш сезімі рахаттану сезімімен алмасады. Тез шаршайды. | |
8. | Психикалық жағдайын синдромальды бағалау | Науқастың сыртқы келбетін, психомоторлық қозуының, галлюцинаторлық бұзылыстарының ерекшеліктерін, қарауытқан сана бұзылысының және оның түрінің бар екендігін бағалау. | |
9. | Ауыр ағымда өтетін пневмониядантуындаған соматогенді психоздың (аменция) диагнозын негіздеу | Аменцияның критерилерін атап берді. Бағалады: ауыр соматикалық бұзылыс фонында өтіп жатқан психотикалық бұзылыстардың алғашқы көріністерінің басталуын. Бағалады: сөйлеудің байланыссыздығы, төсек деңгейінде шектелетін психомоторлық қозу. Бағалады: қозудың аз уақытқа жойылуы кезеңінде өз тұлғасында бағдардың толық емес сақталуын, орын және уақытта бағдардың жойылуын. Бағалады: Психикалық қызметтің барлық түрлерінің байланыссыздығын, теру симптомын | |
10. | Дифференциалды диагностика | Аменцияның барлық белгілерін атап өтті, аменцияның делирийден айырмашылығын ескере отырып атады. | |
11. | Қорытынды диагнозды тұжырымдау | Ауыр ағымды пневмониядан туындаған соматогенді психоз (аменция). | |
12. | Мүмкін болатын асқынуларын анықтау | Команың дамуы, науқастың қажуы, негізгі ауруының ағымының жағымсыз болуы. | |
13. | Келесі емдеу тактикасын анықтау | Негізгі ауруының қарқынды терапиясы (реанимация бөлемшесіне ауыстыру) және психотикалық жағдайды тоқтату үшін препараттарды тағайындау. | |
14. | Психотикалық жағдайды тоқтататын препараттарды тағайындау | Емдеу тактикасын жүргізді: 1. 10 мл 25% сульфат магний ерітіндісін б/і енгізу; 2. 2,5% аминазин ерітіндісін 2-3 мл б/і; 3. Реланиум 2-3 мл б/і; 4. 6% гексенал ерітіндісін 6 мл б/і; 5. Зипрекса 10 мл б/і; 6. Галоперидол, тизерцин тағайындаудан бас тарту. Олардың гипертермиялық қасиеттерін ескеру. | |
15. | Психотикалық жағдайды тоқтататуға тағайындалған препараттарды негіздеу | Соматикалық жағдайының ауырлығын, психопатологиялық көріністерінің айқындылығын, сана бұзылысының түрін бағалады. Сананың аментивті қарауытуы салдарынан туындаған науқастың жалпы жағдайын және психомоторлық қозуының айқындылығын бағалады. | |
16. | Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау | · Науқасты оқшаулау (мүмкіндік болса) · Тәуліктік жеке санитарлық пост · Психомоторлық қозу кезінде санасы қалпына келгенше жоғарыда аталған препараттардың біреуін енгізу · Массивті дезинтоксикация және витаминотерапия · Негізгі ауруын активті түрде емдеу · Сұйықтықты көп ішу және рациональды калориялы тағам қабылдау · Жалпы және биохимиялық қан анализі · Психиатр консультациясы · Невропатолог консультациясы · Инфекционист консультациясы | |
17. | Науқасты келесі емдеу және жүргізудің дұрыстығы | Психикалық бұзылысты емдеудің адекватты тактикасын психофармакологиялық және психофармакологиялық емес әдістермен емдеуді анықтады. |
Өңдеген: | №2 Психиатрия және наркология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Джамантаева М.Ш. |
Рецензент №1: | ШЖҚ РМҚМ «Республикалық ғылыми-тәжірибелік психикалық денсаулық орталығы», Директоры Негай Н.А. |
Рецензент №2: | №1 Психиатрия және наркология кафедрасының профессоры, м.ғ.д., Кудьярова Г.М. |
№2 Психиатрия және наркология кафедрасының отырысында қаралып, бекітілді,
хаттама № __, хаттама күні
ББК отырысында қаралып, бекітілді, хаттама № __
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|