Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТКЕ АРНАЛҒАН  (СП) КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ



СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТКЕ АРНАЛҒАН  (СП) КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ

Клиникалық жағдай нөмірі: __________________________

Клиникалық жағдай атауы: «Ауыр ағымдағы пневмонияғ байланысты туындаған психикалық бұзылыстың (аменция) диагностикасы»

Аты-жөні: Ескендиров Нариман

жасы: 56 жаста

Жынысы: ер адам

Негізгі білімдік міндеттер/мақсаттар:

· Диагностикалау және ауырпневмониямен байланысты соматогенді психоздар (аменция)  кезінде науқасты жүргізу тактикасын анықтау

·

Бағалау және білім құралдары: СП кері байланыс береді, емтихан алушы чек парағына және бағалау парағына белгі қойып отырады, видеожазу.

Қоршаған орта: терапиялық стационардағы палата

Емтихандық бөлме:

1. Интернге арналған тапсырма;

2. Стандартталған пациентке арналған сценарий;

3. Емтихан алуышаға арналған ақпарат (қадамдарды бағалау критерийлері, жауап эталондары);

Актер – пациент

Симуляцияны жабдықтау:

1. Кушетка – 1

2. Препараттармен медициналық шкаф (реланиум, нейролептиктер, ұйықтататын заттар, витаминдер, ноотроптар)

Клиникалық детальдары:

Сіз 56 жастағы ер адамсыз. Ауыр ағымдағы пневмонияға байланысты терапиялық бөлімшеге жатқызылды. Сіз төсекте жатырсыз.

 

Ауру анамнезі: психика тарапынан алғашқы өзгерістер соматикалық жағдайының нашарлауы фонында дамыды: температурасы жоғарылаған, дем алғанда ауру сезімі, үдемелі ентігу, жөтел. Кешкі уақытта науқаста күшті қозу жағдайы дамыды. Әлсіздікке, бас айналуына, ентігуге, тітіркендіріштерге аса сезімталдыққа, ұйқы бұзылысына, қорқынышты түстерге, кешкі уақытта пайда болатын белгісіз қорқыныштарға шағымданды. Аталған симптомдарға байланысты дәрігер-психиатр шақырылды.

 

Өмір анамнезі: психикалық арулармен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Мерзімімен туылған, табиғи жолмен. Ерте даму кезеңі патологиясыз. 3 жасынан балабақшаға барған. Жеңіл бейімделген. Мектепке 7 жасынан барған. Үздік оқыған. Мінез-құлқы жауапты, батыл, еңбеккор. Өмір бойы бухгалтер болып жұмыс жасаған. Жанұясы бар: жұбайы, 2 баласы. Гемотрансфузиялар, операциялар, түберкүлез, гепатиттермен ауырмаған. 2 бассүйек-ми жарақатын алған, соңғысы – бір жыл бұрын, санасын жоғалтқан, стационарда емделген. Осы сырқаттануына дейін дені сау болған

 

Объективті: Айқын улану симптомдарына байланысты жалпы жағдайы ауыр. Санасы қарауытқан, дене бітімі астеникалық. Тері жабындылары құрғақ, бозарған, таза, эластикасы жоғалмаған. Дене температурасы 39,5 о. тынысы беткей. Кеуде клеткасы деформациясыз, пальпациялауда ауыру сезімімен, тыныс алу актына кеуде клеткасының сол жақ жартысы қатысады. ТЖ – 25 рет мин. Өкепе аускультациясында кеуде клеткасының сол жақ жартысының төменгі аймағында ылғалды майда көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары кереңделген, ритмы дұрыс. ЖСЖ – 86 рет мин. АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз, бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды, зәр шығаруы: олигоурия.

Неврологиялық статусын психикалық жағдайына байланысты анықтау мүмкін емес. 

 

Пациент жағдайы:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.