Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Симптомдар немесе проблемалар жөнінде түсінігі



Симптомдар немесе проблемалар жөнінде түсінігі

Интерн емдеуші дәрігерден сұрай алады: Психиатр кеңесі неге байланысты қажет болды?

Емдеуші дәрігер жауабы: пациенттің кешкі уақытқа қарай психикалық жағайы өзгеруіне байланысты. Байланыссыз жеке сөздерді, дыбыстарды айқайлай бастады. Біреулерден қорғанады, қорқыныш сезінеді. Не болып жатқанын анықтауға тырысқанда – сұрақтарға жауап бермейді. Зейіні қиындықпен аударылады, дезориентирленген.

Қойылуы мүмкін сұрақтар (кездесу кезінде пациент сұрауы мүмкін сұрақтар тізімі):

Бұл клиникалық жағдай бойынша пациенттің орынды сұрақтар қоюға мүмкіндігі жоқ, өйткені психотикалық жағдайда.

Қойылуы қажет сұрақтар: (Пациент кездесу кезінде сұрауы қажет сұрақтар тізімі):

Бұл клиникалық жағдай бойынша пациенттің орынды сұрақтар қоюға мүмкіндігі жоқ, өйткені психотикалық жағдайда.

Бағдарламаландырылған (келісілген) жауаптар: (қажет жағдайда)

Пациент зейінін аудуару қиын, қысқа уақытқа қозу басылғанда, сұрақтарды қайталап, табанды түрде қойғанда: «сізге не болды», «есіміңіз кім», «сіз не көріп тұрсыз», «сіз не естіп тұрсыз», өз есімін атайды, қайда екенін түсінбейді, бүгін қандай күн екенін білмейді, кіммен сөйлесіп отырғанын түсінбейді.

 

 

Емтихан қабылдаушыға арналған бағалау парағы (check-list)

Клиникалық жағдай: «Ауыр ағымдағы пневмонияға байланысты туындаған психикалық бұзылыстың (аменция) диагностикасы»

Емтихан тапсырушының аты-жөні: _________________________________________________

Тобы: ____________________мамандығы: __________________________

Емтихан қабылдаушының аты-жөні_______________________________________________

 

Қадамдарды бағалау

Баллдармен бағалау

Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындамады
Науқастың жүріс-тұрысын бағалау 1,0 0,5
Аурудың басталуын нақтылау 1,0 0,5
Науқастың жүріс-тұрысын нақтылау 1,0 0,5
Дәрігердің науқаспен сөздік байланысқа түсуге әрекеттенуін бағалау 1,0 0,5
АҚ, тамыр соғысын, тыныс жиілігін, дене қызуын өлшеу және интерпретациялау 1,0 0,5
Науқастың жүріс-тұрысын бақылау және қойынған сұрақтарға реакциясын бағалау, спонтанды баяндауларды, орынға, уақытқа және тұлғалық бағдарын есепке алу 1,0 0,5
Спонтанды баяндауларын интерпретациялау 1,0 0,5
Психикалық жағдайын синдромалды бағалау 2,0 1,0
Ауыр ағымды пневмониямен байланысты соматогенді психоз (аменция) диагнозын негіздеу 1,0 0,5
Дифференциалды диагностика 1,0 0,5
Қорытынды диагнозды құрастыру 2,0
Мүмкін асқынулар 1,0 0,5
Алдағы ем тактикасын анықтау 1,0 0,5
Психотикалық жағдайды жоюға арналған препараттар тағайындауды негіздеу 1,0 0,5
Психотикалық жағдайды басуға арналған препараттарды тағайындауды негіздеу 1,0 0,5
Пациентті жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау 1,0 0,5
Науқасты ары қарай емдеу және жүргізуді дұрыс таңдау 2,0 1,0


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.