Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жүріс-тұрысы



Жүріс-тұрысы

Сіз төсек жағдайында жатырсыз. Контактқа түспейсіз. Бет әлпетіңізде қорқыныш қанағаттану мимикасымен ауысады. Зейініңізді аудару қиын, тек қозу басылған кезеңдерде, сұрақтарды табанды түрде қайталап қойғанда өз есіміңізді айтасыз, қайда, қандай күн екенін, кіммен сөйлесіп тұрғаныңызды түсінбейсіз. Артынан қайтадан төсек деңгейімен шектелетін психомоторлы қозу жадайы дамиды, жоқ, қорқынышты бейнелерге жауап бере бастайсыз.

Идеялары мен ойлары: Конструктивті ойлар айта алмайсыз. Сөздеріңіз байланыссыз, мағынасыз, үзік сөздерден, дыбыстардан тұрады.

Мазасыздануларыңыз: өз жағдайығыңызға қатысты мазасыздық танытпайсыз, өйткені өзіңізбен не болып жатқанын түсінбейсіз.

Күтулеріңіз: продуктивті контакт мүмкін емес, психотикалық жағдайға байланысты өз жағдайыңызды бағалай алмайсыз.

Сезімдеріңіз:

Қорқыныш сезінесіз, денеңізден бірдеңелерді тересіз, сілкілейсіз. Өзіңізден біреулерді итересіз, қорқыныш бар. Қатты айқаймен дауыстап, жеке сөздер айтасыз: «кетіңдер», «хайуандар», осы сөздерді жиі қайталайсыз.

Стандартталған Пациентті үйрету/ ойын бойынша инструкция:

Ойын бойынша инструкция:

Ø Киімі – қарапайым, күнделікті; көңіл-күйі – қорқыныш, үрей сезінеді.

Ø Эмоционалды тақырыптар мен сұрақтарға қалай жауап қайтару керек  – пациент сөзі байланыссыз болуы қажет. Дәрігер пациент зейінін қиындықпен аударады, тек қозу басылған кезеңдерде, сұрақтарды қысқа, табанды түрде қайталап қойғанда өз есімін айтады, қайда, қандай күн екенін, кіммен сөйлесіп тұрғанын түсінбейді.

Ø Сырқатына байланысты науқастың қорқыныштары, мазасызданулары және сенімдері жөніндегі сұрақтарына қалай жауап беру керек – науқастың сұрақтарына жауап беру қажеттілігі жоқ, йткені пациентте ойлау байланыссыздығы, төсек деңгейімен шектелетін психомоторлы қозу.

Ойналуы қажет объективті симптомдар – ең алдымен ол психикалық статус: Пациент төсек жағдайында жатыр. Контактқа түспейді. Бет әлпетінде қорқыныш қанағаттану мимикасымен ауысады. Қорқыныш сезінеді, денесінен бірдеңелерді тереді, сілкілейді. Өзінене біреулерді итереді, қорғанады. Қатты айқаймен дауыстар шығарады, жеке сөздер айтады: «кетіңдер», «хайуандар», осы сөздерді жиі қайталайды. Сөзі байланыссыз, мағынасыз, үзік сөздерден, дыбыстардан тұрады. Зейінін аудару қиын, тек қозу басылған кезеңдерде сұрақтарды табанды түрде қайталап қойғанда науқас өз есімін атайды, қайда екенін, қандай күн екенін, кіммен сөйлесіп тұрғанын түсінбейді. Артынан қайтадан төсек деңгейімен шектелетін психомоторлы қозу дамиды, жоқ, қорқынышты бейнелерге жауап бере бастайды.

Ø

Физикалық көрсеткіштер: Айқын улану симптомдарына байланысты жалпы жағдайы ауыр. Санасы қарауытқан, дене бітімі астеникалық. Тері жабындылары құрғақ, бозарған, таза, эластикасы жоғалмаған. Дене температурасы 39,5 о. тынысы беткей. Кеуде клеткасы деформациясыз, пальпациялауда ауыру сезімімен, тыныс алу актына кеуде клеткасының сол жақ жартысы қатысады. ТЖ – 25 рет мин. Өкепе аускультациясында кеуде клеткасының сол жақ жартысының төменгі аймағында ылғалды майда көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары кереңделген, ритмы дұрыс. ЖСЖ – 86 рет мин. АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз, бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды, зәр шығаруы: олигоурия.

Неврологиялық статусын психикалық жағдайын байланысты анықтау мүмкін емес.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.