Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Медициналық симуляция сценарийі



Медициналық симуляция сценарийі

 «Ауыр ағымдағы пневмонияға байланысты туындаған психикалық бұзылыстың (аменция) диагностикасы»

Клиникалық есеп нөмірі: _____________________

Клиникалық детальдары:

Сіз – терапия бөлімінің кезекші дәрігерісіз. Сізді ауыр ағымда өтетін пневмониядан ем қабылдап жатқан 56 жастағы ер адамның әрекетінде ауытқулар пайда болуы себепті дереу бөлімшеге шақырды.

 

Ауру анамнезі: психика тарапынан алғашқы өзгерістер соматикалық жағдайының нашарлауы фонында дамыды: температурасы жоғарылаған, дем алғанда ауру сезімі, үдемелі ентігу, жөтел. Кешкі уақытта науқаста күшті қозу жағдайы дамыды. Әлсіздікке, бас айналуына, ентігуге, тітіркендіріштерге аса сезімталдыққа, ұйқы бұзылысына, қорқынышты түстерге, кешкі уақытта пайда болатын белгісіз қорқыныштарға шағымданды. Аталған симптомдарға байланысты дәрігер-психиатр шақырылды.

Өмір анамнезі: психикалық арулармен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Мерзімімен туылған, табиғи жолмен. Ерте даму кезеңі патологиясыз. 3 жасынан балабақшаға барған. Жеңіл бейімделген. Мектепке 7 жасынан барған. Үздік оқыған. Мінез-құлқы жауапты, батыл, еңбеккор. Өмір бойы бухгалтер болып жұмыс жасаған. Жанұясы бар: жұбайы, 2 баласы. Гемотрансфузиялар, операциялар, түберкүлез, гепатиттермен ауырмаған. 2 бассүйек-ми жарақатын алған, соңғысы – бір жыл бұрын, санасын жоғалтқан, стационарда емделген. Осы сырқаттануына дейін дені сау болған.

 

Объективті: Айқын улану симптомдарына байланысты жалпы жағдайы ауыр. Санасы қарауытқан, дене бітімі астеникалық. Тері жабындылары құрғақ, бозарған, таза, эластикасы жоғалмаған. Дене температурасы 39,5 о. тынысы беткей. Кеуде клеткасы деформациясыз, пальпациялауда ауыру сезімімен, тыныс алу актына кеуде клеткасының сол жақ жартысы қатысады. ТЖ – 25 рет мин. Өкепе аускультациясында кеуде клеткасының сол жақ жартысының төменгі аймағында ылғалды майда көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары кереңделген, ритмы дұрыс. ЖСЖ – 86 рет мин. АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз, бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды, зәр шығаруы: олигоурия.

 

Неврологиялық статусын психикалық жағдайына байланысты анықтау мүмкін емес. Психикалық статусы: төсек жағдайында жатыр. Контактқа түспейді. Бет әлпетінде қорқыныш қанағаттану мимикасымен ауысады. Қорқыныш сезінеді, денесінен бірдеңелерді тереді, сілкілейді. Өзінене біреулерді итереді, қорғанады. Қатты айқаймен дауыстар шығарады, жеке сөздер айтады: «кетіңдер», «хайуандар», осы сөздерді жиі қайталайды. Сөзі байланыссыз, мағынасыз, үзік сөздерден, дыбыстардан тұрады. Зейінін аудару қиын, тек қозу басылған кезеңдерде сұрақтарды табанды түрде қайталап қойғанда науқас өз есімін атайды, қайда екенін, қандай күн екенін, кіммен сөйлесіп тұрғанын түсінбейді. Артынан қайтадан төсек деңгейімен шектелетін психомоторлы қозу дамиды, жоқ, қорқынышты бейнелерге жауап бере бастайды.

 

Тапсырма:

Ø Медициналық қызметкерден бақылау барысындағы науқас жағдайында пайда болған өзгерістер жайында мәліметтер жинаңыз.

Ø Науқастың психикалық және соматикалық жағдайын анықтау мақсатында науқасты қарап шығыңыз;

Ø Синдромальды диагнозды құрыңыз;

Ø Емдеу және науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.