Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дипломдық жұмысы 9 страница



Жалпы жоспарды сызу үшін әдетте үлкен масштабты топографиялық карта қолданылады Содан кейін қағазға компас арқылы “солтүстік-оңтүстік” белгілері қойылады. Сосын жоспарға тұрақты нүкте қойылады, бұл нүктеден көздеу арқылы объектілер: жолдар, құрылымдар, ауыл және т.б. салынады.

Жалпы жоспарды сызу үшін әдетте үлкен масштабты топографиялық карта қолданылады. Ерекше жағдайларда екі жалпы жоспар сызуға болады. Яғни бір жалпы жоспар бүкіл аумақты қамтиды да, ал екінші жалпы жоспар бірінші жалпы жоспардың белгілі бір аумақты суреттейді.

Тәжірибеде жалпы жоспарды нақтыландыру үшін жеке жоспар өте жиі кездеседі. Жеке жоспарда мәйіт, іздер мен дәлелдеме заттар жатқан жерді суреттейді. Жоспарда үй қабырғалары мен есіктер көрсетіледі. Мәйіт силуэтпен суреттеледі. Іздер мен дәлеледеме заттар белгілі белгілермен суреттеледі.

Жеке жоспарға тек мәйіт орналасқан жер емес, сонымен қатар коридор, асхана және т.б. суреттеледі. Жеке жоспар жалпы жоспар секілді компас арқылы сызылады. Бүкіл заттай дәлеледеме мен іздер қабырғада мен полда нақты қалай жатқанын дұрыс көрсетілуі керек.

 Кей жағдайларға маман-криминалист суретке түсіру арқылы бүкіл іздерді мен объектілерді қамтып түсіруге мүмкін болмаған жағдайда, оларды жоспарға сызу арқылы көрсету мүмкін.

Сурет пен схемаларды яғни жоспарлар секілді бір масштабта көрсетілуі керек. Егер де әр масштабта көрсетілсе онда маман-криминалист объектілердің арасындағы өлшемдерін өлшеп көрсету керек.

Оқиға болған жерді қарап-тексерудің қортындысын бекіту - бұл оқиға болған жердің көрінісін дәл және толық, жан - жақты және объективті құжаттау, оның кейбір бөлшектерін алынған объектілерді, оның жағдайын және белгілерін, сонымен қатар қарап-тексеруде жүргізілген әрекеттер және алынған деректерді бекіту. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 224 - бабына сәйкес қарап-тексерудің қозғалысымен нәтижесі қарап-тексеру хаттамасында бекітіледі. Олар сонымен қатар хаттаманың баяндамасында көрсетілуі мүмкін. Қарап-тексеруді бекіту үшін келесідей тергеулік әдістер қолданылады:

1. Жазбаша суреттеу.

2. Суретке түсіру, киноға түсіру.

3. Оның бұзылмау жағдайын сақтау мақсатында объектілерді өңдеу.

4. Одан алған іздерді және белгілерді бекіту.

5. Басқа заттардағы ізді тасымалдау.

6. Заттай іздерді алу.

7. Объектілерді алу.

Іздердің жағдайын шешу қорытындысы жалпы алу жоспарымен және қарап-тексерудің нәтижесін шығаруға байланысты болады. Осыдан кейін хаттама шығаруға жататын мәліметтерді ашады. Субъектіге әсер ететін барлығын толық тәжірбиені көрсету бізге мүмкін емес. Хаттаманы толтыру қарап-тексеру кезінен бастап толтырады. Осы тергеу әрекеттің нәтижесін және қызметтік дәлелдемелердің жиынтығын реттейтін негізгі процессуалдық құжат. Хаттамада қандай өндірісте алынған барлық заттар ғылыми - техникалық құралдар және әдістерді қолдану мен жасалған барлық әрекеттер көрсетіледі.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру хаттамасында келесі мән-жайлар көрсетіледі :

1. Оқиға болған жерді қарап-тексеру қай уақытта басталғанын, қай айда, күні, уақыты, қай уақытта басталып, қай уақытта аяқталғаны.

2. Қарап-тексеруді жүргізген адамның қызметі, атағы, аты- жөні, қызметі (қай органда жұмыс істейтіні) сонымен осы әрекетке қатысқан басқа мамандардың аты - жөні.

3. Айғақтардың мекен - жайы және аты жөндері.

4. Осы әрекетке қатысушылардың аты -жөні, егер олар бізге қажетті болса мекен-жайын алып қалу керек.

5. Осы іс - әрекетті қылмыстық процестік кодекске сүйене отырып қарап-тексеруді жүргізу.

6. Осы қарап-тексеруді жүргізген кездегі ауа - райы, күйі.

Осы әрекетке қатысушылардың барлығына міндеттері, құқықтары түсіндіріледі, ал арнайы мамандарға оларға құқықтары түсіндіріліп, егерде жалтарса жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі.

Сипаттама бөлімінде келесі мән - жайлар көрсетіледі :

- мінездеме, оқиға болған жер қай жерде орналасқаны және шекараларын бекіту;

-  алқаптың және тұрғын жайдың қалай орналасқаны;

- оқиға болған жерден табылған заттарға оларды қалай табылғанына, олардың жағдайы, өлшемі негізгі ерекше белгілеріне мінездеме беру.

Қорытынды бөлімінде келесі мән - жайлар көрсетіледі :

- жоспарды, нұсқау және суреттерге арнайы бұйрықтарды құру;

- оқиға болған жерден алынған заттардың қайда жіберілгені немесе кімде сақталып жатқаны туралы;

- қандай іздерді, қандай әдіспен, қандай техникалық құралдарды пайдаланып алынғаны туралы. Оқиға болған жерді қарап-тексеру фотоға түсіру, бейнеге түсіру, сонымен сөз жазып алу апараттарын қолдану туралы. Сонымен қатар фотоапаратты жазған кезде суретке түсірген объектінің атын оның модельін, объективтің маркасын, жарықтың түрін фото және бейнеге түсіру пленкалардың аты, олардың сезімталдығы, және суретке түсірудің әдісі, осының бәрі жазылады.

Оқиға болған жерді қарап-тексеруге қатысушылардан келіп түскен арыздар оларға қандай шешім қабылдағаны туралы осы құжаттар жеке тергеулік құжат болып есептеледі.

- Қарап-тексеруге қатысқан адамдар хаттаманы оқығаны туралы көрсету.

- Тергеушінің және маман-криминалисттің, сонымен қоса тергеу әрекетіне қатысушылардың қолы, егер осы хаттамаға қол жазбасы қойылмай кетсе, онда ол дұрыс емес құжат болып саналады.

Хаттаманы толтырған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға түгелімен барлық нәрсенің қалай орналасқанын, қалай болғаны туралы көрсету керек. Біз осы хаттаманы қарастырған кезде біздің оқиға болған жерге көз алдымызға елестетілу керек.

Сол мақсатпен :

- Хаттамаға нақты және түсінікті объекті туралы жазылады;

- Хаттамада жалпы сөйлемдермен терминдер қолданылады;

- Әр объектіге хаттаманың аяқталғанға дейін бір термин қолданылады;

- Әрбір объектіні қарастырған кезде жалпыдан, жекеге қарай қарастырамыз.

Хаттамада сонымен қатар әр іздің қалай табылғаны және қай жерден табылғаны көрсетіледі. Хаттамаға мән - жайларды жазған кезде міндетті түрде схемамен жоспар көрсетілу керек. Ал осы қарап-тексерумен бірге басқа әрекеттерді жеке бөлек толтырамыз. Қажет болған жағдайларда қаралған объектілерге өлшеу жүргізіліп, олардың жоспарлары мен сызбанұсқалары жасалады.

 Сондай - ақ суретке түсіру және өзге құралдар мен бейнелеу жүргізіледі, бұл туралы хаттамада белгі қойылып, оған аталған материалдар қоса тігіледі. Қарап-тексеруге қатысушы адамдар тергеушінің назарын өз пікірлерінше істің мән - жайын анықтауға ықпал ететін жәйіттің бәріне аудару керек [33, 38]

Қарап-тексеру нәтижелерін процессуалды құжаттандыруды криминалистика саласына еңбегін сіңірген ғалымдардың бірі Е. Жәкішев айтқандай қандай болмасын қарап-тексеруді алмасақта тергеу барысында анықталған мәселердің, табылған айғақтардың дәлелдеме есебінде іске тіркелуі оның қорытындысының заң жүзінде дұрыс және толық бекітілуімен тығыз байланысты.[ 34, 20]

Ал осы қарап-тексерудің барысын және қорытындысын бекіту тәсәлдері жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Бекітудің жалпы тәсілі дегеніміз - жалпы қарап-тексерудіңкөрінісін толық көлемде бекіту болса, жеке тәсіл - қарап-тексеруүстінде табылған іздердің үлгісін алу және айғақ заттарды бекіту.

Бұл кейінгі айтқан жеке бекіту не басқаша айтқанда құжаттандыру амалдары жалпы бекітумен қамтылатын болғандықтан, бұл жұмыста қарап-тексерулерді бекітудің жалпы түрлері қаралады.

Тергеулік қараларды процессуалды құжаттандырудың ең негізгі және заңда нақтылап көрсетілген түрі - хаттама жазу. Хаттаманы толтыру үстінде анықталған барлық жағдайлар, табылған және алынған іздер айғақ заттар толық, объективті түрде белгілі бір кезекпен жазылуы тиіс деп кеткен ғалым Г.А.Абдумаджитов [35, 33]

Ал хаттаммаға келетін болсақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 199 - бабына сәйкес хаттама үш бөлімнен тұрады. Бірінші, кіріспе бөлімінде тергеу әрекетін, яғни қарап-тексеруді қай күні және қай уақытта, кімдердің қатысуымен қаралғандығы, қарап-тексеруді жүргізген мекен-жай (не орналасқан жері) қаралған объектілері, қарап-тексеру қандай жағдайда қаралғандығы туралы мәліметтер жазылады. Сонымен қоса оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейін дәл, тергеушінің лауазымы мен аты - жөні жазылады.

Екінші, бейнелеп жазу бөлімінде қаралатын жердің ерекшелігі, үй ( пәтер) болса неше бөлмеден тұратыны, бөлмелердің орналасуы, есігінің қай жақта екендігі, терезелерінің қай қабырғаға қондырылғандығы тағы басқа ерекшеліктері толық жазылуы тиіс.

Қаралған объект сол қаралу ретімен хаттамаға тіркеледі, қаралған заттардың орналасқан орны осы жердегі тұрақты бір объектіге байланыстырылып, яғни осы объектіден қанша жерде тұрғандығы көрсетіледі.

Мысалы, мәйіт жатқан диван оң жақтағы қабырғаның бойында, шығыс қабырғадан 2 м жерде тұр деп көрсетілуі керек. Мәйіт бөлменің ортасында, еденде жатса оның жатқан орны төрт нүкте бойынша белгіленеді. Айталық : мәйіттің басы оң жақтағы қабырғадан 1.5 м, шығыс жақтағы қабырғадан 2 м, ал созылып жатқан оң аяғы (екі аяғы да созылып жатса аяғы деп көрсетіледі ) сол жақтағы қабырғадан 3 м де, батыс қабырғадан 1.3 м деп көрсетілуі тиіс. Қарап-тексеру үстінде табылған іздер, айғақ заттардың табылған жері, осы объектілердің нысаны, өлшемі, жағдайы хаттаммаға толық сипатталып жазылуы қажет. Егер көзге көрінбейтін іздерді іздеп табуға арнайы әдіс, құрал - саймандар қолданылған болса, олар да хаттаммаға міндетті түрде енгізіледі.

Жоғарыда айтылғандай, қар үстіндегі іздерді бекітуге айталық, олардың үлгісін алу үшін жеке бекіту әдістері қолданылса, олар да хаттаммада толық көрсетілуі керек.

Үшінші бөлімінде қорытынды бөлімі орын алады, онда қарап-тексеру үстінде қандай заттар айғақ зат ертінде алынғандығы, осы хаттаммаға қандай қосымша бекіту әдістері қолданылғаны көрсетіледі. Айталық оқиға болған жердің кестесі сызылып, объектілер фотосуретке түсіріледі . Егер оқиға болған жерде мәйіт табылса, оның қай мәйітханаға кім арқылы жіберілгендігі жазылуы керек. Хаттамманың соңғы жағында қарап-тексеруге қатысқан адамдардан наразылық не тілек - өтініштердің түскен - түспегендігі көрсетіледі.

Хаттамаға қосымша оның кей жерлерін нақтылап көрсету үшін, мысалы оқиға болған жердің кестесі сызылады. Кестеде оқиға болған жердің жалпы көрінісі түсіріліп, ондағы әр объектінің орналасуы, олардың ара қашықтығы кестелі түрде бейнеленеді, кестеде оның белгілі өлшем көлемі, оңтүстік не солтүстік бағыты көрсетіледі.

Оқиға болған жердің жалпы көрінісін және ол жердегі жеке объектілердің орналасуын иллюстрациялап, нақтылап көрсету үшін қарап-тексерукезінде арнайы сот - фотографиясының әдістерін қолдану арқылы бұл жер фотосуретке түсіріледі. Бағдарлап және жалпы шолу әдістерімен оқиға болған жердің көрінісі толық қамтылып түсірілсе, түйінді және бөлшекті әдістермен жеке объектілер, іздер, айғақ заттар түсіріледі.

Осындай әдістермен алынған фото құжаттар хаттаманың орнына дәлелдеме есебінде емес, тек хаттамада банядалып жазылған жағдайды нақтылап иллюстрациялау үшін керекті қосымша дәлелдеме есебінде ғана пайдаланылады. [36, 79]

 

 

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

 

Көрсетілген жұмыс алға қойылған мақсаттардың барлығын қамтуы мүмкін емес. Сондықтан, қандай қылмыс болмасын оның аумағына, көпжақтылығына, ауырлығынына және жекелігіне байланысты жүргізіледі. Оқиға болған жерді қарап-тексеру барысында маман-криминалист болу керек. 

     Оқиға болған жерді қарап-тексеру тергеу әрекеті тәжрибеде жиі кездесетін және кеңінен қолданылатын процессуалдық әрекет. Қандай қылмысты болмасын тергеу барысында оқиға болған жерді қарап-тексеру басты тергеу әрекеттің бірі болып табылады. Өйткені, қылмысты ашуда қолданылатын жеке дәлелдемелерді алудың бір формасы – оқиға болған жерді тергеу әрекеті болып табылады. Сол себепті, аталған процессуалдық әрекет  маман-криминалисттан теориялық біліктілікпен қатар, психологиялық дайындық пен тактикалық шеберлікті талап етеді. Ендеше, аталған дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу пәні болуының практикалық ерекше мәні бар және ол мәселелер қарастырылды деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік пәні тергеу әрекеттерін жүргізуді оның ішінде оқиға болған жерді қарап-тексеру тергеу әрекетін дәлелдер жинаудың басты әдісіретінде қарастырады. Сондықтан оқиға болған жерді қарап-тексеру Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінде көрсетілген тергеу әрекеттері келесі белгілерге сай келеді:

- қылмыстық icтiң қозғалуымен ғана сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында жүргізіледі (оқиға болған жерді қарап-тексеруді бұған дейінрұқсат етіледі);

- заңмен осыған өкілет берілген лауазымды тұлғалармен жүргізіледі;

- қылмыстық процестік заңнамасында оны жүргізудің негізделуі мен ic жүргізу тәpтiбi көрсетілген;

- оларды жүргізгенде ic бойынша дәлелдемелер болып табылатын мәліметтер анықталады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексіндегі қарап-тексеру тергеу әрекетінің түрлерінің ішінде оқиға болған жерді қapayға ерекше орын берілген. Бұл оқиға болған жерді қарап-тексеруді жүргізу шеңберінде барлық басқа тергеу қарап-тексерулері жүзеге асуы мүмкін, әйткенмен олар өз алдына жеке тергеу ic-әрекеттері ретінде жүргізілуі мүмкін.

Аталып өткендей қылмыстық процестік  кодексінде оқиға болған жерді қарап-тексеруді қылмыстық ic қозғалғанша жүргізе алатын ic жүргізу тәртібіне ие. Тергеу тәжірибесі осындай норманың негізділігі туралы айтады. Мысалы, ерекше жағдайларда (адам өміріне қауіп төнерде) қарап-тексеруді куәләрдің қатысуынсыз бipaқ тіркеудің техникалық құралдарын қолдана отырып жүргізуге рұқсат беретін норманы қосады.

Бip жағынан бұндай шартты қабылдау оқиға болған жepдi қарап-тексеру кeзiндe жиналған дәлeлдeмeлepдiң шынайылығына күмән кeлтipeдi. Олардың қадағалауымен болған ic-әрекеттердің нәтижесі мен мазмұны куәлендірудің ic жургізу міндетті eмeci сол куәлердің мойнында. Оқиға болған жepдi қарап-тексеру кезінде куәләрдің болмауы оқиғалардың жүргізілуінің шынайылығына күмән келтірілсе сот тepгeушінi және қарап-тексерудің басқа қатысушыларын «куәгерлер» ретінде сотқа шақырады.

Куәгер қатыспаған оқиға болған жерді қарап-тексеруді тipкey құралдарының iшiндe ең дұрысы бейне түcipy болып табылады. Ол оқиға болған жердегі жағдайды және қарап-тексеруді жоғары дәрежеде бейнелеуге мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының қызметіне бейнеүлбірді жөндеу мүмкiндiгiн жоққа шығаратын бейне аппаратураны ойластырып, енгізуге болады. Мұндай жағдайда оқиға болған жерді қарап-тексеруді куәләрсіз жүргізе беруге болады.

Қарап-тексерудің шынайы жүргізілгеніне күмәнданатын адамдарға қылмыстық процестік кодексіндегі сот алдында оқиға болған жерді қарап-тексеруді қайталауға арыздануға мүмкіндік берілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясы сот шешімімен немесе заңды белгіленген тәртіппен ғана біреудің тұрғын жайына ондағылардың еркіне қарсы кіpyгe рұқсат береді. Осыған байланысты қылмыстық процестік кодексіндегі тұрғын жайды қарап-тексеру сонда тұратын адамдардың келісімімен немесе сот шешімінің негізінде жүргізіледі. Егер тұрғын оқиға болған жерде болып табылса және оны қарап-тексеру уақыт күттірмесе онда сотты бip сөткенің ішінде хабардар ете отыра тepгeyшiнiң қаулысымен жүзеге асырыла береді.

Сонымен тұрғын жайға салмақты қажеттіліксіз қарап-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаудың күрделі ic жүргізу формасы қалыптасады. Соңында бұл манызды орны толтырылмайтын дәлeлдeмeлepдi жоюға әкеледі. Сонымен қоса соттардың мойнында тағы бip міндет бар.

Қaзipгi жағдайда сапаршылардың тапшы кeзiндe, қаладан алыс ауылдық жерлерде сараптама жүpгiзyдiң қиындықтары тууы мүмкін. Иә, оқиға болған жерді қарап-тексеруге маман peтiндe қатысқан сарапшы сараптаманы аз қиындықтармен жүргізе алады. Оқиға болған жер жағдайын қабылдай алу, оқиға болған жер іздepi мен oбъeктiлepдi алдын ала зерттеуге тiкeлeй қатысу сараптама нәтижесіне оң ceптігін тигізуі мүмкін, ол өз кезегінде қосымша және қайталама сараптама жүргізу қажеттілігінен құтқарады.

Жалпы айтқанда тергеу әрекеттерінің ішінде қарап-тексерудің тәжірибе жүзінде алатын орны ерекше және маңызы деуге әбден болады. Біз осы тергеу әрекеттері, яғни қарап-тексеру тергеу іс-әрекеттері арқасында, яғни атап айтқанда оқиға болған жерді қарап-тексеру, адам мәйітін қарап-тексеру, заттар мен құжаттарды қарап-тексеру, ашық алаңды қарап-тексеру сияқты тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасы мен тиімділігін арттырып істің жан-жақты, объективті, толық әрі мақсатты зерттелуіне, сотқа дейінгі жиналған дәлелдемелердің заңды күші арта түсері сөзсіз.

Сонымен қоса бұл қорытынды бөлімінде тағы айта кететін жай осы жоғарыда айтылған тергеу әрекеттері жүгізу барысында азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының бұзылмауына, заңды мүдделерімен меншіктеріне заңсыз қол сұқпау керек екенін әрдайым жадымызда ұстаған жөн.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Е. Ф. Коновалов. Осмотр места происшествия. Минск., 1987.10-бет.

2. ҚР-ның  ҚІЖК-сі. Алматы., Жеті - Жарғы. 1998 ж. 7бет.

3. В. М. Николайчик .»Следственный осмотр вещественных доказательств ». Москва ., 1968. 8-бет.

4. М.С. Строгович. «Курс советского уголовного процесса »Москва., 1958.290- 296 б, 102-105 бет.

5. Н.В.Терзиев. Некоторые вопросы следственого осмотра места проистшествие. ВЮЗИ., 1955.4-бет.

6. С. П. Ефимичев, Н. И. Кулагин, А. Е. Ямпольский «Следственный осмотр »- Волгоград., 1983.6-бет.

7. ҚР-ның ҚІЖК-сі. Алматы., Жеті - Жарғы. 1998 ж.

8. Е. Тілеубергенов. «Криминалистика » - Алматы ., 2002.7-бет.

9. Л. В. Виницкий. « Осмотр места происшествия: организационные, процессуальные и тактические  вопросы ’. Караганда., 1986.13-бет.

10. Криминалистика.II- том. Под. ред. Р.С. Белкина. Москва., 1980.74-76 б.

11. Е. Жакішев. « Криминалистік тактика ». Алматы., 1997.18-20бет.,56-58 б.

12. В. П. Колмаков. «Следственный осмотр». Москва., 1969.52-55-бет.

13.Криминалистическая тактика. Под. ред. д.ю.н. В.П. Лаврова., Караганда.,1999.37-бет.

14. В.П. Ципковский .»Осмотр места происшествия и трупа на месте его обнаружения ». Киев., 1960.5- бет.

15. Ю.С. Сапожникова. Первияный наружный осмотр трупа места его обнаружения. Киев.,1940.

12-15-бет.

16.Ф. К. Диденко. «Применение научно - технических средств и методов при осмотре места происшествия ".Ярославель., 1989.123 -бет.

17. А.Я. Гинзбурк. «Осмотр места происшествия. Освидетельство.».Алматы.,1997. 45-бет.

18. Ю.Д. Федоров. «Логические аспекты  осмотра места происшествия». Ташкент., 1987.35-бет.

19. Р.С. Белкин. «Собирание, исследование и оценка доказательств ». изд-во «Наука », 1966. 66-68 бет.

20. М. Евгеньев. «Методика и техника расследования преступлений » Киев ., 1940. с.79.

21.Справочник следователя. Осмотр места происшествия.Под.ред.Леви А.А.Москва.,1982.56-бет.

22. М.А Арыстанбеков., А.О Шакенов. Криминалистика. Қарағанды ., 2003. 35-38 бет.

2З. А. Ковальчук . «Криминалистическая  исследования поврежденных документов ». Киев .,1965. 25-бет, 45-бет.

24. М. Евгеньев . «Методика и техника расследования преступлений » Киев ., 1940. 79-бет.

25.Б.М. Нұрғалиев "Организованная преступная деятельность "Караганда.,1997.56-бет

26.Р.Х. Якупов "Угловный процесс" Учебник под ред. Галузо В.Н. М-  

27.1999. 464 бет.

28.Г.А.Абдумаджитов "Проблемы совершенствования предварительного

29.следствия ".Ташкент.,1975. 231-233 бет.

30.Облаков А.Ф., Темирбаев А.Г., Организация и тактика осмотра места происшествия. Хабаровск, 1992

31.Гинзбург А.Я. Осмотры места происшествия. Освидетельствование. Алматы, 1998

32.Леви А.А. Осмотр места происшествия: справ. следователя. Москва, юрид. лит. 1982

33.Гордон Э.С., Кравец С.П. Осмотр места происшествия. - Ижевск, 1993. 87ст.

34. Леви А.А. Осмотр места происшествия: Справ. следователя. - М.: Юрид. лит., 1982. – 270 б:

35.Бабаева Э.У. Справочник следователя: Вып.2: Практическая криминалистика: расследование отдельных видов преступлений. - М.: Юрид. лит., 1990. – 591б.

36.Корухов Ю.Г. Криминалистическая диагностика при расследовании преступлений. - М.: ИНФРА-М: Норма, 1998. – 283 б.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.