Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дипломдық жұмысы 6 страница



 

 

2.2. Қарап-тексеру ситуациясын ескере отырып оқиға болған жерді қарап-тексеруге маман-криминалистің қатысу ерекшеліктері.

 

Оқиға орынын қарап-тексерудің жалпы міндеттері- болған оқиғаның мән-жайын анықтау.

Терегу әрекеттерін жүргізген кезде маман-криминалистер техникалық құралдар мен криминалистикалық әдістерді білікті қолдану қажет етілген жағдайларда тартылады.

Маман-криминалисттің оқиға орынын қарап-тексеру кезіндегі міндеттері:

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмысты жасау тәсілін және қылмыскердің әрекеттерін анықтауда көмек көрсету;

- Іздерді және тергеп-тексерілетін оқиғаға қатысты заттарды табу,бекіту және алу;

- Қылмыкер қалдыруы ытимал іздерді, заттарды, материалдарды, нәрселерді іздестіру ақпаратын алу және осы объектілердің зерттеуге жарамдылығы туралы уралы мәселені шешу;

- Арнаулы білімнің көмегімен алынған, қылмыскердің белгілері, дағдылары туралы мәліметтерді және басқа да оны сипаттайтын деректердің ізін суытпай іздестіруде қолдану үшін бағыттама қосу;

- Қылмысты тергеп-тексеруге бағытталған болжамдарды құру мақсатында қарап-тексеру қорытындысын жасауға қатысу.

    Атап көрсетілген жеке міндеттерді шешу басты міндетті-болған оқиғаның нақты көрінісін құруды шешуге мүмкіндік береді.

    Маман-криминалисттің оқиға орынын қарап-тексеру кезіндегі әрекеттерінің кезеңдері мен сатылары.

    Криминалистикада оқиға орынын қарап-тексерудің келесі кезеңдері ажыратылады : дайындық (СДТТ-ді жүзеге асыратын адамның қарап-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдау сәтінен бастап оқиға орнына шығу және ішінара ол жерге жеткенге дейін), жұмыс (оқиға орынының өзін жалпы және жан-жақты қарап-тексеру) , қорытынды (тергеу әрекетінің барсы мен нәтижесін бекіту).

Дайындық кезеңінде оқиға орынын қарап-тексеру кезінде келесі сатыларды бөліп көрстуге болады: тергеу әрекеттеріндегі өз міндеттерін айқындауға қажетті шектерде жасалған қылмыстың мән-жайларымен танысу; туындаған оқиғаны талдау және бағалау; оқиғаны зерделеу нәтижелерінің негізінде нақты жағдайда қарап-тексеруге қажетті ғылыми-техникалық құралдар тізбесін анықтау және олардың дайындығын қамтамассыз ету; СДТТ-ді жүзеге асыратын адаммен іздерді және өзге де материалдық объектілерді табу, бекіту және алу жөніндегі әрекеттердің шарттары мен ретін келісу. Оқиға орынын қарап-тексеруді өткізетін адамның тарапынан қарсылық болмаған жағдайда әрекет ету жоспары бойынша оны орындауға кіріседі.

    Оқиға орынын қарап-тексерудің жұмыс кезеңі 2 сатыдан тұрады- статистикалық және динамикалық. Бірінші сатыда маманға қарап-тексеру шектерін (олар бағдармен анықталады, әрі қарай кеңеюі мүмкін); қылмыскерледің келу, кет жолдарын; қарап-тексерудің басталу нүктесі мен оның ретін (қарап-тексеру тәсілін); қарап-тексеру кезінде қолданылатын әдістер мен құралдарды; фототүсірілім немесе бейнежазба жасайтын жерлерді анықтап алу қажет.

    Қарап-тексеру шектері белгілі (пәтердің, бөлменің париметірімен сызылған) және оқиға жергілікті учаскеде болған кезде белгісіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда қарап – тексеру шектерін анықтаған кезеде қылмыстық оқиғаға қатысы бар іздер болуы мүмкін деген жерлер ескерілед. Қылмыскердің келген және кеткен жерлерін міндетті түрде ескеру керек.

    Бұдан әрі маман-криминалист (бейнежазба) жасайды, оқиға орынының жағдайын, іздер мен объектілердің сырқы түрімен өзара орналасуын зерттейді.

    Фототүсірілім ретін, бекіту объктілерін таңдауды, фототүсірілім тәсілдерін маман-криминалист озі белгілейді, алайда қарап-тексеруді өткізетін адамның талабы бойынша ол оған көрсетілген объектілердің қосымша фототүсірілімін жасауға міндетті.

    Қарап-тексеруден бұрын қарап-тексерудің барынша тиімді тәсілі тандалады. Криминалистикада концентрлі, эксцентрілі және фронтальды тәсілдер әзірленген.

    Өлшемдерді жасау ережелері: өлшемдер базалық (тұрақты) бағдарлардан жасалады; өлшемдер жасалған заттардың нақты нүктелері көрсетіледі; барлық өлшемдер бірдей өлшем бірліктерімен жасалады.

    Қарап-тексеру объектілерін бекіту кезінде келесі әдістер қолданылады:

- Тікбұрышты кординаттар әдісі (бекітілетін объектілердің орналасқан жері бекіту жүргізілетін объектілерден қабырға, базалық сызық және т.с.с); қайта қалпына келтірілген екі перпендикулярдың осы объектілердің шеткі нүктелеріне  дейінгі ұзындығын өлшеу арқылы анықталады;

- Үшбұрыш әдісі (қозғалмайтын бағдарлардан бастап бекітілетін объектінің шеткі нүктелеріне дейін өлщенеді, бұрыштарының өлшемедері жоспарға енгізіледі);

- Таңба қою әдісі (жақын жерде бекітетін объект болмаған жағдайда алыс қашықтытағы бағдарларға шартты таңба қойылады, ол оқиға орынына қойылып, өлшемдер жасау үшін бағдар болады).

    Динамикалық сатыда маман-криминалист ақпараттық-іздестіру әрекетін жүзеге асырады, бұл ретте барлық объектілер жан-жақты зерттеледі және динамикалық сатылардың арасында шектер аса болмайды, олар кезетестіруге болады, яғни объект статисткалық күйде бекітіледі, содан кейін динамикада жан-жақты зерттеледі.

    Іздердің қылмыс оқиғасына қатысы және оларды алу дұрыстығы туралы мәселені шешу мақсатында оқиға орынында оларды алдын ала зерттеген жөн. Іздерді алдын-ала зерттеу нәтижелері оқиға орынын қарап-тексеруді жүргізген адамға және құқық қорғау органының жедел қызметкеріне мәлімет үшін жеткізіледі. Іздерді алдын-ала зерттеу барысында оларды бұзатын зерттеу әдістерін қолдануға тыйым салынады.

    Қортынды кезенде маман-криминалист СДТТ-ді жүзеге асыратын адамға оқиға орынын қарап-тексеру кезінде алынатын объектілермен іздерді буып-түюге көмек көрсету керек.

    Оқиға орнын қарап-тексеру аяқталған соң жедел-криминалистикалық бөлініс органына келгенде маман-криминалист: оқиға орынын қарап-тексеру хаттамасына фотосуреттер кестесін дайындап; нормативтік құқықтық және өзге де құқықтық актілерде белгіленген тәртіпте оқиға орынынан алынған қол іздерін тексереді.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру екі кезеңге бөлінеді және осыған байланысты арнайы әдіс - тәсіл қолданылады. Тергеу әрекеті  оқиға болған жерді жалпы шолып қарап-тексеруден басталады да, бұл қарап-тексерудің бірінші кезеңі деп саналады. Оқиғаның түйінді жері дегенге іздердің, айғақ заттардың неғұрлым көбірек шоғырланған жерлері жатады.

Жалпы қарап-тексеру бағыттама алу мақсатында оқиға болған жерді жалпы қарап-тексеруден басталады. Қарап-тексеру аумағына жататын шекараны анықтау, қарап-тексеру тәсілін таңдап алу туралы шешім қабылдау, оны рет - ретімен анықтау содан кейін маман-криминалист қатысушылармен бірге оқиға болған жерде қандай объектілер бар екендігін анықтайды, жағдайға қатысты барлық сұрақтар кешенін зерттейді, осы жағдайлардың бір-бірімен ара қатынасы мен байланысын анықтайды, олардың сыртқы түрін оқып - біледі, оқиға болған жерде табылған барлық заттарды фотоапараттың көмегімен бекітеді. Қарап-тексеру хаттамасына қатысты сызбанұсқа, жоспар және сызбалар құрады. Жалпы қарап-тексеру аяқталған соң маман-криминалист жеке қарап-тексеруге көшеді. Осы уақытта ол:

- объектілерді мұқият және детальді түрде қарайды. (осы мақсатта олар орындарынан қозғалтылады, аударылуы мүмкін );

- оқиға болған жерде қылмыскерді іздестіруге, объектіде қалған қылмыс іздерін табуда барлық шараларды қолданады;

- іздер қалған объектілер іздерімен бірге алынады, объектілерді алуға болмайтын болса, олардың көшірмелері алынады;

- заттардың негативті белгілі жағдайлары бекітіледі;

- жалпы қарап-тексерудің мәліметтері тексеріледі;

- жалпылай және жеке фотоға түсірулер жасалынады.

Криминалистикада қарап-тексеру - бұл ситуациялық жағдайларға байланысты, оқиға болған жердің ортасынан не шетінен басталады. Сонымен қатар, оқиға болған жерді сүзе толық алға қарай, бір бағытта қарап-тексеру әдісі де қолданылады.

Оқиға болған жердің шетінен бастап, спиральдық әдіспен оның ортасына қарай жүргізілетін қарап-тексеруді орталыққа шоғырлану концентрлік әдіс дейміз.

Оқиға болған жердқарап-тексерудің екінші кезеңінде жердегі әр объект бөлшек - бөлшегімен, жеке - жеке қаралып зерттеледі. Мұндай жағдайда әр объект орнынан қозғалып, басқа жерге қойылады, осындай қозғалмалық әдістер қолданғандықтан бұл қарап-тексеру кезеңінде қолданылатын әдістерді серпінді (динамикалық) әдістер дейді.

Осы аталған оқиға болған жерді қарап-тексеру тәсілдеріне қысқаша тоқталатын болсақ. Біріншісі концентриялық әдісте қарап-тексеру кезінде сырттан бастап оқиға болған орынның ортасына қарай қарап-тексеру жүргізіледі. Бұл әдісте көбінесе ең қажетті объект ортада орналасқан жағдайда жүргізіледі. Мысалы, мәйіт, сынған сейф және тағы басқа немесе шартты нүкте болып табылады. Бұл әдіс осындай іске маңызды объектілерді оқиға болған жерді қарап-тексеру барысында өз тиімділігімен ерекшелінеді.

Сонымен қоса келесі оқиға болған жерді қарап-тексеру тәсілі ол эксцентриялық әдіс болып табылады. Бұл әдіс керсінше спираль тәрізді ортадан, сыртқа қарай бағытталып қаралады. Мысалы, оқиға болған жерге келген кезде оқиға болған жерді қарап-тексеру пәтерде жүргізілсе. Бір бөлмеде қарап-тексеру ыңғайлы болған жағдайда ортадан, сыртқа қарай қарап-тексеру жүргізіледі.

Ал енді үшінші әдісі фронтальді әдіс. Бұл әдіс көбінесе оқиға болған жер жол бойында немесе иесіз далада болса осы әдісті қолдану арқылы жүргізіледі. Яғни бұл әдіс бір бағытқа бағытталады.

Осы әдістерді әрдайым біреуін қолдану туралы ереже қалыптаспаған. Бұл сұрақты нақты іс жағдайына байланысты шешеді. Қарап-тексеру тактикасы тек қандай қарап-тексеру тәсілін таңдау туралы нұсқау беруі мүмкін. Мысалы үшін, қандайда бір бөлмені қарап-тексеру кіре берістен, ішке қарап-тексеруге түсініктеме береді, яғни концентриялық әдіспен қарап-тексеру деген сөз. Ал ашық алаңдар қаралған кезде көбінесе бір бағытта не, ортадан сыртқа қарай қарап-тексеруыжүргізіледі. Сонымен қоса бұл әдіс қаралатын аумақ үлкен және оны бірнеше бөліктерге бөлуге болатын кезде қолданылуы әбден мүмкін.

Бұл әдістердің осындай өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Осындай әдістерді қолдану арқылы біз өзімізге қажетті, іске маңызды дәлелдемелерді жинап, оны зерттеп оған дұрыс баға беруімізге мүмкіндік туғызады. Осы аталған әдістерден басқа заң әдебиеттерінде кей кезде қарап-тексерудің басқа әдістері қолданылады. Оларды субъективтік және объективтік әдіс деп атайды. Оқиға болған жерде субъективтік әдіс арқылы қараған кезде маман-криминалист қылмыскердің, яғни қылмыстың субъектісінің жүрген қимылдарымен жүріп зерттейді. Оның көз алдында қалыптасқан орта өзгеріп  қала береді, олар қылмыстың жасалуына, қылмыскердің әрекетіне тым байланыссыз болуы мүмкін.

Факті бойынша бұл әдіс оқиға болған жерді қарап-тексерудің жеке қарап-тексерудің жеке элементтері ретінде алынуы мүмкін. Ал объективті әдісте қылмыскердің әрекетіне тәуелсіз барлығы жалпылай қаралады. Ал отандық криминалистикалық оқулықтарда объективті әдістің тиімділігі туралы айтылады. Менің де ойым бойынша бұл әдістің оқиға болған жерді қарап-тексерудегі тиміділігі мен қажетілігі бар.

Оқиға болған жердің жоспарымен нұсқауында оқиғаның қалай болғаны көрсетіледі. Олар хаттамамен бірге түсінік береді. Оқиға болған жер қай жерде орналасқаны, заттардың қалай орналасқаны және тағы басқасы. Негізгі ереже бойынша жоспардағы сурет үстіне салынып көрсетіледі. Ол сол жерде іздердің қабырғада, төбеде қалай орналасқанын көрсетеміз. Жоспарлар :

1. Бағыттамалы.

2. Айналмалы.

3. Шартты.

4. Детальды болады.

Бағыттамалы дегеніміз - оқиға болған жер қай жерде орналасқаны. Айналмалы оқиға болған жерді толығымен бекіту. Шартты оқиға болған жердің жеке бір аумақтарын белгілеу. Детальды жеке іздердің түрі және заттары көрсетіледі.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру үстінде анықталған мәселелердің, табылған айғақтардың дәлелдеме есебінде іске тіркелуі оның қорытындысының заң жүзінде дұрыс және толық процессуалды түрде бекітілуі тиіс.

Алдын ала зертеуді нәтижелі жүргізу үшін бірнеше ғылыми әдістемелер ойластырылған:

а) қол іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;

б) аяқ іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;

в) бұзу қаруларының іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;

г) көлік құралдары іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;

д) қан іздерін алдын-ала зерттеу әдістемесі;

е) бойды, жасты, алақанның ерекшеліктерін жобамен анықтайтын;

ж) оқиға болған жерде болған адамдардың саны, олардың жынысы, қозғалу бағыттарын, жүріс ерекшеліктерін, мүмкін бойларын, аяқ - киім белгілерін жобамен анықтайтын;

з) қолданылған құралдың түpi мен тегін, оның жұмыстық бөлігін, қаруға бөгет болған заттарды, мүмкін бойы, бұзған адамның кәсіпқойлық және дене ерекшеліктерін шамамен анықтайтын;

и) автокөлік құралының түpiн, маркісін, моделін, ондағы бар ақауларды, қозғалыс бағытын, тоқтаған жерлерін жобамен анықтайтын әдістеме;

к) уақыт өте келе қанның түci қою қызылдан, қою сұрға, ал шірігенде жасыл түске ауысады, ол өз кезінде онын оқиға болған жерде қашан пайда болғанына септігін тигізеді.

Оқиға болған жерді қарап-тексерудің оң нәтижелілігі көбінесе маман-криминалисттің оны жүргізуге қалай дайындалғандығынан көрінеді. Алдын-ала оқиға болған жердің жағдайын ахуалын білу қиын. Оқиға болған жердегі кездейсоқтықтар оған өте мұқият дайындалуды талап етеді [19, 58].

Белгілі бip заттар ұрланған жер аумағын қарағанда келесілерді анықтап алған абзал: не ұрланды (заттар тiзiмi, олардың ерекше белгілері); жасалған ic-әрекеттер көлеміне қарай отыра қылмыскерлер ұрлық орнында қанша уақыт бөгелді және олар құнды заттардың қайда екенін білді ме; қылмыскерлер ұрлық орнында қандай іздер қалдырды, ұрлық орынын қылмыскердің денесінде, киімінде қандай заттар ілінген; оқиға болған жерге қылмыскерлер қандай өзгешеліктер әкелді; күзет дабылы бар ма, болса істеді ме; ұрлық жерінде қылмыскерлер алған заттардың бөліктері бар ма, қажет болса солардан қалған бөліктер зерттеуге және алынуға жатады; ғимаратта материалдық құндылықтарды тipкey құжаты бар ма, болса қандай жағдайда (жыртылған, өртелген).

Қарап-тексеру кезінде ұрланған заттардың белгілері, номерлері анықталса аудандық, қалалық ішкi icтep бөлімдеріне хабарлау қажет. 

Қылмысты ашуға қатысушы қылмыстық іздеу қызметкерлеріне, ұрланған заттарды өткізу кезінде кінәлілерді ұстау туралы тапсырма бepілyi қажет.

Егер ұрлық заңды тұлға иеленетін жерде жасалса онда қарап-тексеруден кейін есептеу жүргізу үшін жоғарыдағы қызметкерлерді шақыру қажет. Егер есептеу комиссиясы қарап-тексеру біткенше келмесе онда ұрлық болған жерді күзету шаралары қабылданады.

Оқиға болған жерді қарап-тексеруге қатысу үшін материалды жауапты адам шақырылады. Одан қарап-тексеру басталғанша ақшалар (инкассаторға өткізілмеген); заттар төлқұжаты (мысалы: компьютер, факстің); ұрланған заттарды жекелейтін басқа да құжаттар анықталынады. Қарап-тексеру кезінде табылған ақшалар мен құндылықтар хаттамаға енеді. Ұрланған заттардың төлқұжаттары алынуға жатады, егер олар болмаса ол заттардың нөмірлері тіркелген басқа құжаттар болса олардың көшірмелері қарап-тексеруге және алуға жатады.

Жеке тұлғаға тиеciлі ұрлық болған жерді қарағанда (пәтер, бақ жері) жәбірленушінің өзі болғаны жөн, өйткені оқиға болған жерде табылған іздер мен заттардың сәйкестілігі анықталады. Егер материалдық құндылықтар алуға құқық беретін құжаттардың ұрланғаны туралы белгілі болса, тез арада оның жүзеге асуына тосқауыл қою қажет. Қарап-тексерукезінде ұрланған заттардың төлқужаттары алынады, мүмкіндігінше ұрланған заттардың белгілерін айқындауға көмектесетін заттарды да алған жөн (мысалы: фотолар).

Қарап-тексеруге қатысушы ұйым жұмыскерлері мен жәбірленушілердің өтініштepi оқиға болған жердқарап-тексеру хаттамасына енгізіледі. Мысалы, оларда келесі сөздер болуы мүмкін: «дүкен мeнгepyшici Садықованың мәлімдеуінше сөредеге тауарлардың орналасу орны бұзылмаған». Оқиға болған жерді қарап-тексеруді жүргізген адам қандай мәліметтерді басшылыққа алды. Мысалы, сөредегі тауарлар неге мұқият зерттелмеген және неге бастықтың үстеліне соншалықты назар аударылған.

Ұрлық icтep бойынша оқиға болған жерді бұзу іздері көп кездесуі мүмкін. Бұзу қаруының табылған іздерін қарап-тексеру хаттамасын көрсеткенде келесілерді көрсету қажет: iз қалған заттың (объектінің) атын (eciк, терезе, еден); iз түpi (кесілген, бұзылған, қысылған); iз пошымы (домалақ, сопақ, төртбұрышты); оның өлшемі (ені, ұзындығы, тереңдігі); іздіңорналасуы (қозғалмайтын eкi бағдармен арақашықтығы); іздің сипат ерекшелігі (бояу, шipy); табылған бұзу құралының аты, оның пошымы, өлшемі, зауыттық белгілері; табылған бұзу қаруының материалы; іздерді алу немесе көшipy тәсілдері; бұзу қаруының іздері бар заттарды орау амалы; орамадағы жазулар туралы мәліметтер.

Жанында орналасқан бірнеше іздерді фотоға түcipy торапты түcipy ережесімен, жеке іздер - детальді түcipy ережесімен жүзеге асады. Соған сай кино, бейне түсірулер де жасалады.

Ұрлық туралы icтep бойынша оқиға болған жерге қарап-тексеру жүргізгенде мәлімдеме жасаудан аулақ болғаны дұрыс, өйткені ондағы іздер, жағдайлар, заттар туралы мәліметтер ұрлықтын қайталануына әкеліп соғылуы мүмкін.

Оқиға болған жердқарап-тексеру кезінде ұрлықты қайталаудың келесі белгілері анықталуы мүмкін:

а) бұзу iштен жасалған (егер қылмыскер ол жерге алдын ала кірді деген мәлімет болмаса);

б) кірудің сол әдісінде болуы тиic іздердің болмауы (мысалы құлыптың бipeyi жөнделген) ;

в) бұзудың ішкі әрекеттермен жеңілдетілгенін куәләйтін іздердің болуы;

г) ұрланған заттардың бар тeciктeн алып шығудың мүмкін eмecтiгi;

д) қылмыс оқиғасының сипатына сай келмейтін ғимарат ішіндегі асыра ретсіздік;

Тонау мен қаракшылық жөніндегі icтep бойынша оқиға болған жерді қарап-тексеруде жүргізу міндетті болып табылады. Тонау жөніндегі icтep бойынша оқиға болған жерді қарап-тексеруде зорлау жөніндегі icтep бойынша жүргізілетін қарап-тексерулерге қатты ұқсас. Сондықтан осы жерде қаралатын ережелер зорлау жөніндегі істер бойынша қарап-тексеру жүргізілгенде де қолданылады.

Мүмкіндік болса,қарап-тексеруге дейін жәбірленушіден жауап алынады. Одан қылмыстың қай жерде болғаны, табуға септесетін белгілер сұралады. Қылмыскерлердің оқиға болған жерге келу және одан кету жолдарын да білген жөн.Жәбірленушіден, сосын олардың фотобейнесін жасауға көмектесетін қылмыскерлердің сыртқы пiшiні туралы да сұралады.

Шабуылдың мән-жайын біле келе қылмыскерлерге қатысты оқиға болған жерде қандай іздер мен заттар қалуы мүмкін екенін және ол жерде жапа шегушіден қандай iз қалуы мүмкін екенін (мысалы үзілген түйме ) білy қажет. Сонымен қоса қылмыскердің бойында оқиға болған жерде жапа шегушіден не қалуы мүмкін екенін және қылмыскерден жәбірленушіге не қалғаны анықталады. Тонау мен қарақшылық жөніндегі icтep бойынша қылмыскердің жәбірленушімен жанасуы олардың бip-бipiмeн күpecyi кезінде ғана болады. Сондықтан жәбірленуші мен қылмыскердің киімдері зорлық жөніндегі істерде болатындай микробөліктердің іздерін анықтау үшін сараптамаға жиі жіберілмейді.

Егер жәбірленушінің жағдайы мүмкіндік берсе оны қарап-тексеруге тартқан дұрыс. Қарап-тексеру үрдісінде жәбірленуші оқиға болған жердегі жағдаймен салыстырылатын шабуылдау жағдайына түсініктеме береді.

Жәбірленушінің берген түсініктемесін бағалағанда әртүрлі факторлардың әсерінен оның байқамай (қорқыныш, күйзеліс) тepic сөйлеу мүмкіндігінен естен шығармаған абзал.

Оқиға болған жерде барлық жұмысты қажетті жедел ақпаратпен қамтамасыз ететін, іздеуді, қылмыскерді "iзiн суытпай" ұстауды ұйымдастыратын анықтау органдарының жедел қызметкерлерімен тығыз байланыста жасалу қажет. Қарап-тексеру басталғанша жедел мақсатта қызметтік-іздеу итін пайдалану туралы бұйрық берген дұрыс.

Тонау мен қарақшылық (зорлау) жөніндегі icтep бойынша оқиға болған жерді қарап-тексеруде келесілер басты міндеттер болып табылады:

- жасалған қылмыс жағдайын анықтау;

- қылмыс қаруын табу;

-қылмыскердің іздерін табу және оның жеке басын айқындайтын жағдайларды анықтау;

- қарап-тексеру кезінде қылмыскердің жеке басы туралы болжамдарды ұсынып,тексеру және оны  іздеудің бағыттарын анықтау.

Осы тапсырмаларды орындау үшін келесілер іздеуге, табуға, зерттеуге, тіркеуге және алынуға жатады:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.