Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дипломдық жұмысы 7 страница



а) қылмыскердің оқиға болған жерге келгенде және кеткенде қалдырған барлық iздepi (қол, аяқ, көлік құралы, мылтықтың атудан қалған, бұзу құралын пайдаланудан, қанның іздері );

б) Іздері қылмыскердің денесінде және киімінде қалуы мүмкін заттар (топырақ, бояу, әк, бор және тағы да басқа сол сияқты) мұндай заттардың үлгілері оқиға болған жерден алынады.

в) оқиға болған жерде қылмыскермен қалдырылған заттар мен олардың бөлшектері (темекі тұқылы, шабуыл қаруы және тағы да басқа);

г) жәбірленушінің оқиға болған жерде калған іздері мен оған тиecілi заттардың сол жерден табылуы.

Қарап-тексеру хаттамасы мен қосымшаларда тонаушылық немесе қарақшылық шабуылмен байланысты оқиға болған жерде өзгерген жағдайлар көрсетіледі.

Кез келген қылмыс қаншалықты жоспарланып, ойластырылып жасалғанымен қылмысты жасау сәтіндегі жағдайлар, яғни қысқа, әрі шектелген уақыт, түрлі нашар көріністер, қараңғылық, сондай-ақ қылмыскерлердің іштей толқуы секілді, т.б. ойда жоқ жағдайлар мен өзге себептер қылмыс орнында әркез іздер мен заттай дәлелдердің қалып отыруына мүмкіндік тудырады. Осы қалдырылған іздер мен заттарды мұқият тесеріп, оларды жойып алмай, таба білу және алу, бұл тергеу әрекет – оқиға болған жерді қарап-тексерудің негізгі міндеттері мен мақсаты болып табылады. Сондықтан, кісі өлтіру қылмысына байланысты оқиға болған жерді қарап-тексеру кейінге қалдыруға болмайтын, кешіктірілмей жүргізілуі тиіс шұғыл тергеу әрекеті болып табылады.

Оқиға болған жерде мәйітті қарап-тексеру тәсілі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 222 - бабында көрсетілгендей, жеке бір тергеу әрекеті ретінде адам мәйітін қарап-тексеру әрекеті айқындалған. Осы аталған бабқа сәйкес адам мәйітін қарап-тексеру табылған жерінде міндетті түрде медицина саласының маманының қатысуымен, ал ол қатыса алмаған жағдайда, басқа да дәрігердің қатысуымен жүргізіледі.

Әдетте,оқиға болған жерді қарап-тексеру әрекетін өз уақытысынан кешіктіріп жүргізу дәлелдерді жоғалту, оларды бұзу осының салдарынан тергеудің күрделенуі секілді келіңсіз жайттарға алып келеді. Бұл келіңсіздіктер қылмыстың ашылмауына қылмыскердің жазасыз қалуына соқтырады. Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қарап-тексерудің алғашқы және ең негізгі ерекшелігі, оның басқа қарап-тексерулер түрінен өзгешелігі болып табылады. Бұл негізінен кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерден кісі мәйітінің, сондай-ақ оның бөліктерінің және осыларға қатысты жағдайлардың болуымен қорытындыланады. Қысқаша айтқанда оқиға болған жерді қарап-тексерудің кейінге қалдырылмауы болып табылады. Қылмыс болған жерді қарап-тексеру кезінде табылған кісі мәйітін шебер, кәсіби түрде қарап-тексерудің маңызы зор. Көп жағдайда оқиға болған жердегі кісі мәйітінің орналасу кейіпінің негізінде және оның айналасындағы заттардың орналасу тәртібіне көңіл аударып, қарап-тексеру жүргізе отырып, ол мәйітің қасақана өлтірілгенін, не өзіне - өзі қол жұмсағанын немесе қандай да бір бақытсыз жағдайдың салдары деген жорамалдар жасалады. Алайда, кей реттерде аталған жорамалдарды жасауға мүмкіндік болмайды. Себебі, қылмыскер мәйітті өзін - өзі өлтіргендей немесе бақытсыз жағдайдың нәтижесі секілді көрсетіп, қылмыстық бүркемелейді. Сондықтан, қылмыс болған жерге хабар бойынша жеткен тергеу қызметкерлері оқиғаның анық – қанығына жетік түсінбей тұрып, қателіке бой алдырмауға тиіс. Әдетте, оқиға болған жерде қарап-тексеру жүргізуге тиісті қызметкерлерден осы процесс барысында өлген кісінің, яғни жәбірленушінің жеке басын анықтау талап етілмейді [20, 87].

Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қарап-тексерудің екінші ерекшелігі бұл оқиға болған жер, яғни,адам мәйіті табылған жер осы оқиғаның орын алған немесе қылмыстың тікелей орын алған жерін екендігін анықтаумен қорытындыланады. Себебі, көптеген реттерде кісі мәйітінің табылған жері сол қылмыстың тікелей орын алған жері болып табылмайды. Тиісті хабарлама бойынша оқиға болған жерге келген жедел-тергеу тобына кей жағдайларда мына жайттарды анықтауға мүмкіндіктер болмайды. Мысалы, оқиға болған жерде не нәрсеге қарап-тексеру жүргізетінің белгілеу (яғни, адам мәйіті табылған орынға, әлде қылмыстың тікелей орындалған жеріне ме?) бұл сұрақтарға жауап көп жағдайда оқиға болған жерді қарап-тексеру әрекеттерін жүргізу барысында беріледі. Осындай мәселелерді толық шешу үшін адам мәйіті табылған жерді де қылмыстың тікелей жасалған орны ретінде мұқият және арнайы мамандардың көмегімен қарап-тексеру керек. Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қарап-тексерудің үшінші бір ерекшелігі оның қайталанбастығы, яғни, қайта орнына келтіру мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Алайда, осыған қарамастан кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қайта қарап-тексерулер жүргізіледі. Мұндай қайта қарап-тексерулер кезінде барлық оқиға жағдайлары күрделі өзгеріске түскен жағдайларда ұсынылады. Сондықтан, қайта қарап-тексерулер нәтижесімен бастапқы қарап-тексеру нәтижелерін теңестіруге болмайды. Оқиға болған жердің күрделі өзгеруі бұл оқиға болған уақыт пен қайта қарап-тексеру жүргізілген уақыт аралығының ұзақтығына қарай күшейе береді. Осылайша үшінші ерекшелік оқиға болғн жерді қарап-тексеру барысында қылмыстың орын алған жері жағдайының тергеу қызметкерлерімен оқиға болған жерді қарап-тексеру процессіне қатысушы өзге де тұлғалар тарапынан біршама өзгерістерге ұшырау себебімен қорытындыланады. Мысалы, оқиға болған жердегі ауыр жарақат алған кісіге, яғни жәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мұқтаждығы туындап, ауруханаға жеткізу. Бұл шаралар көбіне тергеу қызметкерлері оқиға болған жерге келгенге дейін жүзеге асырылады. Осындай жайттар нәтижесінде оқиға болған жерде жаңа іздер пайда болып, оларға дейнгі түскен іздерге зақымдар келіп, тіпті жойылып кетуі мүмкін. Бұл тергеуді қиындатып күрделендіреді. Сондықтан, әрбір тергеу қызметкері оқиға болған жерге келіп, қарап-тексеру жүргізу кезінде қылмыскер ізімен кейін пайда болған іздерге түсіп, қателіктерге бой алдырып алмауы керек.

Оқиға болған жердің қарап-тексерудің негізгі қағидаларына тоқталар болсақ, олар төмендегідей. Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қарап-тексерудің негізгі қағидаларының арасынан жоғарғы мүкіндіктегі мәліметтері мен дәлелдер алуды қамтамасыз ететін жоғарғы деңгейдегі толықтылық, яғни, жеткіліктілік қағидасын атауға болады. Өз уақытысында кешіктірілмей дұрыс, жан-жақты және объективті түрде жүргізілген оқиға болған жерді қарап-тексеру келесі жайларды анықтауға мүмкіндік береді:

· болған оқиғаның мәнін, жалпы сипатын (қылмыс туралы);

· аталған оқиғаның орын алған нақты уақыты мен болған жерін;

· нақты оқиғаға қатысқан адамдар санын;

· болған қылмыстың нақты мақсаты мен ниетін;

· қылмыстың жасалу әдісін;

· оқиға бойынша қылмыскерлердің қылмыс орында жасаған әрекеттері мен қозғалу бағытын және келу мен кету жолдарын;

· қылмыскерлердің әрекеттерінің нақты не нәрсеге бағытталаған;

· оқиға болған жердегі табылған адам мәйіттің физиологиялық және психикалық ерекшеліктерін;

· оқиға болған жерден табылған адам мәйітінің өлім алдындағы жанталасу әректтерін;

· оқиға болған жердегі адам мәйітін сыртқы қарап-тексеру кезіндегі мәйіт денесіндегі жарақаттар мен олардың сипаты және механизімін [21, 22].

Жоғарыда көрсетілгендей кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерге келген тергеу қызметкерлері көптеген мәселердің шешімін осы аталған ерекшеліктер мен қағидаларды негізге алып жұмыс жасау нәтижесінде таба алады. Осындай жан-жақты толық жұмыстар жүргізу нәтижелерін оқиға болған жерді ақарап-тексерубарысында алынған нақты дәлелдер мен есептер негізінде қылмыс жағдайы, қылмыскерлер туралы алғашқы жорамалдар, қылмыскерлерді ұстау мен іздестіру, сондай – ақ қылмысты ашуға қажеттілігі бар өзге де жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, қарап-тексеру барысында алныған айғақтарды арнайы хаттамамен алғашқы жазбалар қатарына түсіріп, бекітіп отырады. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін аталаған шаралар мен барлық ергеу әрекеттері өте мұқият және шебер жүргізілуі керек. Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерге қарап-тексеру жүргізуді өз уақытысынан кешіктіріп өткізу оқиға орындағы маңызды жағдайлардың өзгеруіне, сондай-ақ заттардың орналасу тәртібінің бұзылуына соқтырып қалдырылған іздердің өз мәнін жоғалтуы мен жойылу қауіпін тудырады. Осындай жайттар нәтижесінде тергеу барысы мен қылмысты ашу қийындай түседі. Оқиға болған жерге келген арнайы маман мен тергеу қызметкерлерінің қарап-тексеру барысында жіберіп алған қателіктері, сондай-ақ өзге де жедел іздестіру мен тергеу әрекеттері кезіндегі бой алдырған қателіктердің орнын алдағы уақытта толтыру өте қиын. Тіпті, кей кездерде мүмкін емес. Алайда, біршама уақыт өтіп кетсе де оқиға болған жерді қарап-тексеруді жүргізуден бас тартудың қажеті жоқ. Оқиға орнын қанша өзгерісте ұшырағанымен аса шеберлікпен жүргізілген қарап-тексерулер нәтижесәнде өт маңызды айғақты заттар мен дәлелдер алу мүмкіндігі жойылмайды [22, 81].

Оқиға болған жерді қарап-тексеру негізгі, ал кей жағдайларда дәлелдемелерді табу мақсатында жалғыз қайнар көз болып табылады. Маман-криминалист қарап-тексеру барысында қылмыстың мінезін ғана емес, оның ниетін, уақытын, неше қылмыскер болғанын, олардың әрекетін және қылмысты шешуге бағытталған басқа да сұрақтарды шеше алады. Басқа сөзбен айтқанда оқиға болған жерді қарап-тексеру қылмыс және қылмыскер туралы тергеуге алғашқы объективті мәліметтер береді. Қарап-тексеру жүргізгенде маман-криминалисттің алдында екі мақсат қойылады. Бірінші, ол оқиға болған жерді дұрыс анықтап қарап және қылмыскер туралы алғашқы мәліметтерді табуға тырысу; екіншісі, ол қылмыскерді іздеу үшін заттай дәлелдемелерді, іздеді табу.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру барысында ең алдымен маман-криминалист мәйітке қарап-тексеру жүргізеді. Мәйітті қарап-тексеру кезінде маман-криминалист оны жан-жақты, ештеңені қалдырмай барын ескеру керек. Кейде мынандай да жағдайлар болады, жедел тергеу тобының қызметкерлерінің келуінің алдында жәбірленушіге көмек көрсету керек болғандықтан жедел жәрдем шақырылады. Сондықтан да оқиға болған жерде жаңа іздер пайда болады. Маман-криминалист міндетті түрде бұны ескеру қажет, яғни жаңа пайда болған іздерді қылмыскер қалдырып кеткен іздермен шатастырмауы керек. Оқиға болған жердің қарап-тексерудің дұрыстығы ол тек қана жедел терегеу тобының оқиға орынына тез келуінен ғана емес, сонымен қатар қарап-тексеру жүргізетін қызметкердің сапалығына, мамандылығына байланысты. Бұл тергеу әрекетң келесі сұрақтарды шешуге көмектеседі: қандай жағдай болды және ол қылмыс болып табыла ма; мәйітті табылған жер қылмыс жері болып табыла ма және табылмаса, онда қандай белгілерінен қылмыс болған жерін анықтауға болады; кім өлді; қашан өлді; киімінде, аяқ киімінде, қылмыс құралында, көлік құралында қандай іздер қалып қойды; қылмыс жерінде болып жатқанды қай жерде есту немесе көру мүмкін болды.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру жүргізгенде қылмыскерлер туралы өте көп мәлімет алуға болады яғни, оның жеке басы мен қанша қылмыскерлер болған екенін: яғни, темекі қалдықтары, қылмыс құралының іздерінен; кей кезде қылмыскерлердің кейбір әрекеттері мен мамандырылған қызметі туралы мәліметтер алуға болады.

Күдікті денесінде, киімінде және аяқ киімінде, оның өзімен жүрген заттарында, қылмыс жерінен қалған іздер қалуы мүмкін: жәбірленушінің қан іздері, топырақ бөліктері, бояғыш, ағаш, мата, шаш бөліктері және басқа да микрообьектілер болуы мүмкін. Мұндай іздер сонымен қатар қылмыс құралында, көлік құралында болуы мүмкін.

Криминалистика әдебиетінде белгіленгендей, оқиға болған жерді қарап-тексеру-ауысуға болмайтын және қайталанбалы тергеу әрекеті. Осы ереже дұрыс. Оқиға болған жерді қайта қарап-тексеру мүмкін емес, өйткені бірінші рет қарап-тексеру жүргізгеннен кейін оқиға жері өзгеріске ұшырайды. Осыдан шыға оқиға болған жерді қайта қарап-тексеру жүргізумен шектелуге болмайды.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру жүргізу алдында маман-криминалист алдын ала қарап-тексеру жүргізуі керек. Яғни, маман-криминалист оқиға болған жердің аумағын анықтайды, мәйіттің жату позасын ескереді, оны қылмыскерлер қалай өлтіріуі мүмкін, өлтіргеннен кейін қай жолмен шықты және бұл алдын ала қарап-тексеру келесі детальді қарап-тексеруге дайындалуға көмектеседі. Алдын-ала қарап-тексеру санаты ол статикалық болып табылады. Яғни, әрбір қаралаған зат қолға алынбайды, өз орнынан қозғалмайды. Алдын-ала қарап-тексеру суретке түсурумен аяқталады. Оқиға болған жердің жалпы түрі және мәйіттің жатқан жері.

Оқиға болған жердің ең маңызды санаты болып ол детальды қарап-тексеру болады. Бұл қарап-тексерудің мақсаты болып – ол оқиға болған жерден қылмысты ашуға көмектесетін заттай дәлелдемелер мен іздерді тауып оны зерттеу. Бұл қарап-тексеруді маман-криминалист міндетті түрде қылмыстың механизімін және өлгеннің тұлғасын анықтау керек. Бөлшектеп қарап-тексеруді бастар алдында ең алдымен маман-криминалист не ортадан немесе перифериядан бастау керек екенін анықтау керек. Бөлшектеп қарап-тексеруде егер де өз қол іздерін қалдырмай-ақ заттарды қолға алуға және оларды орнынан қозғауға болады. Оқиға болған жердің ең басты объектісі болып – ол әрине адам мәйіті болады. Егер де мәйітте жарақат болса, жарақатқа сай қылмыс құралын оқиға болған жерде іздеу керек. Тағы бір ескеретін жағдай ол детальды қарап-тексеру жүргізгенде негативті жағдайларға назар аудару керек. Ол сұраққа біз кейінірек тоқталамыз.

Көп жағдайларда оқиға болған жерде адам мәйітін қарап-тексеру аяғында қаралады, яғни эксцентриялық әдіс қолданылады (егерде мәйіт оқиға болған орында ортада жатса).

Қарап-тексеру алдында маман-криминалист міндетті түрде адамның нақты өлгеніне көзін жеткізіп, оны тексеру қажет. Қажет болса оған бірінші медициналық көмек көрсетіп не болмаса ауруханаға жеткізу үшін шаралар қолдануы керек. Бірақ ол қарап-тексеруде сот - медициналық сарапшы немесе дәрігер қатысқандықтан, олар нақты өлімнің болғанын анықтайды.

Оның өлімін анықтау үшін өздерінің бірнеше әдістері болады :

1.көз қарашығын жарыққа апарып оның реакциясын тексеру;

2.жүрегінің жұмыс істеуін және тыныс алуын тыңдау;

3.қан тамырларын тексеру.

Сонымен қоса басқа да белгілері болады. Олар : мәйіт қатып қалады, мәйітте қан тамшысы іздері пайда болады және басқа да белгілері болуы мүмкін. Басқа қарап-тексерулер сияқты, мәйітті қарап-тексеру де екіге бөлінеді. Олар : жалпы және детальді қарап-тексеру болып табылады.

Жалпы қарап-тексеру оқиға болған жерде мәйіттің қалай жатқандығын зерттеуден басталады. Мәйіттің жатқан жерін анықтау жарықтың түскен жағы бойынша анықталады. (Мысалы, басы солтүстік жаққа, ал аяғы оңтүстікке қарап жатыр деп анықтайды ). Бірақ бұл кезде басы мен аяғының орналасқан ара қашықтықтары өлшенеді. Ол нақты орналасқан объектілермен алынады. Мысалы, басы солтүстік қабырғадан 21 см қашықтықта жатыр, не шығыс қабырға не басқа да объектіден осындай см жатыр деп жазамыз.(Мысалы,қосымша 3, үлгіні қараңыз )

Мәйіттің жатқан жағдайы оның жатқан әдісі негізінде анықталады. Олар мысалы үшін мәйіт арқасымен, не ет бетімен жанымен тағы басқа жағдайларда жатуы мүмкін және қол - аяқтарының не басының өз жатысы болуы мүмкін (мәйіт арқасында жатыр делік, қолдары денесінің жанында созылып жатса, басы солға бұрылған, аяқтары бүгілмеген, аяқ өкшелері бір - бірінен 10 см қашықтықта орналасқан деп хаттамада жазылады ).

Содан кейін оның жынысы, ұлты анықталады. Егерде киімінде оның жасы туралы құжаттары болмаған жағдайда, оның сыртқы бет әлбетіне қарап шамамен жасын анықтайды (мысалы үшін еркектің мәйіті 30- 35 жаста). Мәйітті қарап-тексеру кезінде ұлтын анықтау сыртқы бет әлпетімен анықталады. Олар еуропалық, кавказдық, орта азиялық және басқа да типтерге бөлінеді. Содан кейін барып қана оның, яғни мәйіттің сыртқы киімінің жағдайы анықталады. Яғни айтсақ онда мыналарға ерекше көңіл аударылады. Киімінде болған қандайда бір іздер, киімінің жыртылған және кір болған жерлеріне көңіл аударылуы керек.

Бұл кезеңде сыртқы киімінің жағдайы жазылады: киімнің түрі, түсі, қандай матадан жасалғаны тағы басқасы. Киімінің қалтасындағы қандайда бір заттардың, құжаттардың тағы басқа заттардың бар жоғы тексеріліп мұқият жазылады. Кейбір объектілер киімнің ортасындағы қабатында болуы мүмкін. Сондықтан киімді қараған кезде мұқият, тиянақты болуы қажет. Қарап-тексеру оның сыртқы киімін қарап-тексеруден басталады, мұнда мәйіттен киім шешіліп алынады. Бұл кезде мұқият көңілді қандайда бір іздерге, қан болса соған ерекше көңіл аудару керек. [ 24, 15]

Осы жерде тағы бір ерекше көңіл аударатын жайт, киімнің жыртылуына, локолизациялануына, оның көлеміне, нысанына және тағы басқасына аударылады. Осы кезде киімде болған жыртықтарға, микробъектілерге ерекше көңіл аударудың маңызы зор. Өйткені олай айтуымның себебі, олар қандайда бір қақтығыс болған жағдайда киімнен өтіп кетіп денесінде әртүрлі іздер қалдыруы мүмкін.

Сонымен қоса жәбірленушінің киімінде әртүрлі заттардың микрообъектілері қалуы мүмкін. Мысал келтіре кететін болсақ, қала шетіндегі бір шұңқырда әйелдің мәйіті табылған. Барлық мәліметтердің белгілері бойынша жәбірленушіні зорлап, содан кейін өлтіргені анықталған. Жәбірленушінің киімін қарап-тексеру барысында үлкейткіш құралдардың көмегімен киімінің алдыңғы жағында жасыл түсті металдың қалдықтары табылған. Осы қалдықтарды сақтау мақсатында, киімі тиянақты шешіліп, ол бүктеліп таза қағазға оралған. Осы қалдықтарды талдау нәтижесінде, бұл қалдықтар латун екені анықталған. Осыған байланысты осы әйел мәйіті табылған шұңқырдың жанында бір шағын кәсіпорын орналасқан. Бұл кәсіпорын латуннан жасалған кішкентай металдық өнімдер жасаған. Маман-криминалист мұны қорытындылай келе мынандай шешім жасаған. Бұл кісі өлтіруді және зорлауды осы кәсіпорында детальдарды өндіретін жұмысшы жасаған деген тұжырымға келген. Болжамды тексеру нәтижесі нақтыланып, күдікті  анықталып ұсталған.

Бұл мысалдан шығатын тұжырым, адам мәйітін қарап-тексеру кезінде, оның киімін қарап-тексерудің маңызы зор және алатын орны ерекше.

Сол сияқты жол - апаты, не автокөлікпен адамды басып кеткен жағдайда, көліктің іздерін қарап-тексеру үстінде зер салып анықтауға жататын мәселелер : доңғалақтың протекторының түрі, екі доңғалақтың (артқы және алдыңғы ) арақашықтығы, доңғалақтың тежеу ізі және оның өлшемі, көліктің сынып түсіп қалған бөлшектері (сындырылып түсіп қалған бояуы, әйнек, шыны тағы басқасы). Осы іздер бойынша оқиғаға қатысты бар көліктің (автомашинаның) маркасын (моделін) білуге, оның қай бағытта кеткенін анықтап, бұл мәліметтерді осы машинаны іздеп табуға пайдалануға болады. Айтылған іздердің маңызы, әрине осындай мәлімет алумен ғана шектелмейді. Келтірілген іздер және олардың өлшемі бойынша жол көлік оқиғасының болу механизмін анықтауға болады. Мысалы, доңғалақтың тежеу ізінің өлшемі бойынша жолдың жағдайын, қалпын машинаның маркасын және басқа да жағдайларды ескере келіп, автотехникалық сараптама оқиғаға қатынасы бар машинаның осы оқиға болар алдында қандай жылдамдықпен келе жатқанын анықтап бере алады. Із қалдырған доңғалақ трасологиялық сараптама арқылы идентификацияланады. [25, 56 ]

Қылмыстың қаруын қарап-тексеру барысында онда қалған саусақ іздерін, қанның дақтарын және басқа да заттар қалуы мүмкін. Егерде мәйітті қарап-тексеру кезінде қылмыс құралдарында сұйық қандар болса, онда буып - түйер алдында оны бөлме температурасында шайып кептіру керек.

Мәйітті детальдық қарап-тексеру барысында ең алдымен оның киген киімі шешіліп, қарап-тексеру келесідей кезектікте жүргізіледі. Ең алдымен мәйіттің қалай жатқандығы қаралады, яғни айтқанда мәйіттің орналасу қалпы жалпы айтқанда оның тұрқы анықталып белгіленеді. Бұл үшін мәйіт орнынан қозғалтылуы мүмкін. Осы қозғалтылған орнында қылмыс құралы, заттар және қылмыскердің киімінің бір бөлігі немесе басқа да заттар қалуы әбден мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.