Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дипломдық жұмысы 8 страница



Кей жағдайда егерде оқиға болған жерді қарап-тексеру мәйіттен басталатын болса, мәйіттің жатқан жерін бормен сызып оның жатқан жатысын белгілеп қою керек. Мәйітті қарап-тексеру оның денесін қарап-тексерумен аяқталады. Негізінен мәйітті қарап-тексеру кезінде ерекше назарды мыналарға аудару керек:

-дене қалпына ( арық, орташа денелі, толық болуы мүмкін );

-барлық дене мүшелерінің сүйектерінің сынбағанын көз жеткізу;

-мәйіттің дене температурасына және қоршаған ортаның жағдайы (дене температурасы термометрмен анықталуға тиіс );

-физикалық кемшіліктерінің бар жоғын, әртүрлі органның немесе оның жоқтығын анықтау, дененің тері қабатының жағдайын және басының шашын қарап-тексерукерек (тері қабатының түсін, әртүрлі былғаныштар және тағы басқа );

Мәйіттің дағының қалыптасу уақытына байланысты және астрономикалық уақыт бойынша сот - медицина сарапшысы өлімнің қандай уақытта болғанын анықтайды.

Ал егерде мәйітті судан алып шыққан жағдайда өлімнің неден болғанын көрсететін белгілерге назар аударылады және суда болған уақыты да анықталуы мүмкін (бөлініп шыққан заттардың бар, жоғы, аузынан не мұрнынан шыққан көбік, қол саусақтарынан терінің сыдырылуы, іріңнің дәрежесінің өзгеруі және тағы басқасы) .

Мәйітті қарап-тексеру аяғында денеге келтірілген зиян, дақтар зерттеледі. Олар: келтірілген жарақаттың локолизациясы, бағыты, мінезі, көлемі, жараның шекті жағдайлары, жарақаттан бөлініп шыққан заттардың бар, жоғы анықталады.

Мәйітті қарап-тексеру алдында мәйіт криминалистикалық ережеге сәйкес фотосуретке түсіріледі, ал егерде мәйіттің жеке басы анықталмаса, онда сигналетикалық (танушы) түсіру жүргізіледі. Егер де мәйітің жеке тұлғасы белгілі болмаса (құжаттары жоқ болса), онда мәйітті индентификациялау мақсатында қарап-тексеру болашақта оқиға болған жерде келесі әрекеттер жүргізілуі керек :

- мәйітті фотосуретке түсіру сигналетикалық түсіру әдісі бойынша жүргізіледі, егер мәйіттің беті қатты былғанған немесе кесілген болса, онда мәйітханада оны қалпына келтіргеннен кейін фотосуретке түсіріледі;

- мәйіт оқиға болған жерде сол жердегі адамдарға танылуы мүмкін;

- мәйітті дактилоскопиялау, дактилоскопиялық тіркеуден тексеру мақсатында жүргізіледі;

- танылмаған мәйітке карта құрылады, оның мақсаты хабар - ошарсыз және танылмаған мәйіттерді картотека бойынша тексеру үшін жасалады;

- денесінде жазылған іздер зерттеліп, жазылады ( тіліктер, ерекше белгілері, кейбір тістерінің бар, жоғы тағы басқасы );

- оның денесіндегі ерекше белгілері анықталады, бұл жерде оның жеке басын анықтауда татуировканың рөлі ерекше;

- мәйіттің киімінің қалтасынан табылған жазу блокноттары және онда жазылған телефон нөмірлері, әртүрлі түбіртектер, хаттар, құжаттар және басқа ұсақ - түйек заттар қаралып, зерттеледі.

Сондықтан осындай мәйітті қарап-тексеру кезіндегі өзіндік белгілермен, ерекшеліктер тергеу әрекеттерін одан әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік туғызады деп ойлаймын. Сондықтан маман-криминалист мәйітті қарап-тексеру кезінде мұқият, тиянақты болғаны абзал және осындай жағдайда ғана нәтижеге жетеріміз сөзсіз.

Мәйіт дағының және мәйіттің дене мүшесінің тырысуының криминалистикалық маңызы зор. Себебі бұл белгілер арқылы адамның қашан өлгенін білуге болады. Егер өлікті қозғаса, бастапқыда ол қалай, қай қалыпта жатқандығы анықталады [26, 68].

Егер мәйіттің жанында қару (атыс қаруы, пышақ ) жатса, онда мәйіттен қандай қашықтықта жатқандығы өлшеніп белгіленеді. Болған қылмыстың механизімін ойша болжау арқылы қылмыскердің белгілі бір объектіде ұстау мүмкіндігін анықтап, осы объектіде қолдың саусақтарынан шыққан майлы терден пайда болған іздерді табуға әрекет жасау керек. Мұндай іздер көбінесе көзге көрінбейтін не өте нашар көрінетін болғандықтан, оларды көрінетін жағдайға келтіру үшін осындай іздерді табуға арнайы ұнтақтар пайдаланылады. Осы көзге көрінбейтін іздерді шығаруға қара және ақ түсті ұнтақтар қолданылады. ( қара түсті ұнтақтар, жез тотығы, алюминий ұнтағы ) Осындай іздер болуы мүмкін деген объектілерге йодтың буын жіберу арқылы майлы терден пайда болған іздерді шығарып, көрінетін жағдайға келтіруге болады. Ұнтақты қолданып шығарған іздердің үлгісі дактилоскопиялық пленкіге көшіріледі де, йодтың буымен шығарылған іздердің үлгісі синиконды паста қолдану арқылы алынады. Кей жағдайда іздерді шығаруға арнайы химиялық реактивтер де қолданылады.

Заттар мен құжаттарды қарап-тексеру тәсілі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 221 -бабында көрсетілгендей Оқиға орнын, жергілікті жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезiнде табылған, тiнту, алу, тергеу экспериментi немесе басқа тергеу әрекеттерiн жүргізу кезiнде алынған не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуi бойынша ұйымдар және азаматтар ұсынған нәрселер осы Кодекстiң 220-бабының қағидалары бойынша қарап-тексерілуге жатады. Көрсетілген нәрселер қарап-тексерілгеннен кейiн осы Кодекстiң 118-бабының қағидаларына сәйкес заттай дәлелдемелер деп танылуы мүмкiн.

 Затты қарап-тексерудің мақсаты тергеушінің дәлелдеме заттарды айғақ зат ретінде тауып, оны зерттеп сотқа дейінгі тергеп-тексеруде пайдалануы болып табылады. Кей жағдайларда осы заттар іске қажетсіз болып табылып іске тіркеліп жатады немесе керсінше тіркелмей қалуы мүмкін. Ал кейбіреулері қарап-тексеру жүргізілмегендіктен айқындалмай жатады.

Мысал ретінде алсақ А. деген жас қыздың өлімі бойынша ісінде оқиға болған жерде жәбірленушіге жатпайтын пластмасадан жасалған ер адамның тарағы табылған. Ал тергеуші болса оны толығымен зерттемей оны сейфке салып қойған. Бірнеше апта өткенен кейін өлімді әрі қарай тергеу барысында сот сарапшысына тарақты қарап-тексеруге ұсынған. Тарақты сейфтан алған кезде, сонда оның (тістерінің арасынан) әзер көрінетін кірлер байқалған. Сот - биологиялық және сот-химиялық сараптама оны табиғи дақ екенін анықтаған. Табылған кірлер шаштың әртүрлі түстен құрылғандығы анықталған. Күдіктіні ұстаған кезде, одан алынған тарақта осындай кірлер байқалған. Олда осындай компоненттерден құрылған. Күдіктінің костьюмінің қалтасынан тарақта табылған кірлердің түйіндері табылған.

Осы сараптама зерттеуі іске өте маңызды болды. Егерде сарапшылар тарақты қарап-тексеруге қатыспаған болса, ол сейфте жата беріп дәлелдеме ретінде қолдану мақсаты болмас еді.

Сондықтан барлық объектілерді мұқият қарап-тексеруге нұсқаулық беріледі. Олар:оқиға болған жерді қараған кезде, мәйітті сырттай қарап-тексеруде, куәландіру кезінде табылса да.

Негізінен затты қарап-тексерудің мақсаты:

1. іздердің және басқа да заттардың жалпы, жеке белгілерін, құрылымын жағдайын зерттеу;

2. із қалдыратын объектілердің сыртқы құрылымын зерттеу;

3. нақты қандай сараптама тағайындалатынын анықтау үшін және тағы басқа.

Басында айтып кеткендей затты қарап-тексеру Қылмыстық процестік кодексінің 220 - бабының талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Оны бастау алдында заттың жалпы белгілеріне назар аударылады. Олар: оның нысаны, көлемі, түсі және сыртқы пішіні.

Затты мұқият қарап-тексеру нәтижесі оның дәлелдеме ретінде маңыздылығын анықтайды. Егер де олар детальді түрде қаралмаса, онда біршама кемшіліктер мен қателіктер туындауы мүмкін.

Мысалы алатын болсақ, әйелдің мәйітін бөлшектеп темір жол бойына лақтырып кеткен, алдын - ала тергеуді жүргізу кезінде оның киімін мұқият қарамай, жай сырттай қарап-тексеру жүргізе салған. Соның салдарынан көпке дейін ол мәйіттің жеке басы анықталмаған және қылмыскерді де анықтау мүмкін болмаған. Бір жылдан кейін ол әйелдің пальтосын мұражайға берген. Оның меңгерушісі оның пальтосын мұқият қарап-тексеру барысында одан трамвай билетін тапқан. Содан кейін барып қылмыс қай қалада жасалғаны анықталған.

Содан соң қалада мәйіттің жеке басы анықталып, қылмыскер анықталып ұсталған. Егер де алдын - ала тергеу барысында олар осы пальтоны мұқият қараған жағдайда, билетті табар еді. Онда осы қылмысты бір жыл бұрын ашар еді. [ 27, 25 ]

Сондықтан көптеген ғалымдар затты қарап-тексерудің ерекшелігіне ерекше назар аударады. Солардың ішінде М .Б. Вайнер, М. С. Строгович, З. А . Ковальчук деген ғалымдар ерекше көңіл бөліп, осы сала шеңберінде ғылыми еңбектерін жазып шығарған. [28 , 45 ]

М. Б. Вайнер деген ғалым болса детальді заттарды қарап-тексеру ол қаралатын заттарды салыстырып оны процессулды түрде бекітуде оның алатын орыны ерекше деп атап көрсетеді. Ол заттарды қарап-тексеруде жан-жақтылық пен оны мұқият зерттеп баға беру керек деп тұжырымдайды. Бұл көзқарасты  М. С. Строгович және басқа да ғалымдар қолдайды.[ 29, 105 ]

Ал тергеу тәжірибесінде заттарға салақтықпен қарап-тексерудің салдарынан, оларды сыртынан жай шолып белгілерін қарай салу оның соңы тергеуде көптеген қиындықтарға әкеп соқтырады.

Осыған байланысты мына бір мысалды атай кететін болсақ. А деген азаматты өлтіру бойынша күдіктіні тінту кезінде одан атыс қаруы табылған. Оны тінту хаттамасында револьвер деп жазған және нөмірі басқа да белгілері көрсетілмеген. Ол затқа детальді қарап-тексеру жүргізбеген. Қаруды сараптамаға жіберген кезде сұрақ туған тінту барысында қандай қару алынғандығы.

Содан келіп тергеуде осы қару табылды деп дәлелдеуге тура келеді. Соның салдарынан сот талқылауында сотталушының қорғаушысы басқа қаруды салып жіберген деген шағым жасап револьверді көрсетуді талап еткен.

Сондықтан осындай кемшіліктерді жібермеу үшін маман-криминалист әрқашанда тиянақты, мұқият, жан - жақты болғаны абзал. Атыс қаруын қарап-тексеру кезінде оның жүйесіне (маркасына) нөмірін және басқа да белгілерін анықтау (нөмір, шыққан жылы, шығарған завод) керек. Сонымен қоса дүкенде қанша патрон бар екендігіне, ұнғының қалыпты жағдайы, сақтағыштың қалай тұрғандығы, қарудың механикалық жағдайы, затвордың жағдайы, қаруда іздердің бар, жоғы осы аталған мәселелердің барлығы қаралып барлығы хаттамаға бекітіліп жазылуы тиіс. Тәртіп бойынша қару оқталып және ешқандай сынақ жүргізілмей буып түйіледі (қарудан атпайды, шашып- жиналмайды).

Ал, егерде механизмі өте күрделі құлыптар бұзылған болса (мысалы сейфтің құлпы) оны бұзып - ашу әдісіне мән беру керек, себебі мұндай құлыптың механизмін біліп, ашу белгілі кәсіби дағдысы бар адамның ғана қолынан келеді. Мұндай жағдайда құлыпқа басқадай әрекет жасамай (келеді - ау деген кілттермен ашып көрмей) оның белгілі бір әдіспен ашылуын анықтау үшін ол трассологиялық сараптамаға жіберіледі. 

Сондықтан қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін осы сәтте қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады. Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың ашылуна кедергі жасау үшін қолданып отырған айла - әрекеттерін әшкерлеп, іс бойынша объективті дәледемелер жинау болып табылады.

Ал енді құжатты қарап-тексеруге келсек, жалпы құжат дегеніміз- қылмыстық әрекеттер, қылмыс жасау құралдары немесе қылмыс іздерін жабушы құрал ретінде заттық дәлел болып табылады.

Құжаттарды қарап-тексерудің мақсаты келесідей болады :

- құжаттарды немесе оның бөлімдерін дайындау жағдайын анықтау (әдіс, шарт, уақыт );

- құжаттағы өзгеріс пен оның ену әдістерін анықтау (тазалау, өшіру, қосымша жазу және т .б. );

- жай көрінетін және көрінбейтін, сонымен қатар құйылған, жапсырылған, сызылған жазулар мен құжаттағы бұзылған мәтіндерді табу;

- құжатты жасауда қолданылған материалдық топтық құрамын анықтау (қағаз, бояу, клей );

- құжаттарды немесе олардың бөлімдерін жасау уақытын анықтау;

-құжаттарды дайындау немесе оларға енгізілетін өзгерістер үшін қолданылған құралдарды салыстыру;

- құжат жасаушыны идентификациялау.

Ал профессор Б. М. Нұрғалиев құжатқа былайша түсінік береді: " Кең мағынадағы құжат деп қылмысты тергеуге қатысы бар, бір немесе бірнеше бекіту құралдары көмегімен қандайда бір фактілер туралы мағлұматтар көрсетілген объектілерді айтамыз ".[30, 102 ] Мен бұл көзқараспен толығымен келісемін.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 120 - бабына сәйкес, егер жеке, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар құжаттарда баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң қылмыстық iс үшiн маңызы бар болса, құжаттар дәлелдемелер деп танылады. Және де алдымен құжаттардың мазмұнына назар аударылады (мысалы, басқа біреудің жүргізуші куәлігін пайдаланған кезде ).

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 118 - бабына сәйкес, егер қылмыстық құқық бұзушылық құралы болды деп пайымдауға негiз болса немесе оларда қылмыстық құқық бұзушылықтың iздері сақталып қалса немесе олар қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектiлерi болса – нәрселер, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты табу, iстiң нақты мән-жайларын анықтап алу, кiнәлi адамды анықтау не оның кінәлі екенін теріске шығару немесе жауаптылықты жеңiлдету құралы болуы мүмкiн ақша мен өзге де құндылықтар, нәрселер мен құжаттар заттай дәлелдемелер болып танылады. (мысалы, құжатта фотосуретті қайта жапсыру белгілері бар ).

Ақпараттарды бекіту тәсілі бойынша құжаттардың төмендегідей түлері болады :

- қолжазбалар;

- мәшінкеге басылған, типографиялық және принтер көмегімен жасалған мәліметтер, графикалық құжаттар (схема, жоспар, сыба және т. б.);

- кино- , фото -, бейнеқұжаттар;

-кодты ақпараттар беретін объектілер (перфокарта, телеграф және телетайп ленталары және т. б.)

Сонымен бірге, қылмыстық сот өндірісінде мынадай құжаттар болады :

-дұрыс, яғни реквизеттері мен мазмұны шындыққа сәйкес .

Олардың күшіндегі және күшін жойған, яғни мезгілі өтіп кеткен түрлері болады;

-жалған, яғни реквизиттері мен мазмұны шындыққа сәйкес келмейтін. Жалғанның интеллектуалдық (ішінде жалған мағлұмат жазылған, реквизиаттары дұрыс құжат) және материалдық (дұрыс құжатқа жартылай немесе толық өзгерту енгізіліп жалған құжат дайындалады ).

Құжаттың дұрыстығы мен интеллектуалдық жалған құжаттар тергеуші мен жедел іздестіру қызметкерімен анықталады, ал құжаттардың толық немесе жартылай жасандылығы, яғни материалдық жалғандық сараптамамен айқындалады. Құжаттарды қарап-тексеру қажетті ережелерді сақтау арқылы жүргізіледі. Мысалы, құжатты қарай отырып, оның үстіндегі түрлі іздерді (саусақ іздері, микрообъектілер) жоғалтпау үшін сақтық шараларын қолданған дұрыс. Сол себептен құжат қолмен емес, пинцетпен алынады. Құжаттардың үстінде ешқандай жазу немесе белгі салуға болмайды,өйткені олардың алғашқы мазмұны бұзылса, дәлелдемелік қасиеті жойылады. Барлық белгілер құжатты сақтайтын конверт бетінде жасалады. Басындағы бүгілген жерлер кейде құжаттағы мәтіннің бүгуге дейін немесе кейін жазылғандығын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен, құжатты табылған жерде бүгуге болмайды. Қарап-тексерукезінде шимайланған жерлерін химиялық немесе басқа да тәсілдер арқылы ажырату шараларына душар етпеу керек. Құжаттарды алғашқы түрінде сақтай алатын әрекеттерді ғана жасауға болады (лупа, микроскоп, жарық түсіргіштер сияқты). Ескіріп тозығы жеткен құжаттармен жұмыс жасағанда ерекше сақтық пен ұқыптылық ептілік қажет. Оларды екі жақтан шынымен немесе полиэтилен қағазымен қысып, бүлдірмей қарағаннан кейін конвертке салынады. Жартылай құжаттар мазмұны бойынша жинақталып, жоғарғыда айтылғандай екі шынының арасына қысып бекітіледі. Қылмыстық істе құжаттар бөлек конвертте, мүмкіндігінше уқаланбай немесе бүктелмей орналасуы керек. Барлық конверт сыртындағы толтырулар құжатты оған салмас бұрын жасалу қажет. Сонан кейін конверт жабылады және мөрленеді.

Ал енді тәсіліне келетін болсақ, жасанды қол қою тәсілі :

- ойында қалған арқылы суреттеу, нағыз қол үлгісінің үстінен қарындаш немесе қатты нәрсемен жүргізіп, кейін басылып қалған іздер көмегімен қолды салу;

- көшірме қағазы және жарып өткен жарық көмегімен көшіру;

- электрография, көшірме техникаларының көмегімен көшіру.

 Сонымен қоса мөр және штамп көшірмелерін жасанды ету тәсілдері :

- көшірмені құжаттың үстінде салу;

- жасанды құжат үстінде нағыз көшірмені басу;

- жасанды клише көмегімен көшірме алу ( фотомеханикалық ойып алу тәсілімен жасау, типографиялық шрифт көмегімен дайындау және т .б. );

- үстінде мөр немесе штамп суреттеріне ұқсас суреттері бар, бөтен заттар көмегі арқылы көшірмелер алу.

Ал жартылай жасанды құжат түрлері және олардың белгілерін қарап-тексерукезінде мыналар қаралады :

Тазарту, яғни құжаттағы сызықтарды механикалық түрде өшіру. Лупа, микроскоп немесе жарып өтетін жарық көмегімен қарағанда, мынадай белгілер байқалады: қағаз бетінің бүлінуі, сызықтардың, байқатпайтын торкөздердің жоғалуы, өшірілген сөздердің із - бедерлерінің болуы, жаңадан енгізілген символдардың жайылып кетуі және тағы басқасы. [31, 79]

Толықтыру, яғни құжаттың алғашқы мазмұнын өзгерту мақсатымен бос немесе өшірілген жерлерге жаңа таңбалар енгізу. Толықтыру белгілері: алғашқы жазылған және кейін енгізілген жазу штрихтарының түстерімен реңдеріне айырмашылықтардың болуы, кейбір таңбалардың әдеттен тыс орындалуы, қолтаңба белгілерінің өзгеруі және т. б.

Уландыру, яғни жазу немесе олардың бөліктеріндегі штрих сияларын өңсіздендіру арқылы өшіру, шаю - тексті ерткіш көмегімен өшіру.

Белгілері : қағаз қаттылығының әлсіреуі, өңсізденуі, жарықшақтардың пайда болуы, бастапқы жазу штрихтарының қалып қоюы және тағы басқа. Аталмыш белгілерді айқындау мақсатымен ультракүлгін сәуле көздерін пайдаланғанда, құжаттың уландырылған жері мен басқа жері арасында люминеценция түріндегі айырмашылық байқалынады.

Сонымен қатар құжаттардың техника - криминалистикалық зерттеуінің затына бүлінген құжаттардың мазмұнын айқындау жатады. Дәлірек айтқанда, сия төгілген әлсін көрінетін және көрінбейтін текстерді, сызылып тасталған жазуларды, жартылып қалған және жанып кеткен құжаттардың мазмұнын бұрынғы қалпына келтіру болып табылады. Ол үшін әртүрлі жарық түсіргіштер, зерттеулік фотография әдістері, ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер көзі, химиялық әдістер, көшірмелік әдіс және тағы басқасы қолданылады.

Сонымен бұл тармақшаны қорытындылайтын болсам, заттар мен құжаттарды қараған кезде міндетті түрде сот-биологиялық не болмаса сот-химиялық сараптамаларын тағайындаудың маңызы зор екенін жоғарыда айтылып кеткен мән-жайлардан айқын көруімізге болады. Сонымен қоса, ол заттарды қараған кезде ерекше назарды, ол заттың ерекше белгілеріне, құрылымы мен сипатына ерекше назар аударған жөн. Ал құжаттарды қарап-тексеруге келетін болсақ, бұл қарап-тексерудің өзіндік ерекшеліктері бар. Құжаттарды қарап-тексеру көп жағдайларда криминалистикалық-техникалық құралдардың көмегімен қарап-тексеру арқылы қандай да бір нәтижеге жеткізетіндігін атап айтқым келеді. Осы айтылғандардан шығатын тұжырым, заттар мен құжаттарды қарап-тексеруде криминалистикалық-техникалық құралдарды болашақта жетілдіре түссе деймін.  

Оқиға болған жердің аяғы болып ол қарап-тексеру жүргізген тұлға оқиға болған жерді хаттамасын толтыру. Қорытынды бөлімінде табылған заттай дәлеледемелерді суретке түсіріп, оларды жақсы қаптайды.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру өте жақсы, жан-жақты және толық жазылса да мұндай хаттамада бір жетіспеушілік бар, ол оқиға болған жердің жоспары.

Жоспар әдетте криминалистік чемоданда бар компас, транспортир, тергеу сызғышпен және т.б. құралдарымен салынуы керек.

Аумақтың үлкендігіне, кішілігіне сай жоспарлар жалпы және жеке деп екіге бөлінеді. Жалпы жоспар дегеніміз ол оқиға болған жер мен оны қоршаған аумақтың схематикалық көрінісі. Мұндай жоспар оқиға болған жердің аумағына жақын заттай дәлелдемелер жатқан немесе қылмыс бір жерден басталып екінші жерде аяқталған кезде сызылады. Сонымен қатар жоспарда қылмыскердің келу және кету іздері көрсетіледі.

Жалпы жоспар топографиялық съемкалардың әдістемесі бойынша сызылады. Сызуда әдетте схематикалық немесе көздік съемкаларды қолданылады. Егер де схематикалық съемкада жоспар масштабсыз бірақ объектілер мен олардың ара қашықтығы нақты емес көрсетілсе, көздік съемкада масштаб өте анық, объектілер мен олардың ара қашықтығын нақты көрсетеді. Жоспарда ара қашықтық метрмен өлшенеді. Өлшеу қадаммен (2 қадам=1,5 метр) немесе автокөліктің спидометрдің көрсетуінше өлшенеді. Жалпы жоспарда керексіз объектілермен қоршау керексіз болады, бірақта қылмысқа қатысты объектілерді де ұмытпай көрсету керек. Қарап-тексеру барысында табылған заттай дәлеледемелерді және іздерді, яғни әріптермен, сандармен және т.б. белгілермен өз қарап-тексеруінше белгілеуге болады. Көздік съемканы бастар алдында аумақтың шекарасын, объектілердің орналасуын, жоспардың масштабын көзбен алдын ала белгілеу керек [32, 54].



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.