Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Маманың тергеу барысындағы қатысу әрекеттері» 4 страница



Тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, оқиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары :

- өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сақтап қалу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда сақшы қызметкерлеріне нұсқау береді;

- оқиға болған жерді қарап-тексеруге өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды, мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;

- оқиға болған жерді қарағанда қолданылатын криминалистикалық құрал   - саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды маман-криминалистқа дайындауды тапсырады.

Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын жүргізеді :

- Жәбірленушінің хал - жағдайы анықталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;

- Сақшы қызметкерлерінің және басқа да лауазымды адамдардың баяндауынан оқиға болған жерде қандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын анықтайды;

- Қылмысты көзімен көрген куә адамдарды сұрау арқылы оқиға жөнінде керекті мәліметтер алады;

- Керекті жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде сақшыға және жедел іздестіру қызметкерлеріне нұсқау береді;

- Қарап-тексеруге қатынасатын адамдарды анықтап, оларды заңда көрсетілген құқықтарымен және міндеттерімен таныстырады, арнайы нұсқау береді.

- Тергеу әрекетін қарап-тексеруге қатысы жоқ бөтен адамдарды бұл жерден кетуін талап етеді;

- Жедел іздестіру қызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану арқылы қылмыскердің ізіне түсіп, оны ұстауға нұсқау береді;

Жоғарыда айтылғандармен қатар тергеушінің дайындық жұмыстары оқиға болған жерді қарап-тексеруге дайындалу тәсілдері мен ұйымдастыру жақтары келесі әрекеттерден тұрады:

1. Хабарлаушыдан (орган бойынша кезекшіден, әкімшілік өкілінен, жапа шегушіден) нақты не болғанын, оның болған уақыты мен орнын, мүмкін салдарын білу қажет. Полиция қызметкерлерінен және басқа лауазымдық тұлғалардан оқиға болған жерде кім бар екенін, оқиға болған жерді тез арада жету қажеттілігі бар ма. Бұл мәліметтер бipaз ұйымдық мәселелерді шешу үшін қажет.

2. Оқиға болған жерде жәбірленушілерге тез арада көмек көрсету қажеттілігін білу, сонымен қоса оқиға болған жерді қоршаған учаскелерде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет пе соны білу. Анықтау органына оқиға болған жердің күзетін қамтамасыз етуді және сол жерге жеткенше қылмыс фактісін тапқан адамдар мен іздердің өшпеуін және болған оқиғаның куәгерлерінің сол жерден кетпеуін қамтамасыз етуді міндеттеу.

3. Жедел-тергеу тобын құру шаралары қабылданады. Жағдайды ескере отырып оған маман-криминалист, сот дәрігері; жедел уәкіл; учаскелік полиция инспекторы; кинолог; құқық қорғау органдарының басқа да қызметкерлері (прокурор) кіреді. Олардың кeйбipeyi жедел-тергеу тобы келгенше оқиға болған жерде болуы мүмкін.

4. Дайындық кезеңінің осы сәтінде сырттан куәгерлер шақырылады, оқиға болған жерге келгенде оларды шақыру мүмкіндігі бола бермейді, (мысалы, қарап-тексеруді түнде жүргізгенде немесе орманды жерлерде, адам жоқ жерлерде). Сонымен қоса тергеу тәжірибесінде ондай оқиғалар болған, егер сыртан куәгер ретінде оқиға болған жерге адамдар тартылса қылмыскердің өзi де "қызметін" ұсынуы мүмкін. Мұның кepi әcepi айдан анық: ол қарап-тексерудің барлық нәтижелерін білумен қоймай, кейін оқиға болған жерде өзi қылмыс арқылы қалдырған іздерді оқиға болған жерде өзiнiң сырттан куәгер ретінде болуымен түсіндіруі мүмкін, және мұндай түсініктемені тepгeyшiнiң жоққа шығаруы оңай болмайды.

5. Аппаратура, құрал-жабдық, қосымша құралдар және басқа материалдар және ақпарат көздерін, ақпарат тасушыларды анықтау, тіркеу үшін, осы ақпаратты қылмыс процесінде осы ақпаратты қолдану ретінде түсіндірілетін техника-криминалистикалық құралдарды дайындауды маман-криминаситке тапсыру.

6. Оқиға туралы хабарды алған сәтте тез арада алдында жоспарланған тергеу іәрекеттерін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдау керек және осыған байланысты ұйғарым жасау қажет (куәдан жауап алу мерзімін басқа күнге ауыстыру) өйткені оқиға болған жерді қарап-тексерудің қажеттілігі аяқ астынан туындайды.

7. Оқиға болған жерге бару туралы тергеу бөлімінің бастығына хабарлау қажет. Мүмкіндігінше қарап-тексеруге қатысуға қылмыстық ic қозғалатындай жағдай болса соған бepілетiн тергеушіні шақыру қажет.

8. Оқиға болған жерді қайта  қарап-тексеруге немесе қосымша қарап-тексеруге дайындық кезінде жалпы ic-шаралардан басқа келесілерді істеу қажет: алғашқы оқиға болған жердқарап-тексерухаттамасын, оның қосымшасын қарап-тексеру; ic бойынша жиналған дәлелдемелермен танысу; ic материалдарын меңгеру кезінде пайда болған сұрақтарға байланысты мамандардан кеңес алу; мүмкіндігінше алғашқы қарап-тексеруде болған сырттан куәгерлерді шақыру; алғашқы қарап-тексеруді жүргізген адамды шақырған тиімді.

Оқиға болған жерді қарап-тексеруге криминалистикалық-техникалық құралдарды дайындау басты мәселелердің бірі. Ол техникалық құралдарың біріне кең тараған және жиі қолданылатын техникалық криминалистикалық құралды арнайы криминалист маманның чемоданына енеді. Олар үш түрлі болады: әмбебап, арнайы, араласқан мазмұндағы жиынтық. Чемоданның төбесінде тicтeyiк, қайшы, пышақ сияқты құралдармен қоса штангенциркуль, үлкейткіш шыны, пластилин сияқты заттар орналасыды.

Чемоданның алдыңғы бөлігінде үш полиэтиленді ыдыс, екі сұйықтық жинайтын арнайы ыдыс бекітілген. Чемоданның артқы жағында жиналатын қыстырғыштың бөлшектері мен магнитті көтергіштің тұтқасы салынған. Чемоданның екі жағы мен ортасында бес пластмасса, жәшік-пенал орналасқан. Бірінші мен екіншіде қолдың, еріннің, аяқ-киім табанының бетіндегі іздерді табу мен тіркеу құралдары мен материалдары. Бұл йод түтiкшeci, түтікшеге қажет электр жылытқышы, ұнтақтар, үлкейткіш шыны. Үшiншi пеналда полиэтиленді қапшықтағы гипс ұнтағы, пластмасса қасығы, резина қолғабы бар. Пеналдың қанқасы гипс сұйықтығын дайындауға икемделген. Tөpтiншi пеналда қан іздерін табуға қажет peaктивтepi, микробөлшектер жинауға арналған банкелер бар. Бесіншіде силиконды пастасы бар ыдыс, өткір кескіш бар. Чемодан сонымен қоса планшет, компас, сызғыш транспортирі бар қозғалмалы бұрыштық, үлкен беттері, дактилоскопиялық үлбірлер және қарастырылыпжатқан объектінің түсін дәл көрсету үшін қажет түс (112 түс) анықтауыш бар болады. Тергеу чемоданында сонымен қоса медициналық аптечка бар. Фотожинақ жеке фотосөмкеде болады. Онда фотоаппарат, фото жарық түcipгіш, жарық фильтpi, штатив, масштабты сызғыш, ұзартқыш сақина болады. Тергеу cөмкeci әрдайым дайын болуы керек және оны оқиға болған жерге мамандар келсе де келмесе де алып бару міндет.

Техника-криминалистік iз жасаушы заттар техникалық криминалистикалық құралдардың 4-тобына жатады. Олар: бояулар (ұнтақ, сұйықтық), бояуды шашатын құрал, тасалаушы құралдар. Мұндай «химиялық қақпандар» қылмыскерге әсер ету іздерін қалдырады, олар тек химиялық тазарту арқылы кетеді, бұл өз кезегінде осындай белгілер арқылы іздеу жүргізуге көмектеседі. Мұндай құралдар дәріханадағы, қоймадағы, киім шешетін жердегі ұрлықтармен күресуге кең қолданылады. Осындай құралдармен бекітілген барлық объектілердің тiзiмi iшкi icтep органының кезекші бөлімінде сақталады және оқиға болған жерге бара жатқан жедел-тергеу тобына беріледі [16, 54].

Оқиға болған жерді қарап-тексеруға пайдаланатын техника-криминалистік құралдар әртүрлі. Пайдалану мақсатына орай төмендегідей бөлінеді:

а) іздеу мақсатында қолданылатын заттар;

б) объектілерді тіркеу мен алу құралдары;

в) объектілерді зерттеу құралдары;

г) техника-криминалистік iз жасау заттары;

Оқиға болған жердқарап-тексерукезінде әртурлі техника-криминалистік құралдар қолданылады. Оқиға болған жерді қарап-тексеруде іздеу құралдарынан көрінбейтін, әлсіз көрінетін және микроскоптың объектілерді саусақ іздері, киім талшықтары, шаң, шаш және тағы басқа сол сияқты іздеу, табу құралдары кеңінен қолданылады.

Осы мақсатта жарық түcipгiшi бар криминалистік арнайы үлкейткіш, алюминий, графит ұнтақтары, қорғасын тотығы, сутегі арқылы қалыпқа келтірілген темір кеңінен қолданылады. Түрлі-түcті материалдардағы (қағаз ақшадағы, лоторея билеттеріндегі және тағы басқа сол сияқты) қол саусақтарының iзiн анықтау үшiн арнайы "квант" ұнтағы пайдаланылады, қағаздағы қол саусақтарының iзiн анықтаудың жақсы заты йод қосымшасы боп табылады, оған арнайы "кит" құралы қолданылады, сонымен қоса осы іздерді бекіту үшiн арнайы крахмал қагазы ойлап табылған. Микрообъектілерді табу үшiн үлкен ұлғайтқышы бар, ультрафиолетті жарық түcipгiшi бар ("УК-1", "ОЛД-41", ) құралдары қолданылады. Ультрафиолеттік сәулелер шашыраған қан дақтарын, талшықтарды зерттеуге арналған. Атыстың іздерін (жанбай қалған ұнтақтың, ыстың) , темір үгінділерін сонымен қоса инфрақызыл сәулені жұтатын объектілердің іздерін іздеу "С- 70", Ворон- 3" құралдары арқылы жүргізіледі [17, 87].

Осы топқа металл объектілерін (уық және дәрімен ату қарулары; оқтар; гилзалар, бұзу қарулары) іздеу құралдары да жатады. Олардың ішінде салмағы 35 кг дейін қара металдан жасалған объектілерді тауып ала алатын магнитті іздеп-көтергіш кең тараған. Ғимараттар мен құрылғыларда жасырылған металл объектілерін іздеуге және ашык жерде де іздеуге «МИП» немесе «Ирис», ал суда «Ирис-П» (40 м тереңдікке дейін) металліздегіш қолданылады. Киімнен, қол жүгінен, төсек-орнынан, жиһаздан іздеуде-шағын көлемді электрлі «Гамма» металліздеушісі пайдаланылады.

Іздеу мақсатында жұмсақ жиһаздар мен сусымалы, созылмалы заттары бар ыдыстарды зерттеу үшін темір сипағыштар және суда мүрделерді, тасталған заттарды табу үшін құралдар қолданылады. Практикада іздеу құралдарымен қоса криминалистік маңызы бар объектілерді тіркеу мен алу құралдары да кеңінен қолданылады.

Құралдардың осы тобының ішiнeн дактилоскопиялық (мөлдір және қара) жабысқақ үрбілер кең қоданысқа ие. Олар қолдың, киім талшығынан, шаңнан сонымен қоса басқа да микрообъектіллердің және аяқ-киім, көлік, ағаштан іздер алу үшін қолданылады. Өндіріс барысында жабысқақ үлбірдегі микробөлшектерді (қалталардан, сөмкеден) микро шаңсорғыштын көмегімен анықтайтын «Парус» құралы жатыр.

Осы топ құралдарына жабысқақ материалдар да жатады: гипс, силиконды паста «К», пластилин және тic-протез практикасында қолданылатын жабысқақ массалар. Гипс аяқ-киімінің, көліктің көлемді іздерін жасау үшін, ал «К» пастасы бұзу қаруының іздерін жасауға қолданылады.

Объектілерді тіркеу мақсатында фото, бейне жазылымдар қолданылады. Фотография дәлелдеме ақпаратының тіркеудің таптырмас құралына айналды. Фотоға түcipy тек бейне жазуға ғана жол береді.

Оқиға болған жердқарап-тексерукезінде табылған объектілерді зерттеу алдын ала және сараптық болып eкiгe бөлінеді. Объектілерді алдын-ала зерттеу кезінде техникалық криминалистикалық құралға келесілер пайдаланылады: іздеу техникалық криминалистикалық құралдарға жататын криминалистік үлкейткіш шыны, сызғыш, циркуль, штангенциркуль сияқты өлшеуіш құралдары; жалған құжаттарды, микробөлшектерді табу үшін, қажет сыныпты-кварцтық шамдар мен электронды-оптикалық өзгерткіштер; ізденуші адамдардың фотороботын жасауға қажет «ИКР-2» идентификациялық суреттер жиынтығы; нашалық заттарды тез анықтауға қажет «Политест» жиынтығы; көлік-құралдарындағы зауыт номерлерін өзгерткенді анықтайтын «Контраст» құралы.

Аталған әдістемелерді қолдану арқылы алынған ақпарат «суымаған ізбен» қылмыстық іздеу салғанда қатты қажет. Оқиға болған жердқарап-тексеруүлкен техникалық криминалистикалық құралы бар қозғалмалы криминалистік лабораториялар болғаны жақсы. «Газель» автокөлігі негізінде құрылған олар бес арнайы чемоданмен қамтылған: қол, ipi іздермен, микрообъектілермен, биологиялық объектілермен және мүрделермен жұмыс icтey үшiн қозғалмалы криминалистік лабораториялар сонымен қоса рация, магнитофон, жарық түcipгiш аппаратура, арнайы киім, сызба жұмысының жинағымен және әртүрлі құралдармен (ультра-күлгін жарық түcipгiштep, электронды-оптикалық құбылтқыш), дулығамен жабдықталған.

Оқиға болған жерде криминалистикалық - техникалық құралдарды қолдану кезінде мынадай шарттарға тоқтала кеткен жөн деп ойлаймын :

- адамгершілік нормасына сай келуі;

- ғылыми жағдайы;

- қолдану қауіпсіздігі;

- пайдаланудың тиімділігі;

- қолданудың заңдылығы;

- құқықтық негіздеменің болуы;

- басқарушы тұлғалармен қолданылуы;

- іс жүргізуші қалаптарын және қолдану тәртіп ережелерін сақтау;

- заң талаптарына сай қолдану қоырытындысын жабдықтау;

Осы аталған талаптарға сәйкес бұл құралдарды қолданушы субъектілері болып ішкі істер органдары, соттар, мен басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері және маман криминалистер болып табылады.

Тергеу тәжірибесінде дәлелдемелерді табуға, бекітуге және алуға арналған ғылыми - техникалық құралдар жиынтығы кеңінен қолданылады. Олар әмбебап және арнайы. Оқиға болған жердегі іздермен жұмыс жасауда жылжымалы криминалистикалық лабораторияның мүмкіндігі өте зор. Оның ішінде қарап-тексеру кезінде табылған іздерді тек жинап қана қоймай, сонымен бірге алдын - ала зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері де бар.

Ал енді осы қарап-тексеру кезінде іздерді табуда қолданылатын құралдарға мыналарды жатқызуға болады :

- жарық беру құралдары, оларға үй шаруасында қолданылатын жарық аспаптарымен қатар, сол сияқты арнайы құрал - жабдықтар қолданылады (автокөлік фаралары, фото - кинолампалар, прожекторлар және тағы басқасы жатады);

- көз диапазонын кеңейтетін оптикалық аспаптар (өлшеуіш, металлографиялық лупалар, салыстырмалы, стереоскопиялық дүрбілі микроскоптар );

- химиялық реагентті заттар (азотты қышқыл күмістің сулы қоспасы, ацетондағы нингидрин қоспасы, сутегі тотығы);

Енді осы қарап-тексеру нәтижесінде алынған іздерді бекіту үшін де криминалистикалық құралдар қолданылады :

- фотографиялық құралдар;

- өлшеуіш құралдары;

- көшірме жасауға арналған материалдар ( дактилоскопиялық ұнтақтар мен пленкалар, пластилин, парафин, гипс, силикон пастасы және басқасы ) .

Жоғарғыда аталған бекіту құралдары қосымша болып, тергеу әрекеттерінде іздер мен іздің жасалуын, із түскен заттардың беті мен басқа да жағдайларды ескере отырып қолданылады. Табылған іздерді зерттеу әрекеттерінің хаттамасында суреттеу - бекітудің негізгі және қажеттісі болып табылады [18, 123]

Осы аталған құралдардың ішінде қай қарап-тексеру түрін алмасақ та кеңінен қолданылатыны фотографиялық құралдар табылады. Бұл тергеу әрекеттерін жүргізуде кеңінен пайдаланылады. Ең бірінші Француз криминалисі Альфонс Бертильон сигналетикалық фотосурет (адам пішінін түсіру ) және оқиға болған жердегі әртүрлі объектілерді суретке түсіру ережелерін жасап шығарған.

Ал Ресейде алғаш рет дәлелдемелерді зерттеуде фотографиялық әдістерді қолдануды Е .Ф. Буринский ұсынды. Қылмысты тергеу мен ашуда фотографиялық құралдарын қолдану тәжірбиесі 1926 жылы криминалист С. П. Потаповтың еңбегінде жазылды.

Фотографиялық құралдарға фотоаппарат, оның қосалқы бөлшектері, фотоматериалдар және оларды өңдеуде қолданылатын химиялық реактивтер жатады. Бұның қарап-тексерубарысындағы маңыздылығы қылмысты тергеуге қажетті түрлі объектілерді, олардың белгілері мен қасиеттерін бекітіп алуында.

Қылмысты тергеп әшкерлеуде техникалық - криминалистік құралдарды қолдану ережелері, реті және мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексімен ретеледі. Қазақсатн Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 126 - бабының 1-тармағы бойынша, қылмыстық процесті жүргізетін орган, сондай-ақ сарапшы және маман қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды процестік міндеттерін өздері орындауы кезінде пайдалана алады. Қылмыстық процесс жүргізуші органмен ғылыми - техникалық құралдарды пайдалану, тиісті процессуалдық әрекеттер хаттамасында бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 126 - бабының 4 - тармағы бойынша,қылмыстық процестi жүргізетін органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректерi, оларды қолданудың шарттары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi көрсетiле отырып, тиiстi процестік әрекеттердiң хаттамаларында және сот отырысының хаттамасында көрсетiледi.

 Кейінгі жылдарда кримиалистика тәжірибесінде сандық фотография әдісі ене бастады. Бұл әдістің ерекшелігі - бұрынғы негатив және позитив фотоматиралдарын өңдеуге қарағанда арнайы электронды табақшамен сурет шығаруда. Қылмыстарды тергеуге қолданылатын жаңа техникалық құралдар өзінің тиімділігі жағынан қолданыстағыдан кем болмауы керек. Фотографиялық тәсілмен бекітіп алуда сурет сапасы ерекше орын алады. Қылмысты тергеу практикасында фотографиямен бірге бейнетаспа түсіру сияқты қосымша бекіту тәсілі қолданылады . Криминалистикалық бейнежазба - киноматография және бейне түсіру мен жазу құралдарына, әдіс-тәсілдерінің негізіндегі және ғылыми ережелер жүйесі негізінде жасалған тергеу әрекеттері мен нәтижелерін бекітетін криминалистикалық техниканың бір саласы. Бұл саланы тиімді пайдалану үшін алдымен бейнежазба түсірілетін объектілер анықталып, жоспар құрылып, білікті маман шақырылады. Бейнежазбаны жағдайы қиын елеулі оқиға болған жерларде (мысалы көлік апаттары) қолданған тиімдірек болады.

Сонымен жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе, қарап-тексеру барысында криминалистикалық -техникалық құралдарды қолдану арқылы, тергеу әрекетінің жан-жақтылығын,толықтылығын қамтамасыз етеміз. Қай тергеу әрекетін алсақта криминалстикалық-техникалық құралдар көмегімен жүргізіледі. Сондықтан қазіргі заман талабына сай криминастикалық -техникалық құралдарды қолданған жөн деп ойлаймын. Сонда ғана маман-криминалисттің жұмысын жандандыра түсеріміз айдан айқын. 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.