Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Маманың тергеу барысындағы қатысу әрекеттері» 3 страница



Тағы бір ерекшелік ретінде қарап-тексеруді, яғни оқиға болған жерді қарап-тексеру мен тергеу экспериментін салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін атап айтсақ, тергеу эксперименті іс үшін маңызы бар мәліметтерді зерттеліп отырған оқиғаның белгілі бір әрекеттерін, жай- жапсарын, мән - жайларын қайта жаңғырту және тәжірибе жүргізу арқылы  тексеру мен нақтылау мақсатында жүргізіледі. Эксперимент жүргізу кезінде, атап айтқанда әлде бір оқиғаның болу ықтималдығы тексеріледі. Сондай-ақ болған оқиғаның реті және іздердің пайда болу тетігі анықталуы мүмкін.

Сондықтан қарап-тексерудің бұл тергеу әрекетінен де өзгеше бір ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айқын көруімізге болатындығын атап өтуге болады. Ал мына бір тергеу әрекеті атап айтқанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық процесстік кодексінің 222-бабында көрсетілген, яғни адам мәйітін қарап-тексеру ерекшеліктерімен, мәйітті жерленген жерден қазып алу айырмашылықтарына тоқталып кеткім келіп отыр.

Ал енді, осы аталған тергеу әрекеттеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ адам мәйітін қарап-тексеру, ол табылған жерде сыртынан тексеру жүргізу арқылы оның қалай өлгенін, өлу себептерін, оның денесіне қандай жарақаттар келтірілгендігін анықтаймыз. Тағы да бір ерекшелігі бұл тергеу әрекетінде сот - медицинасы саласындағы маман дәрігердің міндетті түрде қатысуы болып табылады. [8, 17]

 Міне бұл қарап-тексерудің түрлерінің әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Енді бұл аталған т қарап-тексеруді, яғни адам мәйітін қарап-тексеруді эксгумациялау нақты түсінікті болу үшін айтсақ, адам мәйітін жерленген жерінен қазып алудан айырмашылығы мен ерекшеліктеріне назар аударайық. (ҚПК- нің 225 бабы).

Адамның мәйітін жерленген жерінен қазып алу мынандай жағдайларда ғана жүргізіледі :

 1) адамның мәйiтін қарап-тексеру, оның iшiнде оны қосымша немесе қайталап қарап-тексеру;

 2) тану үшiн көрсету;

 3) сараптама үшін үлгілер алу және сараптама жүргізу;

 4)іс үшін елеулі маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау талап етiлгенде, адамның мәйiтiн жерленген жерiнен шығарып алу (эксгумация) жүргізіледі.

Бұның тағы бір ерекшелігі эксгумация сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сот санкциялаған уәжді қаулысы негізінде жүргiзiледi. Эксгумацияның жүргізілетіні туралы қайтыс болған адамның туыстарының біреуі хабардар етіледі. Сонымен бірге эксгумациялау туралы қаулы адам жерленген жердің әкiмшiлiгi үшiн мiндеттi болып табылады. Сондықтан да қарап-тексерудің қай түрін алмасақ та, қандай да бір ерекшеліктермен, белгілі бір өзіндік қасиеттерге ие.

 Қарап-тексеру тергеу әрекетіне куәларды қатыстыра отырып жүргізіледі. Куәларды осы тергеу әрекетіне, яғни қарап-тексеруге қатысуының үлкен маңызы бар, олар осы фактіні қарап-тексерудің қандай нәтижеде өткенін куәландыруға міндетті. Бірақ осы жерде тағы бір айта кететін жағдай қандайда болмасын тергеу әрекетіне қатысқан қуәгерлер бұрын сотталмаған не болмаса іске тәуелсіз адамдар тартылуы тиіс делінген қылмыстық процесстік заңнамасында. Бірақ мен мұндай заң талаптарының кейбіреулерімен келіспейміз. Оның себебі, өйткені мысалы алатын болсақ тергеу іс - әрекетін жүргізу негізінде екі куәгер қатысуы міндетті делінген [9, 13].

Біз бұл жұмысты криминалистика тұрғысынан талқылап, қарастырып жатқандықтан бұл сала басқа да өзі тектес заң ғылымдарымен тығыз байланысты, өйткені қарап-тексерудің көп тәсілдері мен әдістері осы ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Қарап-тексеру ең бірінші қылмыстық процестік заңнамамен тығыз байланыста. Себебі қарап-тексеруді зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері қылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, процессуалдық заң осы тергеу әрекеттердің жүргізілу тәртібін заңды түрде қалыпқа келтіреді.

Атап айтқанда екі пәннің де зерттейтіні бір объект - тергеу әрекеті. Бірақ олардың осы процессуалдық әрекеттерді оқып тексеру аспектісінің мазмұны әр түрлі. Тергеу аспектісінің мазмұны әр түрлі. Тергеу әрекеттерінің тәсілдері мен әдістері қарап-тексерудің тиімді және нәтижелі жүруіне бағытталған. Сондықтан олар қылмысты процессуалдық заңда көрсетілмеген, заң қалпының мазмұнымен қамтылмаған.

Бірақ қарап-тексеру ұсынған қандай бір әдіс, тәсіл не құрал болса да, ол процессуалдық заңның шеңберінен шықпауға тиіс және заңға қайшы болмауы керек. Тағы бір айта кететін жағдай қарап-тексерудің процессуалдық негізі қылмыстық заң ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыс заң ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын көрсетіп, әр қылмыстың құрамындағы белгісін талдап баяндайды.

Бұл қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін негізге ала отырып, оған талдау жүргізіп, қылмысты ашуға керекті белгілерді нақтылап, қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге тиісті мән - жайларды, шешетін сұрақтарды белгілеп және қылмыстарды тергеу тәсілерін ұсынады. [10,74-76 ]

Негізінен алғанда қарап-тексеруді жүргізу үшін келесідей негіздер болуы қажет :

1) ол іс-материалдарында деректі мәліметтердің болуы,

2) шынайлығын көрсететін немесе басқа белгілі бір объектілердің маңыздылығын, мән - жайларын көрсетеді,

3) қарап-тексеруді жүргізуді дұрыс түсіну, нақты заңдылықтарды сақтаудың үлкен тәжірбиелік маңызы бар.

Осы қарап-тексеруді жүргізу ең алдымен тергеушінің дәлелді қаулысының негізінде жүргізіледі. Онда тергеуші Қазақстан Республикасының Қылмыстық проестік кодексінің 198-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесiнде осы Кодекске сәйкес қандай да бiр процестік шешiмді қабылдау кезiнде сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адам қаулы шығарады, онда оның жасалған орны мен уақыты, осы адамның тегі және лауазымы, қабылданатын шешiмнiң мәнi мен негiздерi, олардың негізінде қаулы шығарылған осы Кодекстiң баптары көрсетiледi.Қаулыға тергеуші қол қояды.

Егер де тергеуші қол қоймаған жағдайда қаулының заңды күші болмайды. Осы шешімді шығару үшін негіз болып дәледемелердің, мәліметтердің жеткілікті болуы, ол үшін басқа жолмен алынған мәліметтер негіз бола алмайды.

Тек қана тергеушінің қаулысынсыз ғана бір тергеу әрекеті жүргізіле алады, ол қарап-тексеру тергеу әрекеті яғни, оқиға болған жерді қарап-тексеру болып табылады. Бұл алдын - ала тергеу сатысындағы кідіртілмейтін әрекеттің бірі болып саналады. Бірақ бұл тергеу әрекеті жүргізілгенен кейін оның нәтижесі туралы жиырма төрт сағат ішінде, яғни бір тәулікте тиісті қаулымен прокурорға хабарлануы тиіс.  

 

 

1.2. Маманның тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қатысуының құқықтық, ұйымдастырушылық және тактикалық негіздері.

 

 

Маман-бұл қандайда бір нақты мамандық саласы бойынша жұмыскер. Осы ұғымның мұндай мазмұны адам қызметінің барлық салаларына қатысты айтылған.

Қазақстан Республикасы ҚПК 80-бабын сәйкес қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне кіретін мәселелерді түсіндіру, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолымен дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болатын тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын педагог та, психолог та, сол сияқты оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын дәрiгер де мамандар болып табылады.

Сөйтіп, құқық қолдану практикасында маман ретінде объектілердің, құылыстардың болмысын,мәнін,қасиеттерін тану ақиқатты анықтау үшін қажетті болып табылатын арнаулы білімі бар кез келген адам болуы мүмкін.

Ведомстволық ұғымда маман-бұл нақты лауазымға сәйкес келетіндей арнаулы білімі бар міндетті нақты ведомствоның қызметкері.

Маманның тергеу әрекеттеріне қаысудағы мақсаты- қылмыстарды ашу,тергеп-тексеру және ескерту үшін дәлелдемелерді және бағдар беретін ақпаратты жинауға көмектесу, сондай-ақ осы үшін аса тиімді тактикалық және техникалық құралдар мен әдістерді әзірлеу.

Басым жағдайларда тергеу әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ жедел-криминалистикалық бөліністерінің (ЖКБ) қызметкерлері тартылады.

Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін басқа да білікті адамдар, ең алдымен, тергеп-тексеру жұмысының ерекшелігімен таныс мамандар шақыртылады, себебі бұл тергеу әрекеттерін жүргізген кезде олардың білімдерін мақсатқа сай қолдануға мүмкіндік береді.

Маман ретінде тартылатын адамдар атқаратын функцияларына байланысты үш топқа бөлуге болады:

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптамалық бөліністерінде жұмыс жасайтын және лауазымдары бойынша сарапшылар болып табылатын мамандар;

- Қазақстан Республикасы ІІМ тергеу бөліністерінде жұмыс жасайтын,тергеу әрекеттерін жүргізу барысында көмек көрсететін, осы бөліністердің жұмыс практикасына арнайы әдістерді, тәсілдер мен ғылыми-техникалық құралдарды енгізуді жүзеге асыратын адамдар;

-  аталған бөліністерде жұмыс жасамайтын, бірақ арнаулы білімі бар мамандар (мысалы, тамақ өнімдері, ауыл шаруашылығы,табиғатты қорғау қызметі және т.б. салалардың мамандары).

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүжеге асыратын адамның немесе соттың талабы бойынша тергеу және басқа да процестік әрекеттерге арнаулы білімі бар адамның маман ретінде қатысуы, егер ол оның қызмет барысында жататын бөліністің қызметкері болып табылса, ешқандай сұрак туындамайды.

    Осындай мамандардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы тәртібі оқиға орынын қарап-тексеруге қатысу үшін маман ретінде тартылатын қызметкерлер мен азаматтық персоналдың жұмысын ұйымдастыру туалы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген. ЖКБ немесе сараптамалық мекеме қызметкерінің маман функциясын атқара алатындай арнаулы кәсіби дайындығы болу керек. Лауазымды адам- маманның кәсіби мәртебесінің негізін оған лауазымы бойынша бекітілген функциялық міндеттер құрайды.

    Әдетте,тәжірибеде маман ретінде шақыртылатын адамның арнаулы білімін тексерудің белгіленген нысаны жоқ.

    Маманның қатысу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінде реттелген.

    Маман қылмыстық істің нәтижесіне мүдделі емес, ғылымда,техникада,өнерде, кәсіпте, және өзге де қызмет салаларында арнаулы білімі бар, қылмыстық процесті жүргізуші орган тергеу және басқа дапроцестік әрекеттерді жүргізуге қатысу жіне көмек көрсету үшін тартатын адам ретінде қылмыстық процеске қатысушы болып табылады. Кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болатын тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын пелагог та, сол сияқты тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын дәрігер де маман болып табылады (ҚР ҚПК 80-б. 1-б.).

Қылмысты құдалау органы тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізуге қатысу үшін қылмыстық істің нәтижесіне мүдделі емес маманды шақыртұға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тесеруді жүзеге асыратын адамның маманды шақыру талабы оған міндетті болып табылады (ҚР ҚПК 80-б. 5-б. 1-т.).

    Қылмыстық құдалау органы тергеу және өзге де процестік әрекет бастар алдында маманның жеке басына және құзыретіне көз жеткізеді,оның күдіктімен және жәбірленушімен қарым-қатынасын анықтайды,оның ҚПК 80-бабында көзделген міндеттер мен құқықтар түсіндіріледі. Және заңнамалық актілерде белгіленген жауапкершілік туралы ескертеді,бұл маманның қолымен расталады.

    ҚПК 87-бабында көрсетілген негіздер болған жағдайда маман қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды,егер:

-тергеушіге,анықтаушыға,прокурорға,судьяға,күдіктіге,оның қорғаушыларына,заңды өкілдеріне, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесі олардың өкілдеріне қызметтік немесе өзге дежағдайда тәуелді болған немесе әліде тәуелді болса;

- нәтижесі қымыстық құдалауды бастауға себеп болған ревизия немесе басқа да тексеру әрекеттерін жүргізген болса;

-оның құзыретті еместігі анықталса (ҚПК 92-б. 1-б. 2-т.).

    Адамның осының алдында маман ретінде қатысуы оның осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге осындай тиісті түрде одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды (ҚПК 92-б. 2-б.).

    Сотқа дейін тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу және басқа да процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатысқан маманға өзінің рұқсатынсыз істегі мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіндігі туралы ескертеді, бұл туралы көрсетілген адамдардан жауаптылық туралы ескертіле отырып қолхат алынады (ҚПК 201-б.). Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатынсыз сотқа дейінгі іс жүргізудің деректерін жария еткені үшін маман Қазақстан Республикасы ҚК 423-бабына сәйкес жауаптылықта болады.

    Маман қылмыстық процеске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар бар боған кезде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шет қалуға міндетті (ҚПК 86-б. 1-б.).

    Маманға қарсылық білдіру туралы мәселені қылмыстық процесті жүргізетін орган шешеді (ҚПК 92-б. 3-б.).

    Маман келесі тергеу әрекеттеріне қатысады: оқиға орынын қарап-тексеру, заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру, мәйітті қарап-тексеру, куәландыру, тану, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерттеу үшін, тінту және лу, жеке басын тінту, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау,тергеу эксперименті.

    Тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысқан маман тергеу әрекеттерінің хаттамасына қол қояды.

    Маманның құқықтары мен міндеттері:

1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне кіретін мәселелерді түсіндіру, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолымен дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болатын тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын педагог та, психолог та, сол сияқты оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын дәрiгер де мамандар болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің қызметкері зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін маман ретінде тартылуы мүмкін.

3. Маманның:

1) зерттеу нысанасына жататын материалдармен танысуға;

2) қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдар беру туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;

3) өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге;

4) егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға;

5) тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға қылмыстық процестi жүргiзетін органның рұқсатымен сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындауға материалдар дайындау кезiндегі өзiнiң әрекеттерiне байланысты мән-жайларға аударуға;

6) қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың тағайындауы бойынша іс материалдарына, салыстырма зерттеулердi қоспағанда, оның барысы мен нәтижелерін осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосып тігілетін хаттамада не ресми құжатта көрсете отырып, объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не олардың сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің маманы қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сот-сараптамалық зерттеулердің барысы мен нәтижелерін Кодекстің 117-бабының талаптарына сәйкес ресімделген маманның қорытындысында көрсете отырып, осы объектілер бойынша оны жүргізуді жоққа шығармайтын көлемде осы объектiлердiң iшiнара жойылуына әкелетін салыстырмалы зерттеулер жүргiзуге;

7) өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң тіркелуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға;

8) қылмыстық процестi жүргiзетін органның әрекеттерiне шағым келтіруге;

9) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

10) аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

11) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге;

12) егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар.

4. Маман:

1) қылмыстық процесті жүргізетін органға хабардар етпестен, процеске қатысушылармен зерттеу жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

2) зерттеу материалдарын өз бетінше жинауға құқылы емес.

Осы шектеулер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды.

5. Маман:

1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;

2) дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдем көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, тергеу әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға;

3) өзi орындаған әрекеттерге қатысты түсiнiк беруге, ал осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге;

4) iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және iске қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге;

5) тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға;

6) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

6. Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маманға Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.

Оқиға болған жерді қарап-тексеруді жүргізуге байланысты дайындық әрекеттері:

Қандай да бір қылмыс болмасын алғашқы тергеу әрекеттірінің бірі оқиға болған жерді қарап-тексеру, түсініктеме және қозғалған қылмысытық іс бойынша жауап алу, сараптама тағайындау әрекеттері жүргізіледі. Болған қылмысқа байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы басты әрекеттердің біріне оқиға болған жерді қарап-тексеруге дайындалу болып табылады.

Бұл дайындық жұмыстарының алатын орыны ерекше деп айтуға болады. Дайындық жұмыстары қалай жүргізіледі солай тергеулік әрекет жүргізіледі, яғни оқиға болған жерді қарап-тексеру нәтижелі жүргізіледі.

Оқиға болған жерді қарап-тексеруге байланысты әрекеттер:

а) оқиға болған жерге шықпас бұрын:

- оқиға болған жерге күзеттің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

- оқиға болған жерге баратын адамдар жөніндегі сұрақтарды шешу (жедел уәкіл, криминалист маман, қызметтік итпен оның иесі, куәгерлер және т.б. болуы мүмкін);

б) оқиға болған жерге келген бетте:

- бөтен адамдарды оқиға болған жерден шығарып жіберу, ол жерде күзет қойылмаса күзет қою;

- жедел-тергеу тобының басқа мүшелерін оқиға орнымен таныстыру, ол жерде кімдер куә болды және басқа да оқиға жөнінде білетін азаматтарды анықтау;

- жедел іздестіру шаралары арқылы қылмыскердің ізін суытпай ұстау мақсатында сол оқиға болған жердегілерден түсініктеме алу (жәбірленуші мен көзімен көрген немесе басы қасында болғандардан);

- қызмет иттерін қолдану;

- оқиға болған жерде қылмыс болғаннан кейін жедел тергеу тобы келгенге дейін қандай өзгерістер болды егер болса ол қандай мақсатта жасалғандығын анықтау;

- оқиға болған жерді қарап-тексеруге кірісу;

Оқиға болған жерде анықтауға (нақтылауға) жататын мән жайлар:

- қылмыскер қандай жолмен оқиға болған жерге келді немесе кірді және қайсы жолмен шығып кеткен;

- ол қандай қылмыстың құралын қолданды;

- сол оқиға болған жерде ол қаша уақыт болды;

- бір адаммен жасалды ма немесе топпен жасалды ма;

- оқиға болған жерде жоғалған заттар арқылы қылмыскерді тура көрсететін немесе сол заттарды қай жерде тұрғандығын кім білгендігі жөнінде мәліметтерді қарастыру;

- қарап-тексеру барысында ұрланған заттар арқылы белгісіз қылмыскердің жеке басын сипаттау;

- бұл жерде қылмысты жасағансу (инсценировка) әрекеті болған жоқ па деген жағдайлар мен болжамдарды қарастыру;



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.