Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы Аяған ұстаздың аңғалдығын өмірмен байланыстыра талдап жазыңыз.



44. Компьютерлік технологиялардың ақпараттық-коммуникациялық жаһанданудағы рөлі» туралы өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады..Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, Exsel программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға машықтандыру, оқушының ақпараттық ізденіс қабілеті арттырады.Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді. Математика пәні адамның ой - өрісін, ойлау, талдауқабілетін дамытады және білім қазынасын игеру, әсіресе математиканы оқыту, оқып -үйрену дәйектілікті, табандылықты, сонымен бірге қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан, барлық оқушыларды жүйелі дайындықсыз жоғары нәтиже көрсету мүмкін емес . Оқушыларды сырттай мемлекеттік бақылауларға дайындауда пән мұғалімі математика пәніне деген өзінің көз қарасын түсіндіріп жеткізуі және математиканы санақ жүйесі немесе қандайда-бір өлшеуші құрал ретінде қана қарастырмай, біріншіден ғылым екендігін түсіндіріп, ал екіншіден кез келген оқушы жігерлік танытып, бар күш-қайратын салып талаптанса ғана меңгеретіңдігі туралы бойларына сезім тудыру қазіргі кезеңдегі мектептің ең күрделі психологиялық мақсаты деп білу өте орынды. Математика арқылы оқушыға мұғалім күнделікті іс-әрекетін ғылыми стильмен жеткізу, оларды адамгершілікке, өз-өзіне сын көзімен қарауға, сонымен қатар, жауапкершілік пен адалдыққа бейімдейді. Бұл қасиеттерді бойына сіңірген оқушы келешекте қиындыққа және уақытша психологиялық қолайсыздыққа төзімді болады. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың әдістері мен мазмұнын анықтамайды.. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау және беру үрдісі. Компьютерлік технологияға әртүрлі оқыту әдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту және т.б. Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам копьютерді біледі, оны жұмыста да,үйде де қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлем бізге өте үлкен көлемді есептерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте үлкен санын өңдеуге көмектеседі. Компьютер құрамдастардың даму жылдамдығы тек математикалық, графикалық есептерді шешіп қана қоймайды. Бүгінгі күні видео және аудио ақпаратты өңдеу және бейнероликтерді құру аса қиындыққа соқпайды. Компьютерлік оқыту дегеніміз- оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Оны қазіргі уақытта электронды оқыту деп атауда.Электронды оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп санауға болады. Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады.


45. «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» мәселесі бойынша өз ойыңызды пайымдап жазыңыз.

Табиғат ежелден бері адам­ға қызмет етіп келеді, бұл оның өмірінің қайнар көзі. Мыңдаған жылдар бойы адамдар қорша­ған орта­мен үйлесімді өмір сүрді және оларға табиғи байлық шексіз болып көрінді. Бірақ өркениеттің дамуымен адамның табиғатқа арала­суы арта бастады. Мыңда­ған тү­тінді өнеркәсіп кәсіп­орындары бар ірі қалалар бүкіл әлемде пайда болып жатыр. Олардың қосалқы өнімдері біз дем алатын ауаны, ішетін суды, астық пен көкөніс өсі­ретін жерді ластайды.

 

Ғылыми-техникалық прогресс адамзат алдында бұ­рын-соңды кездеспеген бірне­ше жаңа, өте күрделі мәселелерді қойды. Олар­дың ішін­де адамды қоршаған ортамен бай­ланысты­ратын қарым-қатынас ерекше орын алады. ХХ ғасырда табиғатқа ауыртпалық көбеюдің 4 есе­ге және әлемдік өндіріс көлемі­нің 18 есеге өсуімен байланыс­ты болды. Ға­лым­­дардың ай­туы бойынша, 1960-1970 жылдар аралығында адамзат­тың әсерінен болатын экология­дағы өзгерістер бүкіл әлемде пайда болды, яғни планетаның барлық түкпіріне әсерін тигіз­ді, сондықтан да бұл мәселелер жаһандық сипатқа ие бола бас­тады.

Жыл сайын өнеркәсіп атмосфераны шамамен 1 трлн тонна шаң мен басқа да зиянды заттармен ластайды. Көптеген қалалар түтіннен зардап шегеді. Кең ормандар кесіліп, өртеніп жатыр. Олардың жоғалуы оттегінің тепе-теңдігін бұзады. Нәти­же­сін­де, жануарлардың, құстар­дың, балық­тардың және өсім­діктердің сирек кез­десетін түр­лері мәңгіге жоғалып, бір­­қатар өзендер мен көлдер құр­ғап кетті. Ауаның және дүние­жүзілік мұ­хиттың ластануы, озон қабатының бұ­зылуы адамның табиғатпен рабайсыз араласуының нәтижесі болып саналады. Ал бұл – экологиялық дағдарыстың бел­гісі.

Экологияны қорғаудың маңызын түсінсек, оны сақ­тап қалудың шараларын қарас­тырайық:

Біріншіден, су және жарық энергия­сын үнемді пайдалану.­ Бұл табиғатқа ғана емес, сіздің әмияныңызға да пай­­дасын тигізеді. Яғни, барлық электр құрылғыларын өшіріңіз, ұй­қы­ режімінде де компьютер қуат­ты тұтынады, үйден шыққан кезде әрдайым шамдарды сөндіргеніңізге көз жеткізіңіз, энергия үнемдейтін шамдарға ауысыңыз, үй­дегі барлық сан­техниканың жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз, өйткені күніне 20 литрден астам су ағып кетуі мүмкін.

Екіншіден, қағазды үнемді пай­далану. Біз көбінесе қағаз­дың ауадан шықпайтынын және қажет емес баспалардың бә­рі ағаштардың қира­ғанынан пай­да болғанын ойламаймыз. Сондықтан бір нәрсе ба­сып шығармас бұрын, оның қанша­лықты маңызды екені туралы тағы бір рет ойланыңыз. Қазір билет­терді телефон экранында көр­сету жеткілікті, бұл үшін арнайы электронды биле­т­тер іске қосылған. Әрине, ағаш отыр­ғызуыңыз да әлемге кіш­кене болса да пайдасын тигізер еді.

Үшіншіден, полиэтиленді пакеттерден арылу. Әрине, бәріміздің үйі­мізде әйгілі «па­кет­тері бар пакет» бар, яғни бір пакеттің ішіне 100 пакет са­лып қоямыз ғой. Қане, шындыққа тура қарайық, полиэтиленді пакеттер қоршаған ортаға зиян­ды, сондықтан дү­кенге барар­да үйіңізден ескі пакет­терді алып шығуға тырысыңыз және сол пакетті жыртыл­ғанша қол­да­ныңыз.

Төртіншіден, пластикті қол­да­ныстан шығарып тас­тау. 2015 жылы АҚШ-тың Джорд­жия технологиялық универ­­ситетінің профессоры Дженна Джамбек пластикке қатысты «Тек жағалауларда ғана жыл сайын 12,7 миллион тоннаға дейін қалдық жиналып қалады. Дүние жү­зі бойынша жағалауларда әр қадам басқан са­йын іші қо­қысқа толы 15 полиэтилен па­ке­тінің шашылып жатқанын елес­тетіп көріңізші. Ал сол қал­дықтардың биоыдырауға ұшырап, толықтай жойылып кетуі үшін орташа есеппен 450 жыл қажет», деген сенсациялық мәлімет таратты. Сол себепті, плас­тикті қолданыстан мүлдем алып тас­тау қажет.

Табиғи ортаның ластанбауына адамдардың терең түсінік-пайы­мы керек. Біз қор­шаған ортаны қорғай­мыз десек, балабақшадан бастап эко­логиялық тәрбиені үйрет­кеніміз дұ­рыс. Ата аналар тазалық сақтауды бала­ларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бү­гінгідей күрделі жағдайлар­дың алдын алуға септігі тиеді.

 

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс

 

46. «Қазақстандағы туризмнің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбын экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан талдап жазыңыз

Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 19-тармағын; 2018 жылғы 9-10 мамыр аралығында Алматы облысына сапар барысында Елбасы берген тапсырманы, "5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын, атап айтқанда, туристік кластерлерді құрудың табысты тәжірибесі бар стратегиялық (негізгі) инвесторларды тарту шеңберінде индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалдық реформаны іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген экономиканы әртараптандырудың басты бағыттарына және "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығына сәйкес Қазақстанды 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді дамытудың стратегиялық бағыттарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген саланы дамытудың негізгі қағидаттарын ескере отырып әзірленді.

Әлемдік экономиканың дамуының қазіргі жағдайларында туризм жетекші және қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып келеді. Бюджетке салықтық түсімдердің, шетел валютасы ағынының, жұмыс орындары санының өсуі есебінен туризм экономиканың басты секторларының (көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жаппай тұтынылатын тауарлардың өндірісі) дамуына үлес қосады.

Тиімді геосаяси жағдайда орналасқан Қазақстан қомақты тарихи-рекреациялық ресурстарды әрі әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілерін, бірегей табиғи алуан түрлілікті иелене отырып, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне және әлемдік туризм картасында ірі ойыншыға айналуы үшін барлық қажетті алғышарттарға ие.

Алайда, қазіргі уақытта туризм саласының даму қарқыны орташа, ұлттық ауқымдағы әлеуметтік-экономикалық әсері мардымсыз. Қазақстан Республикасына туристік ағынды ұлғайту мақсатында кедергілерді азайту және саланы стратегиялық жоспарлау арқылы саланың әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керек.

Осы Бағдарлама туристер қызығатын орындарды дамыту және еңбек ресурстарын туризм саласына жаппай тарту, сыртқы және ішкі туристік ағынды түбегейлі өсіру, қолайлы туристік ахуал құру арқылы туристік салаға инвестицияларды ұлғайту, ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету, елдің туристік саласын толыққанды институттандыру арқылы туристік көрсетілген қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігін және сапасын, сондай-ақ халықтың өмір сапасының деңгейін арттыруға бағытталған.

Бұл ретте, Бағдарламаны іске асырудың бастапқы кезеңіндегі мемлекеттің белсенді рөлі бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамыту және арттыру үшін сала субъектілеріне қажетті қолдауды етеді.

Бағдарламаны қабылдау отандық туристік саланың тиімді дамуы үшін қажетті жағдай жасайды және 2025 жылы ЖІӨ құрылымында 8 %-дық үлеске қол жеткізу міндеттеріне жетуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жағдайды талдау және Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында саланың негізгі проблемалары айқындалды және Мемлекеттік бағдарлама арқылы шешілуі тиіс басты міндеттер анықталды.

47. Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

 

«Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазаққа қызмет етудің, халыққа қызмет етудің хас үлгісін көрсетіп кеткен қайраткер. Сертке адалдықтың, антқа беріктіктің, ұлт алдындағы жауапкершілік жүгін қара нардай көтере білудің үлгісін үйретіп кеткен тұлға. Қазақ «қылыш үстінде серт жүрмейді» десе де, жаны оққа байлаулы шақта да сертінен танбады. Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бөкейханның саяси маңызды тұжырымы – тәуелсіздік жолында қарудың күшіне емес, білімнің күшіне сену болатын. Өзі адал қызмет етуге серт берген қазақты ұлттық тәуелсіздікке бастайтын жол – заман талабына сай ұлттық мәдениет қалыптастыру, қазақ қоғамын еуропалық деңгейге жеткізу деп сенді. Ол осы мұрат жолында аянбай еңбек етті, ғылымда, оқу-ағарту саласында, мәдениет мәселелерінде, саясатта осы ұстанымынан айнымады.

Әлихан Бөкейханның «қазаққа қылған қыз­ме­тіне» көз жүгіртсек, ұшан-теңіз мұхиттай, кең шалқар даладай түгесілмес еңбекті көреміз. Бірқатарын ғана санамалап өтсек, ол ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қойған тұлға, тарихшы, ­этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, ­публицист ретінде қазақтың саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпес із қалдырған жан.

Алаш идеясын, Алаш мүд­десін жеткізген Әлихан ­Бөкей­хан: «Қазақтың байырғы ­же­рін қазақтар ғылым мен техникаға сүйеніп толық игер­мейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да беріл­мейді... Оның әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме ­болып қадалу керек... Қазақтың ­же­рінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек» деген сөзі осы күні де жанымызға жақын екенін несіне жасырайық? Біз осы нөмірде сұхбатын жариялап отырған алаштанушы ғалым, академик Мәмбет Қойгелді Әлихан Бөкейхан есімі ХХ ғасырдағы өзге ұлт көсемдерімен қатар аталатын тұлға дейді. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Әлихан есімін ұлықтау үшін әр ауыл, аудандардағы көшеге оның атын беруіміз керек екенін айтады.

Қазаққа қызмет еткен Әлихан Бөкейханға біздің қызметіміз сол – оның ұлттық идеясын жалғасты­руымыз ғой.

Күні кеше ғана қазақ жұрты «Әли­ханның есімімен аудан аты аталатын болды» деп сүйіншілей хабар таратты. Аудан емес, одан да зорына есімін беру тұлғаның тақиясына тар келмес еді, ол күн де алыс емес шығар...

Кү­рес­кер­лік са­рын, ру­ха­ни са­бақ­тас­тық бір шы­ғар­ма­дан бір шы­ғар­ма­ға көш­кен сай­ын үзіл­мей үн­де­сіп, жал­ға­сып жа­та­ды. «Өмір­зая» ро­ма­нын­да­ғы Ая­ған бей­не­сі ар­қы­лы жи­ыр­ма­сын­шы ға­сыр­да­ғы қа­зақ хал­қы­ның ба­сы­нан өт­кен ұлт­тық тра­ге­дия су­рет­кер­лік ше­бер­лік­пен кө­рі­ніс тап­қан. Тұяғы­нан қан сор­ға­ла­ған жырт­қыш, зы­миян қо­ғам­ның отар­шыл­дық сұр­қия сая­са­ты­ның ас­та­рын ба­тыл әш­ке­ре­лей­ді. Ая­ған­ның ба­сы­нан өт­кен оқи­ға­лар­ды су­рет­тей оты­рып, сол кез­де­гі қо­ғам­дық ор­та­ны, тағ­ды­ры тәл­кек­ке түс­кен ұлт қа­сі­ре­тін, ха­лық­тың ая­ныш­ты жағ­дай­ын жай­ып са­ла­ды.

Ая­ған­ның қа­сі­ре­ті – ұлт қа­сі­ре­ті. Лаж­сыз­дық, ба­сың­ды тау­ға ұр­саң да, түк шы­ға­ра
ал­май­тын ша­ра­сыз­дық ұлт ба­сы­на түс­кен ау­ыр бұ­ғау­дың бұл­жыт­пас, мой­ын бұр­ғыз­бас
сал­ма­ғы­нан еді. Сол зіл­мау­ыр бұ­ғау­ды сіл­кіп тас­тай ал­май, ке­ше­гі Алаш арыс­та­ры да
мы­нау жа­рық жал­ған­ның есі­гін соң­ғы рет ыш­қы­на бір теу­іп, жан қи­ып ке­те бар­ған бо­ла­тын. Ая­ған да сол кеп­ті ки­іп, фә­ни дү­ние қор­лы­ғы­на ерік­сіз мо­йын­сұ­нып, ба­қи­лық­қа ат­та­на­ды. Мі­не, «Өмір­зая» ро­ма­ны – ке­ше ға­на ба­сы­мыз­дан өт­кен күр­де­лі өмір­дің ай­на­сы. Ро­ман­ды оқу үс­тін­де сол Ая­ған ғұ­мыр кеш­кен қо­ғам­да өзің де бір­ге жүр­ге­нің­ді се­зін­ген­де жа­ның түрші­ге­ді. Ойға қа­ла­сың, өзі­ңе-өзің сұ­рақ қоя­сың. Жа­зу­шы оқыр­ма­нын тол­ған­дыр­ған­да ға­на, ой сал­ған­да ға­на өз мақ­са­ты­на же­те­ді. Бұл тұр­ғы­дан ал­ған­да, Бақ­қо­жа – өз мақ­са­ты­на да, мұ­ра­ты­на да жет­кен жа­зу­шы. Өйт­ке­ні Бақ­қо­жа – өз за­ма­ны­ның жа­зу­шы­сы. Қа­лам­гер­дің ең үл­кен ба­қы­ты да сон­да. Ар­тын­да өл­мес мұ­ра­сы бар­да, қа­лың ел, өсер ұр­пақ бар­да Бақ­қо­жа­ның есі­гі мәң­гі жа­был­май­ды. Ол хал­қы­мен бір­ге жа­сай бе­ре­ді. Бақ­қо­жа­дай асыл ер­дің ру­хы қа­шан­да көп­тің жү­ре­гін­де, кө­ңіл­дің тө­рін­де, өмір­дің өрін­де!

Сондықтан ешкім бел шешіп, бұл жүйеге қарсы тұра алмайтын. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кезең «тоталитарлық дәуір» деп атала бастады. Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы сол кезеңдегі ұлттық мұрамызды тарихи шындық тұрғысынан қорғауға бар күш-жігерін аямаған екі адамның ауыр тағдыры арқылы дәуір шындығын танытады. Роман «Өмірзая» деп тегін аталып тұрған жоқ.

Өмірзая – босқа өткен уақыт, ал сол уақыт ішінде құрбандық ғұмыр деген астарлы мағына жатыр. Шығарма сюжеті Кеңес өкіметінің таптаурын жүйесі мен ондағы құлдық санаға қарсы тұрған бас кейіпкер – тарих ғылымының кандидаты 35 жастағы Аяған Қуатов пен оның ұстазы – профессор Алдияр Ақпанұлы айналасында өрбиді. Оқиға мың тоғыз жүз сексенінші жылдарды қамтиды. Алдияр Ақпанұлы Кеңес өкіметі кезінде тыйым салынған тақырып Кенесары хан туралы еңбек жазады. Оның шәкірті Аяған да осы жолды әрі жалғап, Кенесары ұлы Сыздық төретуралы көлемді зерттеу жұмысын жүргізеді.

Аяған – ұстазы сияқты адал тарихшы ғана емес, адамды бағалай білетін мейірімді, адамгершілігі мол, ақылды жан, тағы қыры – қызбалығы. Ғалым әділетсіздікке шыдамайды, шындық жолынан тайқымай өмір сүргісі келеді. Оның қайырымы мол адам екенін роман басталған беттен-ақ көруге болады. Аяған – профессор туралы ойлайтын да, жаны ашитын да, іздейтін де жалғыз адам. Алдиярдың ұлы Сыздық ішімдікке салынып кеткендіктен, әкесіне мүлде қарамайды.Профессордың ресми саясатқа қайшы Кенесары туралы зерттеу еңбегі халыққа жат деп жарияланып, жала жабылып, қудалауға ұшырап, психологиялық орасан зор қысым көрген атақты ғалым сал ауруына ұшырайды. Ал оның шәкіртіне жабылған жала романда былай суреттеледі: «Аяған Қуатов мемлекетке қарсы, өмір бойы орыс халқын ұнатпаған, оларды аяусыз қырған Сыздық Кенесарин туралы мадақ мақала жазған. Ол орыс пен қазақ халқының арасына от жағу үшін Сыздық сұлтан туралы мақаласын орысшаға аудартып, көбейтіп, жасырын таратқан. Пиғылы жат, ойы бөтен адам. «Кеңес үкіметінің Ауғанстанға әскер апаруы – үлкен қателік. Бұл ерікті елді күшпен басып алу» деген. Ауғанстандағы соғысқа қарсы үнқағаз таратқан. Мағжан Жұмабаев сияқты халық жауының өлеңдерін студенттер арасында насихаттаған.Кеңес үкіметі басшыларының беделіне нұқсан келтіретін анекдоттар құрастырған. Сібір аймағын бағындырған атақты батыр Ермакты студенттерге қанқұйлы қарақшы
деп дәлелдеуге тырысқан. Ұлтшыл, сенімсіз адам. Жоғарғы оқу орнында қызмет істеуіне болмайды» т.б. Осылайша, Аяған тып-тыныш істеп жүрген қызметінен қуылып кетті. Алдияр Ақпанұлынан іргесін аулақ салып, ректордың ыңғайына көніп, сол кісінің дегенімен қимылдаса, ұрттап ішіп, шайқап төгіп жүрмес пе еді. Бастаған ісінің арты жақсы аяқталмасын біле тұра, сүйекке бітті қыңырлығына басып, ағысқа қарсы жүзді. Жоғарыдан келген тапсырманы әдейі қисайта салды. Шындықты іздеп, ең ақыры сол адамның алдына баратынын білсе, емтихан тапсырған қызына жақсы баға қойып, жақсы атқа ие болар ма еді?!

48. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы Аяған ұстаздың аңғалдығын өмірмен байланыстыра талдап жазыңыз.

Өмірзая (роман) - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.

Баққожа романы ХХ ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.

Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан.Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, шал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан – Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлімге кесіп береді



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.