|
|||
Ақылменойлап білген сөз, Бойғажұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырда қуалар, – дейді енді бірде Абай атамыз.Ақыл – адам бойындағы ең асыл қасиет. Оны ештеңемен алмастыруға да, салыстыруға да болмайды. Айталық сізді қараптан қарап тұрып ит қауып алды делік. Егер әлгі иттің ақылы болса қабар ма еді? Тіпті жылқының иесін теуіп, сиырдың сүзіп жіберуін де осы тектес мысал ретінде айтуға болады. Бұл жан-жануарлар мен хайуанаттарда сананың дамымағанын дәлелдейді. Олардың жанында адамның жаратылысы мен болмысы керемет. Екі аяқты пендеге Алла Тағала сана мен ой берген. Мұны Абайша айтсақ «Ақыл – жан қуаты». Ақын тағы бір сөзінде «Пайда менен залалды – ақыл айырады» дейді. Ақылменойлап білген сөз, Бойғажұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырда қуалар, – дейді енді бірде Абай атамыз. Ақынның ақыл төңірегінде термелеген нақылдары мұнымен бітпейді. Олардыңәрқайсысын оқыған сайын терең тұңғиыққа бойлай бересің, көп нәрсені ойлай бересің. «Ақыл, сезім болмаса, тіршіліктің несі сән» дегенін де ой елегінен өткізіп отырсаңыз, тіршіліктің тамаша көріністері мен қарым-қатынастың шынайы болмысы да «көбінің сырты – бүтін, іші – түтін» дегенді ерекшелеп беретін көрсеткіш. Қазір көп айтылатын әңгіменің бірі де бірегейі ақшаға келіп тіреледі. Өкінішке қарай, қазір кім дәулетті соның ақылы көп секілді көрінеді. Алайда қалталы кісінің де ақымақәрекеттері болатынын жоққа шығара алмайсыз. Ақылды кейде айлакерлік жасауға, зымиян ойды іске асыру үшін де пайдаланатындар бар. Бір қарағанда олар осы ісін ешкім байқамайтындай көреді. Адамның артықшылығы сезімталдығында дер болсақ, әрбір әрекетті бағамдай білетін пенде атаулы ақылдың арғы жағында арам ниет болса да біліп қояды. Адам – аса күрделі жаратылыс. Ол туралы ғылыми тұрғыда да, адами тұрғыда да түрлі пікір білдіруге болады. Дау-жанжал, ұрыс-керіс, бақталастық, тіпті сұрапыл соғыс та адамдардың ақылының дұрыс пайдаланбағандығынан туындайды.Ақылдыңөзі парасатпен, мінез-құлықпен тығыз байланысты. Осының барлығы бізді басқа тіршілік иелерінен ерекшелейді. Ерекшелік – адамға тән құбылыс.Сол ерекшеліктіңәсерінен де адам дамиды. Мәселен, ақпараттық технологияға жан бітсе, ол адамнан озып кетер еді. Бірақғылымды дамытқан адам. Соған қарамастан жаңалықтарға ілесе алмай қалуымыз өкінішті. Ж.Баласағұн бабамыз «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл» дейді. Осы екеуі үйлесім тапқан жерде үлкен іс тындырылады. Өмірдіңөз бояуын шатастырып алмауға да дәнекер болатын – білім мен ақыл. Ғалымдар адамның жалқау, қатал, аса мейірімді болуы қан тобына байланысты екендігін айтады. Бір ғана мысал: 1907 жылы чех ғалымы Я.Янский қан тобының 4-ке бөлінетінін айтқан. Әлемде ең көп кездесетін қан – 1-топ (жер шары тұрғындарының 45 пайызы) 2-қан тобы адамдардың 35 пайызына тән. 13 пайызыныңқаны 3-топқа жатады. 4-қан тобы өте сирек кездеседі, (7 пайыз). Осы топтағылардыңқандай қабілетке ие екендігін де болжап бергендер бар. Бірақ адам ең алдымен өзіне сенуі керек. «Ақыл – саған ізгі дос, әділ жолдас», «Ақыл бар жерде шындық бар, өтірік жоқ», – деген Жүсіп Баласағұн бабамыз ғұламалықтыңғұмыры ұзақтығын құлаққағыс жасаған.
|
|||
|