Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз.



38. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз.

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгі­месі өткен жылдың құйрықты жұлдызын­дай жарқ етіп, сөзге көңіл суарған көпшіліктің айы­­зын бір қандырып, қапысыз баба­мұ­рат­ты бағзы заманның шежіресіне қанық ет­кен-ді. Әңгіме өрісі кең, кей тұста этног­ра­фия­­лық, кей тұста тарихи мағлұматтарға жү­­­гінсе, кей тұста атбегілік әуселесі әу­лие­лік­­ке ұласқан қазақтың дегдарлығын паш ете­ді, кей тұста ел мен жердің аңысын аң­ды­ғандай географиялық әу-жайға қанық­ты­рып қояды. Жазушының жұрнақ пен жал­ғауға шолақ, қайыруы тез, ұғынуы күр­делі сөз байламдары кібіртіктетіп, екі үш қай­тара оқуға байлап қоятыны бар. Әйтсе де, Айгүл идеяның тінін қиялдан өрмейді, та­рихи негізі бар оқиға желісін кейінгіге шы­найы ұқтырмақ болғандай. Ұлттық құн­дылықтар мен өшпес мұраттар, дін мен діл­­ді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шы­ғармасының кең ауқымына, терең иірі­мі­н­е қарап эпикалық әңгіме деп тануға бо­лады. Құлдық қамытына байланған иісі қазақ, руы қыпшақ Кенжебекті түркпеннің құлақ-кес­ті құл-атбегісі «қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген» Тасқұл-қаңлы «Ай-Күн жа­рық­сыз болмас» деп жұбатады. Жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағ­ды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мі­незінен сыр шертеді. «Қазақылық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпен­нен бөлек, Өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғи­дай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің ар­ғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тай­па қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді». Алты бақан алауыз бол­ғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлік­шіл, өлермен халық екенін көрсет!» деп ба­ланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұ­қым, аузымен құс тістеген хас жүйрікпен қа­шырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тап­сырдым!». Көз алдыңызға көкірек ке­нересін даналық кемсерген, әулие-абыз қа­рияның зор пішіні келе қалады. Ғазиз, абы­ройлы өлімнің алдында құлқамыт өмір­дің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім деген не тәйірі!». Құлдықтан қашу зор үрей, алдын то­сып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпе­дей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың түбі тек­сіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тек­сіз­дік үлкен таңба, қала берді жұтылу. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құл­дыққа да саяды, санаң құлдықтан азат бол­сын деп үгіт етеді. Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тә­ңір­ді әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жыл­қыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да Жаратқанымен табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мін­се, бір дене, бір жанға айналып кетеді». Жазу­шының көркем шығармаларында, эс­селік әдеби толғаныстарында жылқы жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз ма­хаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қа­лам тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі өмір­лік құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас тамұқтай ұрпаққа уыздай ұсынбақ болғандай. « – Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы сәуле құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аң­қыған сәуле санасын аңсармен сағынып, бет­­тескендей, бөрілі қазақты құшақ бас­қан­дай жазуы ненің сипаты? «Ойсыз, доссыз, бақытсыз» қорқытты ма екен? «Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уа­қыты келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жаста­ры­ның» ойсыз, бақакөзденген ұландардың бөрігін алып түсіп, төсінен басып, ұйқылы ояу ұлт­тың намысына тиер бұзаутіс қам­шы­ның ащы шықпыртындай сөздер көп-ақ. Түрікпен «аш құлақ та тиыш құлақ» дер, бірақ «мен» – мен қазақпын – «Тұрлаусыз өскен құлан­дай қыпшақ қаныңды сатпа!» дейді. Жазу­шының ішкі дүниесі ышқынып, ызалы қолы уақытынан кеш сермегендей, адуынды мінезбен Кенжебектей ұландарын қайрап, түйреп өтеді. Шығарма сәтті аяқталған. Пессимизм біздің буынға түскен буынқұрт, жазушы осы­ны жақсы ұғады. Ата сертке, қазақтың жомарт жүрегінің дұғалы лебізіне иланады. Батасыз ердің көгермейтінін біледі. Жазушының стиліндегі төкпелі жырдай алақұйын сөйлем легі, асқақтап шапшитын елірме пафос ерен рух қанатын байлайды, жайдақ аттай сылбырлықпен ел мен жердің аңысын шертіп, қазақтық кемел дүниета­ным­ға бөктіреді. В.Шукшин: «Мен «теле­граф­тық стиль» дегенді білмеймін, тартпайтын әңгімені ғана білемін» депті. А.Кемел­баеваны оқу – қарысып қатқан қол­ты­ғыңды сөгу, қамау теріңді алу, зиялы зердені талап ете­ді. Әуелгі туындыларынан-ақ, шұбалаңқылау, энциклопедиялық ірі біліммен танылған шығармагердің бар міні сол – ұлан-ғайыр төгілген тіркестерге бар білімін сарқып жұмсау шығар. Бірақ әде­биет­тің негізі көр­кем тіл, көмбеленген ас­тарлы тіл деп ұқсақ, Айгүлде бұл олқылық қайта өз бағын асырып отыр. Жұлдызын жарқыратып тұр. Тіпті, диалогтарындағы ежелгі сөйлеу мәнерін­де ақпараттық ны­ғыздық бар. А.Кемелбаева эпостық емеу­рін­нен таза стиль қалыптас­тыра алған өз жолы бар қаламгер.

39. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын адамгершілік тұрғыдан талдап жазыңыз

Шетелдегі қандастарымыздың ұлттық-рухани, мәдени жағдайына байланысты қордаланған күрделі мәселелер жетерлік. Солардың ішіндегі ең бастысы әрі қауіптісі — болашақта өз ұлтының тарихынан, тілі мен руханиятынан, яғни қазақи болмысынан айырылған, сонымен қатар, өздері тұратын елдердің этникалық ортасына сіңіскен, түрі қазақ болса да, тілі бөтен ұрпақтың пайда болуы, шетелдегі жас жеткіншектеріміздің ассимиляцияға ұшырап кетуі. Бұлай алаңдауымызға себеп те жоқ емес.
Өйткені шеттегі бауырларымыз білім алатын көптеген қазақ мектептері жабылып, қазақ тілінің пән ретінде оқытылуы тоқтатылуда. Бұдан бөлек, қазақ тіліне қатысты шетелде оқытылатын оқулықтар мен басқа да оқу-әдістемелік құралдардың арасында алшақтық басым. Яғни қазақ тілінің грамматикасы мен басқа да шарттары түрліше оқытылуда. Әліпби де түрліше. Бір ғана мысал, қазақ тіліндегі сауатын төте жазумен ашқан Қытайдағы қандастарымыз Отанына оралғанда қазақ жазуын оқудан қиналып қалғандарына куә болып жүрміз. Осы тектес мәселелер кесірінен шартарапқа тарыдай шашылған қазақтардың басқа елдегі бауырларымен ауызша тілдесе алғанымен, жазбаша тілде ұғынысулары өте қиын жағдайда. Қазақ тілінің елдегі қолдану аясын кеңейтіп, мемлекеттік деңгейде талап күшейсе де, шеттегі қандастарымыздың ана тіліне қатысты жоғарыдағыдай мәселесі тасада қалуда. Осыған байланысты халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен еліміздегі тіл жанашырлары қатысқан «Шетелдердегі қазақтардың ана тілін сақтау мен өрісін кеңейту жолдары» атты дөңгелек үстел болып өтті.Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бүгінгі көтеріп отырған мәселесі — елімізде кезек күттірмейтін, маңыздылығы орасан зор мәселе. Меніңше, билік басындағылар бұл мәселенің осыншама маңызды екенін сезінбейтін секілді. Қазақтардың көп шоғырланған жері — Ресейдің де, Қытайдың да сол елдердегі қандастарымызға жасап отырған саясаттары — ассимиляцияға шұғыл айналдыруға бағытталған саясат. Сол елдерде қаншама мектеп болған, бүгінде сол мектептердің барлығы жабылып, сол жүздеген мектептің орнына бір-екеуін ашқандай болып жатыр. Қытайда қазақша оқу бастауыш мектеп деңгейінде ғана қолданылады. Бұны да айтпай кетуге болмайды. Бұның зардабын уақыт өткеннен кейін көретін боламыз. Өйткені кейін өз тілдерін мүлде білмейтін немесе өте нашар білетін бірнеше миллион ұрпағымыз пайда болады. Яғни бұл — үлкен мәдени дағдарысқа апаратын жағдай. Сол себептен қазірден бастап мұның алдын алғанымыз жөн. Оралмандар мәселесін айтқан кезде, елге көшіру мәселесін ғана айтпауымыз керек. Сол шетелдердегі тіл мәселесіне, білім-ғылым мәселесіне бей-жай қарамауды үкіметтен талап етуіміз керек. Кейінгі кезде күрделене бергеннен кейін бұл мәселе біраз жөнге салына бастаған сияқты. Бірақ шетелдегі қазақтың барлығы толығымен елге оралмасы анық. Өйткені өз ата-бабалары жерінде отыр. Бұны сырттағы мемлекеттердің өздері мойындауда. Шыңжаң автономиялы ауданындағы ең құнарлы, ең жайлы, табиғаты тамаша, экологиясы керемет жер қазақтарға тиесілі. Мысалы, Қытайда қазақтар алты аймақта тұрады. Сол алты аймақтың төртеуіне Іле, Баркөл, Ақсай, Моры деп қазақша атау берілген. Ал қалған екі аймақ қазақша атаумен аталмаса да, ол жерлерде қазақтар басым. Яғни қазақтың жері екенін қытайлардың өздері мойындап отыр. Тағы бір мәселе — шеттегі қандастарымызға ақпараттық жәрдем, білім беру мәселелерін қолға алу жөнінде арнайы үкіметтің қаулысын шығару туралы билік өкілдеріне талап қойсақ. Себебі қаржыға басқалай жолмен қолымыз жетпейді. Шетелде орталықтарды ашуды басқа емес, «Қазақ тілі қоғамы» көтеріп, жоғарыдағы шенеуніктерге жол көрсету керек



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.