Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





олыңыздағы роман-эссе қазақ және орыс тілдерінде 11 рет басылып, әлемнің 112 еліне тарағанын ескертеміз.



40. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде көтерілген мәселені бүгінгі күнмен үндестіре талдап жазыңыз.

Өзім шетелде білім алып, шеттегі қазақ жастарының жай-күйімен етене танысып келгендіктен, сол жайттарды ортаға салмай, үнсіз қалуды жөн санамадым. Еуропадағы қазақ бауырларымыздың басты проблемалары — шеттегі қазақтарға қазақ тілінен дәріс беретін маманның жетіспеушілігі. Осы мәселеге қатысты біз, жастар, бұрын да бастама көтерген болатынбыз, алайда қолдау болмаған соң, аяқсыз қалды. Сондай-ақ, шетелде жүргенде менің байқағаным, қай елдегі қандастарымыз болмасын, тек орта буын өкілдері ғана қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ал кейінгі толқындары ауызекі қатынас тіл ретінде көбінесе өздері өмір сүріп отырған елдің тілін қолданады, қазақшаға шорқақ. Мысалы, Германиядағы жастар немісше, Франциядағы жастар французша сөйлейді. Сондай-ақ, шет тілін игергенде бір нәрсеге ерекше зер салу маңызды, ана тілінің негізі мықты болу керек. Қаншама басқа тілді меңгерсе де, сонда ғана өз тілінің жанашыры боп қалады. Сонымен қатар өзге тілді қабылдау да жеңіл болады екен. Себебі басқа тілді игеру аударма арқылы келетін дүние ғой. Екінші мәселе — шетелдегі қазақ балаларының ана тілін меңгерулеріне жағдай жасау, қолдау көрсету. Олардың барлығын көшіріп әкелу мүмкін емес, алайда сол шеттегі қазақ балаларының ана тілдерінен ажырап қалуына жол бермеуіміз керек.Қазақ тілінің шетелдердегі өрісі туралы айтқанда, мынадай үш арнаны бөліп көрсетуге болады. Бірінші өріс – елімізбен іргелес елдердегі қазақтар мен алыс шетелдердегі қазақ диаспорасының тілі. Шетелдегі қазақтарды былайша екіге бөліп қарастыруымыздың мәні бар. Олардың барлығын бірдей диаспораға жатқызуға болмайды. Ресейдегі, Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы қазақтардың басым бөлігі өздерінің байырғы ата-бабасының жерінде мекендеп жатыр. Тарихтың таңдауы, тағдырдың жазуымен қандастарымыздың бір бөлігінің қызыл сызықтың сыртында қалуына тура келген. Сонымен, алыс-жақын шетелдерді тұтастай алғанда, қазіргі таңда шет мемлекеттерде қазақтардың үштен бірі, яғни бес миллионға жуық қазақ мекендеп жатыр. Мұның сыртында шетелге білім қуып, жан бағыс қамымен жұмыс істеуге аттанған қазақ азаматтарының да қарасы көбеюде. Олардың бірқатарының сол елдерде түпкілікті қоныстанып қалып жатқандары да бар. Мұны да назардан тыс қалдыруға болмайды.
Екінші өріс – шетелдерде қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдері. Бұған Түркия, Америка, Ресей, Оңтүстік Корея, Германия, Польша т.б. елдердің университеттері жанынан ашылған қазақ тілі кафедралары мен зерттеу орталықтарында қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдік азаматтарды мысалға келтіруге болады. Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарының кеңеюіне, елдің мол табиғи ресурстарын игерудің қарқын алуына байланысты шетелдердің елімізге деген қызығушылықтары артып отыр. Бұл үрдіс бұдан былай тіпті өрістей бермек.
Үшінші өріс – түркі тілдес елдер. Бүгінгі күні түркі әлемі 200 миллионнан аса адамнан асатын, ірі кеңістікті алып отыр. Венгрия қыпшақтары мен Болгария бұлғарлары да өздерінің түп-тамырларын осы түркі әлемінен тартып, болашақтарын бізбен байланыстырғысы келеді. Сондықтан бұл өрісті қазақ тілі мен елінің болашағы үшін келешегі мол бағыт деп есептеуге негіз бар. Бұл орайда елімізде құрылған Түркі академиясының атқарып жатқан істері және осы ұйымға жаңадан басшылыққа келген Дархан Қыдырәлінің қолға алған бастамалары зор үміт күттіреді.
Қазіргі таңда шетелдегі қазақтардың тілдік мәселесін сөз еткенде, Ресейдің тәжірибесін қолдануға болатын секілді. 2008 жылы Ресей Президентінің Жарлығымен Ресейдің шетелдегі орыс диаспорасымен және орыстілді әлеммен жұмыс жүргізуге арналған арнайы ресми ұйымы «Россотрудничество» федералдық агенттігі құрылған. Бұл ұйым әлемнің 80-нен астам елінде өкілдігін ашып, ол жерлерде орыстілді әлемнің күшеюіне қолдау көрсетіп отыр. Бірнеше мемлекеттік бағдарламаны, арнайы жобаларды іске асыруда. Солардың қатарында «Орыс тілі» федералдық бағдарламасы, орыстардың көші-қонына арналған «Отандастар» бағдарламасы, Шетелдіктердің Ресейге қысқа мерзімді таныстыру сапарларын ұйымдастыру бағдарламасы бар.
Бізде де осындай ұйым құрылатын болса, ол шетелдегі қандастарымызға қатысты жұмыс жүргізетін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын үйлестірумен, арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асырумен айналысатын еді. Сонда жұмысты жүйелі түрде жүргізуге, мәселені кешенді түрде шешуге мүмкіндік туып, бұл атқарылған жұмыстардың тиімді әрі нәтижелі болуына жол ашар еді. Сондықтан Қазақстан Үкіметіне шетелдердегі отандастарымызбен қарым-қатынас жасайтын, оларға қолдау көрсететін арнайы ресми агенттік құруды ұсынамыз. Осы кезге дейін де Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабай да баспасөзге берген сұхбаттарының бірінде құзырлы органның қажеттігін алға тартқан еді.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қазақтар молырақ қоныстанған шет мемлекеттерде «Абай» үйлерін ашу туралы мәселені тұрақты көтеріп келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды тиісті мекемелермен бірлесе отырып, алдағы уақытта да жалғастыра беру керек. Қазіргі кезде Моңғолияның Баян Өлгей өңірінде, Қытайдың Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университеті жанында Абай орталығы жұмыс істейді. Сол секілді Германияның Гумбольд университетінде қазақ тілі кафедрасы, Ереван мемлекеттік университетінде Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығы, Баку мемлекеттік университетінде Абай атындағы Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығы, Ф.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетінде Қазақ тілі мен мәдениет орталығы жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте де қазақ тілін үйреніп жүрген поляк студенттері бар.
Осы тектес орталықтар шетелдегі қандастарымыздың бас қосатын, ана тілдерін үйренетін орны болуымен бірге, қазақ тілі мен мәдениетін өзге елдерге де насихаттауға, еліміздің имидждік саясатын жүргізуге, сөйтіп, мүдделес елдерде мәдени, экономикалық өрісін кеңейтуге де ықпал етер еді. Дипломатияның мұндай мәдени бағыттағы түрін әлемнің бірқатар дамыған елдері табысты қолдануда. Қытайдың Конфуций орталықтарын, Германияның «Гете» институтын, АҚШ-тың ЮСАИД ұйымын, Оңтүстік Кореяның, Жапонияның, Ұлыбританияның, Францияның, Испанияның осы тектес ұйымдарын алсақ, олардың қай-қайсысы да өздерінің мүдделерін ілгерілету мақсатында шетелдерде мәдени орталықтар желісін ашқан. Біз де осындай әлемдік тәжірибені тиімді пайдаланудан қашпауымыз керек.

 

41. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы көтерілген мәселелердің бүгінгі күнгі өзектілігін талдап жазыңыз

 «Дала, сенің ұлыңмын» – Жарасқан Әбдірашевтің 1975 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген жыр жинағының және поэмасының атауы. Поэма «Туған дала… Сенсің биік тұғырым!.. Сенсің менің абыройым, мақтаным!..» деген асқақ пафоспен басталып, қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Шығармадағы лирикалық қаһарман – автордың өзі.«Дала» – поэтикалық образ әрі символдық бейне. Мұның астарында бүкіл қазақ даласы, осы кең байтақ өлкені сөзімен де, ісімен де сақтап қалған ата- абаларымыздың қасиетті рухы деген ұғым бар. «Дала» деген сөзге автор «Мен – қазақпын» деген ойды сыйғызып, ата-баба тарихынан сыр төккісі келген.Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлы дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. «Дешті Қыпшақ» деген сөз – «қыпшақтың даласы» деген сөз. «Ұлы дала» ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі дала кіретін болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері… Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы дала еліміз» деп айтқым келеді. «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді.Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып,
оның шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің
байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген… Ол халықтық
атау болуы керек», – деген болатын.

Осыдан жарты ғасыр бұрын Жарасқан ақын «Мен ұлы дала перзентімін»
деген сөзді былай сипаттаған:

Бірге жылап, бірге күліп ұлы елмен, кең төсіңде мәңгі-бақи жүрер ме ем! Ол да – жалғыз, сен де – жалғыз, бірақ та, оны – сен деп, сені – ол деп білем мен! –деп, лирикалық кейіпкерді даламен егіз етіп бейнелейді.

Ақын поэмасы жазылған уақытқа назар аударсақ, Кеңес өкіметінің әлі іргесі сөгілмеген өз күшінде тұрған уақытымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан «Болған жоқпын Амангелді сарбазы, болған жоқпын Ұлы Октябрь солдаты!..», «Тігер ме едім байрағыңды Берлинге – болған жоқпын қан майданда кешегі, болған жоқпын Қошқарбаевпен бірге!» деген поэма жолдарынан ақын өкінішін аңғарамыз. Бұл жерде ақын өкініші – мен де тарихта аты қалған қайраткерлердей халық қамы үшін еліме ерен пайдамды тигізер едім деген арман-тілек.Кеңес заманында таптық ұстанымға сүйенген зерттеушілер кеңістік пен уақытты тек тарихи уақыттың ішінде ғана қарастырып келді. Алайда қазір уақыт пен кеңістік мәселесі көркем шығармада да (хронотоп) зерттелуде. Кеңес өкіметі тұсындағы саяси ахуалға байланысты Үш жүздің басын қосқан Абылай хан заманын, одан бергі кезеңдегі тәуелсіздік жолында «халық жауы» атанып, мезгілсіз мерт болған Алаш арыстарын жырға қоса алмаса да, ақын үні асқақ, ой тапқырлығы айқын:

Туған дала, менсіз талай қамалдар алыныпты!.. Сенің арың – маған да ар. Кешір мені, Кеш келіппін өмірге! Кеш туыппын! Кеш қалыппын! Не амал бар? –дейді.

Дегенмен ол әл-Фараби сияқты ғылым-білім іздеп қиырға кетпей-ақ, Махамбет, Амангелді сияқты қолына найза ұстап, жауға шаппай-ақ, Рақымжан Қошқарбаев сияқты Рейхстагқа ту тікпей-ақ, өзінің парасатты поэзиясымен-ақ еліне адал қызмет ете білді. Сол себепті ақын:

Саған уақыт сәл қиындық жолдаса – қағаберіс қалмаспын мен, енді аса!.. Бірақ мені кешірме сен, өмірде өлең қылар өз ерлігім болмаса!.. – дейді, яғни уақыт пен кеңістік белгілері тығыз бірлікте көрініс табады.

Жарасқан Әбдірашевтің: Аға түгіл, тыңдамай бала да ақыр, Орнағандай басына заманақыр. Бүгінінен безінген қайран ақын, Болашаққа адымдап бара жатыр – деген поэма жолдарын эпиграф етіп алып, «Ақын кетіп барады…» деген мақала жазған ғалым Бақытжан Майтанов: «Туған жер, халқы мен ана тіліне деген шынайы, мөлдір көңілді ақын «Дала, сенің ұлыңмын» атты арнайы кітабында ойы, сыры өзектес жырлар арқылы сарқылмай өрнектеді.Мұнда сол дәуірдің әсері де жоқ емес . Бірақ Ж.Әбдірашев уақыттың жұқалтаң талабын күмәнсіз талант жүрек алауымен жеке өміріндегі мағыналы күйге бұра біледі» деп жазғанындай, Жарасқан Әбдірашев – «Ұлы даланың» сан тарау тарихын терең түсініп, оның алдындағы перзенттік парызын үлкен жауапкершілікпен сезіне білген асқақ үнді ақын.

42. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.

Медеу Сәрсеке – ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер.

Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның заман-дастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пай-даланып, ғалым ғұмырнамасын қиял-қоспасыз, шынайы оқи-ғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белес-терін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтаған. Қаныштай дара дарын өмірін әсірелеусіз ұлықтаған ғұмырнама туынды ел асылын ардақ тұтқан қауымды бейжай қалдырмас деген үміттеміз...

Қолыңыздағы роман-эссе қазақ және орыс тілдерінде 11 рет басылып, әлемнің 112 еліне тарағанын ескертеміз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.