Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін қалыптастыра ма?» тақырыбында өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақанғанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.
Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.[4] Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ, Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сәтбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.
43. Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін қалыптастыра ма?» тақырыбында өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
Метро немесе метрополитен (франц. метрополітаін – астаналық, грек. метрополіс – бас қала, астана) – қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі. Метро жолы жер астында (туннельдерде), жер бетінде (қала көшелерінен оқшауланған), не жерден көтеріңкі (эстакада үстінде) салынады. Жерден көтеріңкі орналастырылатын Метро өзен, темір жол, автожол, т.б. бөгеттердің үстінен өтеді. Метроның жер асты жолымен жүретін түрі көп тараған. Оның көлікке, жаяуларға кедергісі жоқ, әрі қаланың қалыптасқан архитектуралық көрінісіне және жер асты коммуникацияларына нұқсан келтірмейді. Метро негізінен үлкен қалаларда (миллионнан астам халқы бар) салынады. Ең алғашқы Метро (ұзындығы 3,6 км) 1863 ж. Лондонда (Англияда) салынды. 1890 жылдан бастап Метро терең туннельдерге салынып, онда электрлік көлік ретінде пайдаланылатын болды. 1868 ж. Нью-Йоркте (АҚШ-та) жерден көтеріңкі салынған алғашқы Метро іске қосылды. Еуропадағы алғашқы Метролар Будапешт (1896), Вена (1898) және Парижде (1900) салынды. 1-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Мадрид пен Барселонада (Испания), Афинада (Грекия), Токио (Жапония), Осло (Норвегия), Стокгольм (Швеция), т.б. қалаларда Метролар жұмыс істей бастады. Жер асты Метро жолдарын салудың ең тиімдісі көше астына 10 – 15 м тереңдікте салу. Тереңге (30 – 50 м-ге дейін) салынған Метро жолдары станциялар арасын тура әрі қысқа жолмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Метро жолының жобасы жасаларда қаланың орналасу құрылысы мен жердің геологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Туннельдің құрылысы мен оны салу тәсілдері және тереңдігі белгіленеді. Метро жолын салу геодезді-маркшейдрлік тәсілдер бойынша жол жобасын нақтылы жағдайларға сәйкестендіруден басталады. Метро салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен Метро салғанда жер қыртысының бет қабаты аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталып салынады. Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі. Метро құралымдары құрастырмалы темір-бетоннан, металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады. Метро станцияның құрамына вестибюль, жүргіншілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт, т.б. құрылыстар кіреді; жүргіншілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады. Метро станцияларының орташа ара қашықтығы 400 м-ден 2115 м аралығында. Республикада жер асты Метро салу жұмысы, халқының саны миллионнан асатын Алматы қаласында ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде.[1] Метро немесе метрополитен (франц. метрополітаін – астаналық, грек. метрополіс – бас қала, астана) – қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі. Метро жолы жер астында (туннельдерде), жер бетінде (қала көшелерінен оқшауланған), не жерден көтеріңкі (эстакада үстінде) салынады. Жерден көтеріңкі орналастырылатын Метро өзен, темір жол, автожол, т.б. бөгеттердің үстінен өтеді. Метроның жер асты жолымен жүретін түрі көп тараған. Оның көлікке, жаяуларға кедергісі жоқ, әрі қаланың қалыптасқан архитектуралық көрінісіне және жер асты коммуникацияларына нұқсан келтірмейді. Метро негізінен үлкен қалаларда (миллионнан астам халқы бар) салынады. Ең алғашқы Метро (ұзындығы 3,6 км) 1863 ж. Лондонда (Англияда) салынды. 1890 жылдан бастап Метро терең туннельдерге салынып, онда электрлік көлік ретінде пайдаланылатын болды. 1868 ж. Нью-Йоркте (АҚШ-та) жерден көтеріңкі салынған алғашқы Метро іске қосылды. Еуропадағы алғашқы Метролар Будапешт (1896), Вена (1898) және Парижде (1900) салынды. 1-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Мадрид пен Барселонада (Испания), Афинада (Грекия), Токио (Жапония), Осло (Норвегия), Стокгольм (Швеция), т.б. қалаларда Метролар жұмыс істей бастады. Жер асты Метро жолдарын салудың ең тиімдісі көше астына 10 – 15 м тереңдікте салу. Тереңге (30 – 50 м-ге дейін) салынған Метро жолдары станциялар арасын тура әрі қысқа жолмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Метро жолының жобасы жасаларда қаланың орналасу құрылысы мен жердің геологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Туннельдің құрылысы мен оны салу тәсілдері және тереңдігі белгіленеді. Метро жолын салу геодезді-маркшейдрлік тәсілдер бойынша жол жобасын нақтылы жағдайларға сәйкестендіруден басталады. Метро салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен Метро салғанда жер қыртысының бет қабаты аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталып салынады. Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі. Метро құралымдары құрастырмалы темір-бетоннан, металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады. Метро станцияның құрамына вестибюль, жүргіншілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт, т.б. құрылыстар кіреді; жүргіншілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады. Метро станцияларының орташа ара қашықтығы 400 м-ден 2115 м аралығында. Республикада жер асты Метро салу жұмысы, халқының саны миллионнан асатын Алматы қаласында ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде.[1]
|