|
|||
Жедел медициналық көмек алгаритміЖедел медициналық көмек алгаритмі 1. күйік алған аймақты суыту. 2. Ауырсыздандыру үшін анальгетиктер. 3. Күйік аймағындағы жараны өңдеу және асептикалық таңбасын салу 4. хирургиялық бөлімшесіне госиптализация жасау..
№62 ЕСЕП Жауап эталоны 1. Диагноз: Науқаста сол қол саусақтарының 1 – дәрежелі үсуі. 2. Негіздеу – ауыр үсіктерге ұзақ уақыт пен теріде торсылдақтар мен тіндер некрозы тән болып келеді). Үсіктің шекарасын анықтауға 5-7 күн уақыт қажет. Саусақтарының біртіндеп жылуы, спиртпен сүрткенде терісінің қызаруы біздің диагнозды дәлелдейді.
Жедел медициналық көмек алгаритмі 1. 20-30 минут аралығында біртіндеп қол басын жылысуға салып жылыту қажет. 2. Асептикалық таңғыш салғанда қалыңдап мақтамен орау қажет 3. Ағзаны жалпы жылыту үшін ыстық шай, кофе, сүт, жамылғыш береді 4. Травматологиялық бөлімшеге жеткізу.
№63 ЕСЕП 1. Жауап эталоны 1. Диагноз: Науқаста сол жақ санының алдыңғы беті аймағының жұмсақ тіндерінің соғылуы, теріастылық қан құйылулар. 2. Негіздеу – сол жақ сан аймағының ауру сезіміне және жүрген кезде күшейе түсуі. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ортан жілік сыну белгілері байқалмайды Сол жақ санының алдыңғы бетінде теріастылық қан құйылулар байқалады. Сан аймағының әсіресе төменгі және ортаңғы бөліктерінің ұлғаюы байқалады. 2.Жедел медициналық көмек алгаритмі 1. Аяғын жоғары көтеріп қою, өысып таңғыш салу. 2. жарақаттанған жерге жергілікті мұз қолдану, 3. гемостатиқалық препараттарды қолдану 4. хирургиялық бөлімшесіне госиптализация жасау, жатқан қалпында тасымалдау № 64 ЕСЕП Жауап эталоны 1. Диагноз: Науқаста сол жақ тізе буынының соғылуы, алдыңғы беті аймағының сырылған жарасы. 2. Негіздеу – сол тізе аймағының ауру сезімі, жүрген кезде ұлғаюы. Екі күн бұрын травма алуы. Объективті қарағанда: сол аяғы жартылай бүгілген қалыпта. Тізе буыны ұлғайған, ісінуі. Алдыңғы бетінде 4х6 см сырылған жара болуы. Тізе буынында қозғалыс шектелуі ауру сезіміне байланысты.
|
|||
|