Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жедел медициналық көмек алгаритмі



  Жедел медициналық көмек алгаритмі

1. Жараны қарап тексеру; Қан ағуды уақытша тоқтату үшін алдымен иық артериясын саусақпен басып, жарадан жоғары медициналық стандартпен жгут салу. Уақытын белгілеу

2. Ауырсыздандыру үшін б\е 1-2 мл 50% аналгин ертіндісін енгізу

3. Иық аймағындағы жараны өңдеу және асептикалық таңбасын салу

4. Орамалға қолын іліп қою

5. Кеуде аймағындағы жараны өңдеу тағыш салу

6.   иық артериясынан қан ағуды толықтай тоқтату үшін, хирургиялық бөлімшесіне госиптализация жасау.  Жатқан қалпында тасымалдау.

 

№60 ЕСЕП

           

Жауап эталоны

1. Диагноз: Оң көз алмасының енген жарақаты, оң алақан аймағының жыртылған жарасы.

2. Негіздеу – анамнез көрсетіліміне (Оң көз және оң қол аймағындағы ауру сезімі, әлсіздігі, бас ауруы, лоқсу, көз назарының төмендеуі.).

3.  Және обективті қарап тексеру көрсетіліміне (оң көзінің қарашыгынан жоғары 8-10 сағат аумағында тесіп өткен ұзындығы 10мм жара байқалуы. Көз қарашығы овальді, медиальді жаққа ығысқаны. Оң алақан аймағында 3,5х 2 см шеттері тегіс емес жара болуына,) байланысты негізделеді.

Жедел медициналық көмек алгаритмі

1. оң көзін 1;5000 арақатнастағы фурацилин ертіндісіменен шаю, антибиотик ертіндісімен шаю, асептикалық таңба салу.

2. Көз қабағындағы бөгде заттарды алып тастау, шеттерін иоданатпен өңдеу.

3. Алақан аймағындағы жараны өңдеу және асептикалық таңбасын салу

4. Орамалға қолын іліп қою

5. арнай мамандандырылған бөлімшеге жатқызу.

 

 

№61 ЕСЕП

Жауап эталоны

1. Диагноз: Қос балтыр аймағының 2-ші дәрежелі термиялық күйігі

2. Негіздеу – анамнез көрсетіліміне (аяғына ыдыстағы қайнақ суды құйып алуы).

 Және обективті қарап тексеру көрсетіліміне (екі балтырының да алдыңғы бетінде және аяғының басында сырт жағында үлкен торсылдақтар пайда болуы, ішінде сұйықтық жиналғанына) бйланысты негізделеді.

3. Күйік аймағын тоғыздық анықтау әдісін қолдануға болады

Балтыр мен аяқ басы 9 пайыз болса, бір аяқбасының алдыңғы беті мен балтыр алдыңғы беті – 4,5 пайызды құрайды. Екі аяқ басының алдыңғы беті мен балтыр беттерін қосқанда 9 пайыз. Немесе алақан әдісін қолдануға болады бір алақан 1 пайызды құрайды. Сонымен қатар Постников торшасын қолдануға болады және басқалар.

Күйік ауруының даму себебіне күйік аймағы, күйік тереңдігі, жас мөлшері, қосымша аурулары әсер етеді. Күйік ауруы күйіктік шоктан басталады, дамуына ауру сезімі мен плазмалық сұйықтықтың жоғалуы, жара бетінің ыдырау өнімдерінің сіңуі, алмасу процестердің бұзылуы әсер етеді Инфекция қосарланса септикотоксемия дамиды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.