Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Химиялық білім беру мазмұнының құрылымындағы білік-дағдылар, құзыреттіліктер жүйесіне талдау жасаңыз.



12. Білім беру вариативтілігі жағдайында мектеп химиясына арналып әртүрлі авторлық ұжымдар әзірлеген оқу бағдарламаларын сабақ жоспарында қолданыңыз.

13. Химиялық білім беру мазмұнының негізгі ғылыми және экология-гуманистік идеялары. Химиялық білім жүйесі: теориялар, заңдар, заңдылықтар және фактілер туралы ойды дамытыңыз.

14. Химиялық білім беру мазмұнының құрылымындағы білік-дағдылар, құзыреттіліктер жүйесіне талдау жасаңыз.

     Химия пәнінен оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзыреттілікті қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

Қазiргi таңда бiлiм беру жүйесiндегi оқушының құзыреттiлiгiнiң теориялық негiзiн айқындап алу үшiн, «құзыреттiлiк» деген ұғымға нақты тоқталатын болсақ: құзыреттiлiк - жеке тұлғаның кәсiби iс - әрекеттi атқаруға теориялық және практикалық әзiрлiгi мен қабiлеттiлiгінiң бiрлiгi. Яғни құзыреттілік - жеке тұлғаның бiлiмiмен тәжiриебесiн нақты бiр жағдайда қолдана бiлу iскерлiгiмен байланысты тұлға қасиетiн бiлдiретiн ұғым. Кей жағдайда бiлiктiлiк ұғымын құзыреттiлiк ұғымымен нақтылайды, алайда бұл екi ұғымда салыстарған жағдайда, құзыреттiлiк ұғымының мағынасы кең. Себебi: құзыреттiлiкке бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiммен iскерлiкке қоса, топта, әлеуметтiк ортада жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдаланут. б. iскерлiктер жатады.

Қазiргi бiлiм беру жүйесiнде оқушының құзыреттiлiгi мына үш аспектiнiпен сипатталады:
- Мәндiк аспект - ахуалды жете түсiну, оны ұғыну, және оған деген қарым - қатынас, теориялық негiзiн, маңызды мәселелердi ұғыну;
- Проблемалық - практикалық аспект - оқушының алдына мақсат, мiндет нормалары қойып және орындау жолдарын анықтау;
- Коммуникативтi аспект - оқушының осы үрдiске, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етедi.

Жоғарыда аталып кеткен аспектiлердi талдай отырып, бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм құзыреттiлiгi жансыз жаттанды бiлiм түрiнде емес, оқушының жеке тұлға ретiнде танымға, ойлауға қатысын, әрекетке, белгiлi бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн талдауға, ұтымды түрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.

Құзыреттiлiк - оқу нәтижесiнде өзгермелi жағдайда меңгерген бiлiм, дағдыны тәжiрибеден қолдана алу. Проблемены шеше бiлу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтатын жаңа сапа.

Сонымен орта бiлiм беру тұжырымдамасында оқушыдан орта бiлiм берудiң негiзгi күтiлетiн нәтижелерi ретiнде мектеп түлегiнiң негiзгi құрлылығы төмендегiше анықталады:
1. Құндылықты - бағдарлы құзiреттiлiк - жасампаз қоғам өмiрiнде өз ролiн таба бiлу бiлiктiлiгi, азамматық белсендiлiк, саяси жүйенi түсiну, ең бастысы - өз Отанының патриоты болу.
2. Мәдениеттанымдылық құзыреттiлiк - рухани келiсiм мен толераттық идеяларына бейiм болу. Өз халқының мәдениетi мен әлемнiң мәдени көп түрлiлiгiн түсiну, бағалау: жалпы азаматтық мәдениет жетiстiктерi мен этномәдниеттiк құбылыстарды тани бiлу.
3. Оқу - танымдылық құзыреттiлiгi - оқушының зерттеу әрекетi мен өзiндiк оқу - танымдылық процесiн қамтамасыз ететiн кешендi құзырлық. Әлемнiң ғылыми бағытын iзденушiлiк - зерттеушiлiк әрекет арқылы игеру.
4. Коммуникативтi құзыреттiлiк - адамдармен өзара әрекет пен қарым - қатынас тәсiлдерiн бiлу, түрлi әлеуметтiк топтармен жұмыс iстеу.
5. Ақпараттық технологиялық құзыреттілік - өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу, ақпараттық технологияны игеру, интерпртациялау.
6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі - отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді қоғамдық азаматтық тәрбие мен білімге ие болу. Әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу.
7. Тұлғалық өзін өзі дамыту құзыреттілігі - қызметін өзіндік қадір қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау, өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарламен салыстыра білу, сонда осында мектеп түлегі бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Ол:
1. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
2. Әлеуметтік құзыреттілік - бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану/ топпен/ қабілеті, қызметету, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдану.
3. Білім алу құзыреттілігі - білім алу қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге қызығушылығы және білім беру қызметінде субъектілік және креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.

Қазіргі кезде химия пәнін мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері заман талабына қарай өзгерді. Мен бұл пәнді оқыту барысында алдыма қойған мақсаттарым:
• Оқушыны химия пәні арқылы мамандыққа баулу.
• Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
• Білім алуға деген ынтасын арттыру.
• Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу.
• Химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру.
• Мамандығына байланысты химиялық үрдісті түсіндіре алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың білім берудің қолданбалы, практикалық сипатын күшейту болып табылады. Бұл бағыт оқушы мектепте алған білімдерінің қандай нәтижелерінің мектептен тыс жерлерде пайдалана алады деген қарапайым сұрақтан туған. Бұл бағыттың мәні мектепте оқылғанның бәрі болашақта тиімді болуы керек, яғни пайдаға асуы тиіс деген ойда. Мәселен, оқушылардан формуланы білуді, сондай - ақ осы формулаларды қолданып, есептер шығара білуді талап етуге болады. Білім беру мазмұнын осы тұрғыдан қайта қарау өте пайдалы болар еді. Нәтиже бағдарланған оқыту, яғни құзыреттілік тәсіл, ең алдымен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамытуды талап етеді. Құзыреттілік тәсіл тұлғасынан қарайтын болсақ, онда мұғалімнің тілдік құзыреттілігінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Химияны меңгертуде формулалардың маңызы зор, сондықтан сабақ барысында формуланың жалғасын табатын перфокарталардың да алатын орны ерекше. Сонымен қатар оқушыларға әр түрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік беремін. Осындай әдіс - тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері тереңдейді, есте сақтау, химиялық тілмен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиеленеді. Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе химиялық білімнің кәсіби мамандыққа бағытталуы дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін. Пән мұғалімі ретінде алдыма қойған мақсатым - оқушылардың ғылыми ізденісін шыңдап, қабілетін арттыруда ғылыми ізденіс жұмыстарында үлкен шығармашылық еңбек, тың деректерді пайдалану қажет деп есептеймін.

15. Жаңа ақпараттық технологиялар мен оларды химияны оқытуда қолдану ерекшеліктері. Ақпараттық технологиялар құралдарын анықтаңыз.Инновация - латын сөзі, ол - «жаңалық, жаңарту» дегенді білдіреді. С.И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пай       да болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық» - деп берілген. Ал орыс ғалымдары Днепрова , Золвянинский, Лазареваның еңбектерінде бұл ұғым «білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті» деп сипатталады. М.М. Поташник, А.С.Лоренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде /яғни жаңа әдіс, жаңа технология/, ал инновацияны «осы тәсілдерді меңгеру үрдісі» деп санайды. Т.И.Шамова. П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз – инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны еңгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Үлкен әнциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіреді.

       Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде аанықталған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білімберу мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Осыларды негізге ала отырып инновацияны үрдісті «жаңа әдістеме енгізу құралы» - деп ұғатын боламыз.

       Инновация – білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу тәрбие ісіне жаңалықтарды еңгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы – балабақша, мектеп, орта арнаулы және жоғары мектеп жұмыстарын дамыту, білім мазмұны сабақтастығын үнемі назарда ұстанып отыру қажет болады. Сондай-ақ білім мазмұнына байланысты енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжрибеге негізделген жаңа идеялары, жаңа технологиялары бар. Оқытудың инновациялық-педагогикалық технологияларын білім беру мазмұны сабақтастығының сақталуына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңыздылығын атап айтқан жөн. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты педагог маман болу мүмкін емес.

  Жаңа технология әдістері. Қазіргі таңда жалпы мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет - ұлттық менталитет! жоғары, сана-сезімі дамыған, ѳзіндік кѳзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта жоғары мектепте берілетін ғылымның теориялық және әдістемелік негіздерінің, яғни сабақ түрлері мен оның сапасын артгыру женінде түрлі жұмыстар жүргізілуде. Соның негізінде жалпы жаратылыстану пәндерінің ішінде химия ғылымы жоғары мектептегі оқытылатын негізгі пән болып табылады.

  Технология - грекше «шеберлік» деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес педагогикалық технологияға әдіскер-ғалымдар мынадай анықтамалар берген: “Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев)», «Оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько т.б.)».

Жоғарыдағы анықтамаларға сүйенсек, жаңа технология дегеніміз педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген түйінге тоқтауьшызға болады. Жалпы оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде танылады.

  Сабақ түсіндіру процесінде белгілі бір технологияны қолдану арқылы мұғалім жоғары нәтижеге жетуді кѳздейді. Жаңа технологияның басты қағидаларының бірі дидактикалық

ұстаным ретінде қарастырылатын жүйелілік болып саналады. Кез-келген ғылымның ѳзі, ең алдымен білімдер жүйесін құрайтындықтан, ғылымды тек жүйелі оқу нәтижесінде ғана меңгеруге болады. Сондықтан, қазірғі білім беру саласы бойынша сабақ берудің жаңа технологияларын қолданбайынша, жан-жақты шығармашылық жоғары деңгейдегі студент, болашақ мұғалім маманына қиынға соғады.

  Жаңа технология мынадай негізгі үш бағыттан тұрады:

- жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеру; оның адамзат және ѳркениет мәдениетіне деген қызығушылықтарын ескеру;

- оны тәрбие процесінің басты объектісі ретінде алып қарау.

Осындай жаңа технология бағыттарын қолдану, оқып үйрену, меңгеру және ѳмірге енгізу сабақты дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, жаңа технологияны меңгеру негізінде студенттің кәсіби және рухани-адамгершілік қабілеті, ѳз бетімен білім алудағы

белсенділігі артады. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта оқыту үрдісін үйымдастыру және білімді бағалау мен бақылаудың жаңа түрлері қарастырылған.

Жаңа оқыту жүйесін пайдалана отырып, химия пәнін оқытуды тағы да мынадай бағыттарда жүргізуғе болады:

- химия біріктірілген жүйе бойынша, яғни белгілік-таңбалық кѳрнекіліктер түрлері (“тірек сигналдары”, “тірек конспектілері”, “тірек белгілері” және “тірек таңбалары”);

- үжымды оқыту жүйесі;

- модулды оқыту жүйесі (блоктап оқытудың жетілдірілген түрі);

- шоғырландырып, қарқынды оқыту жүйесі;

- сабаққа жергілікті жер материалдарын пайдаланып оқыту;

- сабақты компьютерлеу және ақпараттандыру;

- химия сабағын әкологияландыру;

- химия сабағының әксперименттік болігін кѳбейту;

- педагогикалық әксперимент жүргізуге баулу.

Жаңа технология жүйесі бойынша оқытудың жоғарыдағыдай бағьптары түрғысынан химия пәнін әдістемелеудің, яғни оның сапасын жаксартудың жаңа міндетгері қолга алынуда. Мүндай міндеттерді химия курсының мазмүнын, оқыту әдістері мен қүралдарын қайта қарап, жаңарту арқылы шешуге болады.

  Біздің байқауымызша, химия пәнін оқытудың тәжірибесінде оқу материалын үсақ тақырыптарға болмей, біріктірілген жүйе бойынша оқыту және онда белгілік-таңбалық кѳрнекіліктердің түрлері “тірек сигналдары”, “тірек конспектілері”, “тірек белгілері” және “тірек таңбаларың деп жіктелетін оқу қүралдарын қолдануымызға болады.

  Заман талабына сай жеке түлғаны қалыптастыруда, ғылыми білім, іскерлік, дағды жүйесі болып табылатын оқу мазмүнын, студенттің ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыта аламыз. Студенттердің мектептен алған білімін еске түсіру арқылы игерілген материалға диафамма, ассоциация сызбанүсқасын күрастырып, жаңа сабақты ѳз бетінше игеруге ықпал жасадык. Бүл сабақта топтастыру әдісін қолдана отырып, жоспарды студенттердің оз бетінше қүруына мүмкіндік берілді

16. Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Химия» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Білім мазмұнын жаңарту, бірінші кезекте, орта білім берудің өзіндік

моделін, оның құрылымын, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін және

әдістерін қайта қарау, білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың түбегейлі

жаңа жүйесін енгізу болып табылады. Білім беру мазмұнын жаңарту

шеңберінде іс-шаралар кешенінің барлығы жеке тұлғаның үйлесімді

қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін

атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген

«Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия»

пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен

бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген [2].

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия»

пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы

қолданыстағы бағдарламадан өзгеше. «Химия» оқу пәнінің 7-9-сыныптарға

арналған 2013 жылғы және жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу

бағдарламасының (2017 ж.) құрылымының салыстырмалы талдауы 1-кестеде

берілген.

1-кесте – «Химия» оқу пәні бойынша 2013 жылғы және жаңартылған

мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары құрылымының салыстырмалы кестесі

 

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін типтік оқу бағдарламасы (2013)   Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу                                                      бағдарламасының құрылымы (2017)  
1. Түсінік хат                                       1-тарау. Жалпы ережелер  
2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны   2-тарау. «Химия» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру  
3. Оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар   3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына қосымша Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар  
   

Жаңартылған білім беру аясында «Химия» оқу пәнінің:

– пән мазмұнын іріктеудің шиыршықтылық қағидаты;

– таным заңдылықтарына негізделген және пәннің неғұрлым маңызды ісәрекеттерімен (нәтижелердің өлшемділігі, репродуктивтіден шығармашылыққа

дейінгі оқу әрекеттерінің барлық түрлерін есепке алу) жіктелетін оқу

мақсаттарының иерархиясы;

– білім деңгейлері және оқу курсы бойына пән мақсаттарының бірізділігі

пәнаралық байланысты барынша анық ескеруге мүмкіндік беруі;

– пәндердің бөлімдері мен тақырыптары мазмұнынының заман талабына

сәйкестігі, әлеуметтену дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы үлгілік оқу

бағдарламасының ерекшеліктер болып табылады

17. «Химия» пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістеріне талдау жасаңыз.

Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңартудағы негізгі

мақсат: білім беру бағдарламаларын жаңарту контекстінде мұғалімдердің

педагогикалық дағдыларын жетілдіру.

Сабақтардың ерекшелігі – оқу процесін құрудың негізгі аспектілеріне

байланысты оқу мақсаттарына негізделген сабақ үдерісін құру болып

табылады, бұл мұғалімдерге оқушылардың дағдыларын дамыту әдістерінің

бірегей мүмкіндіктерін көрсетуіне мүмкіндік береді.

Құндылықтарға бағытталған тәсіл.

Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір

құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол

жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі білім

алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады.

Жаңартылған білім мазмұнының аясында мұғалім білім беру процесінде

өзгеше рөл атқарады, оның маңыздылығы дәстүрлі білім беру жүйесінен кем

емес. Егер бұрын мұғалім оқулықпен бірге негізгі білім көзі болса және мұғалім

білімді бақылаушы болса, мұғалім білім берудің жаңа парадигмасында

оқушылардың тәуелсіз танымдық белсенділігін ұйымдастырушы, құзыретті

кеңесші және ассистент ретінде көрінеді. Бұл рөл әлдеқайда күрделі және

мұғалімнің біліктілігінің жоғары деңгейін талап етеді.

Мектепте заманауи әлемнің қиын жағдайында сәтті өмір сүру үшін

қажетті қасиеттерге ие жеке тұлғаны қалыптастыру үшін жағдайлар жасалуы

керек. Бұл міндет тек білім беру мазмұнын ғана емес, оқытудың технологиясын

да білдіреді.

Оқу және ғылыми-зерттеу қызметі жек тұлғаға бағытталған тәсілдерді

енгізудің бір түрі. Оқушының пәндік тәжірибеге сүйену, сабақтың мақсаттарын

саналы түрде қабылдау, пән бойынша пәндік қарым-қатынастарды

ұйымдастыру, оқушының жеке әлеуетін ашуға жағдай жасау қажет. Бұл

технология оқушыға еркін шығармашылық жағдайында және мұғаліммен

ынтымақтастық жағдайында белгілі бір пәндік тәжірибеге негізделген айқын

және анықталған кезеңдерімен әмбебап зерттеу әдіснамасын меңгеру үшін кең

мүмкіндіктер ұсынады [9].

«Химия» оқу пәнінің сабақ құрылымының элементтері: білім алушыларға

берілген білімнің өзектілігі; жаңа тұжырымдамалар мен іс-әрекет әдістерін

қалыптастыру; теория мен химиялық эксперименттің үйлесуі, сабақта олардың

рөлі мен орнын анықтау; зерттеліп жатқан химиялық заттар мен реакциялардың

сапалық және сандық сипаттамалары арасындағы байланыстарды орнату.

Химияны оқыту әдістемесінің негізгі бөлімдері әдістемелерді,

формаларды, құралдарды қамтиды.

Мұғалімнің негізгі міндеті – білім алушылардың білімін, тәрбиесін және

дамуын қамтамасыз ететін оқыту әдістерін оңтайлы таңдау.

Оқу әдістемесі – мұғалімнің және оның жетекшілігіндегі мақсатты

бірлескен жұмыс түрі (әдісі) болып табылады.

Бұл анықтамада ең бастысы - бұл жеке тұлға қызметі. Бұл өте маңызды,

өйткені қазіргі білім беру жүйесінің міндеті – жеке тұлғаға бағытталған білім

беру [10].

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту жағдайында мұғалім білім беру

процесінде маңызды рөл атқарады.

Оларда жеке және сараланған тәсілдер жүзеге асырылады. Олар білім

беру материалын табысты игеруді, білім алушылардың интеллектуалды және

моральдық дамуын, олардың тәуелсіздігі мен белсенділігін қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту білім алушының интеллектуалды даму

деңгейін ескере отырып, оқуға дифференциалды көзқараспен, сондай-ақ оның

осы пәнге деген дайындығын қамтамасыз етеді.

Мысалы, 8-сыныптағы «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі

кластары» бөлімі бойынша мынадай тапсырма беруге болады. Мына

айналымдарды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыз.

Ca → CaO →Ca(OH)2 → Ca(NO3)2 →CaSO4.

Тапсырманы бағыт бойынша орындайды, мұнда кез келген білім алушы,

яғни үлгерімі жақсы оқушы да, үлгерімі төмен оқушы да қатысады.

Тапсырманың орындалуы дауыстап айтылады да, бүкіл топпен қадағаланады.

Немесе «Оксидтер», «Негіздер», «Қышқылдар», «Тұздар» тақырыптарына

постер құруға болады. Тапсырма орындалып болғаннан кейін мұғалім жалпы

талқылау өткізе алады, немесе егер әр топтағы тапсырма әртүрлі болған

жағдайда әр топты жеке қарауға болады. Мұғалім тақырыптың игерілгенін

байқаса онда оны тексеру үшін тапсырмалар береді. Бұл түрлі деңгейдегі тестер

болуы мүмкін. Тесті орындағанда әр білім алушы жеке жұмыс жасайды.

Тапсырмалар үшін баға топқа қойылады да, жалпы баға жарияланады.

Осылайша, үздік оқушы әлсіз оқушымен сайысқа түспей, керісінше әрбір

оқушы өз-өзімен, яғни бұрыңғы жетістіктерімен сайысқа түседі [11].

Бұл әдіс жаңа тақырыпты игеруде өте тиімді болып табылады.

Заттар, олардың қасиеттері және химиялық түрлендірулер туралы

ақпараттың басым көпшілігі зерттеу арқылы алынады. Сондықтан, зерттеу әдісі

химия пәнінің кез-келген тақырыбын зерттеуде пайдаланылады, оның

мазмұнының ашылуына ықпал етеді. Бұл білім алушылардың пәндік

тәжірибесіне сүйеніп, сабақтың мақсаттарын саналы түрде қабылдауына, пән

бойынша пәндік қарым-қатынастарды ұйымдастыруға, білім алушының жеке

әлеуетін ашуға жағдай жасауға негізделеді. Зерттеу әдісі білім алушының еркін

шығармашылық жағдайында және мұғаліммен ынтымақтастық жағдайында

әмбебап зерттеу әдіснамасын меңгеру үшін кең мүмкіндіктерді ашады.

Зерттеу әдісінің мазмұны теориялық білім мен бақылау, талдау,

салыстыру, ұқсастық, қорыту, жіктеу болып табылады.

Химиялық эксперимент саласында химиялық қабілеттердің

компоненттерін, мысалы, байқау қабілетін, шығармашылық әрекеттегі

шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады. Зерттеу әдісі білім алушының

зерттеу дағдыларын дамытады.

Мысалы, 8-сыныпта «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі»

тақырыбында білім алушылар химиялық элементтердің таңбасы жазылған

карточкалар жасайды, онда металдарды қара түспен, бейметалдарды басқа

түспен белгілейді. Бұл карточкаларда элементтердің салыстырмалы атомдық

массалары, жалпы сипаттамалары мен олардың қосылыстары: оксидтері,

гидроксидтері көрсетіледі. Білім алушылар бұл карталарды атом массасының

өсу ретімен бір қатарға орналастырады да, өз жұмысында қарапайым заттардың

қасиеттерінің және химиялық элементтердің қосылыстарының қышқыл-негіздік

қасиеттерінің периодты түрде өзгеру заңдылығын байқайды. Содан соң,

карталарды сілтілі металдан басталып, инертті газбен аяқталатын жалпы

қатарға орналастыру ұсынылады. Осылайша бірнеше химиялық элементтердің

периодын қалыптастыру арқылы бір-бірінің астындағы бағандардағы

элементтердің қасиеттері ұқсас болып келетінін түсінетін болады. Нәтижесінде

химиялық элементтердің периодтық жүйесінің топтары анықталады, онда

негізгі және қосымша топтардың болатынын, кіші топтардағы химиялық

қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын атап өтеді. Осылайша, шын мәнінде, білім

алушылар өздері Д.И. Менделеевтің периодтылық заңының мәнін түсінеді.

Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша химияны оқыту процесінде

құзыреттілікке бағытталған тәсілдерді енгізу білім беру саласына білім

алушылар үшін құзыреттілік жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Химиядағы материалдарды оқыған кезде оқушылардың оқу және

мәтінмен өз бетінше жұмыс істеуіне назар аудару керек, бұл оларға

проблемалармен жұмыс істеу қабілетін дамытуға, оларды шешу жолдарын

табуға, ситуациялық жағдайда әрекет етуге мүмкіндік береді.

18. Білім мазмұнын жаңарту аясында қысқа мерзімді жоспар дайындау және критериалды бағалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұстанымдарды сипаттаңыз.

Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек [26]. Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа ала алады: - сабақты құрғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу; - сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою; - оқу жоспарында көрсетілген барлық жаттығуларды, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу; - мұғалімнің қалауы бойынша қажеттілігіне қарай жаттығу түрі толықтырылып отырады. Мұғалім жалғыз білім көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқутанымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.

Жаңартылған бағдарламада бағалау процесін білім алушылардың өздері үшін объективті және сындарлы ету үшін критерийлік бағалауды қолданады.

 Бағалау екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.

 Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі нысаны да білім беру жүйесіне қажет-ақ. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал ету болып табылатын оқу үшін бағалау арасында жүргізіледі [3]. 130

Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. «Оқу үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалауды Реформалау Тобының «Оқу үшін бағалау» атты кітабы жарияланғаннан кейін белгілі болды.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады [3].



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.