Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары



Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары

 

1. Теориялық және практикалық әдістер. Жалпы және жеке ғылыми әдістерді химияны оқыту барысында қолданыңыз.

2. Химияны оқыту кезінде әдістер мен әдістемелік амалдарды таңдау задылықтары. Мектеп химиясы бойынша оқу-тәрбиесінде оқыту әдістерінің дамуы туралы мәліметтерді жасаңыз.

3. Жалпы білім беретін мектеп пен арнаулы орта оқу орнында химияны оқыту формаларының жүйесі. Химияны оқытуда оқыту формаларының өзіндік ерекшеліктері мен қызметтерін қолданыңыз.

Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады. Сабақ - өте күрделі, жан-жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс.

Сабақ мақсат қоюдан басталады. Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрі белгілі, олар: жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту), дидактикалық (оқи білу дағдысын меңгеру), әдістемелік (химия пәні бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп, қорытындылар жасай білуге үйрету) мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады.

       Алға қойған мақсаттарға сәйкес, сабақта оқу үрдісінің белгілі бір буындары іске асырылады:

Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға даярлау, оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, жаңа білімді жалпылап қорытындылау, білімді жетілдіретін жаттығулар орындау, білім мен іскерлікті қолдану, білімді біліктерді меңгерудің нәтижелерін тексеріп оқушылардың талдауы.

Дидактикада бірыңғай жіктеу жоқ. Кейде жіктеудің өлшемі ретінде тип, түр, құрылыс, нұсқа терминдері қолданылып жүр. Көпшілік жағдайда тип деп алынады. Жіктеу кезінде сабақтың әр түрлі белгілері басшылыққа алынады.

Химия сабақтарының жалпы жүйесі жайында сөз еткенде, оған енетін буындарды жүзеге асыру ретінде де назар аударумен қатар сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқыту әдістерінің оқытылатын материалдың мазмұны мен сабақ жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ету керек.

Сабақтың негізгі құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыстарды сызбанұсқа түрінде былай өрнектеуге болады:

 

 

 


       

Оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері
  

   

       Жалпы педагогикалық мақсат – оқушыларға тәрбие беру және жан-жақты дамытуды көздесе, ал дидактикалық мақсат оқу жүйесінің қай кезеңі сабақта орындалатынына, қай кезең ең басты болатынына бағыт береді. Әдістемелік мақсат оқушылар сабақта қандай химиялық білім мен іскерлікті, дағдыны игеру керектігін анықтайды. Мысалы, сабақ белгілеріне сәйкес бөлінеді.

Кіріспе сабақ, материалмен алғашқы таныстыру, ұғымдар қалыптастыру, жаттығулар, т.б. ұйымдастыру (И.Н.Борисов, С.В.Иванов сабақтарды осындай кезеңдерге бөлді).

Жүргізу әдістері мен белгілері бойынша бөлу: әр түрлі дәріс, әңгіме, өзіндік жұмыс, кино сабақ, т.б. (И.Н.Казанцев, т.б.).

Тәрбиелік мақсатына сәйкес бөлу. Жаңа материалдарды оқу сабақтары, білімді, дағдыны қорытындылау және қайталау қабылданған жіктеуге жатады. Оны қолдаушылар: М.А.Данилов, В.П.Есипов, С.Г.Шаповаленко, Д.М.Кирюшкин, В.С.Полосин, Р.Г.Иванова, т.б.

Әдіскерлер көптеген дидактикалық мақсаттарға сәйкес мынадай жіктеуді ұсынады, онда негізгі басшылыққа үш типі алынады:

1. Жаңа материалдарды үйрену және жаңа біліктерді меңгеру сабақтары.

2. Оқушылардың білімді, іскерлікті жетілдіру сабақтары.

3. Білімді, іскерлікті тексеру сабақтары.

Олар өз алдына үш түрге бөлінеді:

1. түсіндірме-көрнекті бейнелеу;

2. догматикалық-сөздік;

3. тапқырлық-зерттеу сабақтары.

Бұл жерде білімді жинақтау мен жүйелеу түрлері айтылмаған кейбір авторлар сабақты: әңгіме сабақ, жаттығу сабақ, дәріс сабақ деп те бөліп жүр. Оқыту әдістеріне сәйкес сабақты жіктеу одан да күрделене түседі.

Кейде сабақтың мазмұнына, сыртқы қатысына қарай да жіктеледі. Осы айтылғандарды жинақтай келгенде химия пәні бойынша сабақтың мынадай бес типін көрсетуге болады:

1. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру сабақтары.

2. Сарамандық білімді, дағдыны, іскерлікті жетілдіру және қалыптастыру сабақтары.

3. Білімді жүйелеу, қайталау, қорытындылау, жалпылау сипатындағы сабақтар.

4. Білімді бақылау, тексеру, есепке алу сабақтары.

5. Аралас құрама комбинациялы сабақтар.

Жаңа білім, іскерлік және дағдыны беру, меңгеру сабақтарында әр түрлі әдістер пайдаланылады: түсіндіру, әңгімелесу, әңгіме, дәріс, зертханалық тәжірибелерді пайдалану, оқулық пен жұмыс, бағдарланған тапсырмаларды орындау, үйреткіш машиналардың көмегін пайдалану, әр түрлі көрнекіліктер мен оқыту құралдарын қолдану тәсілдері.

Сабақтың бұл типінде мұғалім мен оқушы негізінен жаңаны білуге баса назар аударады, сабақтың басқа кезеңдері де орындалады, үйге берілген материалды тексеру, бекіту, білім мен іскерлікті дамытуда жүзеге асуы да мүмкін. Сабақта әр түрлі көрнекі құралдар да қолданылады, оның ішінде оқытудың техникалық құралдары да бар.

Жаңа білімді, іскерлікті меңгеруге арналған сабақтарға мынадай сабақтар тән:

1. Курстың басында (кіріспе сабақ) жаңа тақырыптар. Мысалы «Химия пәні, заттар» (8-сынып), «Әлектролиттер және бейәлектролит» (9-сынып), «Метан, физикалық қасиеттері, метанның тетраәдралық құрылысы» (10-сынып).

2. Сабақта түсіндіретін күрделі теориялық материалдарды оқу кезінде, мысалы: «Атомдардағы әлектрондардың күйе туралы ұғым s және р әлектрондар» (8-сынып), «Тұздардың гидролизі» (9-сынып).

3. Сабақтың мазмұны кең көлемде айтатындай материалдардан тұрса, технологиялық мәліметтерге сипаттама берілсе (химия өндірісін оқыған кезде), мысалы: «Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу өндірісі» (8-сынып), «Аммиак өндірісі» (9-сынып), «Белоктар – органикалық өршіткіштер (катализаторлар – тек өршіткіштер емес бояулатқыштар да)» (11-сынып).

4. Сабақта орындалуы көп уақытты алатын көрсетілім не зертханалық тәжірибелер пайдаланылса, мысалы: «Азоттың химиялық қасиеттері, сутекпен оттекпен әрекеттесуің» (9-сынып).

Жаңа білімді, іскерлікті меңгеру сабақтары қысқаша кіріспеден басталады (оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне дайындық, танымдық мақсаттар қоюға байланысты, түсіндіру жоспарымен де таныстыру керек, бұрын өткен материалмен байланыстыратын қысқаша кіріспе әңгіме айтуға болады). Сабақтың негізгі бөлімі жаңа материалды білуге, жаңа іскерліктерді қалыптастыруға арналады.

Жаңа материалды оқыту сабағы. Мұндай сабақтардың әңгімелесу, баяндау, дәріс, т.б. әдістермен жүргізілуі мүмкін. Бірақ сабақтың кіріспесінде оқушыларды жаңа материалдарды қабылдауға психологиялық жағынан даярлап, олардың әрқайсысы танымдық қызметке белсене араласытындай жағдай жасау керек. Мұндай даярлық әдетте берілген материалдарды оқушыларға қайталау мен қорытындылау жолымен жүргізіледі. Мұның нәтижесінде бұрын оқылған материалдар мен мағлұматтардың арасында байланыс орнайды. Осыған орай, оқушылар ауызша немесе жазбаша үлестірмелі карточкалар бойынша жаттығу жұмыстарын орындайды. Бұдан соң оқу міндеті қойылып, оқушылардың білімдеріне сүйеніп логикалық талдау арқылы қойылған проблеманы шешуге кіріседі. Сабақ үстінде оқытудың баяндау, көрнекілік және сарамандық әдістері біріктіріледі.

Қажетті жағдайда қойылған негізгі проблеманы шағын проблемаларға жіктеуге болады. Мысал ретінде мына сабақты қарастырайық:

Білім, іскерлік және дағдыларды бекіту және жетілдіру сабақтары (әңгімелесу сабағы, конференция сабағы, жаттығу сабағы, сарамандық сабақ).

Бұл сабақтардың негізгі дидактикалық мақсаты – химиялық заңдарды, теорияларды, ұғымдарды, сондай-ақ сарамандық іскерліктер жөніндегі білімді тереңдетіп, бекітіп және жетілдіре түсу.

Бұл типтегі сабақ ерекшелігін мына тақырыптан көруге болады: «Периодтық жүйе мен атом құрылысы тұрғысынан негізгі топшаның химиялық әлементтеріне сипаттама» (8-сынып).

Сабақтың мақсаты – Д.И.Менделеев жасаған химиялық әлементтердің периодтық жүйесінде көрсетілген әлементтердің қасиеттері мен қосылыстары туралы негізгі заңдылықтар жөнінде оқушылардың білімін бекіту және түсіндіру, негізгі топшаның химиялық әлементтеріне сипаттам беру іскерлігін дамыта түсу.

Сабақты мынадай жоспар бойынша жүргізуге болады:

1. Кіріспе бөлім. Сабаққа мақсат қойып, оқушыларды жұмысқа дайындау.

2. Теорилық материалдарды қысқаша қайталау, (әңгімелесу әдісі бойынша немесе оқушылардың жауабын байқау не мұғалімнің тапсырмасы бойынша аранулы хабарламаны тыңдау).

3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Тапсырманы орындау (Мысалы № 33 әлементтің периодтық жүйедегі орнына сәйкес атом құрылысын айтып, қасиеттеріне сипаттама беру).

4. Өзіндік жұмыстардың нәтижесін тексеру (әңгіме).

5. Сабақты мұғалімнің қорытындылауы. Оқушылардың істеріне талдау. Жұмысына баға қою.

6. Үйге тапсырма беру.

7. Сабақты ұйымшылдықпен аяқтау.

Бұл сабақта сарамандық іскерлікті жетілдіру және химиялық формулалар мен теңдеулерді құрасытпру, сандық, сынақ тәжірибелік есептерді шешу көзделеді. Ондай тақырыптарға: «Химиялық теңдеулер» (8-сынып), «Химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер» (8-сынып), «Ион аламасу реакциялары» (9-сынып), т.б.

8-сыныпта өтілетін «Тотығу-тотықсыздану рекакциясы» тақырыбының сабақ құрылысы жоспарланады.

1. Білімдік мақсаты. Тотығу-тотықсыздану реакциясының реакция теңдеуі бойынша жаттығу құрастырып, әлектрондық теңгерімін пайдаланып, оқушылардың білімін жетілдіру. Сабақтық басында әңгіме әдісі бойынша мұғалім: «Тотығу дәрежесі», «тотығу», «тотықсыздану», «тотықсыздандырғыш», «тотығу-тотықсыздану рекакциясы» деген ұғымдарды қайталайды. Содан кейін бір-екі мысал негізінде тақтаға не дәптерге реакция теңдеуін жазып, ұжымдық түрде талдайды. Сабақтың негізгі бөлігі жеке тапсырма бойынша өзіндік жұмысқа бөленеді, ол теңдеу бойынша құрасытырылған жаттығуларға арналады. Сабақтың соңында оқушылардың өзіндік жұмыстары талданып, бағаланады. Сабақ типінде оқушылар тәжірибелері, есептер ерекше орын алады.

2. Сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы. Химия сабақтарының мақсаты химиялық теорияларды, заңдары бағдарламада көрсетілген іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болып саналады. Мұндай іскерліктер мен дағдылар қатарына химиялық сынақ-тәжірибелер, сарамандық мазмұндағы есептерді шығару, сан есептерін шығару, әр алуан бақылаулар мен өлшеулерді орындау, әр түрлі зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындау шеберлігі, құбылыстарды бірінен-бірін ажырата білу, талдап жаза білу, т.б. жатады. Сондықтан бұл типтегі сабақтың негізгі бөлігін зертханалық-сарамандық жұмыста, сынақ тәжірибелік есептерді шығару құрайды. Ал сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағының маңызды бөлігіне ұсынылған жұмысты орындау үлгісін мұғалімнің оқушыларға өзі көрсетуі немесе белгілі нұсқауға сәйкес өздерінің орындауы жатады.

Сонымен сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтарына:

1. Жұмыстың мақсатын анықтау және қауіпсіздік техникасын белгілеу.

2. Жұмысты орындау тәсілдерін жоспарлау.

3. Жұмысты орындаудың үлгісін көрсету не нұсқау беру.

4. Орындалған жұмысты талдау не жүйелеп жазу, қорытындылау.

5. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.

6. Өзіндік жұмыс жаттығуларын орындау.

7. Үйге тапсырма беру сияқты кезеңдерден тұрады.

Сабақта мұғалім дидактикалық мақсаттарды шешеді.

Химиялық сынақ-тәжірибе кезінде іскерліктер қалыптастырылады. Мұндай сабақтар міндетті түрде мектептің химия кабинетінде өтеді, оны зертханалық жұмыс деп атауға болады. Әдістемеге бұлай атауды алғаш ендірген әдіскер В.Н.Верховский, ол былай деп жазды: «зертханалық сабақ орта мектепте химияны оқытудың негізгі формасы деп есептейміз».

Зертханалық сабақ– ұзақ уақыт бойы (бір не екі сағат) мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше орындайтын тақырыпты оқуды не бағдарламалық бөлімін жинақтайтын сабақтағы тәжірибелерді айтамыз.

Бұл сабақтарда (бағдарламада көрсетілген) оқушылар зертханалық іскерліктер мен дағдыларды бекітіп, жетілдіреді, химиялық құбылыстарды байқауға және сипаттауға үйренеді. Зертханалық сабақтағы оқушылардың қызметі ерекше, сондықтан оны қарастырып отырған типтің ерекше түрі деп қарауға болады.

Сарамандық сабақтарда (зертханалық сабақ) шамамен осындай жоспармен өткізуге болады: кіріспе бөлімі (сабақтың мақсаты, өтілетін жұмыстың мазмұны бойынша техника қауіпсіздігін әңгімелеу), негізгі бөлімі - өз беттерінше сарамандық жұмыстарды оқулық немесе аранаулы нұсқау бойынша оқушылардан тақтаға не дәптерлеріне не карточка жазу ескеріледі. Жұмысты орындау барысында оқушылар химиялық жұмыстарды байқайды және оны суреттеп жазады, реакцияда пайдаланған аспапты салады, реакция теңдеуін құрастырып, формуласын, реакция теңдеуі бойынша есептеулер жүргізеді, қорытынды жасайды. Сабақтың соңында орындалған жұмыстың қорытындысын шығарып, мұғалім тақтаға кейбір оқушылардың сарамандық жұмысының нәтижесіне баға қояды. Оқушыларға орындалған сарамандық жұмыст ың жазба есебін жаздырады.

3. Білімді қорытындылау және жүйелеу сабақтары (қорытынды, әңгімелеу, шолу дәрістері, қорытынды конференция). Сабақтың дидактикалық мақсатына тексеру, қорытындылау және тақырып, бөлім курсы бойынша теориялық білімдерін жүйеге келтіру жатады.

Сабақтың тақырыптық мысалдары: «Тұздар. Тұздардың құрамы мен аттары. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар арасындағы генетикалық байланыс» (8-сынып), «Қайталау және қорытындылау тақырыптары», «Әлектролиттік диссоциациялану теориясы» (9-сынып), сарамандық іскерліктеріне ылғи да бақылау жасап отыруды қажет етеді.

Ұжымдылыққа жеке және топтар бойынша оқыту формаларын білгірлікпен жүзеге асыпатындай құрылуға тиіс.

Фронтальды жұмыс – ұжымдық жұмыс, онда бір уақытта барлық оқушы бірдей тәжірибені не есепті шығарады. Барлық жағдайда да фронтальды жұмыстарда мұғалім бүкіл сынып оқушыларына бірдей қиындықтағы жұмыстарды бір уақытта орындауды тапсырады. Оқушыларды топтап не жекелеп оқыту сипатын саралап отырады. Оны ұйымдастырудың екі формасы бар: оқушыларды технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлу және оптимальдықты пайдаланып оқыту; әрбір топ өз бетінше өзіндік жұмыстарды орындайды. Топтық формадағы оқытуда мұғалім оқушыларды жеке топтарға бөледі, соған сәйкес тапсырмалар береді. Топтардың құрамы өзгеріп отырады. Әрбір оқушы тапсырманың белгілі бөлігін орындайды. «Аммоний тұздары» тақырыбына арналған бір тапсырманы орындау мысалымен танысып көрелік.

1. Аммоний тұздарының физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.

2. Аммоний тұзын алудың зертханалық тәжірибесін орындаңыз.

3. Аммоний тұздарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын зертханалық тәжірибелерді жасаңыз.

4. Мына зертханалық тәжірибелерді орындаңыз:

а) сілтілердің аммоний тұздарына әсері;

ә) аммоний тұздарының айырылуы.

Әрбір топтың оқушылары осы жұмыстарды орындап, оның нәтижесін қорытындылар, сыныпқа хабарлайды. Оқытудың жеке формасында әрбір оқушы өзінше тапсырма алады, оны орындағаны туралыесеп береді.

Сабақта оқытудың барлық формасында оңтайлы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру көзделеді. Жаңа сабақтың материалын оқу да ұжымды жүргізіледі (әңгіме, түсіндіру, лекция). Жекелеп бағдарламаланған құрал бойынша жүргізіледі. Оқытудың осындай формалары оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеуін, дамуын, таным қабілетін арттырады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.