Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ысқаша теориялық мәліметтер



4. Химяны оқыту барысында оқушының жеке тұлғасының дамуы. Оқуға деген жағымды ынтаны дамыту проблемасына байланысты сабақтың үлгісін жасаңыз.

Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстардың үлесін арттырудың жолдарын, жаппай, топ бойынша және жеке дара жұмыс істеу формаларын үйлестіре жүргізу тәсілдерін меңгерту

 

Қысқаша теориялық мәліметтер

Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімдік және кәсіби шеберлігін қажет етеді.Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан-жақты шәкірт тәрбиелей алады. Ендіше бала тек организм ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде де дамуы тиіс.

  Көптеген тәжірибелі психологтардың зерттеулері бойынша жеткіншек жасындағылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеті дамуының екі жағы бар: сандық және сапалық

  Сандық өзгерістердің мәні – жеткіншектер әр түрлі ақыл-ой есептері мен логикалық сұрақтардың нешеуін, қандайын (оңай, қиын) шешкендігінен орын алады. Мұндай жағдайлар жеткіншектерге енді қалыптасып келе жатқан танымдық мүдделер мен қызығушылықтардың әлсіз болуы немесе олардың санында оқу әлі де болса мәнді орын алмаған кезеңде көрініс береді, Ал сапалық өзгерістер жеткіншектердің ойлау қабілеттерінің алға жылжып, дамуынан байқалады. Яғни, мұнда жеткіншектерге қанша есепті шығарғаны емес,қалай, қандай жолмен шығарғаны маңыздырақ болады. Бұл олардың оқу қызметіне сапалық тұрғыдан қарап, өздігінен ізденіп, оқуға дағдылану үстінде пйда болған әрекетінің нәтижесі. Сондықтан жеткіншек жасындағылардың оқу үрдісіндегі танымдық белсенділігін арттырып, жан қуаттарына әсер етуші күштің көріністерін табу және оның дамуына жағдай жасап, ұйымдастыру – мұғалімнің міндеті. Ендеше ол оқу мазмұнын түсіндіруде оқушы санасына «ұғыну», «ой операцияларын» меңгертіп қана қоймай, олардың сезімдік қуаттарының әсерленуіне ерекше мән беруі тиіс. өйткені қандайда болсын дүниедегі материалдық заттар туралы ой ең алдымен сезім мүшелеріне (көрі, есту, сезіну,

Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Өйткені бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі (1,2). Шын мәніндегі бейімділік әрекетке құштарлықпен ғана емес, оны нәтижелі орындаумен ерекшеленеді.

Сыныптағы оқушылардың ерекше қабілетін анықтау дәрежесі туралы жүргізілген мұғалімдердің арасындағы сұрау салу мынадай жағдайларды байқатқан: мұғалімдер аса қабілетті балаларды анықтаумен жүйелі шұғылданбайды, бірақ олар сыныпта болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

    Оның себебі:

1) мұғалімдердің психологиялық дайындығының аз болуы;

2) аса қабілетті баланы анықтайтын айқын белгілердің жетімсіздігі;

3) дарынды баланы анықтайтын дәл методиканың жоқтығы:

- нақты ерекше көзге түскен жағдайда мұғалімнің балаға назар аударуы;

- мұғалімнің қабілетті баламен жеке жұмыс істеуге мүмкіндігінің аздығы (өйткені бұл баланың білімді игеруі өзгелерден ілгері кетеді);

- сыныпта мұндай оқушының болуы мұғалімнің жұмысына оң әсер етеді,

- сабаққа дайындығы күшейеді, сыныптың интеллектуалыдық деңгейін көтереді, мұғалім олар үшін арнайы тапсырмалар дайындайды.

Мұғалімдерге берілген сауалдың нәтижесінде қабілетті балалармен жұмыс істеудің арнайы методикасы болмаса да, оларға кеңес беріп, арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттап, реферат, баяндама, олимпиадалық есептер (5.8) сияқты тапсырмалар береді. Алайда олардың көпшілігі дәл қай жаста ерекшеленгенін (3) тап басып айта алмаған және қабілетті айқындауға ерекше жағдай қажет деп санаған. Дегенмен соңғы кездері ғалымдар “портрет” методикасын жиі пайдаланып жүр. Оның негізіне шартты түрде мінез – құлықтар ерекшеліктері алынған. Біз психолог Н.С.Лейтес жетілдірген қабілетті балалырда анықтаудың “портрет” методикасына сүйенбекпіз (1). Н.С.Лейтес “оқу процесіндегі жетістіктер оқушы қабілетінің бірден – бір белгісі емес” деп есептейді. Барлық қабілетті балаларға ортақ белгілер: ойдың еркіндігі, жауап берудің стандарттан тыс ерекшелігі, есепті мәселені шешуде өзгеге ұқсамайтындығы.

Біз осы  жерде өзімізге оқытатын химия пәніне қабілетті балаларға тін Н портретіне тоқталайық. 

Портрет “Н”

Сезімге тез беріледі, оқу пәндерін таңдап оқиды. Істің мағынасын терең және нақты түсінуге тырысады. Жаңаны тез, өз бетімен игереді, дұрыс түсініп ойлайды. Байқағыштық қасиеті өте жақсы дамыған, сауатты сөйлейді, бірақ кей қезде ойын толық жеткізе алмайды. Химия, физика, биология пәндеріне қызығушылығы күшті, оқу материалын нақты игереді, оны практикада жүзеге асырады, қатарларының алдында сыйлы. Даулы мәселелерді оңай шешуге тырысады.

Сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтау мұғалімге онымен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан баланы қандайда болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш – оның түрлі қажеттіліктері, қызығулары, әсіресе танымдық қызығулары. Осы танымдық қызығуды анықтау үшін В.С.Юреквич еңбектеріне (3,4) сүйене отырып, мынадай анкета ұсынамыз.

Орта буын оқушыларының танымдық құштарлығын анықтауға арналған анкета:

1. Оқушының ақыл – ой жұмысымен айналысуы жиі бола ма?

А. Жиі

Ә. Сирек

Б. Мүлдем айналыспайды.

       2. Ойлануға, ″тапқырлыққа″ берілген сұрақтарға оқушы қалай жауап береді?

           А. Өзі жауап беруге тырысады.

           Ә. Ара – тұра жауап береді.

           Б. Дайын жауапты біреулерден сұрап алады.

      3. Қосымша материалды көп оқи ма?

          А. Үнемі

          Ә. Кейде

          Б. Аз немесе мүлдем оқымайды.

     4. Ой жұмыстарына байланысты берілген тапсырманы қалай орындайды?

         А. Өте беріліп

         Ә. Қалай болса, солай

         Б. Селқос.

    5. Оқушы сұрақты жиі қоя ма?

        А. Өте жиі

        Ә. Қай кезде

        Б. Өте сирек.

    Химия пәнінің мұғалімдері қандай балалардың химиялық тілді, химиялық таңбаларды, теориялық ұғымдарды өте тез меңгеретіндігін атап көрсетеді; олар көп жағдайда ерекше мысалдар келтіріп, пәнаралық байланыстарға сүйеніп, химиялық процестердің жүру барысына болжам жасай алады. Танымдық қызығушылықты анықтау қабілетті арттыру және оны тұрақтандыру, одан әрі тікелей әрекетпен айналысуға жол ашады. Мұндай анкетадан соң 8 – сынып оқушыларына ″Алғашқы химиялық ұғымдар″ тарауы бойынша өз бетімен сауалнама құру беріледі. Оған қатысқан барлық оқушының арасынан қойған талапты қанағаттандыратын жұмыстар сарапталады. Сауалнамаға қосымша мәліметтер енгізіп, сауатты сөйлемдер құрастыра білген жұмыстар ерекше атап өтіледі. Осы сыныпқа ″Оттегі. Оксидтер. Жану″ тарауынан соң бұрынғыдай тапсырма берілді. Жұмыстарды тексеру кезінде мысалы, А. деген оқушы: ″Оттегіні ашқан К.Шееле.″ (1772) десе, Н. деген оқушы: ″Д. Пристли″ (1775) деп жазғандары анықталды. Осы екі оқушының жұмыстарын орындау үшін біріне бірі ауыстырылып беріледі. Жауап беру кезеңінде екеуі де өздерінің жауабы дұрыс деп есептеді. Осы даулы мәселені шешу үшін екеуіне аталған ғалымдар туралы ізденіп, реферат жазу тапсырылады. Оқушылар өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Осы орайда шығармашылық тапсырманы орындау барысында мынадай тоқтамға келуге болады: 1. Бұл оқушылардың байқағыштық қасиеті жоғары. 2. Осы байқаған мәліметін өз жұмысына тиімді пайдалана біледі, нәтижесінде сыныпта талас туындауы мүмкін. 3. Оны шешу үшін екеуі арнайы зерттеу жүргізіп, К.Шееле және Д.Пристли еңбектерінің тең дәрежеде екенін дәлелдейді. 4. Осы арқылы танымдық қызығушылығын қанағаттандырды және оқушыларға қосымша қызықты мәлімет айтып беріледі. Келесі кезекте бұл оқушыларға ғылыми қиял – ғажайып ертегісін жазу ұсынылады.    

Көп уақыт бойына химияны оқытуда қабілеттілік оқушы жасаған жұмыстың нәтижесі арқылы бағаланып келді: баланың жаңа прибор немесе модель құрастыруы, жаңа зат алуы. Педагогикада 70-90 жылдары дамыта оқыту енгізілгелі ″оқушының интеллектуалдық дамуы″ деген ұғым қолданыла бастады. Бұл ұғым зейін, ес, ойлауды дамыту деген мағынаны береді. Химия сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту бірнеше компоненттен тұрады: шығармашылық мотиві, шығармашылықпен ойлау қабілеті және оны шешу жолдары, өзгемен бірлесе жұмыс істеу қабілеті, химияның түрлі саласы бойынша білімді қолдану тәжірибесі және нәтижесі. Осы методикаға арқа сүйей отырып, өз тәжірибемізде химияға бейім оқушыларға прибор құрастыру туралы шығармашылық тапсырма беріледі. Мұның мақсаты – баланың өз бейімділігіне орай қызығушылығын дамытып, ғылыми әдебиетпен, химиялық құрылғылармен жұмыс істеп, танымдық деңгейін көтеру.

Өлкеміздің әкологиялық мәселелерінің бірі – судың органикалық заттармен, әсересе мұнай және оның өнімдерімен ластануы. Осыған байланысты Ж. деген оқушыға төгілген мұнай қалдықтарын тазарту және оны жүзеге асыратын прибор құрастыру тапсырылды. Оны құрастыру үшін бір оқушы қажетті материалдар жинақтайды, тіпті әкесіне шикі мұнай алдырды. Өзінің құрастырған құрылғысы арқылы су бетіндегі мұнайдың жұқа қабатын жинап алып, су астындағы тіршілік иелерін өлімнен құтқарады. Сондай –ақ бұл оқушы әлектролизге арналған прибор да құрастыра алады.

″Галогендер″ тарауынан соң 9 – сынып оқушылары иод әлементіне көп көңіл бөле бастайды. Оған белгілі бір жоспар бойынша реферат жазу ұсынылды. Бұл жұмысты орындау дәрежесі биік болғандықтан, арнайы №45 есепті шешу қоса тапсырылады. Онан әрі бұл оқушы иод әлементінің адам денсаулығына тигізетін әсері туралы еңбектенуеді.

Дарындылықтың негізгі сипаттамаларының негізі ретінде танымдық қызығушылықтың ерте оянуы деп білсек, болашақта оның шығармашылық тұлға болып қалыптасуы сөзсіз. Ал мұндай тұлғалар қоғамның сұранысына ие болады. Сондықтан өзінің табиғи қабілетінің өзгелерден жоғары екенін сезінген мұндай балалармен жұмыс істеу мұғаліммен үлкен жауапкершілікті талап етеді, әсересе қабілетті оқушыларды технократиялық ойлау жүйесінің қалыптасуына жол бермеуіміз қажет.

Қорыта айтқанда, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда мұғалім басты рөл атқарады. Оқушы үшін ол дамытушы күш болса, оны жүзеге асыруға бағытталған мұғалім өз ісінен рухани қанағат табады. ″Ғылым – адам үшін″ принципін ұстанған бірлескен шығармашылық күш адами қасиеті мол жеке тұлғаны қалыптастырады. Ал мұндай жеке тұлға қоғамды дамытудың бастамасы болмақ.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.