Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Химиялық білім беру кезінде ғылыми жалпығаламшарлық дүниетанымды қалыптастыру мәселесіне талдау жасаңыз.



5. Химиялық білім беру кезінде ғылыми жалпығаламшарлық дүниетанымды қалыптастыру мәселесіне талдау жасаңыз.

6. Химияны оқыту барысында оқушыға кәсіби бағдар беру проблемасын анықтаңыз.

Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері Оқытудың мақсаты дегеніміз -жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады және химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жѳніндегі білім; химиялық ѳндіріс туралы білім.

    Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті – химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын корсету.

    Химиядан орта білім берудің екінші міндеті – пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық козқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылы.мдар (геология, минералогия және т.б.) минералдар мен тау жыныстарының ѳзгерістерін олардың қүрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып, түсіндіруге тырысады. Орган измдердегі тіршілік әрекеттерінің мәнін физика мен химияның заңдылықтарына сүйене отырып, молекулалық биология зерттейді. Бүл ғылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі, ягни айтылғандармен гана шектелмейді. Химияны оқыту барысында келтірілген сызбанүсқаға сәйкес осы ғылымдар арасындағы озара байланыстың мәнін ашып корсету керек.

   Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті – табигаттың түтастыгы, онда жүзеге асатын қүбылыстардың бір-бірімен байланыстылыгы, шарттылығы жонінде ғылыми козқарас қалыптастыру. Ѳлі табиғатты қүрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі табиғатты қүрайтын организмдердің денесі заттардан түрады. Заттардың озі жүзге жуық химиялық әлементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым болшектерден

қүралады.

   Химиядан орта білім берудің тортінші міндеті - орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материальш іріктеу. Қазір үш миллионнан астам заттар белгілі, олардың саны үздіксіз артуда.Осы миллиондаған заттардың ішінен қайсысын және қандай

дәрежеде оту қажеттігін шешу - аса жауапты міндеітердің бірі.Заттар туралы білім үғымдардан түрады, олардың негізгілері – химиялық әлемент, химиялық реакция, химиялык ондіріс. Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті - химия курсын қүрайтын үғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке үғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу. Заттар мен үғымдар теориялық козқарастар түрғысынан іріктеп алынады. Олардың бірі - теорияны отуге әзірлеу үшін, екіншісі - бекіту үшін, үшіншісі теорияның негізінде оқып үйрену үшін қажет. Мәселен, заттардың қасиеттерін, оның атом-молекулалык күрьшысын, сондай-ақ әлементтердің қасиеттерін түсіну үшін атом қүрылысын, периодтық заң мен периодтық жүйені білу керек. Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті - орта мектепте оқылатын теориялардың мазмүнын, деңгейін және орнын негіздеу. Теориялық білім деректі материалдарды сүрыптау, түсіндіру және болжау, үғымдарды анықтау міндетін атқарады.

   Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті - орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін ондірістік материалдарды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру. Бүл негізді жүзеғе асыру үшін химия ондірістерімен және олардың ғылыми неғіздерімен таныстыру, технологиялық негізгі үғымдарды қалыптастыру, қалаулы қасиеттері бар ѳнімдерді, бағалы синтетикалық материалдарды ѳндірудегі, қалдықсыз технология жасаудағы химияның мәнін корсету, химиямен байланысты мамандықтарға кәсіптік бағдар жасап, еңбек тәрбиесін жүзеге асыру керек.

   Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті - табиғатты аялай білуге баулу; химияны және химия онеркәсібін ѳркендетуге байланысты ауаның, судың, топырақтың ластануын болдырмау; минералды тыңайтқыштарды, ѳсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу; соңғы кезге дейін химияны тек қана мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табигатқа, организмдерге және адам денсаулығына тигізетін қолайсыз әсері жонінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.

   Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті – оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.

  Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті – оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту; химиялық әдебиеттермен жүмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сѳйлей білуге, өз ойын анық, дәл, жүйелі және дәлелді жеткізе білуге үйрету; химияның озіне ғана тән тілдік қүралдарын, химиялық символиканы, номенклатурасын және терминологиясын жетік білдіру; олардың мағынасы мен қүрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.