Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сәулелі жылу алмасудың жылу балансы.



2.Сәулелі жылу алмасудың жылу балансы.

Дененің үстіңгі қабатыңдағы толқын ұзындығы (l=0 ден l=¥) тен сәулеленетің энергия көлемі- толық сәулелену деп аталады Q (Вт). Толқын ұзындығы қысқа интервалға тән сәулелену- монохраматикалық деп аталады. Интегралдық сәулеленудің тығыздығы Е (Вт/м2) .Сәуле шығару қасиеті бар денелерде, белгілі бір толқындық сәуле шығаруға байланысты сәулелену –интенсивтік сәулелену болып табылады J (Вт/м3).

Сәулеленген Q,, денеге түсірілген, сонымен жұтылған QA , сәуленің шағылуы QR,және денелер арқылы өтуі QD (сур. 4.6).

                  Сур.4.6 Денеге түсірілген сәулелік энергияның таралуы схемасы

Денеге түсірілген сәулелік энергияның көлемін былай жазуға болады:

Q=QA+QR+QD                          (4.87)

 

 Екі жақтағы теңдікті Q бөліп және белгілеп

                               QA/Q=A, QR/Q=R,    QD/Q=D,

 

1=A+R+D. аламыз.                    (4.88)

A, R, D Коэффициенттері дененің жұтылуын шағылысуын және откізгіш қасиетін қарастырады. Сондықтан олар жұтылу немесе шағылысу Коэффициентті деп аталады.Олар әр түрлі денелерге 0 до 1 дейін өзгере алады.

 Егер  А=1, онда R=D=0; бұл түскен сәулелік энергия толық денемен жұтылады деген сөз. Яғни мұндай денелерді абсалюттік қара дене деп атайды немесе қара денелер деп.

Егер R=1, онда A=D=0 түскен сәулелік энергия толық денемен шағылысады деген . Мұндай денелерді егер дұрыс шағылысқан болса айна тәріздес , ал егер шағылысу диффуздық болса – абсалюттік ақ дене деп есептеледі.

ЕгерD=1, онда A=R=0 түскен сәулелік энергия толық дене арқылы өтеді. Мұндай денелерді абсалюттік мөлдір немесе диатермиялық деп аталады.

Табиғатта абсалюттік қара,ақ және мөлдір денелер жоқ,бірақ соған қарамастан олар туралы түсінік басқа денелермен салыстырғанда өте маңызды болып табылады.

Егер дене сәулеленуді сезбейтін болса, ол өзіндік сәулеленуді қарастырады Еөз. Бірақ практикада қарастырылып отырған денеге әр кезде сәулелік энергия басқа денге түсіріледі Етүс Мұндай жағдайда егер дене соған түскен сәулелік энергияны шағылыстыратын болса онда бұл толық сәулелену:

Ет.сөзшағөз+RЕтүс               (4.89)

    Эффектік сәулелену температураға және физикалық қасиеттерінеде байланысты.Онымен қоса кеңістіктегі дененің орналасуы, өлшемдеріне де байланысты.

Сондықтан өзіндік сәулелену мен эффектік сәулелену осы физикалық қасиеттеріне байланысты ажыратылады.

Денелер арасындағы сәулелік жылу алмасу қорытқы сәулеленуге байланысты. Бұл қорытқы сәуле денеге түскен сәуле ағымы мен дененің шығарған сәуле ағымының айырмашылығын көрсететін шама:

Qрезөз - Ежұтлөз - АЕтүс.                   (4.90)

Қорытқы ағын сәулесі оң, теріс және нөлге тең болуы мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.