|
|||
Хирургтар сан артериясын анықтау үшін Кен сызығын қолданады. Кен сызығы қай жерден өтеді және не үшін қажет?28. Тамырлық анастомоз кезінде ассистент 2 қысқыш қолданады, осы тамырдың ұштарың бір-біріне келтіру хиругтың ыңғайлы анастомоз салуына көмектеседі. Осы жағдайда ассистент қандай қысқыш қолданды? Осы инструменттың артықшылығы неде? A.Ассистент «москит» типі бойынша зажимді қолданады, өйткені бұл құрал тамыр стенкаларын қатты қысады, қан кетуді болдырмайды B.Ассистент «москит» типі бойынша зажимді қолданады, өйткені бұл құрал эластикалық болып табылады, қан тамыр қабырғаларын зақымдамайды және қан кетуді болдырмайды C.Ассистент Гепфнера тамырлық қысқышын қолданады, өйткені бұл құрал серпімді, тамыр адвентициясын зақымдамайды және аностомоздың тез жазылуына ықпал етеді D.Ассистент Пайэр тамырлық қысқышын қолданады, өйткені бұл құрал тамыр стенкаларын қатты қысады, қан кетуді болдырмайды E.Ассистент Элис тамырлық қысқышын қолданады, өйткені бұл құрал тамыр жиектерін қысуға арналған , аностомоздың дұрыс салынуына ықпал жасайды C
29. Хирург кіші инвазивті әдіспен ретроградты холецистэктомия жасауда, Кало үшбұрышын анықтағаннан кейін, ол қысқышпен өт қабы артериясын қысты, артерия астынан лигатура өткізіп, хирургиялық түйін жасамақшы, бірақ оған операциялық жараның тар саңылауы бөгет жасауда. Хирургке көмектесіңіз, түйінді байлауда қандай тәсіл ең эффективті? A.Бұл кезде операциялық жара тереңдігіне және тар саңылауға байланысты мүшелерді тіккіш аппарат-40 қолдануға болады, өйткені тігу аймағы кең, жақсы гомеостазды қамтамасыз етеді B.Бұл кезде операциялық жара тереңдігіне және тар саңылауға байланысты түйін байлауға қысқыш құралды қолдануға болады, бұл кезде хирургқа бір ғана саусақ қажет болады C.Бұл кезде операциялық жара тереңдігіне және тар саңылауға байланысты түйін байлаудың акушерлік түрін қолдануға болады D.Бұл кезде операциялық жара тереңдігіне және тар саңылауға байланысты Джаналидзе әдісін қолдануға болады, бұл кезде хирургқа әр қолдан тек 2 саусақтан ғана қажет болады E.Бұл кезде операциялық жара тереңдігіне және тар саңылауға байланысты Ван әдісін қолдануға болады, бұл кезде хирургке тек 2 зажим қажет болады C
30. Ірі қан тамырлардан қанды түпкілікті тоқтату үшін лигатура салудың қандай әдісі қолданылады? неге екенін түсіндіріңіз? A.Бұл жағдайда 2 лигатура қолдануға болады: 1) қарапайым түйіншектеу жолы 2) теңіз түйіншегі, 2 түйіншек жоғарғы артериялық қысымда лигатураның таюына кедергі болады. B.хирургиялық түйіншекпен 2 лигатура қолдануға болады, 1 дисталды түйіншек қан тамыр қабырғасына тігіп жасалу керек, өйткені дистальды түйіншек лигатураның таюына кедергі болады. C. хирургиялық түйіншекпен 1 лигатура қолдануға болады, бұл ретте міндетті түрде қан тамыр қабырғасы тігілгеннен кейін жасалу керек, өйткені бұл түйіншек лигатураның таюына кедергі болады. D.Бұл жағдайда тек Мишель қапсырмалары қолданылады, қапсырмалар жақсы фиксациялайды, екіншілік қан ағуға кедергі болады. E.Академиялық түйіншек қолдануға болады, бұл түйіншек жақсы фиксациялайды, екіншілік қан ағуға кедергі болады. C
31. Науқас ОАА қабылдау бөліміне иықтың төменгі үштен бір бөлігінің ашық жарақаты мен иық артериясының ұзындығы 5 см. жыртылуымен түсті. Хирургқа осы артерияны лигирлеу әдісі арқылы түпкілікті қан тоқтату қажет, себебі клиникада қан-тамырлы хирург жоқ. Қан-тамырды қай жерден лигирлеу керек, неге екендігін түсіндіріңіз? A.Иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне, иықтық артериядан терең артерияның шығуына дейін, себебі лигирлеуден кейін осы аймақтың толықтай гемостаз болу қажет. B.Иықтың төменгі үштен бір бөлігіне иықтық артериядан терең артерияның шығуына кеін, себебі лигирлеуден кейін коллатеральды анастомоздар жоғарғы аймақтың дистальды бөлігін қанмен қамтамасыз етеді. C.Иықтың төменгі үштен бір бөлігінің зақымдалған тамырдың дистальды жағы, себебі лигирлеуден кейін жараның инфицирленуі және ауалы эмболияның пайда болуы төмендейді. D.Иықтың ортаңғы үштен бір бөлігіне иықтың терең артериясының шығуынан кеійін, себебі лигирлеуден кейін коллатеральды анастомоздар жоғарғы аймақтың дистальды бөлігін қанмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ екіншілік қан кетудің алдын алу үшін дистальды тамырды лигирлейміз. E.Иықтың ортаңғы үштен бір бөлігіне иықтың терең артериясын және иық артериясын лигирлейміз, тек осыдан кейін жараның толықтай гемостазы болады. D
32. Хирург иық артериясын жалаңаштау мақсатында 1 см артерия проекциясынан сыртқа қарай екі басты бұлшық етті кесті. Кейін теріні, теріасты клечатканы, беткей фасцияны кесті. Хирург қандай ену жолын қолданды және неге? A.Айналмалы ену жолы, себебі иық артериясының медиальды бетінде орталық жүйкесі орналасқан. B.Тура ену жолы, себебі иық артериясы мен иықтың меншікті фасция арасында иық венаары орналасқан. C.Айналмалы ену жолы, себебі иық артериясының медиальды бетінде шынтақ жүйкесі орналасқан. D.Айналмалы ену жолы, себебі орталық жүйкесі иық артериясынан сыртқа қарай орналасқан. E.ену жолы, иық жүйкесі иық аретриясынан ішке және артқа орналасқан. А
33. Хирургиялық бөлімшеге массивті қан кетумен оң жақ жауырын аймағы акромиальды өсінді деңгейіндегі пышақ жарақатымен науқас келіп түсті. Қай қантамыр зақымдалған және жарақатта қанды тоқтату неге қиындық туғызады? A.Жауырын үсті артериясы, артерия калибры тым үлкен. B.Жауырын үсті артериясы, бұл артерияда жауырынды айналатын артериямен, мойынның көлденең артериясының төмендеуші тармағымен анастомоздары мол. C.Жауырын үсті артериясы, артерия бұлшық ет астында төменде орналасқан. D.Жауырын үсті артериясы, бұл артерияда иықтың терең артериясымен анастомоздары мол. E.Жауырын үсті артериясы, зақымдалған артерия жауырын артына кетіп, қолжетімсіз болады. B
34. Науқаста хирургиялық мойын аймағында иық сүйегінің сынуы. Сынық маңында ауқымды гематома пайда болды. Қай буынның зақымдалуы гематомаға алып келді және неге? A.Иық сүйегін қоректендіретін Артерия, себебі иық сүйегі каналына артерия кіреберісі хирургиялық мойын деңгейінде орналасқан. B.Терең иық артериясы, себебі артерия тармағы хирургиялық мойын аймағында басталады. C.Артқы артерия, иық сүйегін айналдыратын, себебі ол қолтықасты артериясынан хирургиялық мойын аймағына өтеді. D.Иық артериясы, себебі иық сүйегінің хирургиялық мойын аймағында ол сүйек қабына тығыз жанасқан. E.Қолтықасты вена, себебі иық сүйегінің хирургиялық мойын аймағында ол сүйек қабына тығыз жанасқан. С
35. Науқаста оң жақ иық сүйектерінің о/3-нің аралас сынықтарынан кейін, 1,2,3 қол саусақтарын бүгу әлсіздігі байқалады. Қай нерв зақымдалғанын көрсетіңіз? A.nervus musculocutaneus B.nervus radialis C. nervus ulnaris D.nervus axillaris E. nervua medianus B
36. Хирург Кеннің проекциялық сызығы бойынша тері кесу жүргізілді. Бұл сызық қалай жүргізіледі және қай тамырды жалаңаштау үшін? A.кіндік сақинасынан алдыңғы жоғарғы мықын осъі мен маңдай сүйегінің симфизіне дейінгі қашықтықтын ортасына дейін; сыртқы мықын артериясын жалаңаштау B.тізеасты шұңқыры енінің ішкі және ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасы бойынша тігінен; тізеасты артериясын жалаңаштау C.шап байламының ортасынан үлкен жілік сүйектерінің медиалды бүртігіне дейін жүргізілген сызық, сан артериясын жалаңаштау D.санның ішкі бұдырмағынан жоғары қарай үлкен жетекші бұлшықеттің сіңірі бойымен; тізеасты артериясын жалаңаштау E.медиалды тобықтың артқы шеті мен ахиллов сіңірінің медиалды шеті арасындағы қашықтықтың ортасынан тізеасты шұңқырының ортасына дейін; артқы үлкен жілік артериясын жалаңаштау C
37. Зардап шегуші тізеасты шұңқыры аймағындағы жыртылған жарамен травматология бөліміне жеткізілді, санға қан тоқтататын жгут салынған. Ота жасау бөлмесінде жгуттың әлсіреуінен соң жарадан күшті қан кету басталды. Қандай тамыр зақымдалған және жараны алғашқы хирургиялық өңдеуде хирургқа қандай жедел іс-әрекеттерді орындауы қажет? A.тізеасты артериясы; сау тіндердің шегінде жараның шеттерін кесу, тамыр ұшына тамырлы тігіс салу B.сан артериясы; сау тіндердің шегінде жараның шеттерін кесу, уақытша тамырлы протездеу C.артқы үлкен жілік артериясы; бұл жағдайда жараны хирургиялық өңдеу қажет емес, тасырды лигирлеу D.алдыңғы үлкен жілік артериясы; сау тіндердің шегінде жараның шеттерін кесу, ұшына тамырлы тігіс салу E.тізеасты артериясы; бұл жағдайда жараны хирургиялық өңдеу қажет емес, ұшына тамырлы тігіс салу А
38. Коронарлық артерия бітелуіне байланысты операция барысында интроверционды хирург негізгі себепті жою үшін науқасқа сан артериясы арқылы катетер еңгізгісі келеді. Катетерді еңгізу үшін қай аймақты бағдарлау керек деп ойлайсыз, түсіндіріңіз? A.тізеасты шұңқыры, себебі сан артериясының соңы басқа аймақтарға қарағанда беткец орналасады және катетер үшін ыңғайлы B.сан сақинасы, себебі мұнда сан артериясы диаметрі жағынан үлкен және катетерді еңгізу үшін ыңғайлы C.әкелуші канал, себебі канал ішінде ол жалғыз орналасады, басқа тамыр-жуйке түзілістерін зақымдамай катетердің еңуін жеңілдетеді D.сан үшбұрышы, себебі мұнда сан артериясы беткей орналасады және катетерді еңгізуге ыңғайлы E.сан каналы, себебі сан артериясы мұнда қантамыр-нерв шоғырынан медиалды орналасады, басқа тамыр-жүке түзілістерін зақымдамай катетердің еңуін жеңілдетеді D
39. Қысылған сан жарығы диагнозы бар науқасқа алдыңғы қабырға пластика үшін операция тағайындалды. Операция кезінде сан каналының алдыңғы қабырғасын ашқанда хирург қомақты қан кетуді байқады және қай артерияны зақымдағанын анықтай алмады, себебі топографиялық-анатомиялық орналасуы бойынша бұл жерде ірі тамырлардың бұтақтары болмауы керек еді. Қалай ойлайсыз, неге қан кету болжы және түсіндіріңіз? A.хирург жапқыш артериясын зақымдады ("Corona Mortis"), себебі бұл жағдайда науқаста жапқыш артериясының тармақталуының басқа варианты B.хирург төменгі құрсақүсті артериясының бұтағын зақымдады, себебі бұл артерия жиі шап каналының алдыңғы қабырғасына бұтақтар береді C.хирург ішкі мықын артериясының бұтағын зақымдады, себебі бұл артерия жиі шап каналының алдыңғы қабырғасына бұтақтар береді D.хирург сыртқы мықын артериясының бұтағын зақымдады, себебі бұл артерия жиі шап каналының алдыңғы қабырғасына бұтақтар береді E.хирург сан венасының тамырын зақымдады, себебі бұл артери жиі шап каналының алдыңғы қабырғасына бұтақтар береді А
40) Хирургтар сан артериясын анықтау үшін Кен сызығын қолданады. Кен сызығы қай жерден өтеді және не үшін қажет? A.Бұл сызық симфиздің ортасынан басталып, сан үшбұрышының шетіне дейін өтеді.Себебі бұл жерде сан артериясын болжауға болады B.Бұл сызық алдыңғы жоғарғы мықын аймағынан тізеүсті ортаңғы аймағына дейін өтеді.Себебі,оның астында сан артериясы орналасады C.Бұл сызық шап байламының жоғарғы нүктесінен сан сүйегінің үстіңгі бұдырмағына латеральды өтеді.Себебі,оның астында сан артериясы орналасады D.Бұл сызық медиальді нүктеден сан сүйегінің үстіңгі бұдырмағының сыртына өтеді.Себебі,оның астында сан артериясы орналасады E.Бұл сызық шап байламының ортасынан үлкен жіліктің медиальді бұдырмағына дейін өтеді. Себебі,оның астында сан артериясы орналасады E
|
|||
|