Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аппендэктомия кезінде хирург Волкович-Дьяконов ену жолын қолданды, бұл ену жолы үшін не бағдар болып табылады және қалай анықталады?



54. Оң өкпенің лобэктомиясына байланысты операциясы кезінде хирург алдыңғы торакотомияны жасады, ары қарай хирургқа жараны кеңейту қажет. Қай жараны кеңейткіш тиімді және не себептен?

A.Колинның механикалық жара кеңейткіші операцияда пайдаланылады, себебі ол ассистенттің қолын босатады, соған байланысты хирургқа оңтайлы жағдай жасалады.

B.Операцияда Кулидың рамалық кеңейткіші пайдаланылады, себебі ол ассистенттің қолын босатады, соған орай хирургқа оңтайлы жағдай жасалады.

C.Операцияда Фарабефтың пластинкалық ілгегі (крючки) пайдаланылады, себебі ол әлдеқайда кеңірек енуге жол ашады.

D.Операцияда Фолькманның үштісті ілгегі пайдаланылады, себебі ол әлдеқайда кеңірек енуге жол ашады.

E.Операцияда Ричордсанның С-тәрізді кеңейткіші пайдаланылады, себебі ол әлдеқайда кеңірек енуге жол ашады.

B

55. Декомпенсация сатысында бауыр циррозымен ауыратын науқаста өңештік қан кетуі басталды. Қай тамырдың зақымдалуы нәтижесінде қан кетті және ол немен байланысты?

A.Өңеш веналары зақымдалған, себебі өңеш веналары тікелей төменгі қуысты венамен анастомоздалады, соған байланысты бауырдың қақпа венасы стенозынан қысым пайда болып, веналардың варикозды кеңеюі дамыды.

B.Өңеш артериялары зақымдалған, себебі артериялар тікелей құрсақ аортасымен анастомоздалады, соған байланысты бауырдың қақпасы стенозынан қысым пайда болып, веналардың варикозды кеңеюі дамыды.

C.Өңеш веналары зақымдалған, себебі өңеш веналары тікелей қақпа венасымен анастомоздалады, соған байланысты бауырдың қақпа венасы стенозынан қысым пайда болып, веналардың варикозды кеңеюі дамыды.

D.Өңеш артериялары зақымдалған, себебі өңеш артериялары тікелей жоғарғы шажырқай артериясымен анастомоздалады, соған байланысты бауырдың қақпа венасы стенозынан қысым пайда болып, веналардың варикозды кеңеюі дамыды.

E.Өңеш артериялары зақымдалған,себебі өңеш артериялары тікелей төменгі шажырқай артериясымен анастомоздалады, соған байланысты бауырдың қақпа венасы стенозынан қысым пайда болып, веналардың варикозды кеңеюі дамыды.

C

 

56. Пневмотораксқа байланысты хирургқа плевра қуысына пункция жасау қажет. Ену үшін ең дұрыс жолды атаңыз және таңдауыңызды түсіндіріңіз?

A.Ауа толуы плевра қуысының төменгі бөлігінде болатындықтан, пункцияны бұғана орта сызығымен 7-8 қабырғааралықта жүргіземіз

B.Ауа толуы плевра қуысының жоғарғы бөлігінде болатындықтан, пункцияны бұғана орта сызығымен 3 қабырғааралықта жүргіземіз

C.Ауа толуы плевра қуысының төменгі бөлігінде болатындықтан, пункцияны артқы қолтықасты сызығымен 7-8 қабырғааралықта жүргіземіз

D.Ауа толуы плевра қуысының жоғарғы бөлігінде болатындықтан, пункцияны қолтықасты орта сызығымен 3 қабырғааралықта жүргіземіз

E.Ауа толуы плевра қуысының жоғарғы бөлігінде болатындықтан, пункцияны жауырын орта сызығымен 3 қабырғааралықта жүргіземіз

B

 

57. Топографо-анатомиялық жағынан Бохдалек, Морганьи және Ларрея үшбұрыштары кеуде қабырғасының әлсіз орындары болып табылады, себебі бұл жерлерде жарықтар пайда болуы мүмкін. Бұл үшбұрыштардың әлсіздігі немен анықталады?

A.Бұл үшбұрыштарда көкеттің бұлшықеттік талшықтары болмайды, өйткені олар көкеттің ауыспалы орындарында орналасқандықтан әлсіз болып келеді.

B.Бұл үшбұрыштарда көкеттін бұлшықеттік талшықтары фасциямен жабылмаған, өйткені бұл үшбұрыштарда фасциалдық жабынды жоқ, сондықтанда әлсіз.

C.Бұл үшбұрыштарда өңештік, аорталық және төменгі қуыс венасының тесіктері орналасқан, сондықтан әлсіз.

D.Бұл үшбұрыштарда тек париетальды плевра орналасқан, сондықтан да әлсіз.

E.Бұл үшбұрыштарда тек париетальды ішастар орналасқан, сондықтан да әлсіз

А

 

58. Қолтықасты артериясының тармақтарын анықтау үшін кеуде қуысында 3 үшбұрышты ажыратады. 1 үшбұрышты атаңыз және шекараларын көрсетіңіз

A.Clavio-pectoralis үшбұрышы, шекаралары: жоғарыдан – бұғана, төменнен – үлкен кеуде бұлшықетінің жоғарғы жағы, медиальды жағынан төспен шектеседі

B.Clavio-pectoralis үшбұрышы, шекаралары: жоғарыдан – кеуде-бұғана-емізікше қабырғасының бұлшықеті, төменнен – үлкен кеуде бұлшықетінің жоғарғы жағы, медиальды жағынан төспен шектеседі

C.Clavio-pectoralis үшбұрышы, шекаралары: жоғарыдан – бұғана, төменнен – трапеция тәрізді бұлшықетпен шектеседі

D.Pectoralis үшбұрышы, шекаралары: жоғарыдан – үлкен кеуде бұлшықетінің жоғарғы жағы, төменнен – үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі жағы, медиальды – үлкен кеуде бұлшықетінің бекіген жері

E.Pectoralis үшбұрышы, шекаралары: жоғарыдан – кіші кеуде бұлшықетінің жоғарғы жағы, төменнен – кіші кеуде бұлшықетінің төменгі жағы, медиальды – кіші кеуде бұлшықетінің бекіген жері

А

59. Көкетте сіздің білуіңізше, 3 анатомиялық тесік бар: 1. Төменгі қуыс венасының тесігі, 2. Аорта тесігі, 3. Өңештік тесік. Жоғарыда аталғандардың қайсысы көкеттін ең әлсіз жері болып табылады, түсіндіріңіз?

A.Өңештік тесік, себебі жеке сфинктері жоқ және сфинктер көкеттің бұлшықеттік аяқшаларымен көрсетілген, соған байланысты әлсіз.

B.Төменгі қуысты венаның тесігі, себебі дұрыс емес төртбұрыш түріндегі тығыз фиброзды сақинамен көрсетілген, соған байланысты әлсіз.

C.Аорта тесігі, себебі сфинктер көкеттің бұлшықеттік аяқшаларымен көрсетілген және аортаны тығыз қоршайды, соған байланысты әлсіз

D.Үшеуіде көкеттің шынайы тесіктері болғандықтан, көкеттің әлсіз жері болып табылмайды.

E.Үш тесікте көкеттің әлсіз жері болып табылады.

А

 

60. Плевральды пункция кезінде міндетті бағдар болып төмен жатқан қабырғаның жоғарғы шеті табылады, не себепті түсіндіріңіз?

A.себебі қабырғаның жоғарғы шеті дөңгелектеген болып келеді сондықтан пункциялық ине оңай тесіп өтеді және инені енгізу ыңғайлы болады.

B.себебі қабырғаның төменгі шетінде нерв-тамырлы қабырғааралық өрім орналасқан, сондықтан инемен зақымдап алу қаупі жоғары.

C.себебі қабырғаның жоғарғы шетінде бұлшық етсіз қуыс бар, сондықтан ине енгізу ыңғайлы және зақымдалу қаупі аз.

D.себебі қабырғаның жоғарғы шетіне париетальді плевра жақын орналасқан, және инені терең енгізуді қажет етпейді.

E.себебі қабырғаның жоғарғы шетінде бұлшықетаралық шандырлы қабат орналасқан, ол инені плевра қуысына атравмтикалық енгізуді қамтамасыз етеді.

B

 

61. Хирург операция кезінде лапоротомия үшін жоғарғы-орталық ену жолын қолданды, бұл ену жолының артықшылықтарын атаңыз және түсіндіріңіз?

A.Іштің ақ сызығы орналасқан,көп тамырлар өтетін жер, сондықтан операциядан кейінгі кезеңде жазылу жылдам жүреді.

B.Іштің ақ сызығы орналасқан, бірнеше бұлшықет қабаттар бар, сондықтан операциядан кейінгі кезеңде 2-лік жарық қаупі төмен.

C.Іштің ақ сызығы орналасқан, тамырлар аз орналасқан , сондықтан операция кезінде интраоперациялық қан кету қаупі төмен.

D.Іштің ақ сызығы орналасқан, бір бұлшықетті қабат бар,сондықтан оперциядан кейінгі кезеңде 2-лік жарық қаупі аз.

E.Іштің ақ сызығы орналасқан, тік бұлшықеттің қынабы орналасқан, сондықтан бұл ену жолы ыңғайлы болып табылады. 

C

 

62. Аппендэктомия кезінде хирург Волкович-Дьяконов ену жолын қолданды, бұл ену жолы үшін не бағдар болып табылады және қалай анықталады?

A.Лесгафт сызығы, 12 қабырғаның соңы және мықын сүйегінің қанаты.

B.кіндіктен мықын сүйегінің жоғарғы алдыңғы қырынан жүргізілген сызықтың 1/3 бөлігіндегі медиальды нүкте.

C.кіндіктен мықын сүйегінің жоғарғы алдыңғы қырынан жүргізілген сызықтың 1/2 бөлігіндегі медиальды нүкте.

D.Мак-Бурнея нүктесі, кіндіктен мықын сүйегінің жоғарғы алдыңғы қырынан жүргізілген сызықтың латеральді 1/3 бөлігіндегі нүкте

E.сан байламының ортаңғы 1/3 бөлігі, ол қасаға сүйегі және мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қырына бекінеді.

D

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.