Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Төрттісшелі Фолькман жара кеңейткішінің тұтқасындағы сақинатәрізді тесік не үшін және қалай қолданылады?



11. Төрттісшелі Фолькман жара кеңейткішінің тұтқасындағы сақинатәрізді тесік не үшін және қалай қолданылады?

A. жара кеңейткіштің сақинатәрізді тесігі оперативті жол үшін жараны максимальды ашуға қосымша инструментті фиксациялау үшін қолданылады.  

B. жара кеңейткіштің сақинатәрізді тесігі бас бармақ және сұқ саусақпен инструментті фиксациялауға және қолдан сырғып кетудің алдын алуға қолдана отырып жараны кеңейтеді.

C. жара кеңейткіштің сақинатәрізді тесігі ешқандай маңызға ие емес,тек инструмент салмағын азайту үшін ғана қолданады.

D. жара кеңейткіштің сақинатәрізді тесігі үшінші және төртінші саусақпен инструментті фиксациялауға және қолдан сырғып кетудің алдын алуға қолдана отырып жараны кеңейтуге қолданады.

E.жара кеңейткіштің сақинатәрізді тесігі лапаротомия кезінде ассистент қолын босату үшін, Коллин механикалық жара кеңейткішін фиксациялауға қолданады. 

B

 

12. Пластикалық хирург мимикалық бұлшықетті түзету мақсатында теріні ажырату үшін Лангер сызығымен кесті. Хирург не үшін Лангер сызығын таңдады:

A.Лангер сызығы терінің ең жұқа аймағы болып табылады,ол терінің тез ажырауына көмектеседі.

B.Лангер сызығы теріде нашар қанмен қамтамасыз етілген, сондықтан тілу кезінде қан кету болмайды.

C.Лангер сызығы түзу кесілуді қамтамасыз етеді, өйткені терінің коллагенді талшықтары оған параллельді жүреді, ол терінің жақсы созылуына әсер етеді.

D.Лангер сызығы жұқа тері-май клетчаткасын құрайды,ол бұлшық етке тез жол ашады.

E.Лангер сызығы хирургиялық еш маңызы жоқ,сондықтан хирург беттің кез келген жерінде тілік жүргізе алады.

C

13. Ішпердені ажырату кезінде хирург қайшыны келесідей ұстады: бас бармақ үстіңгі сабы сақинасында, ал үшінші саусақ төменгі сабы сақинасында, сұқ саусақ сабы арасындағы орында орналасқан, ал төртінші және бесінші саусақ фалангалары төменгі сабына қосымша фиксациялауға қалады. Хирургтың инструментті фиксациялауы дұрыс жүргізілді ме жоқпа? Түсіндіріңіз.

A.Иа,хирург инструментті дұрыс ұстады, өйткені сұқ саусақ сабының арасында орналасуы қажет.

B.Иа, хирург инструментті дұрыс ұстады, өйткені бас бармақ жоғарғы сап сақинасында, ал үшінші саусақ төменгі сап сақинасында орналасуы керек.

C.Жоқ хирург инструментті қате ұстады, өйткені сұқ саусақ сабы арасында, ал бас бармақ жоғарғы сап сақинасында, төртінші саусақ төменгі сап сақинасында  орналасуы керек, ал үшінші, бесінші саусақ төменгі браншты қосымша фиксациялау үшін қалады.

D.Жоқ хирург инструментті қате ұстады,өйткені сұқ саусақ төменгі бранш сақинасында,бас бармақ жоғарғы бранш сақинасында,төртінші саусақ төменгі браншта орналасқан,ал үшінші,төртінші саусақ төменгі браншты қосымша ұстауға қалады.

E.Жоқ  хирург инструментті қате ұстады, өйткені сұқ саусақ жоғарғы сап сақинасында, ал бас бармақ төменгі сап сақинасында, төртінші саусақ жоғарғы сабта орналасуы керек, ал үшінші, төртінші саусақтар төменгі браншты қосымша фиксациялауға қалады.

C



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.