Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Контрапертура деген не?. Хирург операция барысында  ”соңына-соң” ішек анастомозы кезінде сыртқы стерильді тігіске жібек жіпті қолданды, ал ішкі тігіске кетгутты қолданды, хирург тактикасын түсіндірініз? Бұл тігіс



19. Контрапертура деген не?

A.Тесілген жараның шығу жолы

B.Парапроктит кезіндегі жыланкөз

C.Тоқ ішек өтімсіздігіндегіндегі табиғи емес саңылау

D.Іріңді қуысты ашу кезіндегі қарама қарсы тілік

E.”соңына-соң” түріндегі ішектік анастомоз    

D

 

20. Хирург операция барысында  ”соңына-соң” ішек анастомозы кезінде сыртқы стерильді тігіске жібек жіпті қолданды, ал ішкі тігіске кетгутты қолданды, хирург тактикасын түсіндірініз? Бұл тігіс материалының артықшылығы неде?

A.Себебі, кетгут серпімді берік материал болғандықтан және ішек тігістерінің өткізбеуін қамтамасыз етеді, бұл ішек тігісіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейді және ішектің шеттерін жылдам емдеуді қамтамасыз ететін синтетикалық сорғыш емес материал болып табылады.

B.Себебі, кетгут эластикалық материал болғандықтан және ішек тігістерінің беріктігін қамтамасыз етеді, бұл ішек тігістеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді және ішек шеттерінің тез жазылуын қамтамасыз ететін синтетикалық сіңірілмейтін материал болып табылады

C.Себебі, кетгут берік және жұқа материал болғандықтан, ішек тігістері ұқыпты тігісті талап етеді, сондай-ақ кетгут синтетикалық сіңірілмейтін материал болып табылады.

D.Себебі, кетгут берік материал болғандықтан ішек тігістерінің беріктігін қамтамасыз етеді, бұл ішек тігістеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді және ішек шеттерінің тез жазылуын қамтамасыз ететін биологиялық сіңірілетін материал болып табылады.

E.Себебі, кетгут берік материал болғандықтан және ішек тігістерінің икемділігін қамтамасыз етеді, бұл ішек тігістеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді және ішек шеттерінің тез жазылуын қамтамасыз ететін синтетикалық сорғыш материал болып табылмайды.

D

 

21. Шап жарығына операция кезінде, хирург абайсызда төменгі epigastric атрериясын зақымдады және уақытылы тамырды «москит» типті қысқышпен қысты, ол лигатуралау үшін түйінді таңдау барысында өз таңдауын хирургиялық түйінге тоқтатты, неге, түсіндіріңіз?

A.Өйткені, хирургиялық түйін мықты және берік болып табылады, себебі хирургиялық 1-ші түйіні екі еселенген, ал үстінен осылайша беріктікті қамтамасыз ететін фиксациялайтын 2-ші түйін салынады.

B.Өйткені, хирургиялық түйін мықты және берік болып табылады, себебі хирургиялық тігіс салу барысында тізбекті үштік түйін салынады, осылайша беріктікті қамтамасыз етеді.

C.Өйткені, хирургиялық түйін мықты және берік болып табылады, себебі хирургиялық түйін салу барысында сіңірілетін берік кетгут хирургиялық материалы қолданылады, осылайша лигатура беріктігін қамтамасыз етеді.

D.Өйткені, хирургиялық түйін мықты және берік болып табылады, себебі хирургиялық түйін салу барысында өрілген капрон жібі қолданылады, ол түйіннің сырғуына кедергі келтіреді, осылайша лигатура беріктігін қамтамасыз етеді.

E.Өйткені, хирургиялық түйін мықты және берік болып табылады, себебі хирургиялық түйін салу барысында синтетикалық викрил материалы қолданылады, осылайша лигатурадан кейін жіпті жоюдың қажеті жоқ

А

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.