Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кеуде қуысының енген жарасы қалай сипатталады?



41) Науқас хирургқа автокөлік апатынан кейін бас ми тінінің жарақатын алған соң 5- ші күні келді. Шағымдары:жалпы әлсіздік,дене қызуы 38,5°.Жалпы қарауда параорбитальді ісіну,маңдай және төбе обылыстарының қамыр тәрізді ісінуі. Пальпациялауда ауырсыну. Науқаста гематома қай жерде орналасқан?

A.апоневроз асты клетчатка

B.тері

C.тері асты клетчаткасы

D.сүйек асты клетчаткасы

E.бұлшық ет аралық кеңістік

А

 

42)Науқаста төбе аймағында липоманы алып тастаған соң, операциядан кейінгі жара анықталған. Кейін қатты ми қабығының жоғарғы сагитталді синусында тромбоз пайда болды . Инфекцияның жұмсақ тіннен бас сүйегіне таралуын қамтамасыз ететін бас сүйек қан тамырларының топографиялық ерекшеліктерін көрсетіңіз.

A.тері арасы мен сіңір дулығасында фиброзды сұйықтықтың болуы, инфекцияның терең таралуына әсер етеді

B.Ішкі қимылсыз және сыртқы аспалы тамырлардың анастамозы әсерінен инфекция интракраниальді таралады

C.Көз және жоғарғы аспалы тамыр айналымының анастамозы әсерінен инфекция интракраниальді таралады

D.Көз және жоғарғы аспалы тамырлардың аяқшаларының арасындағы анастамозы әсерінен инфекция интракраниальді таралады

E.Бұл аймақта эмиссарлы және диплоэтикалық тамырлар арқылы бас сүйек ішілік және сыртылық тамырларының жүйелі байланысы орналасқан.

E

 

43 Емізікше тәрізді өсіндінің трепанациясынан кейін операция жасалынған беттің мимикалық бұлшық етінің салдануы байқалған. Операция барысында қандай анатомиялық құрылым зақымдалған?

A.шүйделік нерв

B.саңылаулы нерв

C.беттік нерв

D.кіші тасты нерв

E.көзасты нерв

C

 

44 Науқас Д. хирургиялық бөлімге келіп түсті. Бет аймағының оң жақ бүйірінің кесілген жарасы, тереңдігі 3,5 см. Төменгі жақтың бұтағынанбет доғасынан 1,5 -2 см төмен орналасқан. Жараны ашу барысында, оның қуысында мөлдір сұйықтық анықталды. Зақымдалған анатомиялық түзілістің проекциясын көрсетіңіз.

A.Төменгі жақ бұрышынан мұрын қанаты мен ауыз бұрышының арасындағы қашықтықтың ортасына дейін өтетін сызық

B.Құлақ түбінен төменгі жақ бұрышына дейін өтетін сызық

C.Құлақ түбінен мұрын қанаты мен көздің медиальді бұрышының арасындағы қашықтықтың ортасына дейін өтетін сызық

D.Құлақ бұдырынан мұрын қанаты мен ауыз бұрышының арасындағы қашықтықтың ортасына дейін өтетін сызық

E.Мұрыннан ауыз бұрышына дейінгі сызық

D

45. Автомобильды авариядан басының жұмсақ тіндерінің соғылған жарақатын алған науқас 5 күннен кейін хирург дәрігерге келді. Келген кездегі шағымдары: жалпы әлсіздік, Т- 38,5С. Қарап тексеру кезінде: параорбитальды ісіну, маңдай және төбе бөлімдерінің жұмсақ тіндерінің қамыртәрізді ісінуі, пальпациялауда күрт (резкий) ауырсыну. Науқас « бассүйегі күмбезінің флегмонасы» диагнозымен жедел түрде госпитализацияланды. Бассүйек ішілік асқынулар болу мүмкін бе және неге?

A.Жоқ, мүмкін емес, себебі флегмона апоневротикалық клетчатка кеңістігінің астында орналасқан тамырлар бассүйек ішілік тамырлармен анастомоз жасамайды

B.Жоқ, мүмкін емес, себебі флегмона теріастылық клетчаткалық кеңістікте орналасқан және бассүйек күмбезінің терең құрылымдарымен байланыспайды

C.Иә, мүмкін,бассүйексыртылық және бассүйекішілік венозды жүйелердің эмиссарлы және диплоэтикалық веналарының байланысы арқасында

D.Иә, инфекцияның лимфогенді таралуы мүмкін

E.Жоқ, мүмкін емес, себебі эмиссарлы веналар жақсы айқындалған клапандармен жабдықталған

C

 

46. ЛОР бөлімінің жас хирург дәрігері емізікшелі өсіндінің трепанация операциясы кезінде, резекция жасау кезінде Шипо үшбұрышының артқы шекарасынан асып кетті, сол жерден қан кетті. Қан кетудің себебі не, түсіндіріңіз?

A.Хирург ішкі ұйқы артериясын зақымдады, себебі, ұйқы артериясының каналы Шипо үшбұрышының артқы шекарасында жатыр

B.Хирург жоғарғы тасты синусты зақымдады, себебі ол Шипо үшбұрышының артқы шекарасында жатыр

C.Хирург мидың артқы артериясын зақымдады, себебі ол Шипо үшбұрышының артқы шекарасында жатыр

D.Хирург сигматәрізді қойнауды зақымдады, себебі ол Шипо үшбұрышының артқы шекарасында жатыр

E.Хирург ортаңғы менингеальды артерияны зақымдады, себебі ол Шипо үшбұрышының артқы шекарасында жатыр

D

 

47. ЖМКА-ның қабылдау бөліміне жоғарғы тыныс жолдарының бөгде затпен бітелуімен 3 жастағы бала келді, кезекші дәрігер жоғарғы трахеостомия жасауға шешім қабылдады. Кезекші дәрігердің осы трахеостомияны таңдау тактикасын негіздеңіз, себебін сиппатаңыз?

A.Осы жағдайда кезекші дәрігердің тактикасы дұрыс, себебі кіші жастағы балаларда қалқанша безі және оның қылқасы (истмус) төмен орналасады, бұл жоғарғы кіру жолына мүмкіндік береді

B.Осы жағдайда кезекші дәрігердің тактикасы дұрыс, себебі кіші жастағы балаларда қалқанша безі және оның қылқасы (истмус) төмен орналасады, бұл ортаңғы кіру жолына мүмкіндік береді

C.Осы жағдайда кезекші дәрігердің тактикасы дұрыс, себебі кіші жастағы балаларда қалқанша безі және оның қылқасы (истмус) төмен орналасады, бұл төменгі кіру жолына мүмкіндік береді

D.Осы жағдайда кезекші дәрігердің тактикасы дұрыс емес, себебі кіші жастағы балаларда қалқанша безі және оның қылқасы (истмус) жоғары орналасады, бұл жоғарғы кіру жолына мүмкіндік береді

E.Осы жағдайда кезекші дәрігердің тактикасы дұрыс емес, себебі кіші жастағы балаларда қалқанша безі және оның қылқасы (истмус) төмен орналасады, бұл төменгі кіру жолына мүмкіндік береді

А

 

48. ЖМКА-ның қабылдау бөліміне 46 жастағы науқас жұтқыншағының балық сүйегімен зақымдалуынан кейін пайда болған жұтқыншақарты кеңістігіңде орналасқан мойынның терең флегмонасына шағымданып келді. Іріңдіктің мүмкін таралу жолын айтыңыз және неге?

A.Алдыңғы көкірекаралық, себебі жұтқыншақарты кеңістігі төменде өңеш арты кеңістігімен жалғасып , алдыңғы көкірекаралыққа дейін жетуі мүмкін

B.Бұл жағдайда жұтқыншақарты абсцессі таралмайды, себебі жұтқыншаөтың жеке капсуласы бар

C.Қолтықасты шұңқырына нервті-тамырлы шумақтың бойымен осы аймаққа таралуы мүмкін

D.Артқы көкірекаралыққа, себебі жұтқыншақарты кеңістігі артқы жағынан омыртқа алды фасциясымен, алдынан мойынның ішкі фасциясының висцеральды беткейімен шектелген ол артқы көкірекаралыққа жол ашады

E.Ортаңғы көкірекаралыққа, себебі жұтқыншақ арты кеңістігі артқы жағынан мойынның ішкі фасциясының висцеральды беткейімен, алдынан мойынның ішкі фасциясының париетальды беткейімен шектелген ол ортаңғы көкірекаралыққа жол ашады

D

 

49. Қабылдау бөліміне ауыр жарақатты политравмаммен ( өкпенің жыртылуы, 3-7 қабырғалардың сынуы, гемоторакс, Т4-Т5 кеуде омыртқаларының жарықшақты сынығы) науқас келіп түсті. Жарақаттық шоктың алдын алу үшін кезекші анестезиолог жасанды өкпе вентиляциясына қоспай Вишневский бойынша екі жақты вагосимпатикалық блокада жасау шешімін қабылдады. Анестезиологтың әрекеттерін дұрыс деп ойлайсыз ба және неге?

A.Иә, дұрыс, екі жақты вагосимпатикалық блокада толық блокаданы қамтамасыз етеді және жарақаттық шоктың алдын алады.

B.Жоқ, дұрыс емес, екі жақты вагосимпатикалық блокада толық блокаданы қамтамасыз етпейді және жарақаттық шок пайда болуы мүмкін

C.Жоқ, дұрыс емес, бұл жағдайда бір жақты блокаданы жүргізу жеткілікті, себебі ол жарақаттық шоктың алдын алады

D.Жоқ, дұрыс емес, науқастың екі жақты вагосимпатикалық блокадасы үшін жасанды өкпе вентиляциясын қосу қажет, себебі диафрагмальды нервтер тежеледі (блокируется)

E.Иә, дұрыс, екі жақты вагосимпатикалық блокада толық блокаданы қамтамасыз етеді және жасанды өкпе вентиляциясын қажет етпейді, себебі диафрагмальды нервтер тежелмейді

D

 

50.Науқас эпилептикалық ұстама әсерінен тілінің ұшың тістеп, көп мөлшерде қан кету пайда болды. Хирург шұғыл көмек көрсету үшін тіл артериясына лигатура орнатуы қажет, қандай ұшбұрыш осы тіл артериясының лигатура жасауына ориентир болып табылатының көрсетініз?

A.Ұйқы ұшбұрышы, себебі, осы жерде ұйқы артериясы тармақталмай тұрып лигатура орнатуга болады, бұл бүкіл бет аймағының қан ағысының тоқтауына алып келеді.

B.Ұйқы ұшбұрышы, себебі, осы жерде бет артериясына лигатура орнатуға болады, себебі, оның тармағы қанды тікелей тілге жеткізеді, осылайша бүкіл бет аймағының толықтай қан тоқтауын қамтамасыз етеді.

C.Иек ұшбұрышы, себебі, осы жерде тіл артериясына лигатура орнатуға болады, ол сыртқы ұйқы артериясының тармағы болып табылады,бұл бүкіл бет аймағының толықтай қан тоқтауын қамтамасыз етеді.

D.Пирогов ұшбұрышы, себебі осы ұшбұрыштың төмеңгі жағында меншікті тіл артериясы жатыр, ол сыртқы ұйқы артериясының тармағы болып табылады, бұл бүкіл тілден толықтай қан тоқтауын қамтамасыз етеді.

E.Төмеңгі жақ ұшбұрышы, тіл артериясы төмеңгі жақ асты сілекей безіне жақын орналасқандықтан, оған осы жерде лигатура орнату ынғайлырақ.

D

 

51. Науқас, 50 жаста, скрининт кезінде 3 кезеңнің метастаздану фазасындағы омырау безінің қатерлі ісігі анықталды, қатерлі ісік жоғарғы медиальды шаршысында орналасқан. Сіздің ойынызша метастаздану процесі қандай мүшелерді зақымдайды және метастаздану жолын түсіндірініз?

A.Ісік клеткалары көкірекаралыққа, кеуде және мойын омыртқасына таралуы мүмкін, себебі жоғарғы медиалды шаршыдан лимфалық қан тамырлары төс артылық және бұғана астылық лимфа  тамырлары арқылы нысана мүшелеріне жетеді.

B.Ісік клеткалары көкірекаралыққа, кеуде және мойын омыртқасына таралуы мүмкін, себебі жоғарғы медиалды шаршыдан лимфалық қан тамырлары бұлшық ет астылық және эпигастралды лимфа қан тамырлары арқылы нысана мүшелеріне жетеді.

C.Ісік клеткалары іш қуысына, кіші жамбас қуысына таралуы мүмкін, себебі жоғарғы медиалды шаршыдан лимфалық қан тамырларытөс артылық және бұғана астылық лимфа қан тамырлары арқылы нысана мүшелеріне жетеді.

D.Ісік клеткалары жұлынға және миға таралуы мүмкін, себебі жоғарғы медиалды шаршыдан лимфалық қан тамырлары төс артылық және бұғана астылық лимфа қан тамырлары арқылы нысана мүшелеріне жетеді. 

E.Ісік клеткалары аяқ-қолдарға таралуы мүмкін, себебі жоғарғы медиалды шаршыдан лимфалық қан тамырлары төс артылық және бұғана астылық лимфа қан тамырлары арқылы нысана мүшелеріне жетеді. 

А

 

52. Жас хирург гематоракс себебінен оң жақ ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен 7-ші қабырғаның төмеңгі шетімен Бюлау бойынша пункция жүргізді, және манипуляция кезінде Жане шприцынан алқызыл түсті қанды байқады. Себебін түсіндіріңіз?

A.Хирург манипуляцияны дұрыс жасады, гематоракс кезінде қан қою қызыл түстен алқызыл түске ауысатындықтан.

B.Хирург манипуляцияны дұрыс жасамады, себебі ол осы түсті қанға сәйкес келетің қабырғааралық венаға тиіп кетті.

C.Хирург манипуляцияны дұрыс жасамады, себебі ол осы түсті қанға сәйкес келетін қабырғааралық артерияға тиіп кетті.

D.Хирург манипуляцияны дұрыс жасамады, себебі гематоракс кезінде қанның түсі қою қызыл болуы қажет.

E.Хирург манипуляцияны дұрыс жасамады, себебі ол осы түсті қанға сәйкес келетін латеральді кеуде артериясына тиіп кетті.

C

 

53.Кеуде қуысының енген жарасы қалай сипатталады?

A. Кеуде қуысының енген жарасы деп 1 қабырға зақымдалуы және сынуымен кеуде қуысының ашық жарақатың санайды.

B.Кеуде қуысының енген жарасы деп 2 және одан да көп қабырға зақымдалуы және сынуымен кеуде қуысының ашық жарақатың санайды.

C.Кеуде қуысының енген жарасы деп қабырға сынуынсыз кеуде қуысының ашық жарақатың санайды.

D.Кеуде қуысының енген жарасы деп париеталды плевраның міндетті түрде зақымдалуымен кеуде қуысының ашық жарақатын санайды.

E.Кеуде қуысының енген жарасы деп қабырға сынулары мен кеуде қуысының тұйық жарақатың санайды.

D

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.